- •Конституциялық құқықтың түсiнiгi, пәнi және тәсiлдерi.
- •Конституциялық құқықтың өзге құқық салаларымен арақатынасы.
- •Конституциялық құқықтың жүйесi.
- •Конституциялық құқықтың қайнар көздерi.Қ құқықтық норма: ұғымы, негiзгi нысандары, ерекшелiктерi.
- •Конституциялық құқықтық норманың түрлерi.Қ құқықтық қатынас: ұғымы, ерекшелiктерi мен түрлерi.
- •1) Мазмұны немесе реттеу пәні бойынша:
- •2) Заңи күші бойынша:
- •3) Әрекет ету аумағы бойынша:
- •4) Құрамында көрсетілген ережелердің сипатына байла-нысты:
- •5) Құрамындағы көрсетілген ережелердің анықталған-дық, нақтылық дәрежесіне байланысты:
- •Конституциялық құқықтық қатынастардың мазмуны.Қ
- •Конституция - конституциялық құқықтық негiзгi қайнар көзi:ң ұғымы, мәнi және заңи қасиеттерi.
- •Конституцияның мазмұны мен қурылымы.
- •28.01.1993 Жылғы Конституцияның қабылдану себептерi мен жалпы сипаттамасы.
- •30.08.1995 Жылғы Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу.
- •Қр Конституциялық құрлысы: ұғымы, негiздерi.
- •Қазақстан Республикасы-демократиялық, құқықтық мемлекет.Н Республикасы - әлеуметтiк, зайырлы мемлекет.
- •Қазақстан Республикасы - президентiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
- •Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы қызметiнiң түбегейлi қағидалары.Е
- •Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негiздерi: ұғымы, қағидалары, мазмұны.
- •Конституциялық құқықтар мен бостандықтар: түсiнiгi, маңызы, түрлерi.
- •17.Жеке құқықтар мен бостандықтар.
- •Саяси құқықтар мен бостандықтар
- •Әлеуметтiк- экономикалық құқықтар мен бостандықтар.
- •Азаматтық: ұғымы, қағидалары, мағынасы.
- •Қр азаматтығын алу және тоқтатылу негiздерi.
- •Қр азаматтығына қабылдау үшiн қойылатын талаптар.
- •Қр азаматтығына қабылдаудан бас тарту.
- •Азаматтық мәселелерiмен айналысатын адамдар. Олардың өкiлеттiктерi.
- •Балалардың азаматтығы мәселелерi.
- •Азаматтардың негiзгi мiндеттерi.
- •Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi.
- •Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамадардың құқықтық жағдайы.
- •Азаматтардың бiрлесу бостандығына құқығы.
- •Сайлау құқығының ұғымы, түрлерi, қағидалары..
- •Сайлау жүйесi: түсiнiгi мен түрлерi.
- •Сайлау органдары.
- •39. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесi.
- •40. Азаматтардың бiрлесу бостандығына құқығы.
- •41. Қр Президентi – мемлекеттiң басшысы және ең жоғары лауазымды тұлғасы.
- •42. Қр Президентiнiң өкiлеттiгi.
- •43. Қр Президентiн сайлау.
- •44. Қр Президентiнiң актiлерi.
- •45. Қр Президентiнiң қызметiне жасалатын кепiлдiктер.
- •46. Парламенттiң және оның Палаталарының iшкi құрылымы.
- •47. Қр Парламентiнiң мәртебесi, негiзгi функциясы.
- •48. Парламент Палаталарының төрағалары.
- •49. Палаталардың бiрлескен отырысында жүзеге асырылатын Парламенттiң өкiлеттiгi.
- •50. Палаталардың бөлек отырысында шешiлетiн сұрақтар.
- •51. Сенаттың ерекше қарауына жататын мәселелер
- •52. Мәжiлiстiң ерекше қарауына жататын мәселелер.
- •53. Палаталар дербес шешетiн мәселелер.
- •54. Заң шығару процесiнiң кезеңдерi.
- •55. Заң шығару бастамасы құқығы, оның жүзеге асырылуы.
- •56. Жәй заңдарды қабылдау тәртiбi.
- •57. Конституциялық заңдарды қабылдау тәртiбi.
- •58. Қр Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу.
- •59. Парламенттiң сессиясы. Палаталардың кезектен тыс бiрлескен отырысы.
- •60. Парламенттi тарату негiздерi, тәртiбi.
- •61. Парламент депутаттарының мәртебесi.
