- •Іс қағаздары туралы түсінік
- •Тақырып: Тілдік стильдердің қолдану аясы мен ерекшеліктері
- •Ресми іс қағаздар тілінің стилі
- •Публицистикалық стиль
- •Ғылыми-көпшілік әдебиеттер стилі.
- •Көркем әдебиет тілінің стилі
- •Ауызекі сөйлеу тілінің стилі
- •Тақырып: Іс-қағаздарының түрлері және оларды топтастару
- •Құжаттағы ақпаратқа тексеру жүргізу
- •Өмірбаян-түйіндеме
- •Мінездеме Қызметтік мінездеме Аттестациялық мінездеме
- •Талап-арыз
- •Талап ету арыз
- •Ресми сенімхат
- •Жеке сенімхат
- •Сенімхат.
- •Қызметтік хаттар
- •Жеке хаттар
- •Қызметтік хатта көрсетілетін міндетті мәліметтер
- •Жолдама хат
- •Анықтама
- •Справка
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Түсініктеме
- •Жеделхат- телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат
- •Факс арқылы жіберілетін құжаттар
- •Факс арқылы жіберілетін іс қағаздардың құрылымы:
- •Құрметті___________________________!
- •Хабарландыру
- •Тыңдалды:
- •Шығып сөйлегендер:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •25.09.1998 Ж. Қаласы тыңдалды:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •Өкім (Указание)
- •Нұсқау (Распорежение)
- •00. 00. Алматы қаласы
- •Жұмысқа қабылдау туралы
- •Визит карточкалары
- •Құжат айналысын ұйымдастыру
- •Келіп түсетін құжаттарды өңдеу тәртібі
- •Жөнелтілетін құжаттарды өндеу тәртібі
- •Құжаттарды ұйымның ішінде табыс ету
- •Құжаттардың сақталу ағымдарын ұйымдастыру Істер номенклатурасы
- •Істердің тақырыптарын жүйеге келтіру
- •Істер номенклатурасын толтыруға қойылатын талаптар
- •Техникалық құжаттар
- •Конструкторлық құжаттама
- •Жобалау-сметалық құжаттама
- •Технологиялық құжаттама
25.09.1998 Ж. Қаласы тыңдалды:
Ғылыми әдістемелік Кеңестің төрағасы Ж.Омаров шығып сөйлеп, 4 курс студенті М. Мұқашеваның «Орыс аудиториясында қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері» атты жұмысының қазіргі қоғамның талабына сай жазылғандығын, болашақ мұғалімнің ғылымға икемділігін атап көрсете отырып, жұмысты бастырып шығару қажеттігі жөнінде ұсыныс жасады.
Мәжіліс қаулы етеді:
М Мұқашеваның «Орыс аудиториясында қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері» атты еңбегін бастырып шығару жөнінде институт Ғылыми Кеңесінен сұралсын.
Төрағасы: /аты-жөні/
Хатшы: /аты-жөні/
Түпнұсқасымен сәйкес.
Ғылыми хатшы: /аты-жөні/
2-тапсырма. Қате жазылған сөзді түзетіңіз.
«Құрылысконсалтинг» ҰК» АҚ-ның қызметкерлерінде болған жиналыста хаттамасы.
Директор орынбасары Н. Оспановтің атқарылған жұмыстар бойынша айлық есеп.
Күн тәртібінен.
Келесі жылдан бастап іс қағаздары мемлекет көшіру.
Сапалы қызмет атқарғанға Е. Қожантаевқа, С. Жанарысовке сыйақы берілсін.
Күн тәртібіндегі бір мәселе бойынша директордың орынбасар Қ. Жаманбаев есепті берді.
3-тапсырма. Сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлем құраңыз.
Протокол, коллектив, собрание, заседание, повестка дня, присутствовали, отсутствовали, по уважительной причине, подписать, обсудить, оформить, принять решение, подготовить, заключение, расширенный.
4-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
Мәжілісте әр түрлі мәселелер...................................................................... .
Баяндамашы көп сұраққа жауап беріп, ....................................................... .
