- •Іс қағаздары туралы түсінік
- •Тақырып: Тілдік стильдердің қолдану аясы мен ерекшеліктері
- •Ресми іс қағаздар тілінің стилі
- •Публицистикалық стиль
- •Ғылыми-көпшілік әдебиеттер стилі.
- •Көркем әдебиет тілінің стилі
- •Ауызекі сөйлеу тілінің стилі
- •Тақырып: Іс-қағаздарының түрлері және оларды топтастару
- •Құжаттағы ақпаратқа тексеру жүргізу
- •Өмірбаян-түйіндеме
- •Мінездеме Қызметтік мінездеме Аттестациялық мінездеме
- •Талап-арыз
- •Талап ету арыз
- •Ресми сенімхат
- •Жеке сенімхат
- •Сенімхат.
- •Қызметтік хаттар
- •Жеке хаттар
- •Қызметтік хатта көрсетілетін міндетті мәліметтер
- •Жолдама хат
- •Анықтама
- •Справка
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Түсініктеме
- •Жеделхат- телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат
- •Факс арқылы жіберілетін құжаттар
- •Факс арқылы жіберілетін іс қағаздардың құрылымы:
- •Құрметті___________________________!
- •Хабарландыру
- •Тыңдалды:
- •Шығып сөйлегендер:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •25.09.1998 Ж. Қаласы тыңдалды:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •Өкім (Указание)
- •Нұсқау (Распорежение)
- •00. 00. Алматы қаласы
- •Жұмысқа қабылдау туралы
- •Визит карточкалары
- •Құжат айналысын ұйымдастыру
- •Келіп түсетін құжаттарды өңдеу тәртібі
- •Жөнелтілетін құжаттарды өндеу тәртібі
- •Құжаттарды ұйымның ішінде табыс ету
- •Құжаттардың сақталу ағымдарын ұйымдастыру Істер номенклатурасы
- •Істердің тақырыптарын жүйеге келтіру
- •Істер номенклатурасын толтыруға қойылатын талаптар
- •Техникалық құжаттар
- •Конструкторлық құжаттама
- •Жобалау-сметалық құжаттама
- •Технологиялық құжаттама
00. 00. Алматы қаласы
Шығарылған орны
Жұмысқа қабылдау туралы
Төлеева Мәншүк Есімқызы маркетинг бөлімінің инженері қызметіне 00.00.00. ден бастап айына 5000 теңге жалақысымен тағайындалсын.
Негіздеме: М.Е. Төлееваның өтініші.
Директор /қолы/ аты-жөні
Бұрыштама белгі
Кадр бөлімі
2 – тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін пайдалана отырып, бұйрық жазыңыз.
жұмысқа қабылдау туралы
ақшалай көмек беру туралы
кезектен тыс демалыс беру туралы бұйрық
жұмыстан босату туралы
материалдық көмек көрсету туралы
2 – тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
в связи с уходом на пенсию, в связи с переходом на другую работу, по собственному желанию, в связи с ликвидацией предприятия, в связи с переводом жены на другую работу в другую местность, за прогул без уважительной причины, за неоднократные грубые нарушения трудовых обязанностей, в связи с истечением срока трудового договора.
3 - тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз
Подписать приказ, приказываю, текст приказа, о приеме на работу, уволить с занимаемой должности, в связи с уходом на пенсию, временное исполнение6 особые условия труда, процентная надбавка, возложить на ... , согласно штатному расписанию.
4 - тапсырма. Мәтінді оқып, бұйрық райлы сөздерді тауып, қай жақта тұрғанын айтыңыз.
Біздің Жарас қызық өзі. Әсіресе соңғы кезде мынау қыздың жұмысы, мынау ұлдың жұмысы дегенді шығарды. Міне, бүгін де Жарас сол қыңырлығына басып отыр. Таңертеңгі шайдан кейін апасы Әйгерім:
- Үстел үстін жинай сал, мен сабағымды даярлайын, - деп еді.
- Мен қыз дейсің бе? Өзің жина, - деп, қасарыса қалды. Ол
далаға шығуға бет алды.
- Еш жаққа кетпе, сен де сабағыңды оқы, отыр, кәне! – деп, Әйгерім жібермеді.
