- •Конституциялық құқықтың түсiнiгi, пәнi және тәсiлдерi.
- •Конституциялық құқықтың өзге құқық салаларымен арақатынасы.
- •Конституциялық құқықтың жүйесi.
- •Конституциялық құқықтың қайнар көздерi.Қ құқықтық норма: ұғымы, негiзгi нысандары, ерекшелiктерi.
- •Конституциялық құқықтық норманың түрлерi.Қ құқықтық қатынас: ұғымы, ерекшелiктерi мен түрлерi.
- •1) Мазмұны немесе реттеу пәні бойынша:
- •2) Заңи күші бойынша:
- •3) Әрекет ету аумағы бойынша:
- •4) Құрамында көрсетілген ережелердің сипатына байла-нысты:
- •5) Құрамындағы көрсетілген ережелердің анықталған-дық, нақтылық дәрежесіне байланысты:
- •Конституциялық құқықтық қатынастардың мазмуны.Қ
- •Конституция - конституциялық құқықтық негiзгi қайнар көзi:ң ұғымы, мәнi және заңи қасиеттерi.
- •Конституцияның мазмұны мен қурылымы.
- •28.01.1993 Жылғы Конституцияның қабылдану себептерi мен жалпы сипаттамасы.
- •30.08.1995 Жылғы Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу.
- •Қр Конституциялық құрлысы: ұғымы, негiздерi.
- •Қазақстан Республикасы-демократиялық, құқықтық мемлекет.Н Республикасы - әлеуметтiк, зайырлы мемлекет.
- •Қазақстан Республикасы - президентiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
- •Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы қызметiнiң түбегейлi қағидалары.Е
- •Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негiздерi: ұғымы, қағидалары, мазмұны.
- •Конституциялық құқықтар мен бостандықтар: түсiнiгi, маңызы, түрлерi.
- •17.Жеке құқықтар мен бостандықтар.
- •Саяси құқықтар мен бостандықтар
- •Әлеуметтiк- экономикалық құқықтар мен бостандықтар.
- •Азаматтық: ұғымы, қағидалары, мағынасы.
- •Қр азаматтығын алу және тоқтатылу негiздерi.
- •Қр азаматтығына қабылдау үшiн қойылатын талаптар.
- •Қр азаматтығына қабылдаудан бас тарту.
- •Азаматтық мәселелерiмен айналысатын адамдар. Олардың өкiлеттiктерi.
- •Балалардың азаматтығы мәселелерi.
- •Азаматтардың негiзгi мiндеттерi.
- •Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi.
- •Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамадардың құқықтық жағдайы.
- •Азаматтардың бiрлесу бостандығына құқығы.
- •Сайлау құқығының ұғымы, түрлерi, қағидалары..
- •Сайлау жүйесi: түсiнiгi мен түрлерi.
- •Сайлау органдары.
- •39. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесi.
- •40. Азаматтардың бiрлесу бостандығына құқығы.
- •41. Қр Президентi – мемлекеттiң басшысы және ең жоғары лауазымды тұлғасы.
- •42. Қр Президентiнiң өкiлеттiгi.
- •43. Қр Президентiн сайлау.
- •44. Қр Президентiнiң актiлерi.
- •45. Қр Президентiнiң қызметiне жасалатын кепiлдiктер.
- •46. Парламенттiң және оның Палаталарының iшкi құрылымы.
- •47. Қр Парламентiнiң мәртебесi, негiзгi функциясы.
- •48. Парламент Палаталарының төрағалары.
- •49. Палаталардың бiрлескен отырысында жүзеге асырылатын Парламенттiң өкiлеттiгi.
- •50. Палаталардың бөлек отырысында шешiлетiн сұрақтар.
- •51. Сенаттың ерекше қарауына жататын мәселелер
- •52. Мәжiлiстiң ерекше қарауына жататын мәселелер.
- •53. Палаталар дербес шешетiн мәселелер.
- •54. Заң шығару процесiнiң кезеңдерi.
