- •Іс қағаздары туралы түсінік
- •Тақырып: Тілдік стильдердің қолдану аясы мен ерекшеліктері
- •Ресми іс қағаздар тілінің стилі
- •Публицистикалық стиль
- •Ғылыми-көпшілік әдебиеттер стилі.
- •Көркем әдебиет тілінің стилі
- •Ауызекі сөйлеу тілінің стилі
- •Тақырып: Іс-қағаздарының түрлері және оларды топтастару
- •Құжаттағы ақпаратқа тексеру жүргізу
- •Өмірбаян-түйіндеме
- •Мінездеме Қызметтік мінездеме Аттестациялық мінездеме
- •Талап-арыз
- •Талап ету арыз
- •Ресми сенімхат
- •Жеке сенімхат
- •Сенімхат.
- •Қызметтік хаттар
- •Жеке хаттар
- •Қызметтік хатта көрсетілетін міндетті мәліметтер
- •Жолдама хат
- •Анықтама
- •Справка
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Баяндау хат
- •Түсініктеме
- •Жеделхат- телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат
- •Факс арқылы жіберілетін құжаттар
- •Факс арқылы жіберілетін іс қағаздардың құрылымы:
- •Құрметті___________________________!
- •Хабарландыру
- •Тыңдалды:
- •Шығып сөйлегендер:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •25.09.1998 Ж. Қаласы тыңдалды:
- •Мәжіліс қаулы етеді:
- •Өкім (Указание)
- •Нұсқау (Распорежение)
- •00. 00. Алматы қаласы
- •Жұмысқа қабылдау туралы
- •Визит карточкалары
- •Құжат айналысын ұйымдастыру
- •Келіп түсетін құжаттарды өңдеу тәртібі
- •Жөнелтілетін құжаттарды өндеу тәртібі
- •Құжаттарды ұйымның ішінде табыс ету
- •Құжаттардың сақталу ағымдарын ұйымдастыру Істер номенклатурасы
- •Істердің тақырыптарын жүйеге келтіру
- •Істер номенклатурасын толтыруға қойылатын талаптар
- •Техникалық құжаттар
- •Конструкторлық құжаттама
- •Жобалау-сметалық құжаттама
- •Технологиялық құжаттама
Өмірбаян-түйіндеме
Қазіргі нарық заманында жұмысқа тұру, жұмысқа қабылдану кезінде құжаттың жаңа түрі өмірбаян-резюме жазылады. Бұнда өмірбаян мәліметтері ықшам, әрі толық түрде беріледі.
Қосымша тілдерді білу, спортқа қатысы, компьютерді және Интернет бағдарламаларында жұмыс істеу деңгейі көрсетілуі міндетті деп есептелетін басқа да мәліметтер.
1 – тапсырма. Мына сауалнамалық сұрақтарға жауап беріңіз.
Аты-жөніңіз, туған жылыңыз
Біліміңіз, мамандығыңыз
Отбасы жағдайыңыз
Қай тілдерді білесіз?
Компьютермен жұмыс істей аласыз ба?
Жұмыс тәжірибеңіз бар ма?
2 – тапсырма. Өзіңнің досыңның өмірі туралы жазып, айтып бер.
3 – тапсырма. Мына сөздерді орысшаға аударыңыз.
Орта білім, қызметкер, оқу орны, еңбек жолы, жұмыс орны, әскери қызмет, ардагер, туған жері, тілді меңгеру, құрбы, бөлім меңгерушісі, күндізгі бөлім, сырттай бөлім, жалғастыру.
4 – тапсырма қызмет орнына жарияланған конкурсқа үш адамның атынан резюме дайындаңыз. Үміткерлердің қайсысы сәйкес келеді? Өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
5 – тапсырма. Өзіңізді журналистпін деп, сұхбат алуыңыз керек. Қандай сұрақтар дайындайсыз?
