Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП прод.2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.12.2019
Размер:
429.57 Кб
Скачать

Ресми іс қағаздар тілінің стилі

Ресми іс қағаздар тілінің ерекшелігі, онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Іс қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Мысалы: өтініш, қолхат, анықтама, мінездеме, т.б. Іс қағаздары көбінесе сол үлгі бойынша жазылады.

Публицистикалық стиль

Публицистика латын сөзі, көпшілік, әлеумет мағынасын береді. Публицистикалық стильге газет-журнал тілінің сын мақалалар тілінің, очерктер тілінің стилі жатады. Сөйлеу қызулы, ұранды болып, көпшілікке ықпал жасау мақсатында қолданылады.

Ғылыми-көпшілік әдебиеттер стилі.

Бұл стильдің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуымен тікелей байланысты. Бұған әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Сөздер тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, образды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылыми саланың ерекшелігіне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі – мұнда ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделуінде.

Көркем әдебиет тілінің стилі

Мұнда барлық стильдердің элементтері кездеседі. Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатта жұмсалады. Образды сөздер жиі қолданылады, сөздер сараланып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады да, сөйлеу әдетте бейнелі, жанды, сезімді болады. Мұнда барлық стильдің элементтері кездеседі.

Ауызекі сөйлеу тілінің стилі

Адамдар бір-бірімен тікелей қатынас жасау стилі болғандықтан, сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты.

  1. Адамның күнделікті тікелей қарым-қатынас жасау кезінде емін-еркін сұхбат үстінде қолданылады.

  2. Алдын-ала сұрыпталмай, сөйлеу үстінде әңгіменің желісіне қарай туып отырады.

  3. Тақырыпқа шек қойылмайды.

Сөйлеу стилінің лексикасында тұрмыстық қарапайым лексика да, варваризм де, әдеби сөйлеу лексикасына тән сөздер де болады.

1 – тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Стилистика, стиль, форма туралы қандай мағлұмат алдыңыз, ауызша әңгімелеп беріңіз.

2 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Стилистика нені зерттейді?

  2. Стиль дегеніміз не?

  3. Стильдің түрлері қандай?

  4. Форма мен стильдің айырмашығы қандай?

  5. Ресми іс қағаздарының қандай ерекшелігі бар?

  6. Ресми іс қағаздары формаларының түрлері қандай?

3 – тапсырма. Өзіңіз бес стильге арнап мысал жазыңыз.

4 – тапсырма. «адам» деген сөз ресми құжаттарда, телефон стансасында, тігін шеберханасында, шаштаразда, ауруханада, демалыс орнында, көлікте, т.б. қалай айтылады?

5 – тапсырма.

а/ Бүгінгі ауа райын жолдасыңызбен әңгімелесіңіз.

б/ Қазір жылдың қай мезгілі, әдеби тілмен суреттеп жазыңыз.

в/ Осы топтың студенттері ақын М.Шахановпен кездеспекші. Осы кездесуді көпшілікке қалай жеткізесіз?

г/ Болып кеткен кездесуден алған әсеріңізді газетке жазыңыз.

Тақырып: Іс-қағаздарының түрлері және оларды топтастару

Құжат - латын тілінде «куәлік» «дәлелдеу тәсілі» деген мағына береді. Бүгінгі қолданыста оның негізгі үш мағынасы бар: 1) қандай да бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты растайтын іс-қағазы; 2) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат; 3) бір нәрсе туралы жазбаша куәлік.

Іс-қағаздарының түрі өте көп, олардың негізгі түрлерін, мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына т.б. ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады.

Ұйымдық-өкілеттік құжаттар іштей ұйымдық өкілеттік және анықтама-ақпараттық болып үшке бөлінеді. Ұйымдық құжаттарға мекеменің басқару ақпараттық құрылымы, құрамы, штат кестесі, ішкі жүйе тәртібі, құрылымдық бөлімшелер жағдайы, міндеттер, жарғы, ереже, нұсқау т.б. құжаттар жатады.

Өкілеттік құжаттарға мекеменің қызметтік іс-әректіне және қызметкерлеріне байланысты жазылатын бұйрықтар мен нұсқаулар жатады. Мұндай құжаттарғамекеме, ұйым,бірлестік жетекшісі қол қояды.

Анықтама-ақпараттық құжаттар: хат,жеделхат, телефонхат,түсініктеме, мәлімхат, акт, анықтама және қызметтік хат.

Анықтама-ақпараттық құжаттардың бірі-акт. Актілердің бірнеше түрлері кездеседі. Олар материалдық құндылықтарды жарамсыз деп санау, іс қағаздарын қабылдап алу, өткізу, материалдық құндылықтарды қабылдау, өткізу т.б.

Іс қағаздары мазмұны мен қызметіне қарай жеке адамға қатысты және қызметтік деп бөлінеді. Қызметтік іс қағаздары мекеме немесе сол мекеменің жауапты адамның атынан, ал жеке іс қағаздары жеке азаматтар атынан жазылады. Жеке адамға қатысты іс қағаздары: өмірбаян, арыз, сенімхат, қолхат, төлқұжат.

Іс қағаздары формасына қарай типтік, трафареттік және еркін мәтінді болып бөлінеді. Типтік іс қағаздары деп қалыптасқан мәтін-үлгі бойынша жазылмайтын іс қағаздарын айтамыз.

Жасалу сатысына қарай іс қағаздары түпнұсқалық және көшірмелік болып бөлінеді. Түпнұсқалық іс қағаздарына кез-келген құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы жатады. Ал көшірмелік іс қағаздарына түпнұсқаның мәтіні сол күйінде, өзгеріссіз алынған толық нұсқасы немесе белгілі бір бөлігі жатады.

Үзінді- құжаттың қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылған, қолға берілетін нұсқасы.

Дубликат- құжат жоғалған кезде берілетін құжаттың түпнұсқасымен күші бірдей көшірмесі.

Құжаттың жеке құрамды бөлігі деректеме (реквизит) деп аталады.

Тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Құжат сөзі қандай мағына береді?

ә) Іс қағаздары қандай түрге бөлінеді?

б) Мақсаты мен мазмұнына қарай қалай бөлінеді?

в) Жасалған орнына қарай қалай бөлінеді?

г) Жасалу сатысына қарай қалай бөлінеді?

д) Қызметіне қарай қалай бөлінеді?

е) Формасына қарай қалай бөлінеді?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]