Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП прод.2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.12.2019
Размер:
429.57 Кб
Скачать

Баяндау хат

Белгіленген жоспарға қарамастан салынып жатқан үйдің едені әлі күнге дейін төселмеді. Көліктің жоқтығынан кесілген материалмен құрылыс қамтамасыз етілмеді. Құрылысты кесілген материалмен қамтамасыз ету үшін шара қолдануды өтінемін.

Мерзімі Қолы

Ұйым ішіндегі баяндау хат көркемделуі:

Жалпы бөлім Бірлестіктің

00.00.0 № 1 бас директоры

Н.Кыдыровқа

Баяндау хат

Жазу машинкаларын

ауыстыру туралы

Сіз баяндайтын қазіргі уақытта машбюро бұрыңғы ескі үлгідегі машиналармен жабдықталған, олардың көбі пайдалануға жарамсыз.

Сондықтан машбюроға алты жаңа марқалы жазу машинкалары мен бір компьютер( принтерімен) сатып алынуы туралы мәселені қарауынызды сұраймын.

Машбюро меңгерушісі______________________________Ж.С.Ахметова

қолы

1-тапсырма. Үлгіге қарап баяндау хат жазыңыз.

2-тапсырма. Мына сөз тіркестерін қолданып, сөйлем құраңыз.

Хат жолдаушы, басшының қолы, есептер, кейбір мәселелер, сұраныстар, жазбаша хабарламалар, ұсыныстар.

3-тапсырма. Құжат айналысының көлемін айқындау кезінде құжаттардың есепке алынуы туралы қысқаша баяндаңыз.

4-тапсырма. «Кәсіпорында» тақырыбына шағын сұхбат құрыңыз.

Түсініктеме

Түсініктеме - негізгі құжаттың (жоспардың, тәртіптің, есептің, жобаның) жекелеген ережелерін немесе қандай да бір фактінің, оқиғаның себептерін түсіндіретін құжат. Мазмұны бойынша түсініктеме екіге бөлінеді.

1) негізгі құжатқа ілесіп жүретін және негізгі құжаттың жекелеген ережелерін түсіндіретін құжаттар кіреді. Олар мекеменің жалпы бланкілерінде ресімделеді.

2) қандай да бір оқиғалар, қалыптасқан жағдайлар, жекелеген қызметкерлердің әрекеттері мен тәртібіне байланысты түсіндірме жазбалар енеді. Мұндай жазбалардың мәтіні дәлелді, қысқа болуы керек.

Үлгі:

ТҮСІНІКТЕМЕ

00.00.00.

Оқу басқармасы

төрағасының орынбасары _____________

2011/2012 оқу жылының жоспар есебін факс-модем байланысының бұзылуына байланысты көрсетілген мерзімде өткізе алмадық.

Ы.Сүлейменов атындағы қолы аты-жөні

орта мектептің директоры

1-тапсырма. Жоғарыдағы үлгіні пайдаланып, өізіңіздің оқу орныңыздың, факультет деканына, сабаққа келмегеніңіз жөнінде түсініктеме жазыңыз.

2-тапсырма. Негізгі құжаттың кейбір жайларының себебін түсіндіретін құжат түрін табыңыз.

а) телефонхат

ә) жеделхат

б) түсінік хат

в) қызметтік хат

6-апта, 11, 12 сабақтар

Тақырып: Жедел хат. Факс арқылы жіберілетін құжаттар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]