Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
REiT.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
220.67 Кб
Скачать

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз

2. Мәтінді мазмұндаңыз

3. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз

4. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Бұл жел атмосфера қысымы жоғары аймақтан Жоңғар қақпасындағы қысымы төмен жерге жеткенде күшейіп, көбіне дүлей дауылға айналады.

5. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз: жоғары, қысымы

15-билетке қосымша

Мұхит толқындарының энергиясы

Мұхит айдындары ұдайы қозғалыста болады. Кейбір мұхиттарда тулаған толқындардың биіктігі 15-20 метрге дейін жетеді. Олардың бойында орасан мол энергия шоғырланған. Мысалы, биіктігі үш метр толқын жағалауға соққанда 90 киловатт энергия бөледі екен.

Мұхиттың немесе теңіз толқындарының орасан мол энергиясын игеру бағытында көптеген елдерде ғылыми жұмыстар жүргізілуде, әсіресе Англия мен Жапония сияқты жағалауларында теңіз толқындары тулаған елдерде осындай табиғи тегін энергияны тиімді пайдаланудың көптеген жолдары жан-жақты қарастырылуда. Мысалы, Англия мұхит айдынында үйрекше қалқып жүріп толқын энергиясын электр энергиясына өзгертетін "Солтер үйрегі" деп аталатын қондырғының болашағын мамандар жоғары бағалап отыр. Ағылшын докторы Ст. Солтердің бұл қондырғысының құрылысы өте қарапайым, ол негізінен ұзын оське орнатылған бірнеше қалақтардан тұрады. Дамылсыз қозғалыстағы теңіз тоқындары қалақтарды айналдырады, оның көмегімен су айдайтын насостар іске қосылып, электр тогын өндіретін тубиналарды қозғалысқа келтіреді. Мамандардың есептеулеріне қарағанда, болашақта Британия жағалауларында осындай қондырғылардың он екісі теңіз айдынында бір-бірінен жалғастырылып, іске қосылатын болса, онда Англияның энергия мұқтаждығынан толық құтылуға мүмкіндігі болады.

Жалпы жұмыс істеу схемасы осыған ұқсас алғашқы толқын электр станциясы 1978 жылдан бері Жапонияда жұмыс істей бастады. Олар электр станциясын ұзындығы 80 метр, көлденеңі 12 метр арнайы жасалған кемеге орнатқан. Бұл толқын электр станциясы болашақта аса қуаты толқын электр станцияларын салуға тәжірибелік негіз жасап отыр.

Мәтінмен жұмыс:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз

2. Мәтінді мазмұндаңыз

3. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз

4. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Жалпы жұмыс істеу схемасы осыған ұқсас алғашқы толқын электр станциясы 1978 жылдан бері Жапонияда жұмыс істей бастады.

5. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз: электр станциясы

16-билетке қосымша

Солтүстік жүйе

Солтүстік жүйе ең дамыған, ол бірнеше нүктелерде терістіктегі қуат жүйелерімен байланысқан.

Бұл жүйенің маңызды ерекшелігі Республиканың негізгі қуат орталығы Екібастұздан Көкшетау арқылы Қостанайға дейін тартылған кернеуі 1150 кВ бір тізбекті электр жеткізу желісі бойынша жұмыс істейді. Бұл желі Қазақстанды Шығыста Барнаул арқылы Сібірмен және Батыста Челябімен байланыстырады. Ол Сібірден Оралға электр қуатының өтуін қамтамасыз етеді және Онтүстік аймақта жатқан мемлекеттерді электрмен қамдаудың байланыстырушы буыны болады деп есептелген. Тек Екібастұз – Қостанай аймағы 1150 кВ –та істейді, желінің ресейлік аумақтары 500 кВ –та істейді.

Ауа ылғалдығы аса үлкен болғанда электр тәжінен болатын ысрапты шектеу үшін Қазақстанда бұл қуат 500 кВ-қа ауыстырылады.

Картада кернеуі 1500 кВ ( Ғ750 кВ) тұрақты токты Екібастұздан Ресейге беру желісі көрсетілген. Бұл желі Тамбовқа дейін жобаланған электр қуатын Сібірден орталық Ресейге беруге тиісті еді. Құрылыс Қазақстанда басталып тіректер орнатылып, сым тартылып, қуатты алып кеп Екібасұзда түрлендіру стансасының жабдықтарының төрттен үші орнатылған. КСРО ыдырағаннан кейін барлық жұмыстар тоқтады. Түрлендіру стансасын қазіргі күйінде пайдалануға болмайды.

Кернеуі 500 кВ электр беру желісінің Шығыс – Батыс бағыты бар және Солтүстік – Оңтүстік бағытымен байланысқан. Шығыс – Батыс бағытында бір тізбекті торап Екібастұзды Қостанай түбіндегі Соколмен байланыстырады. Оның кернеуі 1150 кВ жүйемен қатарлас істейді. Кернеуі 500 кВ екінші желі Ресей арқылы Екібастұзды Соколмен қосады. Сонымен Шығыс - Батыс торабы кернеуі 1150 кВ бір желіден және кернеуі 500 кВ келесі екінші желіден тұрады.

Мәтінмен жұмыс:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]