Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП прод.2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
429.57 Кб
Скачать

Талап-арыз

Талап-арыз сотқа жазбаша түрде беріледі. Арызда:

1) арыз беріліп отырған соттың атауы;

2) талапкердің атауы, оның тұратын жері немесе егер талапкер заңды тұлға болса, оның орналасқан жері, сондай-ақ арызды өкілі берсе, онда өкілдің атауы және оның мекенжайы;

3) жауапкердің атауы, тұратын жері немесе егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, оның орналасқан жері;

4) талапкер өз талаптарын негіздейтін жағдайлар және талапкер жазған жағдайларды растайтын дәлелдер;

5) талапкердің талап-арызы

6) талап-арыз бағалауға жататын болдса, оның бағасы;

7) арызға қоса берілген құжаттардың тізбесі болады.

Арызға талапкер немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл берген талап-арызға өкілдің өкілеттілігін растайтын сенімхат қосыла беріледі.

Талап-арыз жауапкерлердің саны бойынша көшірмелерімен сотқа ұсынылады.

Істің күрделігіне және сипатына байланысты судья талапкерден арызға қоса берілген құжаттардың көшірмелерін талап етуі мүмкін.

Азаматтық құқықтық сипаттағы шарттарды орындамауға байланысты заңды тұлғаның талап-арызы шағымға жауап алғаннан кейін сотқа беріледі.

1 – тапсырма. Өтініш үлгісімен танысыңыз. Мәтіндегі құрылымдардың орын тәртібіне назар аударыңыз.

______________________облыстық соттың

Шаруашылық даулары жөніндегі коллегиясына

Талапкер___________________

Кәсіпорынның атауы___________________

(мекен жайы)

Жауапкер______________________________

Кәсіпорынның атауы____________________

(мекен жайы)

____________________ теңгені өндіріп алу туралы

Талап ету арыз

№_______ жөнелтпе құжат бойынша жауапкер біздің мекенжайымызға «___» _____20___ж. №____шот бойынша төленген мына ________тауарларды тиеді.

Уәкілетті тұлғаның____________________ қатысуымен тауарларды

(аты-жөні, лауазымы)

«___» ________ 20___ж. № ________акт бойынша қабылдадық.

Жетіспейтін (сынған, бүлінген) тауарлардың құны мен қайта сұрыпталғаннан

Кейінгі айырмасы есеп айырысуға сәйкес__________________теңгені құрайды.

Түпнұсқа құжаттармен бірге берілген талап арызды жауапкер мына________________ себептерге байланысты қабылдамады.

24.12.94 ж. № 268-ҮІІ ҚР АК-нің 349, 350 баптарын басшылыққа ала отырып, жоғарыда жазылғандар негізінде:

ӨТІНЕМІН:

Жауапкерден_____теңгені және мемлекеттік баж салығына төлеген____ теңгені өндіріп беруіңізді сұраймын.

Қосымша:

  1. Шарттың көшірмесі.

  2. Көлік жүк құжатының көшірмесі.

  3. Тауарды қабылдап алғандығы туралы актінің көшірмесі.

  4. Жауапкерге талап арызын жібергендігі туралы түбіртек.

  5. Мемлекеттік баж салығын төлегендігі туралы түбіртек (төлем тапсырмасы).

Кәсіпорын басшысы қолы

Тақырып: Қолхат. Сенімхат. Кепілхат.

Сабақтың мақсаты: Аталмыш құжаттарды сауатты және нақты жазуға үйрету.

Қ о л х а т

Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттардың бір түрі. Мазмұны мен құрылымы жағынан қолхат және кепілхат бір біріне ұқсас.

Керекті сөздер:

Қолхат – расписка

Кепілхат – гарантийное письмо, поручительство

Азамат – гражданин

Берілген – выданный

Куәландыру – удостоверено

Тараптардың қолы – подписи сторон

Міндеттенемін – обязуюсь

Пайыз (процент) төлеу – уплатить процент

Үш дана етіп жасалған – составлено в трех экземплярах

Келісімшартқа сәйкес – в соответствии с договором

Басқа талабым жоқ – других претензий не имело

Несие – кредит, ссуда

Қарыз – долг

Жекеменшік – собственность

Жеке басының куәлігі – удостоверение личности

Қолхат беруші – подписывающий

1 – тапсырма. Үлгімен танысыңыз. Үлгі бойынша жазыңыз.