- •55. Заң шығару бастамасы құқығы, оның жүзеге асырылуы.
- •56. Жәй заңдарды қабылдау тәртiбi.
- •57. Конституциялық заңдарды қабылдау тәртiбi.
- •58. Қр Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу.
- •59. Парламенттiң сессиясы. Палаталардың кезектен тыс бiрлескен отырысы.
- •60. Парламенттi тарату негiздерi, тәртiбi.
- •61. Парламент депутаттарының мәртебесi.
- •62. Парламент депутаттарының құқықтары мен мiндеттерi.
- •63. Мәжiлiс депутаттарын сайлау.
- •64. Партиялық тiзiмдер негiзiнде Мәжiлiс депутаттарын сайлау.
- •65. Сенат депутаттарын сайлау. Жетi депутатты тағайындау.
- •66. Парламенттiң тұрақты комитеттерi: құрылуы, құрамы, қызметi, өкiлеттiгi.
- •67 Парламенттiң комиссиялары.
- •68. Үкiметтiң мәртебесi, функциялары, атқарушы органдар жүйесiндегi орны.
- •69. Үкiметтiң құрылуы. Құрамы және құрылымы.
- •70 Үкiметтiң функциялары.
- •71. Үкiмет қызметiн ұйымдастыру.
- •72. Премьер-Министр: мәртебесi, өкiлеттiгi.
- •73. Үкiметтiң актiлерi, нормалар шығару қызметi.
- •74. Үкiметтiң және оның мүшесiнiң орнынан түсуi.
- •75. Конституциялық Кеңестiң мәртебесi, мақсаты мен функциясы.
- •76. Конституциялық Кеңестiң құрылу тәртiбi.
- •77. Конституциялық Кеңестiң төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi.
- •78. Конституциялық өндiрiс, ұғымы, тәртiбi.
- •79. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi, олардың заңдық күшi.
- •80. Қр сот билiгiнiң конституциялық мәртебесi.
- •82. Қр прокуратура органдарының конституциялық мәртебесi.
- •84. Жергiлiктi өкiлдi органдар: мәртебесi, функциялары. Мәслихаттардың өкiлеттiгi, актiлерi.
- •85. Мәслихат қызметiнiң ұйымдық нысандары.
- •86. Мәслихаттың құрылымы, органдары.
- •87. Жергiлiктi атқарушы органдар: функциялары, мақсаттары, құрылуы.
- •88. Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiгi.
- •89. Мәслихаттар мен әкiмияттар үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер.
- •90. Мәслихаттардың актiлерi.
- •91. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру.
- •92. Мәслихат тұрақты комиссияларының қызметi мен өкiлеттiгi. Көпшiлiк тыңдаулар.
- •93. Мәслихат сессиясының төрағасы мен мәслихаттың хатшысы.
- •94. Мәслихат өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi.
- •95. Әкiмияттың, әкiмнiң актiлерi.
- •97. Республикалық референдум – тiкелей демократияның нысаны ретiнде.
- •98. Республикалық референдумның пәнi және өткiзiлуi.
- •99. Республикалық референдумның шешiмi, оның заңдық күшi.
- •100. Әкiмшiлiк-аумақтық құрылуы: ұғымы, жүйесi.
- •101. Елдi мекендер және аймақ.
57. Конституциялық заңдарды қабылдау тәртiбi.
Конституциялық заңдарды қабылдау тәртiбi. Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Конституциялық заңдарды қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
33-тармақ. Конституциялық заңның, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің жобасы түскен кезде Мәжіліс Төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақырып, онда Парламенттің Қаулысымен заң жобасын қарау мерзімдері белгіленеді, содан кейін ол жұмыс істеу үшін Парламенттің Сенаты мен Мәжілісіне жіберіледі.
34-тармақ. Конституциялық заңдардың, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің жобалары бойынша кемінде екі оқылым өткізілуі міндетті.