Алқа жиынында екі қаулы ........................................................................... .
Күн тәртібіндегі бір мәселеге назар ........................................................... .
Хаттмаға қол .................. , мөр .................................................................... .
5-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестеріне сәйкес көмекші сөздерді тауып, сөйлем құраңыз.
Көмекші сөздер: бойынша, байланысты, сәйкес, туралы, жүзеге асыру.
Күн тәртібіндегі мәселе
Президент жарлығы
Мемлекеттік бағдарлама
Мемлекеттік шараларды
Іссапарда болуына
Парламенттің шешімі
Қаулыдағы атқарылатын іс-шараларға
6-тапсырма. Берілген тіркестер арқылы мазмұнды мәтін құраңыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік бағдарлама, кәсіпорынның жалпы жиналысы қаулы етеді, орындалуы міндеттелсін, шаралар белгіленсін, бірінші мәселе бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
7 – тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мәтінге хаттама жазыңыз.
Бүгін Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов аудандық әкімшілігінде «Шағын бизнесті дамыту жолдары» атты тақырыпта іскерлік кездесу өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Ж.Жұмабеков, аудандық кәсіпкерлер одағының басшылары, бір топ кәсіпкер мен газет тілшілері қатысты. Ж. Жұмабековтың берген мәліметтерінде ауданда шағын бизнесті дамыту бағытына арналған нақты шаралар жоспарланатыны көрсетілді. Кездесуге қатысқандар осы мәселеге байланысты өзара пікір алысып, тез арада шешуді талап ететін мәселелерді талқылады.
Кәсіпкер М.Құрмашқызы шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге нақты қолдау-көмек жасалынбайтынын, кәсіпкерлердің жұмысына заң органдары, салық салу органдары, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы және т.б. мекемелері кедергі жасайтынын фактілермен дәлелдеп айтып шықты.
Кәсіпкерлер одағының басшысы С.Сапарұлы өз сөзінде осы кездесуге банк қызметкерлерінің қатысуларының қажеттілігін, банктен шағын бизнесті дамыту заңына сәйкес несие алудың қиындығын көрсетті.
Кездесу барысында уақытша комиссия құрып, екі айдан кейін осы мәселеге қайта оралу ұйғарылды.
8-апта, 15, 16 сабақ
Тақырып: Қаулы. Өкім. Нұсқау
Қ А У Л Ы
Қаулы – алқалық негізінде жұмыс істейтін мекемелерде шешімдерді, ұйғарымдарды жинақтайтын ресми құжат. Қаулы мәжілістерде, жиналыстарда талқыланатын мәселелер бойынша қабылданады, онда көрсетілген шаралардың орындалуы міндеттеледі.
Ірі мекемелерде, министрліктер мен ведомостволарда ең маңызды мәселелер бойынша алдын ала анықтама және анықтама бойынша қаулының шешімінің жобасы әзірленеді.
Керекті сөздер:
Қаулы – постановление
Шешім – решение
Күн тәртібі – повестка дня
Талқыланған – обсужденный
Мәселелер бойынша – по вопросам
Мақсатында - в целях
Жүктелсін – возложить
Міндеттелсін – обязать
Баяндалсын – доложить
Жүзеге асырылсын – реализовать
Қол қойылған күннен бастап – со дня подписания
Қаулы қабылдау – принять постановления
Шешім қабылдау – принять решение
1-тапсырма.Сөздер мен тіркестерді оқыңыз, сөйлем құраңыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, заңды орындау, қылмыстық жолмен жиналған капитал, барлық институттар мен қоғамыздың күш-жігерін үйлестіру, бағдарламаны іске асыру, жол бермеу, әлеуметтік кесел, себептер, саяси, проблемалардың кең ауқымын ашу, бүкіл әлемдік қоғамдастық, жинақтаған тәжірибесі, қол жету.
2- тапсырма. Ұйым алдындағы міндеттерді шешу мақсатында жеке басшылық негізінде іске асатын құжат түрін көрсетіңіз.
а) келісімшарт
ә) жарғы
б) бұйрық
в) акт