Қ о л х а т

Алматы қаласы, 1998 жылы он үшінші шілде.

Мен, азамат Керейұлы Мұса (мекен-жайым: Алматы қаласы, Шәкәрім көшесі, 47-үй, 10-пәтер, жеке басының куәлігі 707173 – ҚР ІІМ берген),

Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 11-үй, 41-пәтерде тұратын азамат Найманұлы Еріктен (жеке басының куәлігі 749498 – ҚР ІІМ берген), 20000 (жиырма мың теңге) алдым.

1998 жылғы 1 шілдеде жасасқан келісімшартқа сәйкес 1998 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін алынған ақшаның процентін төлеп тұруға міндеттенемін. Процент көлемі келісімшартта көрсетілген.

Азамат Найманұлы Еріктің міндетін орындауынан басқа талабым жоқ.

1998 жылғы 13 шілде. Қолхат берушінің қолы.

2- тапсырма. Тұрақты тіркестерді пайдаланып, қолхат жазыңыз.

Мен, азамат…

  • міндеттемелерді орындауға

  • алынған ақшаны қайтаруға

  • алынған ақшаны дер кезінде қайтаруға

  • процент төлеп тұруға

  • келісімшарттағы міндеттемелер орындалмаған жағдайда

  • айып төлеуге

  • міндеттенемін.

3 – тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

Өз міндеттерімді орындауға:

  • келісімшартқа сәйкес процент

  • алынған ақшаны келісілген…

  • келісімшарт талаптары орындалмаған жағдайда…

  • мекен-жайым өзгерген жағдайда бұл туралы үш күн мерзім ішінде…

5 – тапсырма. Берілген тақырыптарға қолхат жазыңыз.

  • қарызға ақша алу

  • мекеменің көлігін уақытша пайдалану

  • мекеменің бухгалтериясынан несие алу

  • жекеменшіктегі пәтерді уақытша пайдалануға

С Е Н І М Х А Т

Сенімхат – белгілі, дәлелді себептерге байланысты өзі атқара алмайтындай жағдайда нақты іс әрекеттің (пәтерді сату немесе сатып алу, зейнетақыны немесе жалақыны алу) орындалуын басқа адамға тапсыру үшін жазылады.

Сенімхат қолмен жазылады және сату-сатып алу әрекеттеріне қатысты сенімхаттар нотариалдық кеңсе арқылы куәландырылады.

Сенім білдірілген адамға жүктелетін өкілеттілік мейлінше дәл, нақты, қатесіз сауатты баяндалуы тиіс.

Керекті сөздер:

Сенімхат –доверенность

Азамат – гражданин

Тұратын – проживающий

Сенім білдіремін – доверяю

Менің атымнан – от моего имени

өкілетті етемін – уполномочиваю

қажетті құжаттар – необходимые документы

менің орныма қол қою – расписаться за меня

…дейін өз күшінде – действительно до …

нотариалдық кеңсе – нотариальная контора

жеке тұлға – личность

сенім білдіруші – доверитель

анықталды – установлен

әрекетке қабілеттілік

тізбе – реестр

тіркелген – зарегистрировано

мемлекеттік салым – государственная пошлина

мүлік – имущество

салық – налог

құқық – право

рәсімдеу – оформлять

Сенімхаттың екі түрі бар:

Ресми сенімхат - мәмілелер жасауға, ақша, тауар - материалдық құндылықтарды алуға немесе басқа да іс - әрекеттерді жүргізуге кәсіпорын атынан кәсіпорынның өкіліне беріледі. Оның мынандай деректемелері болады:

  • ұйымның атауы;

  • ұйым туралы анықтамалық деректер;

  • құжат түрінің атауы;

  • құжаттың тіркелген күні;

  • құжаттың тіркеу нөмірі;

  • құжаттың мәтіні;

  • лауазымды тұлғалардың қолы;

  • кәсіпорынның мөрі.

Сенімхаттың мәтінінде:

  • сенімді тұлғаның лауазымы және төлқұжат деректері;

  • сенімхат бойынша іс-әрекет жүргізілетін ұйымның атауы;

  • іс-әрекет түрі;

  • сенімхаттың қолдану мерзімі көрсетіледі;

Көбінесе, сенімхаттардың үлгі бланкілері пайданылады.