- •62. Парламент депутаттарының құқықтары мен мiндеттерi.
- •63. Мәжiлiс депутаттарын сайлау.
- •64. Партиялық тiзiмдер негiзiнде Мәжiлiс депутаттарын сайлау.
- •65. Сенат депутаттарын сайлау. Жетi депутатты тағайындау.
- •66. Парламенттiң тұрақты комитеттерi: құрылуы, құрамы, қызметi, өкiлеттiгi.
- •67 Парламенттiң комиссиялары.
- •68. Үкiметтiң мәртебесi, функциялары, атқарушы органдар жүйесiндегi орны.
- •69. Үкiметтiң құрылуы. Құрамы және құрылымы.
- •70 Үкiметтiң функциялары.
- •71. Үкiмет қызметiн ұйымдастыру.
- •72. Премьер-Министр: мәртебесi, өкiлеттiгi.
- •73. Үкiметтiң актiлерi, нормалар шығару қызметi.
- •74. Үкiметтiң және оның мүшесiнiң орнынан түсуi.
- •75. Конституциялық Кеңестiң мәртебесi, мақсаты мен функциясы.
- •76. Конституциялық Кеңестiң құрылу тәртiбi.
- •77. Конституциялық Кеңестiң төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi.
- •78. Конституциялық өндiрiс, ұғымы, тәртiбi.
- •79. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi, олардың заңдық күшi.
- •80. Қр сот билiгiнiң конституциялық мәртебесi.
- •82. Қр прокуратура органдарының конституциялық мәртебесi.
- •84. Жергiлiктi өкiлдi органдар: мәртебесi, функциялары. Мәслихаттардың өкiлеттiгi, актiлерi.
- •85. Мәслихат қызметiнiң ұйымдық нысандары.
- •86. Мәслихаттың құрылымы, органдары.
- •87. Жергiлiктi атқарушы органдар: функциялары, мақсаттары, құрылуы.
- •88. Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiгi.
- •89. Мәслихаттар мен әкiмияттар үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер.
- •90. Мәслихаттардың актiлерi.
- •91. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру.
- •92. Мәслихат тұрақты комиссияларының қызметi мен өкiлеттiгi. Көпшiлiк тыңдаулар.
- •93. Мәслихат сессиясының төрағасы мен мәслихаттың хатшысы.
- •94. Мәслихат өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi.
- •95. Әкiмияттың, әкiмнiң актiлерi.
- •97. Республикалық референдум – тiкелей демократияның нысаны ретiнде.
- •98. Республикалық референдумның пәнi және өткiзiлуi.
- •99. Республикалық референдумның шешiмi, оның заңдық күшi.
- •100. Әкiмшiлiк-аумақтық құрылуы: ұғымы, жүйесi.
- •101. Елдi мекендер және аймақ.
Қр Конституциялық құрлысы: ұғымы, негiздерi.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемл. тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демокр. амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.
ҚРК барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi.
КР конституциялык курылысы, элементтери Әрбір мемлекет қандай-да бір нышандармен сипатталады. Бұл нышандарда оның өзіндік белгі-қасиеттері айқындалады. Мысалы, мемлекет демократиялық немесе тоталитарлық, рес-публика немесе монархия, біртұтас немесе федеративтік болуы мүмкін. Осы нышандардың жиынтығы мемлекетті ұйымдас-тырудың белгілі бір әдістері, нысандары туралы немесе мемле-кеттік, қоғамдық құрылыс туралы түсінік береді. Мемлекеттің конституциясында бекітілген бұл құрылыс оның конституция-лық құрылысы болып табылады. Олай болса, конституциялық құрылыс – бұл Конституцияда бекітілген мемлекеттің ұйымдас-тырылуының белгілі бір нысаны және амалы.Конституциялық құрылыс мемлекеттік құрылыс пен қоғам-дық құрылыс негіздерін қамтиды деп айтуға болады. Мемлекеттік құрылыс басқару нысанын, мемлекеттік құрылым нысанын, саяси режимді, яғни мемлекеттің ұйымдастырылуы мен мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібін қамтиды. Ал, қоғамның құрылысы адамның және азаматтың жағдайын, шаруашылық жүргізу жүйесін, меншік нысандарын, қоғамның саяси, идеологиялық, діни және өзге де бастауларын қамтиды.