- •Іс қағаздары туралы түсінік
- •Тақырып: Тілдік стильдердің қолдану аясы мен ерекшеліктері
- •Ресми іс қағаздар тілінің стилі
- •Публицистикалық стиль
- •Ғылыми-көпшілік әдебиеттер стилі.
- •Көркем әдебиет тілінің стилі
- •Ауызекі сөйлеу тілінің стилі
- •Тақырып: Іс-қағаздарының түрлері және оларды топтастару
- •Құжаттағы ақпаратқа тексеру жүргізу
- •Өмірбаян-түйіндеме
- •Мінездеме Қызметтік мінездеме Аттестациялық мінездеме
- •Талап-арыз
- •Талап ету арыз
- •Ресми сенімхат
- •Жеке сенімхат
- •Сенімхат.
- •Қызметтік хаттар
- •Жеке хаттар
- •Қызметтік хатта көрсетілетін міндетті мәліметтер
- •Жолдама хат
- •Анықтама
- •Справка
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Түсініктеме
- •Жеделхат- телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат
- •Факс арқылы жіберілетін құжаттар
- •Факс арқылы жіберілетін іс қағаздардың құрылымы:
- •Құрметті___________________________!
- •Хабарландыру
- •Тыңдалды:
- •Шығып сөйлегендер:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •25.09.1998 Ж. Қаласы тыңдалды:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •Өкім (Указание)
- •Нұсқау (Распорежение)
- •00. 00. Алматы қаласы
- •Жұмысқа қабылдау туралы
- •Визит карточкалары
- •Құжат айналысын ұйымдастыру
- •Келіп түсетін құжаттарды өңдеу тәртібі
- •Жөнелтілетін құжаттарды өндеу тәртібі
- •Құжаттарды ұйымның ішінде табыс ету
- •Құжаттардың сақталу ағымдарын ұйымдастыру Істер номенклатурасы
- •Істердің тақырыптарын жүйеге келтіру
- •Істер номенклатурасын толтыруға қойылатын талаптар
- •Техникалық құжаттар
- •Конструкторлық құжаттама
- •Жобалау-сметалық құжаттама
- •Технологиялық құжаттама
Мінездеме Қызметтік мінездеме Аттестациялық мінездеме
Негізгі мәтінге атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгеретіндігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет басында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік-психолгиялық портреті. Әріптестермен қарым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, сын көтеру қабілеті жазылады.
Мәтін көбіне жай сөйлемдерден қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт терминдерді қолдана отырып, басы артық қысқартуларсыз жазылады.
Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жинақталған бөлігі болып табылады. Мұнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне байланысты бір-екі нақты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін «қорытынды» сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі түйінді немесе ұсынысты атап көрсетуге болады. Мысалы,
Қорытынды: 1. Атқарып жүрген қызметіне лайық. 2. Кәсіптік дайындық деңгейін, басшылық қызметтегі тәжірибесін ескере отырып Н.С.Нұртазаевты конкурстық негізде статистика бөлімінің бастығы қызметіне ұсынуға болады.
Мінездемені талап етуші ұйымның аты толық ресми түрде аталуына сәйкес жазылады. Кейде мінездеме не мақсатпен берілгені атап айтылады. Бұл қорытындыдан кейін 1 интервал жіберіліп барып жазылады. Мысалы, «Тараз мемлекеттік институтының қабылдау комиссиясына тапсыру үшін берілді».
Мінездемеге жазылатын дата ұйым атынан кейін 1 интервал жіберіліп барып, парақтың сол жақ бөлігіне жазылады. Ай аты жазбаша беріледі. Мысалы, 26 мамыр, 2005 жыл.
Мінездемені беруші туралы мәліметке мінездеме берушінің ресми қызмет аты, қолы, фамилиясы, аты-жөні кіреді.
Мінездеменің жалпы құрылымы осындай. Кей жағдайда мінездеме алушы адам парақтың соңына «мінездемемен таныстым» деп жазып қол қояды. Фамилиясын, танысқан күнін жазады. Мінездеме 2 дана етіп дайындалады.
