Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конс шпора.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
722.43 Кб
Скачать

3) Әрекет ету аумағы бойынша:

  • республикалық - республиканың бүкіл аумағында әрекет ететін нормалар;

  • жергілікті - республиканың белгілі бір аумағының шегінде әрекет ететін нормалар.

4) Құрамында көрсетілген ережелердің сипатына байла-нысты:

  • өкілеттік (құқық) беруші нормалар - субъектіге (мемле-кеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға ...) қандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық беретін нормалар;

  • міндет жүктеуші нормалар - адамдардың, қоғамдық бір-лестіктердің, мемлекеттік органдардың ... белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін, міндеттілігін белгілейтін нормалар;

  • тиым салушы нормалар - қандай да бір әрекеттерді жасауға болмайтындығын белгілейтін нормалар.

5) Құрамындағы көрсетілген ережелердің анықталған-дық, нақтылық дәрежесіне байланысты:

  • императивтік нормалар;

  • диспозитивтік нормалар;

Императивтік нормаларға өте бір қатаңдық, өктемдік тән, оның орындалуы біржақты өктем болып келеді. Мысалы, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады /35бап/. Ал, диспозитивтік нормаларда құқықтық қатынасқа түсушілерге белгілі дәрежеде еркіндіктер беріледі.

  1. Конституциялық құқықтық қатынастардың мазмуны.Қ

Конституциялық құқықтық нормалар конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қоғамдық қатынастарды рет-тейді. Конституциялық құқықтық нормалардың тиісті қоғамдық қатынастарға әсер етуінің нәтижесінде конституциялық құқық-тық қатынастар пайда болады. Олай болса, конституциялық құқықтық қатынастар – бұл конституциялық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар.

Конституциялық құқықтық қатынастардың өзге құқықтық қатынастармен ұқсас жалпы белгілері:

  • кез келген құқықтық қатынас – бұл құқықтық нормалар-дың қоғамдық қатынастарды реттеуінің нәтижесі;

  • реттеу нәтижесінде тиісті субъектілер арасында заңи байланыс пайда болады;

  • қоғамдық қатынастар арқылы ғана құқық нормалары пайда болады, таратылады.

Конституциялық құқықтық қатынастардың өзіндік ерекше-ліктері:

1. өз мазмұнымен ерекшелінеді, яғни конституциялық құқық-тың пәнін құрайтын қатынастар саласында пайда болады, қоғам құрылысы мен мемлекет құрылысының негіздерін білдіреді;

2. басқа құқықтық қатынастардың негізі болып табылады;

3. қоғам өмірінің барлық жақтарында болады, тиісінше қоғам-дық қатынастардың алуан түрлілігінің көптігімен ерекшеле-неді;

4. кейбір субъектілері ерекше болып келеді. Яғни, кейбір субъ-ектілер конституциялық құқықтық қатынастардан басқа ешбір қатынастардың субъектісі (қатысушысы) бола аламайды (мысалы, мемлекет, халық, ұлт, ұлыс т.б.)

Конституциялық-құқықтық қатынастың мазмұнын оның субъектілері арасындағы өзара құқық пен міндет нысанындағы заңи байланыс құрайды. Олай болса, конституциялық құқықтық қатынастардың мазмұнына келесі элементтер кіреді:

1. субъектісі – конституциялық құқықтық қатынасқа қаты-сушылар (мемлекет, халық, мемлекеттік органдар, ұлттар, әкім-шілік аумақтық бірліктер, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, азаматтар, депутаттар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, сайлаушылар корпусы, қоғамдық бірлестіктер);

2. объектісі – конституциялық құқықтық қатынастар неге байланысты пайда болып отыр, неге бағытталып отыр сол оның объектісі болады (мемлекеттік билік, мемлекеттің аумағы, ма-териалдық игіліктер, құнды заттар, мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың әрекеттері, адамдардың жүріс-тұрысы, азаматтардың мүліктік емес құқықтары және т.б.);

3. субъективтік құқықтар мен заңи міндеттер.

Конституциялық құқықтық қатынастар заңи фактілердің нәтижесінде пайда болады. Заңи фактілер – бұл тиісті қатынас-тарды пайда болғызатын, өзгертетін, тоқтататын (жоятын) жағдайлар (оқиға мен іс-әрекет).