- •1. Кіші квадраттық айырма әдісі
- •2.Шығындар функцияларын бағалауды қортындылау.
- •3.Көптік регрессиялық талдау
- •4. Функцияның дұрыстығын анықтау тәсілдері.Дұрыстық тестілері.
- •5. Үрдістік тәсіл бойынша ақауды есептеу.
- •6. Тапсырыстық тәсіл негізінде ақауды есептеу.
- •7.Функционалды өзіндік құнды калькуляциялау: қызмет ортасы және қызмет факторлары.
- •8. Стратегияны енгізу және баланстандырылған (сәйкестендірілген) бағалау көрсеткіштері.
- •9.«Кайзен бюджеті» туралы түсінік.
- •10. Зиянсыздық нүктесін анықтау тәсілдері (теңдеу құру, графиктік, маржиналдық табыс және таблицалық).
- •11. Күрделі қаржыландыруды талдау және сметасын құру, оның өтелімділігін анықтау. Қаржыландырудыңқосалқышығындары.
- •13. Қосалқы өндірістер мен шаруашылықтар шығындарын үлестіру. Толық және теңдеу құру арқылы бөлу.
- •14. Абс тәсілі және релеванттық шығындар
- •15.Күрделіпроценттіесептеужәнедисконттау
- •16. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған басқару. Артықшылықтары мен мен кемшіліктері. Жауапкершілік орталықтары.
- •17.Шығындар функциясын бағалауда бұрынғы көрсеткіштерді пайдаланғанда ескерілетін факторлар.
- •20. Мултиколлинеарлық
- •23. Стратегияны енгізу және баланстандырылған (сәйкестендірілген) бағалау көрсеткіштері.
- •26.Зиянсыздық нүктесін анықтау тәсілін белгісіздік жағдайына пайдалану.
- •27.Зиянсыздық нүктесін анықтау тәсілін пайда және зиян есептілігінде директ-костинг и абзорпшен-костинг тәсілдерін пайдаланғандағы ерекшеліктері .
- •«Абзорпшен-костинг» тек қорларды есептеу үшін ғана емес, табысты анықтау үшін және өнімнің өзіндік құүнын есептеу үшін қолданылады.
- •28) Негізгі өндірістік материалдар мен негізгі еңбек шығындарының релеванттылығын анықтау.
- •29) Сызықтық бағдарлама, оның моделін сипаттау. Сызықтық бағдарламаны шешудегі пайдаланылатын үш саты.
- •30. Бірнеше варианттардан жобаны таңдап алу. Жорбаны іске асыру. Іске асырылған жобаны талдау.
- •31. Өндірістік және басқару есептерінің айырмашылықтары.
- •32. Басқару есебінің функциялары
- •33. Басқару есебінің әлеуметтік, ұйымдастырушылық бейімделу негіздері.
- •34. Өнімнің бәсекелестік ортасының және өмірлік циклының әсері.
- •35. Ортаның өзгеруінің басқару есеп жүйесіне әсері.
- •36. Шығындар функциясын анықтаудың жалпы қағидаттары.
- •37.Көптік регрессиялық талдау
- •38.Өндірістегі ақаулар туралы түсінік
- •39. Функционалды өзіндік құнды калькуляциялау анықтамасы мен оған қажеттілік.
- •40. Дәстүрлі және функционалдық жолмен өзіндік құнды есептеу жолдарының ерекшеліктері.
- •41. Ақпарат және шешімдер қабылдау процессі.
- •42.Шаруашылық қортындысын шығару және басқару шешімдері.
- •43. Бюджеттеу және бюджеттік цикл
- •Бюджеттің түрлері.
- •45.Бюджеттеуде авс жүйесін пайдалану
- •46. Бюджеттеуде компьютерлік модельдерді пайдалану.
- •49. Ауытқуларды бақылау.
- •49. Ауытқуларды бақылау
- •50. Бақылау жүйесінің қызметкерлерді ынталандырумен байланысы.
- •55.Стратегияны жүзеге асыруды енгізуді бағалау
- •56. Өнімнің бір түрінің өндірісін тоқтату туралы шешімдер қабылдау
- •57. Зиянсыздық нүктесін анықтау тәсілін пайдалану талаптары
- •58. Инвестициялық жобаны бағалау тәсілдері.
- •59. Бағаның экономикалық теориясы. Бағаны анықтаудағы шығындар ақпаратының орны.
- •52. Нолдик бюджет
- •53. Нормативтік тәсілдің пайда болуы мен дамуы және ол туралы түсінік
20. Мултиколлинеарлық
Көпфакторлы регрессиялық талдауда тәуелсіз көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланыста емес деп қарастырылуға тиіс. Тығыз байланыстағы көрсеткіштер көп көрсеткіштер ішінде олардың тәуелді көрсеткішке әсерін анықтау , бағалау мүмкіндігін жоғалтуға әкеліп соқтырады. Мұндай байланыстар екі және одан да көп көрсеткіштердің тәуелді көрсеткіштерке әсері салдарынан болады. Келтірілген жағдайдың жалпы тәуекелді көрсеткіштерге әсері мультиколлинеарлық деп атайды. Оны анықтау жолдары:
Тәуелсіз көрсеткіштер арасындағы корреляциялық байланысты анықтау арқылы. Егер байланыс 0,7-ден жоғары болса, тығыз байланыста деп анықталады.
Регрессия коэффициенттерінің стандарттық қателіктерін бағалау арқылы. Стандарттық қателіктер коэффициенті арқылы қарастырылып отырған байланыстардың қажетсіздігі анықталынады.
