Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конс шпора.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
722.43 Кб
Скачать

99. Республикалық референдумның шешiмi, оның заңдық күшi.

34-бап. Республикалық референдум қабылдаған шешiмдердiң күшiне енуi Референдумда қабылдаған Конституция, конституциялық заңдар, заңдар, олардағы өзгертулер мен толықтырулар, референдумға қойылған өзге де шешiмдер, егер Конституцияның өзiнде, конституциялық заңда, заңда, олардағы өзгертулер мен толықтыруларда, референдумда қабылдаған өзге де шешiмде басқа мерзiм белгiленбесе, референдумның қорытындылары туралы ресми хабар жарияланған күннен бастап күшiне енедi. 35-бап. Республикалық референдум қабылдаған шешiмдердiң заң күшi және міндеттiлiгi 1. Референдум қабылдаған шешiмнiң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар және Республика Президентiнiң немесе мемлекеттiк өкiмет органдарының актiлерiмен қандай да бiр қуаттауды қажет етпейдi. 2. Референдум қабылдаған шешiм мен Республика Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң арасындағы сәйкессiздiктер Конституцияны, конституциялық заңдарды заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi референдум қабылдаған шешiмге сәйкес келтiру арқылы жойылады. 36-бап. Республикалық референдум туралы заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк 1. Республика азаматының референдумға қатысу жөнiндегi құқығын еркiн жүзеге асыруына, оған қойылған мәселе (мәселелер) бойынша үгiт жүргiзуiне қандайда болсын нысанда кедергi келтiру, сайлау құжаттарын қолдан жасау, дауыстарды қасақана дұрыс санамау, дауыс беру құпиясын бұзу немесе республикалық референдум туралы заңды өзге де бұзу заңда белгiленген тәртiппен жауаптылыққа әкелiп соғады. 2. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың референдум ұйымдастыру және өткiзу мәселелерi жөнiндегi iс-әрекетiне сотқа шағым жасалу мүмкiн.

100. Әкiмшiлiк-аумақтық құрылуы: ұғымы, жүйесi.

Республикалық және жергілікті органдардың әкімшілік аумақтық құрылулар мәселелерін шешу жөніндегі өкілеттігі нормативтік актілермен белгіленеді.

101. Елдi мекендер және аймақ.

Қазақстан Республикасы аумағының республикалық және жергiлiктi мүдделерiн қолайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру негiзгi екi категорияға - аймақтарға және елдi мекендерге бөлiнедi.        Аймақ - республиканың бiрнеше елдi мекендерi енгiзiлетiн, оның мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi.        Республикалық әкiмшiлiк-аумақтық құрылыстың негiзгi буындары ретiнде облыс, аудан және ауылдық (селолық) округ аймақтар болып табылады.        Елдi мекен - республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, заңда белгiленген тәртiпте есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi.        Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және селолық елдi мекендерге бөлiнедi.        Қалалық елдi мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы қалалар, сондай-ақ олардың әкiмшiлiк бағыныстылығының аумағындағы поселкелер; селоларға - олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елдi мекендер жатады.       Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады.