Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
REiT.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
221 Кб
Скачать
☆

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз

2. Мәтінді мазмұндаңыз

3. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз

4. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: 1897 жылы А.С.Попо радиосигналдар бағытын қиып өткен корабльдің орнын табу тәсілін неміс инженері К.Хюльсмайер ұсынды.

5.Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз: тәсілін, радиосигналдар

№23-билетке қосымша

Байланыс және телекоммуникациялар желілері

Телекоммуникациялар нарықтық тетіктер қызметін ақпарат алуды кеңейту мен олардың берілуін жүзеге асыру арқылы қуаттап отырады.

Телефондар, факстар мен электрондық почта - осы заманғы бизнесті дамытудың өмірлік маңызды әрі объективті тұрғыдан кажетті шарты.

Ақпараттык технологиялар, оның басқа түрлерімен салыстырғанда, өз мәнісі жағынан неғұрлым "көтпшіл" әрі икемді бола отырып, бизнесті, экспорттық қызметті дамытуға және экономиканы орталықсыздандыруға барынша, жәрдемдеседі. Олар ұлттык экономиканы шоғырландырады жөне аймақтық ауқымын кеңейте отырып, әдемдік экономикалық байланыстарды нығайтады.

Сонымен қатар телекоммуникациялар жаңа жұмыс орындарын бере отырып, ауылдық және қалалық аймақтардың арасындағы экономикалық коші-қонды азайта отырып, әлеуметтік салалардағы келеңсіз кұбылыстарды азайтуға барынша жағдай жасай алады. Ақпараттық технологиялардың денсаулық сақтау мең білім беру салалары үшін, сондай-ақ айналадағы ортаны жақсарту үшін маңызына баға жеткісіз.

Баршаның пайдалануына ортақ әрі толыгымен іске қосылған телекоммуникациялық жүйенің келесі бір жақсы жағы - жолдың ауырлығына, жекелеген аймактардың алыстығына және жолаушы тасымалы бағасының қымбаттығына қарамастан, күллі жұртқа ақпарат алуға мүмкіндік беретін кепілдіпнде жатыр.

Біздін үкіметіміз шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға, ең кемі, байланыс қызметінің ең төмен деңгейін беретін болады. Айталык, балалар мен жастарға арналған аймақтық оқыту бағдарламаларын таратып отырады. Мұның өзіндік құны өте арзан, әрі алдағы уақытта едәуір пайда келтіреді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының алдында, ең алдымен, болашақта әлемнің дамыған елдерінің осындай инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті, дербес, төуелсіз және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру міндеті тұр.

Қазақстан телекоммуникацияларының қазіргі жай-күйі басқа елдермен салыстырғанда, өз желілерінің жетерліктей тығыздығына қарамастан, елеулі экономикалық проблемаға айналып отыр.

Мәтінмен жұмыс:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз

2. Мәтінді мазмұндаңыз

3. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз

4. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Балалар мен жастарға арналған аймақтық оқыту бағдарламаларын таратып отырады.

5. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз: аймақтық, отырады

№24-билетке қосымша

Энергия үнемдеу

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті 1994 жылы энергия үнемдеудің Ұлттық бағдарламасын жасау туралы шешім қабылдады. Бұл бағдарлама жан - жақты болады және Республика экономикасының әрбір секторын қамтиды.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің тілегі бойынша Халықаралық даму бойынша АҚШ Агенттігі (ЮСАИД), оның ТМД ның энергетикалық инфрақұрылымын дамыту бойынша бөлімі, айтылған бағдарламаны жасауға көмектесуге келісім берді.

Бағдарлама жасағанда негізгі мәселелер екі басты категорияға бөлінеді:

энергия үнемдеу облысындағы экономикалық және заң шығарушылық шаралармен байланысты мәселелер;

энергия үнемдеуді жүзеге асырудың техникалық шаралары бойынша.

Экономикалық және заң шығарушылық категориялардың басты мәселелері:

Баға тұзу рөлін талқылау, онда басты экономикалық ынталық ретінде негізгі анықтайтың фактор нарық, сол арқылы энергия үнемдеу көтермеленеді;

Болашақ баға түзу мен тарифтер қағидаларын жасау;

Үкіметтің энергия үнемдеу саясатын және бағдарламаларын, ұйымдасты-ру мәселелерін шешу;

Мүмкін ұйымдастыру құрылымдарды талқылау.

Техникалық категорияның басты мәселелері:

Өнеркәсіптік секторда энергияны бақылау және басқару бойынша негізгі істерді сипаттау және энергия үнемдеу облысында ұйымдастыру жұмыстары бойынша ұсыныстар;

Өнеркәсіптік секторда электр тұтынуды салыстырмалы талдау;

Тез шығын өтеушілік мүмкіндіктерін және ұзақ мерзімді энергия үнем-деу жобаларын анықтау;

Энергия үнемдеу жобалары мен шараларын қаржыландырудың мүм-кін көздерін табу.

Мәтінмен жұмыс:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]