Корреляция коэффициентінің квадратын келесі тәуелсіз көрсеткішті қосқан уақытта мәнді өзгеріске ұшыраған жағдайда.
Мультиколлинеарлықтан құтылу үшін және алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін «қатерлі» көрсеткіштер алынып тасталуы керек. Сондай-ақ мультиколлинеарлық мәселесін шешудің үш әдісі бар: негізгі компонент әдісі, рекурсивті МНК, ридж-регрессия әдістері.
21. «Сатып аламыз немесе өзіміз өндіреміз» негізінде шешімдер қабылдау.
Кейбір функциялардың орындалуына сыртқы ұйымдармен келісім – бұл қызмет көрсетуді немесе тауарларды өндірудің орнына сыртқы жабдықтаушылардан осындай тауарды алу процесі болып табылады. Бізге қызмет көрсетуді немесе өнімді өндірген тиімді ме, әлде дайын өнімді сатып алу тиімді ме соны талдап, шығындары қай жағдайда азырақ болатынын анықтау нәтижесінде компаниямызға дұрыс болатын оңтайлы шешімді қабылдаймыз. Көптеген ұйымдар сыртқы кәсіпорындардан қызмет көрсетуді немесе тауар сатып алады,оларға осы шешім тиімдірек болып келеді. Мысалы, жалақыны басқа қаржылық органдар арқылы төлеуді, сондай-ақ сатып алуларды маманданған құрылымдар арқылы жүзеге асыруды айтамыз. Сонымен қатар винт, болттар, подшипник сияқты кішігірім, аса қымбат емес, кең тараған өндіріс компоненттерді өзіміз өндіргендегі шығыннан да төмен бағамен сатып алуға болады. Өндірістің кей сатыларында қайта өңдеу немесе полировка немес смола жағу сияқты процесстер қажет болады. Бұл операциялардың барлығын мамандаған жабдықтаушылар арзан бағамен жасап бере алады. Осы мысалдардан байқағанымыздай сатып алу немесе өндіру туралы шешім қабылдағанда негізгі 3 фактор әсер етеді:
Баға
Компонеттердің қолда бар болуы
Стандартты өндіріс процесіне капитал салуды болдырмау мүмкіндігі
Кейбір жағдайларда екі нұсқаның біреуін таңдағанда бас тартуға тура келетін қаржылық пайда альтернативті шығындар деп аталады. Альтернативті шығындар тек ресурстар өте сирек кездесетін болса және бірнеше нұсқада қолданатын болса ғана пайда болады.
Шешім қабылдау барысында келесі ұрақтарды назарға алу керек:
Жабдықтаудың сенімділігі
Екі жағдайдағы шығындарды салыстыру
Жеке мүмкіндіктер – квалификация мен білім
Өндіріс пен жабдықтауды бақылау
Өзгермелі сұранысқа жауап беру қабілеттілігі
Жаңа процесс икемділігі
Капиталдың бар болуы
Сұранысқа сенімділігі
Бәсекелестік, т.б.
22.Қолдағы қуат негізінде ассортименті талдау негізінде шешімдір қабылдауКәсіпорындарда өнімді шығару мен өткізуді талдаудың негізгі міндеттері:
– көлемнің негізгі көрсеткіштері бойынша, өнімнің құрамы мен сапасы дамуын бағалау;
– бизнес-жоспарлардың, жоспарлау көрсеткіштерінің, олардың қарбаластығы мен нақтылығының теңгерілімі мен оңтайлылығын тексеру;
– өндіріс көлемі мен өнімді өткізу мөлшері өзгеруіне факторлар ықпалының дәрежесін айқындау;
– өнімді шығару мен өткізудің ішкі шаруашылық резервтерінің көбеюін айқындау;
– өнімнің өсу, ассортименті мен сапасының жақсарту екпінін көтеру үшін ішкі шаруашылық резервтерді пайдалану бойынша іс-шаралар жасау болып табылады.
Талдаудың осы бағыттағы объектілері:
өндіріс көлемі мен өнімді өткізу;
өнімнің ассортименті мен құрамы;
өнімнің сапасы;
өнімнің ырғақтылығы болып табылады.
Өнімді өндіру мен өткізуді талдау процесінде өндірістің өсуіне тежеуіл болатын себептер ашылуы тиіс:
өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудағы кемшіліктер;
материалдық, еңбек және ақша ресурстарын тиімсіз пайдалану;
өнімнің жарамсыздығы.
Өнім ассортименті мен өндіріс көлеміне қатысты басқарушылық шешім қаржылық есеп берудің ақпараты негізінде қабылданады. Үлкен ассортиментпен өнім шығаратын кэсіпорын оны әр түрлі жолдармен географиялық, территориялық орналасуы әр қилы тұтынушыларға сатады: үлкен және кіші мөлшерде, көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы, жеткізумен және жеткізусіз және т.б. Мұндай тәжірибе өнім түрлері және нарық сегменті бойынша алынатын табыс туралы жеке есеп беруді талап етеді.Әрбір кәсіпорындағы бақылау жүйесінің өзіндік ерекшелігіне қарамастан, ол мына тұрпатты рәсімдерді қамтуы керек:
әр өнімнің пайдалылығын қадағалау;
әр өнім бойынша алынған жалпы пайданы бақылау;
нақты пайданың болжалдыдан ауытқуын анықтау;
шығын құрылымының есебі, шектен тыс байқалмайтын шығындарды шығарып тастау;
жекелеген өнімдерге келетін үстеме шығындардың орнын толтыру есебі;
бағаны өзгертуде оның сұраныс икемділігіне әсері және кәсіпорында қолданылатын басқа да бақылау рәсімдері.
