Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конс шпора.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
722.43 Кб
Скачать

52. Мәжiлiстiң ерекше қарауына жататын мәселелер.

Мәжiлiстiң ерекше қарауына жататын мәселелер. Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады: 1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау; 2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру; 3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау; 4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 2. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы. 1. Республика Парламенті қабылдаған заңға Президенттің наразылығы бойынша ұсыныстар әзірлеу Мәжілістің ерекше қарауына жатады. Мәжіліс комитеттері Президент наразылығын зерделейді және өзінің қорытындысын Мәжілістің қарауына береді. Қорытынды Президент өкілінің қатысуымен әзірленеді. Мәжіліс қорытындыны, Президенттің наразылығы мен заңның өзін қарайды және шешім шығарады. Аталған мәселе бойынша Мәжіліс депутаттарының жалпы санының төрттен үшінің көпшілік даусымен қабылданған Мәжіліс шешімі, басқа материалдармен қоса зерделеу үшін Сенатқа жіберіледі, сондай-ақ бұрын да айтылғандай Палаталардың бірлескен отырыстарының қарауына беріледі. 2.Президенттің ұсынысы бойынша республиканың Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, оның орынбасарларын, хатшысы мен мүшелерін қызметке сайлау және қызметінен босату Мәжілістің ерекше қарауына жатады. 3. Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау және оның кезектен тыс сайлауын белгілеу Мәжілістің еркеше қарауына жатады. 4. Екі депутатты Әділет біліктілік алқасының құрамына екі жылға жіберу Мәжілістің ерекше қарауына жатады. Жіберу рәсімі Мәжілістің жалпы отырысында ашық дауыс беру арқылы жүзеге асады. 5. Республика Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп айып тағу мәжілістің ерекше қарауына жатады. Айыптауға тергеуді Сенат жүргізеді және нәтижесі қос Палатаның бірлескен отырысының қарауына беріледі. Жобасы Мәжіліс арқылы өткен заңды Парламент қабылдайды. Мәжіліс заң жобаларын қарауға қабылдайды және қарайды. Бұл мәселені Мәжіліс Регламенті егжей-тегжейлі реттейді. Мәжілістің заң шығару қызметі депутаттарға және Үкіметке берілген заң шығару құқығын жүзеге асырудан басталады. Мәжілістің қарауына заң жобасының мәтінімен бірге мынадай материалдар табыс етіледі:

Сенат депутаттарының тектерін көрсете отырып, заң жобасы бастамашысының ұсынуы;

енгізу қажеттігі, соның ішінде заң жобасы қабылданған жағдайда болуы ықтимал болжамдар негізделген түсіндірме жазба хат;

қаржылық-экономикалық негіздеме, кірістердің қысқартылуын немесе мемлекеттік шығыстардың ұлғайтылуын талап ететін заң жобалары Республика Үкіметінің оң қорытындысы болған жағдайда ғана енгізіледі;

53. Палаталар дербес шешетiн мәселелер.

Палаталар дербес шешетiн мәселелер. Парламенттiң әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз: 1) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды; 2) Конституцияның 47-бабының 1-тармағында көзделген ретте Парламент құратын комиссия мүшелерiнiң тең жартысына өкiлеттiк бередi; 3) Палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң тең жартысын сайлайды; 4) Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан Палаталардың депутаттарын айыру мәселелерiн шешедi; 5) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi; 6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда депутаттар Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін Республика Президентінің алдына Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы мәселені қайталап қоюға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады; 7) Палаталардың үйлестiрушi және жұмыс органдарын құрады; 8) өз қызметiнiң регламентiн, Палатаның ұйымдастыру және iшкi тәртiбiне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешiмдер қабылдайды.