Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП прод.2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.12.2019
Размер:
429.57 Кб
Скачать

Істердің тақырыптарын жүйеге келтіру

Номенклатура ұйымның бекітілген құрылымына сәйкес орналасқан құрылымдық бөлімшелердің атаулары, ұйым істерінің номенклатурасы бөлімшелердің атаулары болып табылады. Номеклатураның бірінші бөліміне ұйымдық-өкімдік құжаттамасы бар істердің тақырыптары енеді. Құрылымдық бөлімшелерден кейін мақызына қарай ұйымдардың атаулары орналасуға тиіс.

Егер ұйымның құрылымдық бөліктері жоқ болса, істердің номенклатурасы өндірістік-салалық немесе қызметтік сызба бойынша құрылып, онық бөлімдерінің атаулары ұйым қызметінің міндеттері мен бағыттары-ның мазмұнына қарай белгіленеді.

Істер номенклатурасының 2-бағанына істердің (томдардың, бөлімдердің) тақырыптары енеді.

Номенклатура бөлімдері мен бөлімшелерінің ішіндегі істердің тақырыптарын орналастырудың реті істердің құраған құжаттардың маңыздылық дәрежесіне қарай және олардық өзара байланыстылығына қарай айқындалады.

Алдымен, ұйымдық-өкімдік құжаттамалары бар іс-тердің тақырыптары орналастырылады. Бұл ретте жоғары ұйымдардың қаулылары мен бұйрықтары бар істердің тақырыптары ұйымның бұйрықтары бар істердің тақырыптарының алдынан орналастырылады. Одан кейін жоспары және есептік құжаттары бар істердің тақырыптары орналастырылады.

Өкімдік құжаттардың жобалары мен оларды әзірлеу жөніндегі басқа да құжаттар, жоспарларға енгізілетін өзгертулер, бұйрықтарға арналған негіздемелер істер номенклатурасында тиісті негізгі құжаттардан кейін орналастырылады.

Географиялық белгілеріне қарай және хат-хабар жолдаушының белгісіне қарай құрылған істердің тақырыптары істердің номенклатурасына хат-хабар жолдаушылардың аттары мен географиялық атаулардың алфавиттік реті бойынша енгізіледі.

Құрылымдық бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдардық келесі жылғы іс номенклатуралары ағымдағы жылдық соңғы тоқсанда құжаттаманы басқару үшін жауапты адамдар тарапынан жетекші мамандарды қатыстыра отырып жасалады да, ведомстволық мұрағатпен келісіледі және оларға бөлімшелердің басшылары қол қояды.

Құрылымдық бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдар істердің номенклатуралары негізінде құжаттаманы басқару қызметі ұйым істерінің номенклатурасын жасайды.

Ұйым істерінің номенклатурасына ведомстволық мұрағаттық меңгерушісі рұқсат белгісін соғып, құжаттаманы басқару қызметінің басшысы қол қояды және ұйымның сарапшылар комиссиясы мақұлдағаннан кейін тиісті мемлекеттік мұрағаттар мен құжаттама басқармасы органының сарапшы-тексеру комиссиясымен келісіп алуға жолданады, содан соң оны ұйымның басшысы бекітеді.

Ұйым істерінің номенклатурасы қажетті болатын данада компьютерде басылып, қаңтардың 1-нен бастап күшіне енгізіледі. Ұйымның іс-әрекеті мен құрылымы өзгерген күнде істердің номенклатурасы қайта жасалып, қайтадан келісіледі. Бірақ бұл 5 жылда кемінде бір рет болады. Ол жыл сайын тиісті түзетулерімен бірге қайтадан компьютерде басылып, бекітіліп отырады. Істер номенклатурасының бірінші данасы құжаттаманы басқару қызметінде сақталады, екінші данасын осы қызмет жұмысының барысында пайдаланады, үшінші данасы ведомстволық мұрағатқа беріледі. Төртінші данасы істердің номенклатурасы келісілген ұйымда қалдырылады.

Істердің номенклатурасы бекітілгеннен кейін құрылымдық бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдар жұмыста пайдалану үшін оның тиісті бөлімдерін көшіріп алады.

Құжаттарын мемлекеттің сақтауына тапсырмайтын ұйымдар істердің номенклатурасын жоғары ұйымның ведомстволық сарапшы қызметімен келісіп алады.

1- тапсырма

Мәтінді толық нақышымен оқып, тақырып жүйесін ауызша түсіндіріп беріңіз.

2-тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңіз.

А) Егер ұйымның құрылымдық бөліктері жоқ болса, істердің номенклатурасы қалай құрылады?

Ә) Құжаттарын мемлекеттің сақтауына тапсырмайтын ұйымдар істердің номенклатурасын қалай алады?

Б) Істердің номенклатурасы неше дана болып, қандай жерлерге тапсырылуы керек?

3-тапсырма

Осы тақырып бойынша глоссарий жұмысын орындаңыз.

Тақырып:Істер номенклатурасын толтыруға қойылатын талаптар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]