5- тапсырма. Төмендегі сөздердің қажеттісін пайдаланып, бұйрық жазыңыз
Үлгі: Кадр бөлімінің бастығы болып тағайындалсын.
Тағайындалсын, қабылдансын, басқа жұмысқа ауысуына байланысты, жүктелсін, денсаулығына байланысты, басқарма бастығының міндеті, уақытша атқару, зейнеткерлікке шығуына байланысты.
1 - тапсырма. Үлгімен танысып, осы бойынша жарлық жазыңыз.
Жарлық
Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығы
А.Б.Самақанованы Қазақстан Республикасының
министрі етіп тағайындау туралы
Айткүл Байғазықызы Самақанова Қазақстан Республикасының министрі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев
Астана, 1999 жылғы қаңтардың 22-сі.
- тапсырма. Берілген жарлықты толықтырыңыз.
Қазақстан Республикасы ...
Жарлығы
Қазақстан ... ... жанындағы отбасы, әйелдер және демографиялық саясат проблемалары жөніндегі кеңес туралы.
Отбасының мүдделерін қорғау, әйелдердің саяси әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне қатысуы ... ... жағдайлар туғызу мақсатында ... етемін:
1. Қазақстан Республикасы ... жанына ... , ... және ... саясат ... жөніндегі ... құрылсын.
2. Отбасы, әйелдер ... ... саясат ... жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы жарлық жарияланған ... бастап күшіне енеді.
Қазақстан ... Н.Ә.Назарбаев
... Алматы, 1995 жылғы наурыздың 1-і
9-апта. 17, 18 сабақ
Тақырып: Жарғы.
Ж А Р Ғ Ы
Жарғы – ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке адамдардың қызметін, сондай-ақ олардың басқа мекемелермен, жеке адамдармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін белгілейтін ережелер жинағы. Жарғыны мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді, ал қоғамдық ұйымдардың жарғыларын съезд қабылдайды және бекітеді.
Жарғының жасалуы үшін қажетті мәліметтер:
мекеменің атауы
құжаттың түрі
индекс, дата, жасалған гриф
мәтін
кәсіпорын басшысының қолы
Мәтіннің құрылымы төмендегідей тәртіппен жасалады:
Жалпы ережелер
Негізгі міндеттер
Атқаратын қызметі
Құқықтары мен міндеттері
Басшылық
Қарым-қатынас. Байланыс.
Өндірістік-шаруашылық қызмет
Мүлік және құралдар
Қызметті бақылау, тексеру, жүргізу
Қайта құру және жою
Керекті сөздер:
Жарғы – устав
Ереже – положение
Жалпы ережелер – общие положения
Атқаратын қызметі – функции
Құқықтары мен міндеттері – права и обязанности
Басшылық – руководство
өндірістік-шаруашылық қызмет – производственно-хозяйственная деятельность
тарау – глава
заңды тұлға – юридическое лицо
алқалы орган – коллегиальный орган
1 - тапсырма. Үлгімен танысып, осы бойынша жарғы жазыңыз.
(Министрліктің атауы, кәсіпорынның атауы) Бекітемін (министрліктің, ведомствоның басшысы,
кәсіпорын құрылтайшысының
басшысы) Қолы Аты-жөні
ЖАРҒЫ
_____________№______________
(Шығарылған жері)___________________
ТЕКСТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Жалпы ережелер
Негізгі міндеттер
Атқаратын қызметі
Құқығы мен міндеттері
Басшылық
Қарым-қатынас
Байланыс
Өндірістік-шаруашылық қызмет
Мүлік және құралдар
Қызметті бақылау, текскру жүргізу
Қайта құру және жою
Кәсіпорын басшысы қолы
аты-жөні
Қол қоятындар қолы
аты-жөні
1-тапсырма.Президент Жарғысын тауып оқып өзара талқылаңыздар.
2 – тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз:
1 Жарғы дегеніміз не?
2 Жарғының жасалуы қажет мәліметтерді атаңыз?
3 Мәтіннің құрылымы қандай тәртіппен жасалады?
4 Жарғыны кімдер бекітеді?
5 Қоғамдық ұйымдардың жарғыларын кім қабылдайды және бекітеді?
