- •Конституциялық құқықтың түсiнiгi, пәнi және тәсiлдерi.
- •Конституциялық құқықтың өзге құқық салаларымен арақатынасы.
- •Конституциялық құқықтың жүйесi.
- •Конституциялық құқықтың қайнар көздерi.Қ құқықтық норма: ұғымы, негiзгi нысандары, ерекшелiктерi.
- •Конституциялық құқықтық норманың түрлерi.Қ құқықтық қатынас: ұғымы, ерекшелiктерi мен түрлерi.
- •1) Мазмұны немесе реттеу пәні бойынша:
- •2) Заңи күші бойынша:
- •3) Әрекет ету аумағы бойынша:
- •4) Құрамында көрсетілген ережелердің сипатына байла-нысты:
- •5) Құрамындағы көрсетілген ережелердің анықталған-дық, нақтылық дәрежесіне байланысты:
- •Конституциялық құқықтық қатынастардың мазмуны.Қ
- •Конституция - конституциялық құқықтық негiзгi қайнар көзi:ң ұғымы, мәнi және заңи қасиеттерi.
- •Конституцияның мазмұны мен қурылымы.
- •28.01.1993 Жылғы Конституцияның қабылдану себептерi мен жалпы сипаттамасы.
- •30.08.1995 Жылғы Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу.
- •Қр Конституциялық құрлысы: ұғымы, негiздерi.
- •Қазақстан Республикасы-демократиялық, құқықтық мемлекет.Н Республикасы - әлеуметтiк, зайырлы мемлекет.
- •Қазақстан Республикасы - президентiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
- •Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы қызметiнiң түбегейлi қағидалары.Е
- •Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негiздерi: ұғымы, қағидалары, мазмұны.
- •Конституциялық құқықтар мен бостандықтар: түсiнiгi, маңызы, түрлерi.
- •17.Жеке құқықтар мен бостандықтар.
- •Саяси құқықтар мен бостандықтар
- •Әлеуметтiк- экономикалық құқықтар мен бостандықтар.
- •Азаматтық: ұғымы, қағидалары, мағынасы.
- •Қр азаматтығын алу және тоқтатылу негiздерi.
- •Қр азаматтығына қабылдау үшiн қойылатын талаптар.
- •Қр азаматтығына қабылдаудан бас тарту.
- •Азаматтық мәселелерiмен айналысатын адамдар. Олардың өкiлеттiктерi.
- •Балалардың азаматтығы мәселелерi.
- •Азаматтардың негiзгi мiндеттерi.
- •Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi.
- •Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамадардың құқықтық жағдайы.
- •Азаматтардың бiрлесу бостандығына құқығы.
- •Сайлау құқығының ұғымы, түрлерi, қағидалары..
- •Сайлау жүйесi: түсiнiгi мен түрлерi.
- •Сайлау органдары.
- •39. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесi.
- •40. Азаматтардың бiрлесу бостандығына құқығы.
- •41. Қр Президентi – мемлекеттiң басшысы және ең жоғары лауазымды тұлғасы.
- •42. Қр Президентiнiң өкiлеттiгi.
- •43. Қр Президентiн сайлау.
- •44. Қр Президентiнiң актiлерi.
- •45. Қр Президентiнiң қызметiне жасалатын кепiлдiктер.
- •46. Парламенттiң және оның Палаталарының iшкi құрылымы.
- •47. Қр Парламентiнiң мәртебесi, негiзгi функциясы.
- •48. Парламент Палаталарының төрағалары.
- •49. Палаталардың бiрлескен отырысында жүзеге асырылатын Парламенттiң өкiлеттiгi.
- •50. Палаталардың бөлек отырысында шешiлетiн сұрақтар.
- •51. Сенаттың ерекше қарауына жататын мәселелер
- •52. Мәжiлiстiң ерекше қарауына жататын мәселелер.
- •53. Палаталар дербес шешетiн мәселелер.
- •54. Заң шығару процесiнiң кезеңдерi.
- •55. Заң шығару бастамасы құқығы, оның жүзеге асырылуы.
- •56. Жәй заңдарды қабылдау тәртiбi.
- •57. Конституциялық заңдарды қабылдау тәртiбi.
- •58. Қр Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу.
- •59. Парламенттiң сессиясы. Палаталардың кезектен тыс бiрлескен отырысы.
- •60. Парламенттi тарату негiздерi, тәртiбi.
- •61. Парламент депутаттарының мәртебесi.
- •62. Парламент депутаттарының құқықтары мен мiндеттерi.
- •63. Мәжiлiс депутаттарын сайлау.
- •64. Партиялық тiзiмдер негiзiнде Мәжiлiс депутаттарын сайлау.
- •65. Сенат депутаттарын сайлау. Жетi депутатты тағайындау.
- •66. Парламенттiң тұрақты комитеттерi: құрылуы, құрамы, қызметi, өкiлеттiгi.
- •67 Парламенттiң комиссиялары.
- •68. Үкiметтiң мәртебесi, функциялары, атқарушы органдар жүйесiндегi орны.
- •69. Үкiметтiң құрылуы. Құрамы және құрылымы.
- •70 Үкiметтiң функциялары.
- •71. Үкiмет қызметiн ұйымдастыру.
