Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конс шпора.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
722.43 Кб
Скачать

68. Үкiметтiң мәртебесi, функциялары, атқарушы органдар жүйесiндегi орны.

Үкiметтiң мәртебесi, функциялары, атқарушы органдар жүйесiндегi орны. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесі: Үкiмет алқалы орган болып табылады, Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.

Республика Үкiметi:1) мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;

      2) мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;

      3) әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, жүзеге асырады;

      4) Республика Президентi белгiлейтiн тәртiппен республикалық бюджеттi әзiрлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;

      5) Республиканың қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады; мемлекеттiк валюта, қаржы және материалдық ресурстарды жасақтау мен пайдалануда заңның сақталуына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз етедi;

      6) құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады;

      7) мемлекеттiк баға түзу саясатын талдап жасайды және жүзеге асырады; мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын өнiмдер, тауарлар мен қызметтердiң номенклатурасын белгiлейдi;

      8) мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөнiндегi шараларды талдап жасайды және жүзеге асырады, мемлекеттiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етедi;

      9) еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтiк қорғау, мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн және шарттарын белгiлейдi;

      10) мемлекеттiк аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, жүзеге асырады: аймақаралық проблемалар мен аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;

      11) ғылым мен техниканы дамытудың, жаңа технологияларды енгiзудiң, мәдениеттi, бiлiмдi, денсаулық сақтау iсiн, туризм мен спортты дамытудың мемлекеттiк саясатын белгiлейдi, және жүзеге асырады;

      12) табиғи ресурстар мен айналадағы табиғи ортаны тиiмдi пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;

      13) құқықтық саясатты іске асыруды қамтамасыз етедi; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау, заңдылық пен құқық тәртiбiн, Республиканың қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, Республиканың аумақтық тұтастығы мен мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;

      14) келiссөздер жүргiзу мен үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етедi; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi, сыртқы сауданы дамыту жөнiнде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

      15) алып тасталды

      16) Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды құрады және таратады;

      17) алып тасталды

      18) өзiне Конституция, заңдар және Президент актiлерi жүктеген өзге де функцияларды орындайды.