Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Басару есебі жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
328.37 Кб
Скачать
  1. Бюджеттің түрлері.

1. Статикалық бюджет негізінде мерзім басында қарастырылған көрсеткіштер, күтілген өнімді сату мен ресурстард пайдалану деңгейлері және олардың негізінде анықталатын көрсеткіштер жүйесі есептелініп қойылады. Ерекшелігі: мерзім біткеннен соң өзгерістер енгізілмейді, түзетулер жүргізілмейді.

2. Ықшамды бюджет. Жоспарланған сату, шығындар негізінде нақты көлемге сәйкестелген деңгейгейдегі негізде жасалынады. Икемді бюджет төмендегідей 4 этапта жүргізіледі:

1) жоспар бойынша сату бағасы өнімнің айнымалы шығындар негізінде және тұрақты шығындарының деңгейі арқылы жасалынады.

2) нақты шығарылған және сатылған өнімдер деңгейін анықтау.

3) икемді бюджет негізінде сатылған өнім мен шығарылған өнім деңгейінің соомасы анықталынады.

4) икемді бюджет бойынша жоспарланған шығындар мен нақты шығындар анықталып, өнімнің бір данасына шықққан өнім деңгейі анықталынады.

5) ауытқуларды анықтау.

3. Үздіксіз бюджет алдын-ала 1 жылға дайындалады не басқа кезеңге. Ең бірінші бақылау кезеңінің соңында қалған кезең бюджеті қайта қарастырылады. Бақылау кезеңінен кейін қалған кезең бюджеті қайта жасалады. Әр кезеңнен бастап бюджет дайын болады. Бұл тәртіп әрбір бақылау кезеңінде қайталанып отырады.

4. Тұрақты бюджет - икемді бюджетке қарағанда ауытқулар арасында өзгертулер енгізілмейді. Ауытқулар себептері: ішкі не сыртқы жағдайлар.

5. Жылжымалы бюджет - үздіксіз бюджетке сәйкес келеді. Яғни, алдыңғы кезеңдегі мәліметтерді алып тастап, реттеп, тағы сондай кезеңге бюджет жасалады.

6. Нөлдік нүкте бюджеті әрбір бюджет құрған сайын қызметтің барлық түрлері қайта бағаланып отырады. Қызмет түрлерінің әрбір жеке деңгейі бағаланып, қолда бар ақша қаражаттарымен сәйкестендіріледі.

45.Бюджеттеуде авс жүйесін пайдалану

Әдетте сметаны құру кезінде жанама шығындар және қызметтiң қосалқы түрлерi өсу қағидасы бойынша дайындалады. Бұл келесi жылғы сметаны әзiрлеудің бастапқы нүктесі болып қазіргі операциялар мен ағымдағы сметалық ерекшеліктер табылады. Содан соң бұл база келесі сметалық кезеңде орын алуы мүмкін деп күтілетін өзгерістерді ескере отырып түзетіледі. Бұл әдістің бір кемшілігі «базалық деңгейдегі» қызметтермен байланысты шығындардың көп бөлігі өзгеріссіз қалады. Сөйтіп, басқа қызмет түрлері бойынша шығындар тиянақталған болады да, бұл бұрыңғы кемшіліктер мен рационалды емес шығындардың қайталануына әкеп соғуы мүмкін. Шығындарды тиімдірек басқару үшін өзіндік құнды калькуляциялаудың функционалды жүйесін пайдаланатын ұйымдар қызмет түрлерін негізге ала отырып сметалар құрастырырады. Егер калькуляцияның функционалдық жүйелерi қызметтiң түрлерi бойынша қорларға шығындарды үлестiрсе, содан соң мақсаттық шығындар бойынша қызмет түрлерге қатысты шығындардың үлестiрiлуi үшiн шығындардың функционалдық факторларын қолданса,ал функционалдық смета керi бағытта жүретiн процесс болып табылады. Бұл жерде старттық нүктелер - бұл мақсаттық шығындар, қажетті қызмет түрлерін анықтайтын сметалық нәтижелер.

Функционалды сметаларды дайындау кезендері:

  • Өндіріс көлемін бағалау және жеке өнімдер мен тапсырыс бөлушілер бойынша өткізу

  • Ұйымдастурышылық қызмет түрлеріне сұранысты бағалау

  • Ұйымдастурышылық қызмет түрлерін жүзеге асыруға қажетті ресурстарды аныктау

  • Ресурсқа сұранысты қанағаттандыру үшін, әрбір ресурс үшін қажетті мөлшерді аныктау

  • Ресурстар жоспарланған жеткізілімге сәйкес болуы үшін, олардың көлемін түзету бойынша іс-әрекеттерді жасау