Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конс шпора.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
722.43 Кб
Скачать
  1. Конституциялық құқықтың жүйесi.

Құқық ғылымында құқытың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл орайда құқықтың бастаулары ретінде қ

Конституциялық құқықтың ұлттық құқық жүйесінде алатын орны ерекше. Ол жетекші, фундаменттік құқық саласы ретінде анықталады. Себебі, 1-ден, конституциялық құқық қоғамның барлық салаларына (экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени т.б.) әсер етеді, ал өзге құқық салалары тек бір салаға ғана әсер етеді, 2-ден, конституциялық құқық сол салалардың барлық қатынастарын емес, тек негізгі, басты қатынастарын ғана реттеп, бекітеді. Өзге құқық салалары болса конституциялық құқық бекіткен қатынастарды басшылыққа ала отырып тиісті саланы толығымен реттеп, нақтылайды. Демек, конституциялық құқық өзге құқық салалары үшін негіз болатын нормалар белгілейді.

  1. Конституциялық құқықтың қайнар көздерi.Қ құқықтық норма: ұғымы, негiзгi нысандары, ерекшелiктерi.

Конституциялық құқықтың қайнар көздері дегеніміз конституциялық құқықтық нормалардан тұратын актілер. Кеңірек ашып қарастырар болсақ, конституциялық құқықтың қайнар көздері болып конституциялық құрылыс негіздерін, жеке адамдардың құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергі-лікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардан тұратын актілер табылады. Олардың екі түрі бар: ішкі қайнар көздер және сыртқы қайнар көздер. Сыртқы қайнар көздерге конституциялық құқықтық нормалардан тұратын Қазақстан Республикасы бекіткен актілер кіреді (халықаралық келісімдер, шарттар, пактілер т.б.) Ішкі қайнар көздер болып конституциялық құқықтық нормалардан тұратын ҚР халқымен, мемлекеттік органдарымен және лауазымды тұлғаларымен қабылданған нормативтік құқықтық актілер табылады. Олар:

  • Конституция;

  • Заңдар: конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар, конституциялық заңдар және жай заңдар

  • Президенттің жарлықтары: конституциялық заң күші бар жарлық, жай заң күші бар жарлық, нормативтік жарлық;

  • Парламенттің және оның палаталарының қаулылары;

  • Үкіметтің қаулылары;

  • ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

  • Орталық атқарушы органдардың басшыларының норма-тивтік құқықтық бұйрықтары;

  • Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың норма-тивтік актілері;

  • Декларация, регламенттер, ережелер...

ҚР Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Өзге емес нақ осы актінің негізгі қайнар көз ретінде анықталуы келесі жағдайлармен түсіндіріледі:

1) Конституцияда барлық басқа қайнар көздер үшін бас-тапқы болып табылатын жалпы сипаттағы құқықтық нормалар бекітіледі. Басқа қайнар көздер Конституция нормаларынан туындалады, оның ережелерін нақтылайды.

2) Конституция – онда белгіленген нормалардың мазмұны-ның кеңдігімен сипатталады. Конституция нормалары қоғам өмірінің барлық салаларына әсер етеді. Ал, басқа қайнар көздер қатынастардың қандай да белгілі бір саласын реттейді;

3) Конституция басқа қайнар көздерге қарағанда жоғары заңи күшке ие, Қазақстанның бүкіл аумағында тікелей қолданылады;

4) Конституцияда құқық саласы қайнар көздерінің басқа да көптеген түрлері анықталады. Онда құқықтық актілердің аты, олардың заңдылық күші, қабылдану, күшін жою және жариялау тәртібі белгіленеді;

5) Конституцияда бекітілген нормалар халықтың мемле-кеттік еркін жүзеге асыру нысаны ретінде болады;

6) Конституция жоғары құқықтық мәні, жоғары қоғамдық маңызы бар акт болып табылады. Оның нормалары әрбір аза-матқа, қоғамдық қызметтің барлық субъектілеріне бағытталған.