1 – тапсырма. Мына сөз тіркестерін қолданып, сөйлем құраңыз.
Жоғары білімді, өз ісін жетік білетін маман, әріптестерінің арасында, ағылшын тілін меңгерген, аспирантураға түсу, ғылыми еңбектердің авторы, сыйлыққа ие болды.
2 – тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз. Сөйлем құраңыз.
Высококвалифицированный специалист, опытный специалист, специалист, пользующий уважением среди коллег, окончил КазГУ им. Аль-Фараби, окончил АГУ им. Абая, окончил МГУ им. Ломоносова, окончил ТарГПИ, окончил педагогический факультет, окончил естественно-научный факультет.
3 – тапсырма. Өз әріптесіңізге мінездеме жазыңыз.
4 – тапсырма. Адам мінезінің ұнамды және ұнамсыз жақтарын білдіретін сын есімдер жазыңыз.
5 – тапсырма. Сіз кәсіподақ ұйымының төрағасысыз. Мекемеде жұмыс істейтін бас маман Нұржанұлы Асқарға мінездеме жазыңыз. Мінездеме бас маманды жаңа қызметке жоғарылату үшін беріледі. Ол туралы мәліметтер:
Азаматтық хал-жағдайы: ұлты – қазақ, білімі – жоғары, ҚР азаматы.
Мамандығы: есепші, ТарМПИ-ін бітірген, еңбек өтілі – 15 жыл.
Үйленген, отбасы бар.
Үлгімен танысыңыз.
Тараз институты филология факультетінің
ІҮ курс студенті Оразов Омар Жарасұлына
М І Н Е З Д Е М Е
Студент Оразов Омар Жарасұлы институттың филология факультетінің 4 курсында оқиды. Аталмыш институтқа барлық емтихандарды жақсы тапсырып, өз қалауынша түскен. Оқу жылдары барысында өзін білімді де тәрбиелі жан екенін таныта білді.
Ұлты – қазақ. Жасы 20-да. Оразов Омар Жарасұлы 1981 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданында педагогтар отбасында дүниеге келген.
Мектеп қабырғасында қабырға газетінің редакторы болған. Аудандық газетте жиі-жиі мақалалары жарық көріп тұрған. Спортпен шұғылданған.
Институттағы оқу кезінде де ол өзін белсенді студент ретінде көрсете білді. Жолдастарының арасында беделі жоғары.
Мінездеме әскери комиссариатқа тапсыру үшін берілді.
Институт ректоры /қолы/ аты-жөні.
Студенттер кәсіподақ
ұйымының төрағасы /қолы/ аты-жөні
3-апта, 5,6 сабақ
Тақырып: Өтініш. Арыз. Талапарыз.
Сабақтың мақсаты: Өтініш. Арыз. Талапарыз жазуға үйрету.
Ө Т І Н І Ш
Өтініш – жазбаша, ресми түрде баяндалған, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы ресми құжат.
Керекті сөздер:
Заявление - өтініш
Прошу - өтінемін /сұраймын/
Проживающий – тұратын
Тіркелген – прилагается
Қабылдау – принять
Босату – освободить
Ауыстыру – перевести
Материалдық көмек – материальная помощь
Өтіл – стаж
Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар:
жұмысқа қабылдау
жұмыстан босату
басқа жұмысқа ауыстыру
кезекті демалыс сұрау
материалдық көмек, балабақшадан орын бөлу және т.б. туралы сұрау
жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т.б.
1 – тапсырма. Өтініш үлгісімен танысыңыз. Мәтіндегі құрылымдардың орын тәртібіне назар аударыңыз.
Тараз мемлекттік педагогикалық институтының
ректоры т..ғ.д., профессор А. Б. Абдуалы мырзаға
«Қазақ және орыс тілдерінің практикалық курсы»
кафедрасының аға оқытушысы Г.С.Сериковадан
Ө Т І Н І Ш
Маған отбасы жағдайына байланысты 2005 жылдың 09 мамырынан бастап кезектен тыс демалыс беруіңізді өтінемін.
05 мамыр, 2005 ж.
