Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конс шпора.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
722.43 Кб
Скачать
  1. Конституциялық құқықтың өзге құқық салаларымен арақатынасы.

Конституциялық құқық мемлекеттегі ең негізгі құқық саласы б.т. Барлық құқық саласы одан бастау алады. Заң ғылымдарында «мемлекеттік құқық» термині «кон. құқық» орнына қолданылады. «Кон. құқық» деп атаған дұрысырақ. Себебі «ме.құқық» термині келесі себептерге сәйкес тиімсіз, тұрғындардың барлығы құқықты салаға бөлуді біле бермегендіктен, оны барлық ішкі мемлекеттік құқық ретінде түсінеді. ҚР Конституцияылық құқығы – бұл ҚР конституциялық құрылысын ондағы адам мен азаматтардың құқықтық жағдайын мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының мәртебесін белгілейтін конституциялық құқықтың нормаларының жиынтығы. Конституциялық құқық келесі  институттарды қарастырады: азаматтық, конституциялық құрылыс, Президент, Парламент, Үкмет, Сот, Конституциялық Кеңес, жергілікті басқару органдары. Ал енді конституциялық құқықтық нормалармен ұқсастығы қандай және құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан конституциялық құқықтық нормалар қалай ерекшеленеді деген екі бағытта қарастырамыз. Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Олар басқа да заң нормалары сияқты, екі: реттеушілік және қорғаушылық қызметті атқарады. Реттеуші нор-маларға құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Бұл, әсіресе, Конституцияның азаматтың құқы мен бостандығы туралы бөлімінде анық көрінеді. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Мұндай конституциялық-құқықтық нормалар кем емес. Конституциялық құқық қорғау нормалары салыстырмалы түрде көп болмағанымен олардың мәні мейлінше зор, олар конституциялык құрылысты нығайтуда, азаматтардьің құкы мен бостандығьш корғауда, саяси тұрақтылыкты сақтауда үлкен рөл атқарады. Құқық қорғаушы нормаларға Президенттің импичменті туралы, Үкіметке, оның жекелеген мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелер жатады. Конституциялық құқықтың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлудің айтарлықтай мәні бар. Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік құқықты жағымды мазмұнда белгілейді. Басқаша айтқанда, субъектіге (мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға) кандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық береді. Осындай құкық беруші нормалар көп мөлшерде азаматтарға беріледі. Бұлар азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Құқық беруші нормаларға Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялык Кеңесінің конституциялык өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады.. Міндеттеуші конституциялык нормалар адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік оргаңдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін белгілейді. Конституция Парламент Палаталары Төрағаларына бірқатар жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ азаматтардың да конституциялық жауапкершілігін есте сақтаған жөн. Конституциялық-құқықтық нормалардың, оларды құқық саласының басқа құқықтық нормаларынан ажырататын ерекшеліктер бар. 1. Конституциялық-құқықтық нормалар ерекше қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-құкықтық нормалар адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздерін бекітуге қатысты конституциялык құрылыс негіздерін нығайтумен, мемлекет органдары жүйесін анықтауға байланысты қатынастарды реттеуді көздейді. 2. Конституциялық-құқықтық нормалардың үлкен заңдық күші бар. Басқа құқықтық нормалар Конституцияға қайшы келмеуі тиіс. Барлық басқа нормативтік актілер Конституция негізінде шығарылады. Конституция қағидаларына қайшы келетін құқықтық актілердің күші жойылуы тиіс. Конституциялык нормаларды қорғау құқы Конституциялық Кеңеске және Прокуратураға берілген. 3. Материалдық және іс-жүргізуші конституциялық-құқықтық нормалар өзіндік кырымен ерекшеленеді. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықтан айырмашылығы конституциялық құқықтың конституциялық нормаларды жүзеге асырудың жалпы біржақты тәртібін белгілейтін мамандандырылған іс жүргізуші саласы жоқ. Алайда, бұл конституциялық құқықта іс жүргізетін нормалар жоқ деген сөз емес. Конституциялық кұқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар тобының қай-қайсысыньщ да өзіндік іс жүргізу нормалары бар. Айталық, Парламенттің зандар қабылдауының белгілі бір тәртібі, Президент импичментінің, Парламентке депутаттар сайлауын өткізу, референдум өткізу тәртібі және басқалары конституциялык нормалармен белгіленеді.