Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
REiT.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
221 Кб
Скачать
☆

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз

2. Мәтінді мазмұндаңыз

3. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз

4. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Пайдаланатын алғашқы энергетикалық қордың негiзгi түpiнe мұнай мен газ жатады.

5. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз: энергетикалық қордың

№9-билетке қосымша

Қазақстан энерrетикасындағы экспорт-импорттық саясат

Қарастырылған уақыт аралығында Қазақстанның отын-энергетикалық теңестiгi көмipcyтeк шикiзатының негiзiнде құрылады.

Айтарлықтай отын - энергетикалық қорға ие. Қазақстанда энергетикалық көмip мен мұнай мол, ал газ бен электр энергия тапшы.

Қазақстанның көмip өндiру өнеркәсiбiнiң мүмкiншiлiгi арқасында қазiргi кезде Кузнецк және Орта Азия көмiрлерiн сатып алмай, Шығыс және Оңтүстiк Қазақстан тұтынушьшарын отандық көмipлердi пайдалануғa көшірді.

Қазақстан көмiрдi едәуiр қатты отын қoрына ие Ресейге, су энергетикалық қорға ие Қырғызстанға және бipқатар басқа ТМД елдерiне экспорттайды, демек болашақта экспортталатын көмір үлесiн төмендетiп оны елдiң iшкi нарығында пайдаланудың үлесiн өcipyre болады. Қазақ­станның сұрыптық (сорттық) және азкүлдi көмiрлерiн ТМД елдерiне және сыртқы нарыққа экспорттау 40-50 млн.т деңгейiнде болады деп болжа­ланады.

Қазақстанда мұнайдың үлкен қоры бар, бiрақ қазiргi уақыттағы мұнай құбырларының жүйесi өз мұнайын Ресейге экспортқа сатып өзiнiң мұнай өндейтiн зауыттары (МӨЗ) үшiн ресей шикiзатын алуға Қазақстанды мәжбүр етедi, бұл Қазақстанды Ресейге тәуелдi етiп тұр.

Бүгiнгi күнi Қазақстанның экспорттың мүмкiндiгiн анықтайтын шикiзат қоры мен өндіру қуаттары емес, Қазақстан шикiзатын тасылмалдауды қамтамасыз eтeтiн мұнай құбырлары.

Дүниежүзiнде мұнайды тұтынатын негiзгi алқаптар мұнайдың үлкен қорлары бар алқаптар емес. Мұнайдың басты тұтынушылары өнеркәсiптiк дамыған Еуропа мен Солтүстiк Америка елдерi, оларға дүниежүзiлiк мұнай тұтынудың 40%, ал Таяу Шығыс елдерiнiң үлесiне 6%-тен аз келедi. Демек, дүние жүзiндегi және Қазақстандағы мұнай индустрия әрекетiнiң бiр негiзгi құраушысы мұнай өндiретiн елдерден тұтынушы елдерге мұнайды тасымалдау.

Мәтінмен жұмыс:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз

2. Мәтінді мазмұндаңыз

3. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз

4. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Қазақстанда мұнайдың үлкен қоры бар, бiрақ қазiргi уақыттағы мұнай құбырларының жүйесi өз мұнайын Ресейге экспортқа сатып өзiнiң мұнай өндейтiн зауыттары үшiн ресей шикiзатын алуға Қазақстанды мәжбүр етедi.

5. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз:

№10-билетке қосымша

Электр тораптары мен жүйелерінің міндеті

Электр торап дегеніміз электр энергияны жеткізу және тарату үшін керек электр қондырғылар жиынтығы, ол стансашалар, тарату құрылғылары, ток өткізгіштер, белгілі аумақта істейтін ауалық және кабельдік электр жеткізу желілерінен тұрады. Электр тораптардың негізгі міндеті тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету. Электр тораптары электр қабылдағыштарды және тұтынушыларды электр көзіне қосады. Бұл электр қабылдағыштар саны көп және олар орналасқан аумақ үлкен болғандықтан едәуір күрделі мәселе.

Электр тораптарының екінші міндеті электр энергияны өндірген жерден тұтынатын жерге жеткізу. Көп жағдай энергия көздері (көмір, мұнай, газ, су қорлары) тұтыну орталықтарынан – зауыттардан ел мекендерінен және т. б. алыста орналасқан. Көбінесе отынды, мысалы көмірді, тасу тиімді болмауы мүмкін. Электр стансаны отын алабына жақын салып электр энергияны электр тораптары арқылы жеткізу тиімдірек болады. Қашықтық және берілетін электр энергия мөлшері үлкен болғанда өте жоғары кернеулі қуатты жеткізу желісін салуға тура келеді.

Электр тораптар электр жүйелерін жасау үшін де қызмет атқарады.

Энергетикалық жүйе дегеніміз қатарлас істеу үшін өндіру бөліктері энергетикалық байланыстармен біріктірілген энергетикалық қондырғылар жиынтығы, онда біртұтас диспетчерлік басқару және біртұтас қуат қоры болады, ол қор жүйенің кез - келген бөлігінде пайдалануы мүмкін.

Сонымен, энергетикалық жүйені үш негізгі нышан анықтайды: энергия өндіру орталықтарының қатарлас істеуі, біртұтас басқару және біртұтас жалпыжүйелік қор.

Мәтінмен жұмыс:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]