Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
REiT.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
220.67 Кб
Скачать

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз

2. Мәтінді мазмұндаңыз

3. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз

4. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Осы өрістің әсерінен өткізгіш ішіндегі еркін козғала алатын зарядталған бөлшектер электр күштерінің әсер ету бағытында қозғалысқа түседі де электр тогы пайда болады.

5. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз: өткізгіш, электр тогы

7-билетке қосымша

Электр энергетикасы

Элект энергиясын өндіретін, түрлендіретін, жеткізетін, тарататын және оны тұтынатын элементтердің өзара байланысқан жүйесі-электр энергетика жүйесі деп аталады.

Электр энергетика жүйесіне механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіретін генерлаторлар, кернеу мен ток шамасын өзгертетін трансформаторлар, электр энергиясын қашыққа жеткізетін электр жеткізу желілері, жүйенің жұмысына өзгерістер енгізетін көптеген қосымша қондырғылар, сонымен бірге басқару және реттеу құрылғалары жатады.

Жүйе режимі, оның белгілі бір уақыттағы жағдайы оның жұмыс нәтижесін көрсететін өлшемдермен айқындалады, осындай жүйе өлшемдері куат, кернеу, ток, жиілік және т.б. болып есептелінеді. Жүйе жұмысы тұрақты және өтпелі болып екіге бөлінеді.Тұрақты жұмыс өлшемдері белгілі бір уақыт ішнде өз шамаларын сақтайды немесе олар өте аз өзгеріске ұшырайды. Өтпелі жұмыс жүйенің бір тұрақты жұмыстан екінші тұрақты жұмысқа өту кезеңін сипаттайды. Бұл уақыт ішіндегі жүйе өлшемдері жай немесе тез өзгерулері мүмкін.

Электр энергетика жүйесі тұрақты жұмыс жасауы үшін және электр энергиясын тұтынушылар өз жұмыстарын сапалы атқарулары үшін электр энергиясы өлшемдерінің ауытқуы белгіленген шамалардан артпауы қажет. Тұтынушыларға берілген электр энергиясының сапасы оның кернеуі, жиілігі, симметриялығы (үш фазалы ток үшін) және синусоидылығымен (айнымалы ток сызығының түрі) анықталады.

Мәтінмен жұмыс:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз

2. Мәтінді мазмұндаңыз

3. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз

4. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Өтпелі жұмыс жүйенің бір тұрақты жұмыстан екінші тұрақты жұмысқа өту кезеңін сипаттайды.

5. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз: жүйенің, жұмыстан

8-билетке қосымша

Дүние жүзiнiң энергетuкалық қopы

Электр энергетика дүниежүзiлiк энергетикалық шаруашылықтың бiр бөлiгi. Оның қал-жағдайын және даму болашағын көбiнесе бүкiл дүниежүзiлiк энергетиканың болашағы және оның қормен қамдануы анықтайды. Cондықтaн электр энергетика аумағындағы негiзгi үрдiстердi (тенденция) талдауды дүние жүзiндегi энергетиканың жалпы мәселелерiмен байланыстыра жүргiзген дұрыс болар.

Дүниежүзiлiк энергетиканы талдаудың маңызды бiр қыры шет елдердiң тәжiрибесiн дамып келе жатқан Қазақстан энергетикасында қолданудың мүмкін аймақтарын және Қазақстан отын-энергетикалық кешенiнiң мүмкiншiлiгiн шетелдiк энергетиканың дамуы мен қалыптастыруында пайдалануды айқындау.

Өзiндiк даму жолына түскен және едәуiр отын-энергетикалық қорға ие Қазақстан үшiн барлық дүние жүзiнiң және жеке мемлекеттер энергетикасының жағдайы мен дамуының негiзгi үрдiстерiн талдауды жуйелi турде жургiзiп тұру өте маңызды. Бұл әcipece ұзақ мерзiмдi энергетикалық саясатты қалыптастырғанда және дүниежүзiлiк рынокка шыққанда қажет.

Органикалық отынның дәлелденген қорының iшiнде қатты отын, яғни көмip, басым. Kөмip дүниежүзiлiк отын - энергетикалық теңестiкте (баланста) маңызды орын алады.

Көмiрдiң өте үлкен қорының болуы дүниежүзiлiк алғашқы (первичная) энергияның үштен бiрiн және электр энергия өндiру үшiн пайдаланатын жанарғының (горючее) 40%-iн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Жақын болашақта Азия мен Австралияда, соның iшiнде дүниеде көмip өндiру бойынша 8-шi орын алатын Қазақстанда, көмip негiзгi энергия көзi болып қала бередi. Пайдаланатын алғашқы энергетикалық қордың негiзгi түpiнe мұнай мен газ жатады.

Мәтінмен жұмыс:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]