Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Басару есебі жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
328.37 Кб
Скачать

35. Ортаның өзгеруінің басқару есеп жүйесіне әсері.

Өзгермелі ортаның басқару жүйесінің есебіне әсеріне жауап ретінде қаржылық емес сапалы және сандық мәліметті есептеу және жинауға базалық параметрлер бойынша көбірек көңіл бөліне басталуы, ұйымның стратегиялық қолдауы үшін пайдаланылады және нарықта тиімдірек бәсекелесу үшін керек.

Жалпы, бизнестегі әрекеттер өзгерісі басқару есебіне көп әсерін тигізеді.Соңғы кездері көптеген ұйымдар шығындар құрылымының өзгерісімен соқтығысып жатады, яғни шығарылатын өнім көлемінің өзгерісіне тікелей әсер етпейтін шығындар өсімі бақыланып отырады.Сондықтан осындай шығындарды нақты өнімге немесе қызметке дейін бақылап отыру қиын болып табылады.Шығын құрылымындағы бұл өзгерістер 80 жылдың аяғы 90 жылдың басына қарай ұйымның есебінің басқару жүйесін және жаңа жүйелерді енгізу мүмкіндігін талдауға мүмкіндік бермей қалды.

Мамандардың айтуынша, қазіргі заманғы бәсекелестік ортада ұйымдар мынадай параметрлер бойынша жарысады: қызмет пен тауарлардың сапасы, олардың нақты уақытта жеткізілуі, сенімділігі, өткізілгеннен кейінгі қызмет көлемі және тұтынушының қанағаттану сатысы.Есептің дәстүрлі басқару жүйелері нақты бейнеде қаржылық көрсеткіштерге бағытталады.Бірақ есептің басқару жүйесінің өзгермелі ортасына жауап ретінде ұйым стратегиясын қолдау үшін және нарықтық бәсекелестікте әсерлі болу үшін қолданылатын қаржылық емес есептік және сапалық көрсеткіштерге көп көңіл бөлінеді.Нақтырақ айтатын болсақ, қазірден бастап есептің басқару жүйесінің негізгісі болып табылатын қаржылық көрсеткіштері – сол көрсеткіштердің кең көлемді дамуына көшті десе де болады.

Ұйымға төмен шығындар мен шығындар тиімділігін қамтамасыз ету күшті бәсекелестік артықшылықты алуға мүмкіндік береді. Тұтынушылар жоғары сапалы тауарлар мен қызметтерді алғылары келеді. Сондықтан компаниялардың көпшілігі бұл талаптарды орындау үшін сапаны комплексті басқаруға жүгінеді. Өнім мен қызмет түрлерін дайындаудың басынан аяғына дейінгі уақыт ұзақтылығы дайындаудың уақытылы циклы болып табылады. Ұйымдар уақыт ұзақтылығының азаюына негізделе отырып, уақытты қысқарту циклына көп көңіл аударулары керек. Инновация – компаниялар тұрақты ағыны бар жаңа өнім мен қызмет түрлерін шығару және тұтынушылардың өзгеріп отыратын сұрауларына тез бейімделулері керек.

36. Шығындар функциясын анықтаудың жалпы қағидаттары.

Жалпы қағидаттар

  1. Шығындарды бақылаудың нәтижесі көрсеткендей олар өндіріс көлеміне байланысты екені мәлім.Алайда ондіріс көлемінің өсуі мен кемуі шығындардың көлемінің өзгеруіне сәйкес келе бермейді.

Осыдан:

а) Өндіріс көлеміне байланысты шығындар деңгейінің өзгеруін зерттеу мен бақылау экономика және шығындар есебі алдындағы басты мақсат не тапсырма болып табылады.

б)ең алдымен айнымалы және тұрақты шығындардың әсер етеді.

  1. Өнімді өндіру көлеміне байланысты шығындарды:

    • Өзгермелі шығындар,яғни өнімнің өндіру көлеміне байлансыты өсетін немесе кемитін ,яғни ауыспалы шығындар.

Шығындар көлеміне алдымен екі фактор әсер етеді:

а) Өндіріс көлемі

б) Шығындардың жалпы соммасының берілген тәуелділікке байланысты ,яғни өндіріс көлемінің.

  • Өзгермелі емес шығындар,яғни тұрақты шығындар , өндіріс көлемінің өзгеруімен шығындар соммасы сол қалыпта яғни өзгеріссіз қалады.

Мұнда келесі жағдайларға міндетті түрде көңіл аудару керек:

а) Шығындар өзгеруі мүмкін,алайда өндіріс көлемінің өзгеруімен автоматты түрде өзгермейді

б) Шығындар басқарушылық шешімдер қабылдығанда өзгеруі мүмкін.

Н-р: Шешім қабылдағанда жалақы ставкасының өзгеруімен немесе т.б Сонымен қатар ауыспалы шығындар да бар,яғни онда бірден тұрақты да өзгермелі де шығындар болуы мүмкін жағдайда.Бұл шығындар ерекшелігі мынада:

а) жалпы шығындар соммасы өзгермелі шығындар секілді өзгеріске ұшырауы мүмкін,бірақ белгілі бір төмендеу қалыпта өзгеріп отырады.Мысалы егер өндіріс көлемі 12% өзгерсе,онда ауыспалы шығындар өсімі 10 % шегінде өзгереді.

Мысалы Қазақтелеком қызметтері ішінде телефон қызметі абоненттік төлемнен ,яғни ол бізде тұрақты ,ал қалааралық сөйлесулерге төлем ,оның ішінде сөйлесу ставкасы және сөйлесу уақытымен ауыспалы шығындар бөлігін қамтиды.