Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Басару есебі жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
328.37 Кб
Скачать

42.Шаруашылық қортындысын шығару және басқару шешімдері.

Шешім қабылдау басқарудың ең маңызды функциясы болып табылады. Шешім мыналарды бекітеді: мақсат, жұмыс құрамы, жұмысты орындауға қаражат, әдістер мен жұмысты орындау мерзімі. Осылайша, шешім-басқару объектісіне қатысты ұйымның қызмет бейімінің элементтері анықталған нақты нәтижеге бағытталу. Дұрыс шешім қабылдамас бұрын басқарушылық бағыт мен мақсатты анықтап алу керек. Көптеген компаниялар максималды пайда алу немесе қазынасын көбейту сияқты мақсаттарды алдыға қояды. Шешім қабылдаудың екінші кезеңі мақсатқа жету үшін мүмкін болар баламалы іс-әрекеттерді іздеу болып табылды. Баламалы іс-әрекеттерді іздеу күтілетін экономиалық жағдайлардың өзгеруі жайлы ақпараттарды алуды қажет етеді. Келесі кезең баламалы нұсқалардың ішінен оңтайлысын таңдау болып табылады. Тәжіибеде шешім қабылдау – бәсекелес баламалы іс-әрекеттерді салыстырмалы бағалау және ұйымның мақсатына жетуге лайықты нұсқаны таңдау. Келесі кезең қабылданған шешімдерді жүзеге асыру. Таңдалған баламалар смета құруға бастапқы нүкте болып табылады. Смета – басқарушылар қабылдаған әр түрлі шешімдерді жүзеге асыратын қаржылық жоспар. Сметада ақшаның келіп түсу және шығысталуы есептеледі.Сметалар күтілетін нәтиже мен компанияның болжамдары шоғырландырылған түрде болатын бірыңғай құжат. Бұл құжат түсімдердің жән шығындардың сметалық есебінен, ақша құралдарының қозғалыс есебі мен баланстан тұратын жалпыланған қаржылық смета . Келесі кезең нақты және жоспарлы нәтижелерді салыстыру және оларда сәйкессіздік пайда болған кезде қажетті іс-шралар жасау.

43. Бюджеттеу және бюджеттік цикл

Бизнестің күрделенуіне және қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты фирманың жалпы және қаржылық жағдайлары өзгеріп отыруына байланысты фирманың экономикалық жағдайын біліп отыру үшін табыстылығын анықтайтын ақпаратты алу үшін ұйым өз жұмысын жоспарлап, бюджеттеп отыру керек.

Бюджеттеудің мақсаттары: • Ұйымның мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ету; • Әрбір жылдың операцияларын жоспарлау; • Ойлары мен жоспарлары туралы ақпарат; • Бөлімшелердің іс-әрекетін үйлестіру; • Жұмысшылардың мотивациясы; • Басқару.

Бюджет құру сатылары:

1. Сметалық кезеңді анықтау (оптимально непрерывное составление смет)

2. Шектеуші факторды анықтау

3. Жоғарғы басшылықпен сметаны талқылау

4. Сметаны қорытынды қолдау және жалпы сметаға кірістіру (мастер-қаржы)

5. Кәсіпорында қабылданған үрдіске қолданылатын негізгі тәсілдер туралы бастапқы сметаны құруға жауапты тұлғаларды ақпараттандыру

6. Шектеуші факторды ескере отырып,сметалардың түрлі тәсілін дайындау

7. Сметаның бағдары және сараптамасы

8. Кезекті (анализ) сараптама

Бюджетті дайындау 7 қадамнан тұрады:

1. Өткізу сметасы. 2. Өндіріс бойынша смета: шикізат, еңбек, жалпы үстеме шығын.3. Өткізілген өнімнің өзіндік құнының сметасы.4. Өткізу және тарату бойынша шығындар сметасы.5. Пайда және зиян бойынша смета.

6. Кассалық смета.7. Сметалық баланс.

Бюджеттік цикл — бұл бюдеттік үрдістің бірінші қадамының басынан, яғни жиынтық бюджетті құрастырудан, үшінші қадамның соңына дейінгі, яғни жиынтық бюджеттің нақты жоспарының орындалуын талдау және басқарушылық есептілік жасауға дейінгі уақыт кезеңі. Негізінен кәсіпорындарда бюджеттік үрдіс үздіксіз жалғасу керек, яғни есепті

кезеңдегі бюджеттің орындалуын талдаудың қорытындысы келесі кезеңдегі бюджеттің уақытылы жасалуымен сайкес келу керек.

Бiрiншiден, кәсiпорын тиiстi әдiстемелiк базаны құрастыру, бақылауды және жиынтық бюджеттiң орындалуын талдауды ұйымдастыру керек, ал басқару бөлімінің қызметкерлерi қажет болғанда әдістемелік базаны өзгерте алатындай бiлiктi болуы керек. Әдiстемелiк базаны құрастыру, бақылау және жиынтық бюджеттiң орындауын талдау - бюджеттiк үрдiстiң аналитикалық блогін немесе құрамдас бөлігін құрайды.Екіншіден, бюджетті өңдеу үшін оның орындалуын талдау және бақылау, кәсiпорынның қызметi туралы тиiстi есептiк ақпарат қажет. Кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын елестету үшін тауарлы материалдардың және қаржылық ағымның қозғалысы, негізгі шаруашылық операциялары қажет. Демек, кәсiпорында басқару есебiнiң жүйесi, бақылаудың құрастырудың процесiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi шаруашылық қызметiнiң есепке алатын айғақтары және жиынтық бюджеті болуы керек.

Үшiншiден, бюджеттiк үдерiс тиiстi ұйымдық құрылым және кәсiпорындағы басқару жүйесi арқылы жүзеге асырады