- •72. Премьер-Министр: мәртебесi, өкiлеттiгi.
- •73. Үкiметтiң актiлерi, нормалар шығару қызметi.
- •74. Үкiметтiң және оның мүшесiнiң орнынан түсуi.
- •75. Конституциялық Кеңестiң мәртебесi, мақсаты мен функциясы.
- •76. Конституциялық Кеңестiң құрылу тәртiбi.
- •77. Конституциялық Кеңестiң төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi.
- •78. Конституциялық өндiрiс, ұғымы, тәртiбi.
- •79. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi, олардың заңдық күшi.
- •80. Қр сот билiгiнiң конституциялық мәртебесi.
- •82. Қр прокуратура органдарының конституциялық мәртебесi.
- •84. Жергiлiктi өкiлдi органдар: мәртебесi, функциялары. Мәслихаттардың өкiлеттiгi, актiлерi.
- •85. Мәслихат қызметiнiң ұйымдық нысандары.
- •86. Мәслихаттың құрылымы, органдары.
- •87. Жергiлiктi атқарушы органдар: функциялары, мақсаттары, құрылуы.
- •88. Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiгi.
- •89. Мәслихаттар мен әкiмияттар үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер.
- •90. Мәслихаттардың актiлерi.
- •91. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру.
- •92. Мәслихат тұрақты комиссияларының қызметi мен өкiлеттiгi. Көпшiлiк тыңдаулар.
- •93. Мәслихат сессиясының төрағасы мен мәслихаттың хатшысы.
- •94. Мәслихат өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi.
- •95. Әкiмияттың, әкiмнiң актiлерi.
- •97. Республикалық референдум – тiкелей демократияның нысаны ретiнде.
- •98. Республикалық референдумның пәнi және өткiзiлуi.
- •99. Республикалық референдумның шешiмi, оның заңдық күшi.
- •100. Әкiмшiлiк-аумақтық құрылуы: ұғымы, жүйесi.
- •101. Елдi мекендер және аймақ.
82. Қр прокуратура органдарының конституциялық мәртебесi.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституциямызда және Президенттің 1995 жылғы «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң күші бар Жарлығында көрініс тауып, бекітілді. Конституцияда прокуратура туралы негізгі ереже прокуратураның бірыңғай орталықтандырылған дербес жүйе екендігін жариялап берді.Сөйтіп, прокуратура республикамыздың мемлекеттік билік органдары жүйесінде өзінің конституциялық орнын еншіледі.Елбасына ғана есеп беретін және Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын республика прокуратурасы Конституцияның, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының берік сақталуы тәрізді міндеттерді жүзеге асырудың құқықтық тетігі болып табылады. Прокуратура заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының бiртұтас жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды. Жинақтап айтсақ, республика прокуратурасы өз өкілеттігін Ата Заңымыз бен заңдарымызға сәйкес жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады. Прокурордың өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруына кедергi келтiру немесе оған заңсыз шешiм қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал жасау, сондай-ақ прокурорлардың қаулыларын, ұйғарымдарын, нұсқауларын, талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
83. ҚР-ғы жергiлiктi мемлекеттiк басқару: ұғымы, ерекшелiктерi, органдары.
ҚР Конституциясы бойынша жергілікті басқару органдары деген жалпы атаумен жергілікті өкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдар біріктірілді. Ерекшеліктеріне
1 Бірінші жергілікті өкілетті органдар жергілікті мемлекеттік басқару органдары болып есептеледі. Жергілікті өкілетті органдар қызметінің басшылық сипаты осымен танылады. Екінші ерекшелік жергілікті мемлекеттік оргнадарды тікелей халық құрса да. Ол мемлекеттік басқару органы болып табылады.Ал үшінші ерекшелік, бұлардың екеуңнңғ де жергілікті басқару органдарына жатқанымен, жергілікті өкілетті органдар ұйымдық жағынан жергілікті атқарушы билік органдарымен байланысты емес. Төртінші ерекшелік, жергілікті мемлекеттік басқару органдары ұйымдық-құқықтық қатынаста тікелей халық арқылы жүзеге асырылатын жергілікеті өзін өзі басқарумен байланысты емес . Енді органдарға жеке жеке тоқталып өтсем:
Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпымемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге халық сайлайды. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады. Маслихат депутаттарының санын орталық сайлау коммиссиясы белгілейді. Жергілікті өкілді органдар құрылым және сандық құрамы өкілді органдар буынының деңгейіне, олар атқаратын жұмыстың сипаты мен көлеміне байланысты болатын шағын аппарат құрады. Маслихат аппараты хатшыдан, тексеру комиссиясының төрағасынан, ұйымдастыру бөлімінен , кеңесшңлерден консультант-ұйымдастырушыдан., референнттен тұрады.
Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi, тиiстi аумақтың мүддесi мен даму қажеттiлiгiн ұштастыра отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi. 2. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады: 1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi әзiрлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету; 2) коммуналдық меншiктi басқару; 3) жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу; 4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiне сай Республика заңдарымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
3. Жергiлiктi атқарушы органды Республика Президентi мен Үкiметiнiң өкiлi болып табылатын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмi басқарады.
