Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Басару есебі жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
328.37 Кб
Скачать

5. Үрдістік тәсіл бойынша ақауды есептеу.

Ақау –сапасыз, сапа талаптарына сәйкес емес өнім бірліктері.Олар ақау деп танылып жойылу бағасымен сатылады.Ақауды жөндеу – ақауы бар сапа талабына сәйкес емес өнімді жөндеу негізінде сатылатын дайын өнімге айналдырып сату.Ақау екіге бөлінеді: а) нормотивтік, б) нормативтен тыс.

Ақауды есептеудің үрдістік тәсілінде 2 бағыт бар:

  • Орташаланған құн әдісі

  • Фифо әдісі

Ақауды анықтауда орташа өлшенген құн тәсілінде жүргізу методикасына сәйкес төмендегі сатылар негізінде анықтаймыз:

  1. Нақты көлемді анықтап нормативті және нормативтен жоғары ақауды анықтаймыз;

  2. Өнімнің шығуын эквиваленттік бірлікпен көрсетеміз;

  3. Шығындар сомасын анықтаймыз;

  4. Өнімнің 1 данасына кеткен шығындарды анықтаймыз;

  5. Жалпы шығындарды дайын өнім мен аяқталмаған өндіріске бөлеміз.Бұл кезеңде ақауы бар өнім бірлігінің өзіндік құны мен сапалы өнімнің өзіндік құны қаралады

FIFO әдісі және ақау. Орташа өлшенген құнның орнына FIFO әдісін қолдану кезінде 1 және 2 қадамдары өзгермейді.

ФИФО әдісі. ФИФО есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп танылады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.

6. Тапсырыстық тәсіл негізінде ақауды есептеу.

Тапсырыстық тәсілдің сипаттамасы мен сапасы нақты анықталады. Онда өнім бекітілген мөлшерде, яғни тапсырыс пен партия түрінде өндіріледі. Тапсырыстық тәсіл жекелей және ұсақ сериялы өндірісте қолданылады. Оны машина жасау, құрылыс, негізгі және қосымша өндірістерде, сонымен қатар баспа қызметтерінде, жарнамалық, аудиторлық, консалтингтік компаниялар қолданады. Бір сөзбен тапсырыспен жұмыс жасайтын ұйымдар қолданады.

Тапсырыстық тәсілдің объектісі тапсырыстың өзі болып табылады. Егер тапсырыс бір бұйымнан тұрса оның өзіндік құны тапсырысқа кеткен барлық шығындар сомасымен анықталады.

Тапсырыстық тәсіл қолданылу сатылары:

Дайындық сатысы

Тапсырыстың орындалуы

Тапсырыстың өзіндік құнын бағалау

- жоспарлау

- өндірістік график құру

- тапсырыстың ашылуы

- шығындар жайлы мәлімет жинау

- тапсырыстың жабылуы

- тапсырыстың өзіндік құны жайлы есеп құрастыру

«Нормативтік ақау» мен «нормативтен тыс ақау» түсініктері тапсырыстық калькуляциялауда да қолданылады. Нормативтен тыс ақау бақылаушы роль атқарады және ондағы менеджердің мақсаты бұл ақаудан құтылу болып табылады. Нормативтен тыс ақау шығындары өзіндік құнына тауарлы-материалды қорларды қоспайды, ақау анықталған кезенң шығындары ретінде шығыстайды. Тапсырыстық калькуляциялау жүйесінде нормативтік ақау шығындары өндірістік материалды қорлар есебіне жатқызылады, бірақ менеджерлер ақау ретінде бүлінген өнімнің аз ғана бөлігін мойындайды. Тапсырыстық калькуляциялау жүйесі шығындарды тарату процесінде нақты тапсырысты орындаумен байланысты нормативтік ақау шығындары мен барлық тапсырыстың орындалуымен байланысты нормативтің ақау шығындары болып бөлінеді.

Ақауы бар өнім өткізу құнын иемденетін болса, онда ақаудың таза өзіндік құны өнім сапасын тексеруге дейінгі жиналған ақауы бар өнімдер шығындардан өткізу құнын азайту арқылы анықталады. Ақауды басқа да өндірістік циклдің қалыпты құбылысы деп санауға болмайды. Мысалы, жұмыс барысында станоктың ұрылуы мүмкін.Сонда ақаудың себебі барлық тапсырыс бойынша орындалған жұмыстардың барлығына әсер етеді.