Үлгімен танысыңыз:
ТҮЙІНДЕМЕ
Аты – жөні: Садықова Ажар
Мекен жайы: 480090, Қазақстан Республикасы, Алматы, Көктем-1, 16-үй 72-п
Телефон: (3272) 470388
E-mail: azheshka@yahoo.com
Жалпы ақпарат :
Туған жылы: 1978 жылғы 31 мамыр
Ұлты: Қазақ
Жынысы: Әйел
Отпасы жағдайы: тұрмысқа шықпаған
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Жұмыс тәжірибиесі:1998 – 1999 «Базальт ИТН» ЖАҚ, менеджердің көмекшісі
Фирманың атауы, жылы, қаласы Алматы
Білімі:
- Орта 1993 – 1995 жоғары кластарға арналған Республика Экспериментальдық Мектеп (Архиметтің мектебі). Алматы 1985 – 1993 №51 орта мектеп Алматы
- Жоғары: 1999 – 2001 жж. КИМЕП Экономика Магистірі бөлімі Алматы
1997 – 2002жж.Әл Фараби атындағы Қазақтың Мемлекеттік Университеті, заң факультеті (сырттай бөлім)
1995 – 1999 жж. Қазақстан Мемлекеттік Басқару Академиясы, «Халықаралық экономикалық қатынастар» факультеті, Алматы
Тілді білуі: Қазақша – ана тілі, орысша – еркін, ағылшынша - Өте жақсы
Компьютерді игеруі:
Жеке қасиеттері: Жауапкершіліктік, мақсаттық, жан – жақтылық, ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеттері, талапшыл, алдына қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас, ұжыммен жұмыс істей білу және т.б.
Қосымша ақпараттар: Ашық Қоғам институтының сертификаты, Жеке табысы үшін Жоғары Білімді Қолдау Бағдарламасының стипендиясы «Адамзаттың жаҺандану мәселелері» атты Студенттердің Қалалық Үшінші конференциясының мақтау грамотасы Республикалық Эксперементальдық Мектепте ағылшын тілін оқығандағы ерекше табысы үшін мақтау грамотасы (1995ж)
Құштарлығы: кітап оқу, саяхатқа шығу, би, гитарада ойнау
Ұсыным хаты: Жоқ.
1 – тапсырма. Жоғарыдағы үлгіні пайдаланып, түйіндеме жазыңыз.
Тақырып: Мінездеме және оның түрлері.
Сабақтың мақсаты: Қызметкерлерге, мамандарға берілетін мінездемені дурыс жазуға үйрету.
М І Н Е З Д Е М Е
Мінездеме – мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істейтін адам туралы әкімшілік немесе қоғамдық ұйым тарапынан берілетін, жеке адамның іскерлігін, біліктігін, кәсіби деңгейін сипаттайтын ресми құжат. Мінезде нақты, объективті, дәл және толық болуы керек. Мінездеме басқа мекеме (сот, прокуратура) сұраған жағдайда, оқуға, аспирантураға түсу кезінде, сондай-ақ қызметкерлердің, маманның кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында беріледі.
Мінездемеде көрсетілетін міндетті мәліметтер:
Жеке адамның негізгі мәліметтері:
аты-жөні
ұлты
әскери қызметі
отбасы жағдайы
білімі
лауазымы
туған жылы
туған жері
азаматтығы
Қызмет істеген орны, қызмет атқарған жылдары
Жеке басының қасиеттері. Өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қарым-қатынасы
Мінездеме қайда берілді
Мекеме басшысының қолы
Мінездеме берілген мерзім
Мекеменің мөрі
Керекті сөздер:
Характеристика – мінездеме
Национальность – ұлт
Должность – лауазым, қызмет
Образование – білім
Высшее образование – жоғары білім
Среднее образование – орта білім
Сейчас, данное время – қазір
Опытный – тәжірибелі
Квалифицированный – білікті, өз ісін жетік білетін
Специалист – маман
Знать в совершенстве – жетік білу
Авторитетный – беделді
Коллега - әріптес
Образцовый – үлгілі
Среди – арасында
Учреждение – мекеме
Организация – ұйым
Руководитель – басшы
Исполнил, выполнил – орындады
Сумел показать – көріне білді
Показал – көрсетті
Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мәтін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті).
Мінездеме құрылымы:
тақырыбы
мінездеме берілетін адам туралы мәлімет
негізгі мәтін
қорытынды
мінездемені талап етуші ұйымның аты
мінездеме берілген күн, ай, жыл
мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы
қосымша, егер болса
Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.
Мысалы,