Конституциялық құрылыс негіздері – бұл мемлекеттің негізгі бастаулары, негізгі қағидалары. Жоғарыда айтқаны-мыздай олар Конституцияда бекітілген. Ашып қарастырсақ, Конституцияның жалпы ережелер бөлімінің 1, 2 баптарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы, яғни мем-лекет ретінде басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режимі жарияланған, ал 3 бапта бүкіл биліктің халыққа тән болып табылатындығы бекітілген, кейін мемлекеттік билікті жүзеге асыру тетігі ашылған. Басқаша айтқанда, мұнда мемле-кеттің құрылысы (мемлекеттік құрылыс, мемлекетті ұйымдастыру) көрініс тапқан. Ал, қоғамның құрылысының, оның ұйымдас-тырылуының элементтері болып табылатын адамның және азаматтың мәртебесі, қоғамның экономикалық, идеологиялық, саяси, діни бастаулары 1 баптың 1 тармағынан бастап бірнеше баптарда көрініс тапқан. Қазақстан Республикасы Конституцияның 1 бабында атал-ғандай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Конституцияның екінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас, егемен мемлекет болып табылады. Олай болса, ҚР конституциялық құрылысының негіздері болып келесілер танылады: 1. Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет. Демократиялық мемлекет – бұл билік халыққа тән болатын, биліктің жоғары эшалоны халықпен сайланатын, халыққа есепті болатын, саяси әралуандылық, өзін-өзі басқару танылатын мемлекет. Негізгі белгілері:1) халық билігі (сайлау, референдум, демонстрация, митинг т.б.)2) идеологиялық және саяси алуандылық;3) жергілікті өзін-өзі басқару;4) өкілді биліктің болуы;5) сөз бостандығы;6) т.б.2. Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекеттің мәні – барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтар-дың құқықтық нормаларға қатаң сәйкестікте әрекет ету тиістілігінде, яғни мемлекетте құқықтың үстемдік етуінде. Белгілері:
1) заңның (құқықтың) жоғарылығы;
2) соттың тәуелсіздігі;
3) жеке тұлғаның шынайы бостандығы, адамның және азамат-тың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;
4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мем-лекет мүдделерінен басымдығы;
5) биліктің бөлінуі;
6) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы.3. Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет. Әлеу-меттік мемлекет – бұл қызметі қоғамның жоғары әл-ауқаттылығына жетуге, қоғамның мүмкіндіктерін, мүліктік және рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға (таптарға) емес, қоғам мен адамға тұтастай қызмет етеді. Міндеті – барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге, жоюға тырысу. Белгілері:1) жұмыссыздықтан қорғау;2) отбасыны, аналықты, балалықты, мүгедектікті, кәрі адамдар-ды қорғау;3) әлеуметтік қызмет түрлерін дамыту (тегін білім беру, тегін дәрігерлік көмек т.б.)4) адамдардың денсаулығын және еңбегін қорғау;5) еңбек ақысының ең төменгі көлеміне кепілдік беру міндеті;6) көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға, асырау-шысынан айырылған отбасыларға, кедей тұратын отбасыларға жәрдем көрсету7) т.б.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлен-ген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi және т.б.5. Қазақстан Республикасы – егемен мемлекет. Мемлекеттік егемендік – бұл мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынаста тәуел-сіз, дербес болуы.
6. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару ныса-нындағы біртұтас мемлекет. Президенттік басқару нысаны - ҚР Конституциясында бекітілген мемлекетті басқару жүйесі. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент болады, ол өзінің алдында жауапты болатын Үкіметті тағайындайды. Бұл негіз Қазақстанның басқару нысанымен қоса оның мемлекеттік құрылымын да байқатады. Қазақстан – біртұ-тас мемлекет, яғни өз ішінде қандай да бір басқадай мемлекеттік құрылымы жоқ, елді және халықты үйлесімді басқару үшін өз аумағы әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлінетін мемлекет.
Экономикалық негіздері. ҚР-ның экономикасының негізі болып меншік нысандарының көптүрлілігі және теңдігі қағи-даты танылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.
8. Саяси жүйені ұйымдастыру негіздері.
Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады.
Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғам-дық бiрлестiктер iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейдi.
9. Адам. Конституцияда белгіленгендей ҚР-ның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостан-дықтары болып табылады.
Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі қағидалары: қазақстандық патриотизм, саяси тұрақтылық, қоғамдық тату-ластық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, мемлекеттің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістер-мен шешу.
