Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
REiT.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
220.67 Кб
Скачать

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз

2. Мәтінді мазмұндаңыз

3. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз

4. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: 1897 жылы А.С.Попо радиосигналдар бағытын қиып өткен корабльдің орнын табу тәсілін неміс инженері К.Хюльсмайер ұсынды.

5.Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз: тәсілін, радиосигналдар

5-билетке қосымша

Байланыс және телекоммуникациялар желілері

Телекоммуникациялар нарықтық тетіктер қызметін ақпарат алуды кеңейту мен олардың берілуін жүзеге асыру арқылы қуаттап отырады.

Телефондар, факстар мен электрондық почта - осы заманғы бизнесті дамытудың өмірлік маңызды әрі объективті тұрғыдан кажетті шарты.

Ақпараттык технологиялар, оның басқа түрлерімен салыстырғанда, өз мәнісі жағынан неғұрлым "көтпшіл" әрі икемді бола отырып, бизнесті, экспорттық қызметті дамытуға және экономиканы орталықсыздандыруға барынша, жәрдемдеседі. Олар ұлттык экономиканы шоғырландырады жөне аймақтық ауқымын кеңейте отырып, әдемдік экономикалық байланыстарды нығайтады.

Сонымен қатар телекоммуникациялар жаңа жұмыс орындарын бере отырып, ауылдық және қалалық аймақтардың арасындағы экономикалық коші-қонды азайта отырып, әлеуметтік салалардағы келеңсіз кұбылыстарды азайтуға барынша жағдай жасай алады. Ақпараттық технологиялардың денсаулық сақтау мен білім беру салалары үшін, сондай-ақ айналадағы ортаны жақсарту үшін маңызына баға жеткісіз.

Баршаның пайдалануына ортақ әрі толыгымен іске қосылған телекоммуникациялық жүйенің келесі бір жақсы жағы - жолдың ауырлығына, жекелеген аймактардың алыстығына және жолаушы тасымалы бағасының қымбаттығына қарамастан, күллі жұртқа ақпарат алуға мүмкіндік беретін кепілдіпнде жатыр.

Біздін үкіметіміз шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға, ең кемі, байланыс қызметінің ең төмен деңгейін беретін болады. Айталық, балалар мен жастарға арналған аймақтық оқыту бағдарламаларын таратып отырады. Мұның өзіндік құны өте арзан, әрі алдағы уақытта едәуір пайда келтіреді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының алдында, ең алдымен, болашақта әлемнің дамыған елдерінің осындай инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті, дербес, төуелсіз және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру міндеті тұр.

Қазақстан телекоммуникацияларының қазіргі жай-күйі басқа елдермен салыстырғанда, өз желілерінің жетерліктей тығыздығына қарамастан, елеулі экономикалық проблемаға айналып отыр.

Мәтінмен жұмыс:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз

2. Мәтінді мазмұндаңыз

3. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз

4. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Балалар мен жастарға арналған аймақтық оқыту бағдарламаларын таратып отырады.

5. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз: аймақтық, отырады

6-билетке қосымша

Электр тогы

Электр тогы деп эарядталған бөлшектсрдің реттелген /бағытталған/ козғалысын айтады.

Өткізгіште электр тогы болуы үшін оның ішнде электр өрісін тудыру керек. Осы өрістің әсерінен өткізгіш ішіндегі еркін козғала алатын зарядталған бөлшектер электр күштерінің әсер ету бағытында қозғалысқа түседі де электр тогы пайда болады.

Өткізгізште электр тогы ұзақ уакыт болып тұру үшін өткізгіште электр өрісінің болыл тұруын камтамасыз ететін электр тогының көздері болады.

Ток көздері әр түрлі болады, бірақ олардың барлығында да оң және теріс зарядталған бөлшектерді ажыратып, бөлу жұмысы орындалъп отырады. Ажыратылып бөлінген бөлшектер ток көзінің полюстерінде жинақталады, ал полюстер деп өткізгіштерді клеммалар не қысқыштар арқылы ток көзіне тіркейтін жерлерді айтады. Ток көзінің бір полюсі –оң, екінші полюсі - теріс зарядталады. Егер полюстерді өткізгіш арқылы қосатын болсақ, онда өріс әсерінен өткізгіш ішіндегі зарядталған еркін бөлшектер козғалатын болады, электр тогы туады.

Зарядталған бөлшектерді ажыратып бөлу процесінде ток көздерінде механикалық энергия. ішкі энергия немесе энергияның басқа бір түрі электр энергиясына түрленеді.

Егер әр түрлі екі металдан жасалған сымдарды дәнекерлеп төғыстырып, сонан кейін тоғысқан жерін қыздырсақ, өткізгіштерде электр тогы пайда болады. Мұндай ток көзі термоэлемент деп аталады. Термоэлементте қыздырғыштың ішкі энергиясы электр энергиясына түрленеді. Ал, электр машинасында механикалық энергия электр энергиясына түрленеді.

Мәтінмен жұмыс:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]