Қолы
2 – тапсырма. Өзіңіздің деканыңыздың атына сессияны сөзуды өтініп, өтініш жазыңыз.
3 – тапсырма. Жұмысқа қабылдауды өтініп, өтініш жазыңыз.
4 – тапсырма. Мына тіркестерді пайдаланып, өтініштің мәтінін дұрыс құраңыз.
Бір бөлмелі, жас маманмын, сізден өтінемін, жұмысқа қалдырылған, университет басшылығының шешімі бойынша, қазақ тілі кафедрасына, бір балам бар, үйленгенмін.
5 – тапсырма. Берілген тақырыптарға өтініш жазыңыз.
материалдық көмек сұрау
басқа жұмысқа ауыстыру
жұмыстан босату
кезекті демалыс сұрау
1деңгей
1-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап жазып, көмектес септіктің жалғауын табыңыз.
Сіз кіммен кездестіңіз?
Сәкен кіммен әңгімелесті?
Бөлім бастығы немен танысты?
Ол жұмыс туралы кіммен сөйлесті?
Мекемені немен жабдықтау керек?
Әсем кімнен өтініштің қазақша жазылу үлгісін сұрады?
2-тапсырма. Өтінішті оқып, төмендегі құрылымға қарай сөздерді орналастырыңыз.
1. |
Өтініш иесі |
|
2. |
Өтініш кімге |
|
3. |
Өтініш себебі |
|
3-тапсырма. Қосымшаларды қойып сөздерді өзара байланыстырыңыз.
Кім? (қызметі) |
Кімге? (аты-жөні) |
Кімнен? (өтініш иесі) |
Неге байланысты? |
Нені сұраймын? |
Туризм департаменті директорының орынбасары |
Ғ.М.Шабайұлына |
қызметкер Есжановтан |
отбасы жағдайыма байланысты
|
жұмыстан босатуыңыз-ды сұраймын |
үйлестіру бөлім меңгерушісі |
С.Т. Құрбанов |
менеджер Т.С. Королева |
денсаулық
|
құжаттар қабылдау
|
«Сәтті» ЖШС директоры |
Б.М. Досханова |
есепші С.О. Омаров |
төлем ақыны төлеу
|
ақпарат беру
|
аурухана бас дәрігері |
К.С. Жораев |
дәрігер А.Б. Асаұлы |
жеке кәсіпкерлікпен айналысу |
қамтамасыз ету |
4-тапсырма. Берілген сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыз.
1. 2008 жылдың / бастап/ 10 қазанынан/ отбасы/ байланысты/ жағдайына/ 2 апта/ тыс/ кезектен/ демалыс/ еңбек/ сұраймын/ беруіңізді.
2. 17- тамызынан / беруіңізді/ рұқсат / ашуға / Сізден / 2008 жылдың / сұраймын/ есепшотымды/ байланысты/ өтеуіме/ төлемдерін/ салық
3. менің балам/ сізден/ Дулат Сағынтаевты/ қабылдауды/ 3 сыныпқа/ сұраймын.
5-тапсырма. Мына сөйлемдерді сәйкестендіре отырып, аяқтаңыз.
|
|
6-тапсырма. Отбасы мүшелері Алматы қаласына көшті. Олар қандай өтініш жазады?
Әкесі - денсаулық сақтау департаментінің қызметкері
Анасы - аудандық салық комитетінің төрағасы
Қызы - білімгер
Ұлы - білімгер
Кіші қызы - оқушы
Кім не туралы өтініш жазады?
Әкесі_______________________________________________________
Анасы______________________________________________________
Қызы________________________________________________________
Ұлы_________________________________________________________
Кіші қызы өтініш жаза ала ма? Өтініш түрлерін жазыңыз.
7-тапсырма.
1. Завод директорының атына жатақханадан орын беруін сұрап өтініш жазыңыз.
2. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министірлігі бөлім бастығының атына аудармашы қызметіне қабылдауын сұрап өтініш жазыңыз.
3. Университеттің диссертациялық залындағы қолжазбалар қорымен танысу үшін ғылыми істер жөніндегі проректорға құжат сұрап өтініш жазыңыз.