Конституциялық құқық мемлекеттегі ең негізгі құқық саласы б.т. Барлық құқық саласы одан бастау алады. Заң ғылымдарында «мемлекеттік құқық» термині «кон. құқық» орнына қолданылады. «Кон. құқық» деп атаған дұрысырақ. Себебі «ме.құқық» термині келесі себептерге сәйкес тиімсіз, тұрғындардың барлығы құқықты салаға бөлуді біле бермегендіктен, оны барлық ішкі мемлекеттік құқық ретінде түсінеді.

ҚР Конституцияылық құқығы – бұл ҚР конституциялық құрылысын ондағы адам мен азаматтардың құқықтық жағдайын мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының мәртебесін белгілейтін конституциялық құқықтың нормаларының жиынтығы. Конституциялық құқық келесі  институттарды қарастырады: азаматтық, конституциялық құрылыс, Президент, Парламент, Үкмет, Сот, Конституциялық Кеңес, жергілікті басқару органдары. Конституция сөзі латынның  «constitutio» – бекіту, орнату деген сөзді білдіреді. Алғашқы конституция 1787 АҚШ-та, кейін 1789 жылы Францияда қабылданды. Кәзіргі кезде кез келген мемлекетте өз конституциясы бар.

Қазақстан өз басынан 4 конституцияны өткерді (1937, 1978, 1993, 1995ж.ж.). Конституция – бұл ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық күші бар нормалардың жиынтығы.

Конституция – бұл халықтың жалпы еркін білдіретін, ең жоғарғы заңды күшке ие қоғамның әлеуметтік, экономикалың, қоғамдық, саяси және рухани ізгілік өмірінің маңызды қағидалары мен институттарын бекітетін қоғамның және мемлекеттің негізгі заңы.

Оның белгілері:

1. ең жоғарғы заңдық күші болады.

2. ол тұрақты болады.

3. ерекше заңдық мазмұны.

4. оның Республиканың бүкіл аумағына тікелей және тура қолданылады.

Конституциялық құқық ғылымында конституцияны әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады.

1. Мемлекеттік құрлыс нысанына қарай конституцияны біртұтас және федерациялық.

2. Мемлекеттің саяси режимінің сипатына қарай демократиялық және демократиялық емес.

3. Қолданылу ұзақтығына қарай  тұрақты және уақытша конституция.

4. Нысанына қарай жазбаша және ауызша. Жазбаша (Қ.Р.), ауызша (Ұлыбритания).

5. Оған өзгерістер мен түзетулер еңгізілу әдістеріне қарай қатаң және олқы деп бөлінеді. Қатаң конституцияны сайлаушылар қауымы тікелей референдумда не арнаулы құрылтай  жиналыстарында қабылдананды. Олқы конституция әдетте Парламенттер қабылдайды, ал оларға өзгерістер мен түзетулерді еңгізу жай заңдарға тәріздес.тәртіппен, яғни көпшілік дауыспен заң шығарушы орган еңгізеді.

6. Конституциялар федералдық және оның құрамына кіретін субъектілердің конституциясы болып та бөлінеді.

Конституциялық құқықта конституцияның нысаны атты ұғым кездеседі. Конституциялық нысан деп оның объективті өмір сүруінің әр түрлерін айтамыз. Ол 3 элементтен тұрады: а) заңды; б) ішкі нысаны; в) сыртқы нысаны. ҚР Конституциясы заңды күші бойынша жазбаша болып табылады. Конституцияның ішкі нысаны – оның құрлымдық мазмұны, яғни құрлымдық бөлімдерге бөлу. Бұл преамбула, тарау, баптар, баптың бөліктері, бап бөліктерінің тарияғынан тұрады. ҚР Конституциясы преамбуладан, тоғыз тараудан, 98 баптан тұрады. Конституцияның сыртқы нысаны ерекше атаудан, тілден және стилін білдіреді. ҚР ата заңы конституция деп аталады. Ол заңды тілмен жазылған. Оның мәтіндік мазмұны ресми іскерлік стилде жазылған.