35-тармақ. Заң жобасымен жұмыс істеудің Парламент белгілеген мерзімі біткеннен кейін Мәжіліс Төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақырып, онда заң жобасының бастамашысына немесе оның өкіліне сөз береді. Сонан соң әрбір Палатадан бір-бірден қосымша баяндамашыларға және белгіленген кезек ретімен депутаттарға сөз беріледі.
Бірінші оқылымында конституциялық заңның жобасы, сондай-ақ конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тұжырымдамалық жағынан талқыланады.
Талқылау нәтижелері бойынша Парламент заң жобасын бірінші оқылымында мақұлдау және оны екінші оқылымына дайындау немесе оны қабылдамай тастау туралы қаулы қабылдайды. Бұл орайда дауыс беру әрбір Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен өткізіледі.
Парламент енгізілген заң жобасын бірінші оқылымында мақұлдаған жағдайда оны кейінгі және түпкілікті оқылымдарына дайындау үшін Палата депутаттары арасынан тең негізде бірлескен комиссия құрылады. Бірлескен комиссия құру мен оның қызметін ұйымдастыру тәртібі осы Регламентпен белгіленеді.
36-тармақ. Заң жобасының екінші оқылымы кезінде бірлескен комиссияның төрағасы оның жұмыс қорытындылары жөніндегі ұсыныстарын айтып сөз сөйлейді.
Депутаттардың бірлескен комиссияға жазбаша түрде енгізген ескертпелері мен толықтырулары ғана талқылануға тиіс. Ұсынысын комиссия қабылдамай тастаған депутат Парламент Палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, Парламентке өз ұсынысын дауысқа қоюды өтініп жолдануға құқылы.
37-тармақ. Түпкілікті оқылымда дауыс беру қорытындылары бойынша Парламент әрбір Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі көпшілік даусымен конституциялық заңды, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қабылдайды. Дауыс бергенде белгіленген дауыс саны алынбаған жағдайда заң жобасы қабылданбады деп саналады және оны нақ сол сессия ішінде Парламенттің қарауына енгізуге болмайды.
38-тармақ. Парламенттің конституциялық заңды және оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды күшіне енгізу тәртібі туралы қаулысы Парламенттің әрбір Палатасы депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
58. Қр Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу.
ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзiледi Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. 2. Республиканың заңдары Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. 3. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзiледi. 4. Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. 5. Парламент пен оның Палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады. 6. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті. 7. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиiс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиiс. 8. Республиканың заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеу, ұсыну, талқылау, күшiне енгiзу және жариялау тәртiбi арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiмен реттеледi. 4-тарау. Республика Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау
29-тармақ. Президенттің Конституцияға өзгерістер немесе толықтырулар жобасын енгізу жөнінде ұсыныстары түскен кезде Мәжіліс Төрағасы оларды бірінші оқылымында қарау үшін Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақырады.
Президент ұсыныстарының Парламентте қаралу тәртібін Республика Президенті белгілейді.
30-тармақ. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жобасын енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізілуі міндетті.
31-тармақ. Бірінші оқылымды өткізген кезде төрағалық етуші Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жобасын енгізу бастамашысына немесе оның өкіліне, содан соң белгіленген кезек ретімен депутаттарға сөз береді.
Бірінші оқылымында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жобасы тұжырымдамалық жағынан талқыланады.
Талқылау нәтижелері бойынша Парламент Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын бірінші оқылымында мақұлдау және оларды екінші оқылымына дайындау немесе оларды қабылдамай тастау туралы қаулы қабылдайды. Бұл орайда дауыс беру әрбір Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен өткізіледі.
32-тармақ. Түпкілікті оқылымда дауыс беру қорытындылары бойынша Парламент әрбір Палата депутаттары жалпы санының төрттен үш көпшілік даусымен Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды. Дауыс бергенде белгіленген дауыстар саны алынбаған жағдайда Президенттің Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстары қабылданбады деп есептеледі.