3 – тапсырма: Мына сөздермен сөйлем құраңыз:
Жарғы, басшылық, жалпы ережелер, негізгі міндеттер, заңды тұлға
Тақырып: Штаттық кесте.
Штаттық кестеде жалақы қорын көрсете отырып, кәсіпорынның лауазымдары және құрам саны бекітіледі. Штаттық кесте кәсіпорынның бланкісінде жасалады және лауазымдардың тізбесінен, штат саны, лауазымдық еңбекақы, үстемақы және айлық жалақы қоры туралы мәліметтерден тұрады.
Штаттық кестеге кәсіпорын басшысының орынбасары қол қояды, бас бұхгалтер бұрыштама соғады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді. Бекіту грифінде кәсіпорынның жалпы штат саны және айлық жалақысының қоры көрсетіледі. Бекіту грифі мөрмен расталады.
Мемлекеттік емес саладағы кәсіпорын үшін штаттық кестені құрылтайшылардың (акционерлердің)жалпы жиналысында бекіту ұсынылады.
Инфляциялық процестерге және жалақыны индексациялауға байланысты штаттық кестеге кезең-кезеңмен өзгерістер енгізіліп отырады не индексация жүйесінде еңбекақы төлеуді белгілейді. Штаттық кестеге өзгерістер арнайы бұйрықпен енгізіледі.
1–тапсырма. Үлгімен танысыңыз. Үлгі бойынша штаттық кесте толтырыңыз.
Мекеменің, кәсіпорынның атауы
ШТАТТЫҚ КЕСТЕ
Штат санын_______бірлікте,
Жалақының айлық қоры
00.00. 00. ____ теңге мөлшерінде
Алматы қаласы
Бекітемін
Кәсіпорынның басшысы Қолы Аты-жөні
00.00.00
Мөрі
Лауазымның атауы |
Штат бірлігінің саны |
Лауазым-дық жалақылар |
Үстемақы дербес |
Үстемақы басқа |
Жалақы-ның айлық қоры |
Ескерту |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кәсіпорын басшысының қолы аты-жөні
Орынбасары
Бас бұхғалтер қолы аты-жөні
00.00.00
1 – тапсырма. Штат кестесінің үлгісін жазыңыз?
2 – тапсырма. Мына сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз:
Кәсіпорын құрылымы, штат саны, мәтіндік белгі, қызмет түрлері, штаттық тұлғалар саны, кәсіпорын бланкісі.
10-апта. 17, 18 сабақ
Тақырып: Еңбек келісімі
Еңбек келісімі
Еңбек келісімі – тараптардың еңбек құқығы қатынастары туралы келісімді реттейтін құжат.
Жеке еңбңк келісімі жұмыс беруші мен жұмысшы, ал ұжымдық еңбек келісім жұмыс беруші мен жұмысшылар тобы арасында еңбек қатынасын реттейтін ресми құжат.
Келісімге отыратын жұмысшылар мынадай категорияларға бөлінеді:
тұрақты түрде жұмыс істейтіндер;
уақытша жұмыс істейтіндер;
негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс істейтіндер;
қоса атқарушылық бойынша жұмыс істейтіндер.
Еңбек келісімі жазбаша түрде жасалуы тиіс. Бұл екі тарап үшін де келісімшарттарын орындаудың кепілдігі болып табылады. Еңбек келісімде мынадай негізгі мәліметтер болуы тиіс:
келісімнің жасалған мерзімі;
екі тараптың толық және шартты атауы;
келісім нысаны;
еңбек төлемі;
еңбек жағдайлары;
келісім мерзімі;
жұмыс берушінің және жұмысшының міндеттері мен құқықтары;
келісімнің тоқтатылуы;
дауларды шешу;
қорытынды ережелер және екі тараптың заңды мекенжайлары мен деректемелері.
Сонымен қатар сынақ мерзімі, біліктілігін көтеру т.б. сияқты қосымша шарттар көрсетілуі мүмкін. Еңбек келісімі екі дана болып жасалынады.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Еңбек келісімі нені реттейді?
2. Жеке еңбек келісімі мен ұжымдық еңбек келісімінің айырмашылығы неде?
