Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Басару есебі жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
328.37 Кб
Скачать

37.Көптік регрессиялық талдау

Көптік регрессиялық талдау – айнымалының 2 немесе одан да көп тәуелсіз айнымалыларға тәуелділігін айқындаудың әдісі. Көптік регрессиялық талдауды қолданудың себептері төмендегідей:

  1. Тәуелсіз айнымалылардың мәніне эксперименттік бақылау жүргізілген жағдайда ( мысалы, қабылдайтын дәрі-дәрмектің мөлшері өзгергенде немесе дәрі-дәрмекті қабылдау интервалы өзгергенде). Мұндай тәсіл « жоспарланған регрессия» деп аталады.

  2. Екінші нұсқа келесідей жағдайды қамтиды: пайда болатын айнымалылардың (жасы, табысы, т.б.) бірнеше көлемі есептелген емделушілердің тобына талдау жасалғанда. әдетте мұндай тәсіл «эксперименталды емес регрессия» деп аталады.

Көп факторлы регрессиялық талдауда тәуелсіз көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланысты емес деп қарастырылуға тиісті. Тығыз байланысты көрсеткіштер көп көрсеткіштер ішінде олардың тәуелді көрсеткішке әсерін анықтау, бағалау мүмкіндігін жоғалтуға әкеліп соқтырады. Мұндай байланыстар 2 және одан да көп көрсеткіштердің тәуелді көрсеткішке әсерінің салдарынан болады. Келтірілген жағдайдың жалпы тәуелді көрсеткіштерге әсері мультиколлинеарлық деп аталады. Мультиколлинеарлықты анықтау жолдары:

  1. Тәуелсіз көрсеткіштер арасындағы корреляциялық байланысты анықтау арқылы. Егер байланыс 0,7-ден жоғары болса, тығыз байланысты деп аталады.

  2. Регрессия коэффициентінің стандарттық қателіктерін бағалау арқылы. Стандарттық қателік коэффициенттер арқылы қарастырылып отырған көрсеткіштің қажетсіздігі анықталады.

  3. Корреляциялық коэффициент квадраты келесі тәуелсіз көрсеткішті қосқан уақытта мәнді өзгеріске ұшыраған жағдайында

  4. Мультиколлинеарлықтан құтылу үшін және алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін «қатерлі» көрсеткіштер алынып тасталуы керек.

38.Өндірістегі ақаулар туралы түсінік

Өндірістегі ақау дегеніміз-сапасыз, сапа талаптарына сәйкес емес өнім бірліктері. Ал ақау деп танылғаннан кейін жойылу бағасымен сатылады. Амортизациялық құн=сатып алу құны-жойылу құны

Ақаудың таза шығындары=ақау деп танылғанша бөлу негізінде анықталған шығындар+жоюға кеткен шығындар-таза жойылу шығындары

Жоғалтулар-өнімді шығару барысында сол өнімнің құрамында болмайтын матеиалдар.Көптен таралған мысал ретінде, экономикалық құндылығы жоқ, қалдыққа қалатын, кептірілгенде, булануда, кеуіп кетуде жоғалатын материалдарды айтуға болады. Кейде жоғалтуларды жабу өте қымбатқа шығуы мүмкін. Мысалы радиоактивті қалдық.

Ақауды жөндеу-ақауы бар сапа талаптарына сәйкес емес өнімді жөндеу негізінде сатылатындай өнімге айналдырып сату. Мұндай өнімдер өнімнің сипаттамасына және түрлеріне тәуелді түрде өткізудің әдеттегі арналары немесе қосымша арналары арқылы сатылуы мүмкін.

Қалдық-бастапқы шикізаттың өнім құрамына енбеген бірақ белгілі экономикалық құндылығы бар бастапқы шикізат. Қалдықты сатуға немесе қайта пайдалануға болады. Мысалы, ағаш өңдеу саласында ағаш жаңқалары мен ағаштың қабығының астындағы бөлігін айтуға болады.

Ақау, ақауды жөндеу, жоғалту мен қалдықтардың кейбір себептері басшылық бақылай алмайды. Мысалы:кен өндіру компаниясы көп мөлшерде өзгермелі құрамда қымбат металдар мен өнімдер қалдығы бар кен өндіреді. Басшылық жұмыс күшінің жеткіліксіздігін, өндірістік жұмысшылар сапасына көңіл бөлудің жеткліксіздігін, құрал-жабдықтың нашар жөнге келтірілуін, жарықтың жеткіліксіздігін бақылай алады

Ең маңыздысы басқарушылқ жоспарлау мен бақылау болып табылатын, көптеген аспектілер тұрғысынан қарағанда ақау мәселесі аса маңызға ие.

Біріншіденбасшылар ерекше экономикалық өндірістік тәсіл н/е үрдісті таңдауға талпыныс жасауы керек. Содан кейін, олар ақауға бақылаудың жасалып жатқанын қадағалау және ол шектен тыс ақауды болдырмау мақсатында белгіленген шектен аспауы қажет. Ақау 2-ге бөлінеді:1.Нормативтік ақау.Таңдалған өндіріс шарттарының шегінде жұмыс жасау барысында басшылық ақаудың қалыпты деп танылатын белгілі бір нормасын бекітуі тиіс.Нормативті ақау-бұл тиімді операционды шарттарда туындайтын, белгілі бір үрдіспен байланысты және сондықтан қысқа мерзімді кезеңде бақыланбайтыннәтиже. Нормативті ақаудың шығындары әдетте нормалық өндіріске қатысты шығындар ретінде қарастырылады. Нормативті ақау-бұл жоспарланған ақау, соның ішінде, басшылық келісіп белгілейтін технологиялық процестің бейімделуімен таңдалатын ақау нормасы.

2.Нормативтен тыс ақау. Нормативтен тыс ақау-бұл бұл тиімді операционды шарттарда туындамайтын, таңдалған технологиялық процесске тән емес ақау. Бұл ақаудың көп бөлігі бақыланатын және реттеуге мүмкіндік болады. Сондай-ақ, станоктың бұзылуы, авария, сапасыз материалдар секілді себептер, әдетте ұйым басшылығының бақылауында болады. Нормативтен тыс ақау шығындары-бұл ақау танылған кезең зиянына тікелей жазылатын сапасыз өнімнің шығындары. Ақауды есептеудің жалпы тәсілдері: 1.Бақылау. 2.Өнімнің өзіндік құнын анықтау.

Бақылауға біріншіден шығындардың жауапкершілік орталықтарында есептеу олардың пайда болу сәтінен жүргізіледі. Өнімнің өзіндік құнын анықтау ТМҚ н/се басқа да сәйкес шоттарда пайда болған шығындардың бөлуін білдіреді.

Шығындар

Сапалы өнім шығ

Сапасыз өнім шығ.тікелей зиянға жатқызылады

Нор.ақау

Ия

Жоқ

Нор.тыс ақау

Жоқ

Ия