Жалпы алғанда тұлғаның кең құқықтық мәртебесі қоғамның мүшесі ретінде жеке тұлғаның нормативтік актілерінде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы.

Конституциялық құқықтық мәртебені әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады:

1. Субъектісіне байланысты: а) адамның конституциялық мәртебесі. б) ҚР азаматының. в) шетел азаматының. г) азаматтығы жоқ тұлғалардың мәртебесі.

2. Құқықтар, бостандықтар мен міндеттердің көлеміне байланысты: а) негізгі. б) толық. в) шектеулі мәртебе.

Конституциялық құқықтық мәртебенің мазмұны:

1. Конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер.

2. Азаматтық..

3. Конституциялық құқық қаблеттілік.

4. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарын іске асырудың кепілдіктері.

1. адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін тікелей түрлері бар.

а) өзіндік құқықтар мен бостандықтар. өмір сүру, жеке бастың бостандығына қол сұғылмаушылық, әркімнің өзін қай ұлтқа жататының өзі анықтауға және оны көрсету – көрсетпеуге, әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы, ешкімнің тұрғын үйге қол сұқпайтындығы, әркімнің еркін жүріп тұруға және тұрғылықты мекенді қолауынша таңдап алуға, жеке тұрғылықты мекенді қалауынша таңдап алуға, жеке өміріне қол сұғылмауына, ақпарат көздерімен танысуға құқығы,

б) саяси құқығы мен бостандығы. Мұның жеке адамға қатысты құқықтар мен бостандықтардан ерекшелігі – саяси құқықтар мен бостандықтар тек қана ҚР азаматына берілген. Олар бірлесу бостандығы, құқығы, тікелей, не өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу, референдумға қатысу, сайлауға қатысу не сайлану, бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұру, мемлекеттік қызметке кіруге азаматтардың тең құқықтары.

в) әлеуметтік, экономикалық құқықтар мен бостандықтар. Оларға меншік иесі болу, еркін еңбек ету, қызмет саласы мен кәсіпті еркін таңдап алу, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайына ие болу. Білім алу, тұрғын үйге ие боу, шығар еркіндігіне кепілдік, дем алу, денсаулықты сақтау, денсаулық, ұясына байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы.

г) мәдени құқықтар мен бостандықтар. Білім алу, шығармашылық еркіндік құқығы.

2. Азаматтық бұл – адамның мемлекетпен, оның өзара құқықтары мен міндеттері жиынтығын білдіретін тұрақты саяси – құқықтық байланыс б.т. Мемлекет өз азаматтарын елден тысқары жерлерде қорғауға және қамқорлық жасауға кепілдік береді. ҚР азаматтығын алудың бірнеше жолы бар:

1. Туғаннан алу (қан және топырақ қағидасы бойынша).

2. Натурализация. Заң бойынша белгілі бір тәртіптердің белгіленуі.

3. Халықаралық шарттарға сәйкес (жеңілдетілуі).

4. Оптация.

5. Азаматтықты қалпына келтіру.

6. Азаматтықты сыйлау.

ҚР азаматтығы келесі негіздер бойынша тоқтатылады:

1. азаматтықты беруден бас тарту;

2. азаматтықтан шығу;

3. азаматтықтан айыру;

4. азаматтықты жоғалту;

5. оптация.

3.     Конституциялық құқық субъектілік – бұл азаматтың конституциялық құқықтар мен бостандықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру мүмкіншілігі.

 4. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды іске асырудың кепілдіктері. Демократияның аса маңызды сипатты белгісі мынада азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жарияланып қана қоймай, оларға әр түрлі кепілдіктер де беріледі. Олар экономикалық, әлеуметтік, саяси, заңдық кепілдіктер болып бөлінеді.