3. Жұмысшылар қандай категорияларға бөлінеді?
4. Еңбек келісімінде қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?
5. еңбек келісімі неше дана жасалынады?
6. Келісім кімде сақталады?
2-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз.
Работаюшие по совместительству, работодатель, оплата труда, обязанности работодателя, право работника, срок соглашения, условия труда, временный работник, основное место.
3-тапсырма. Мына сөз тіркестерін қолданып, сөйлем құраңыз.
Еңбек келісімі, тараптардың қолы, келісімнің жасалған мерзімі, еңбек жағдайлары, дәреже, ғылыми атақ, лауазым, әскери атағы, міндетті.
Тақырып: Шарт.
1 – тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Шарт дегеніміз не?
2. шарттың жасалу жолдарын ата?
2 – тапсырма. Мына сөздермен сөйлем құраңыз?
Мекемелер, мәдени қарым – катынастар, реттеп отыру, жеке адам, өндіріс орындары.
Тақырып: Тапсырыс.
Тапсырыс - белгілі бір тауарды дайындауды, жеткізуді немесе әлдебір жұмысты орындауды сұраған ұсыныс. Тапсырыс оферта болып табылады. Екінші тарап ұсынысты толықтай не ішінара қабылдағанын хат, жеделхат немесе тапсырыс жазыдған құжатқа қол қою арқылы білдіреді. Тапсырыс шарттары өзінің ыңғайына келмесе тапсырыс алушы өзі даярлаған келісімшарт жобасын тапсырыс берушіге жолдауға құқылы.
1 – тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Тапсырыс дегеніміз не?
2. Жеделхат немесе тапсырыс жазылған құжатқа екінші тарап ұсынысты қандай әрекет арқылы білдіреді?
3. Тапсырыс берушінің құқығын ата?
2 – тапсырма. Тапсырыстың үлгісін жазыңыз?
11-апта. 21,22 сабақ
Тақырып:Акция – құнды қағаз
Акция-құнды қағаздың бір түрі. Ол жеке адамның акционерлік қоғамды дамытуға қосқан үлесін куәландырады. Түскен табыстан дивидент түрінде үлес алуға құқық береді. Акцияның екі түрі бар: қарапайым акция және артықшылықтары бар акция.
Қарапайым акция жеке тұлғаның акционерлік қоғамды басқаруға қатысуына мүмкіндік береді. Артықшылықтары бар акцияға ие адам акционерлік қоғамды басқаруға қатыспайды және адамда дауыс беру құқы жоқ.
Мұндай акцияның артықшылығы мынада: жеке адам акционерлік қоғамның қаржылық қызмеиіне қарамастан, тіпті ол шығынды болып жатса да, тұрақты түрдә әрі нақты белгіленген дивидент алып отырады.
Керекті сөздер:
Бір түрі-разновидность
Екі түрі бар-есть два вида
Қарапайым акция-простая акция
Артықшылықтары бар акция-привилигированная акция
Атаулы акция – именная акция
Үлес-доля, вклад
Құнды қағаз- ценные бумаги
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Не себептен акцияны құнды қағаздарға жатқызады?
2. Қарапайым акция мен артықшылықтары бар акция арасында қандай айырмашылық бар?
3. Атаулы акция дегеніміз не?
4. Акция шығарудың негізгі себебі қандай?
6. Өзіңіз қандай акцияның иесі болғыңыз келеді?
1-тапсырма. Мына сөз тіркестерін қолданып, сөйлем құрыңыз.
Қарапайым акция, артықшылығы бар акция, дивиденд, акционерлік қоғам, құнды қағаз, жеке адам, таза табысы, себептерге байланысты, шығынға ұшыраған, нақты белгіленген.
2-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
Акционерное общество, чистый доход, акционеры, ценная бумага, физическое лицо, юридическое лицо, вклад в развитие общества.
3-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Акционерлік қоғамды дамытуға қосқан үлес, шығынға ұшырау, мүмкіндік беру, таза табыс, жеке тұлға, құқық беру, құқығы жоқ.
4-тапсырма. «Акция-құнды қағаз» атты тақырыпта шағын сұхбат құрыңыз.
Тақырып:Визит карточкалары
