Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конс шпора.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
722.43 Кб
Скачать

39. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесi.

ҚР шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесі

 Шетел азаматтарының әкімшілік - құқықтық мәртебесі  ҚР Конститцмясының 12 бабында  және 1995 жылғы 19 маусымдағы "Шетел  азаматтарының  және азаматтығы жоқ тұлғалардың әкімшілік - құқықтық жағдайы туралы"  заңды күші бар ҚР Президентінің жарлығында бекітілген.

       Соған сәйкес шетел азаматы - бұл ҚР азаматы болып  табылмайтын және өзінің шет мемлекеттің азаматтығына тиістілігі жөніндегі дәлелі боатын  тұлғалар.

        Азаматтығы жоқ тұлғалар (апатридтер)   -  бұл ҚР азаматы болып табылмайтын және өзінің шет мемлекетке иістілігі жөніндегі дәлелі болмайтын тұлғалар.

        Азаматтылықтан шығудың ең көп тараған түрі - азаматтықтан шығу немесе одан шығару.  Осы аталған тұлғалардың  құқық субъектіліктері шектеулі және барған елдің заңдарына бағынады.

Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың  әкімшілік – құқықтық мәртебесінің  ерекшеліктері:

-    мемлекеттік қызметші бола алмайды, бірқатар лауазымдармен шұғылдануға және ішкі істер органдарында  жұмыс істей алмайды;

-    мемлекеттік  құпиямен байланысты қызметке жіберілмейді;

-    әскери міндетті емес;

-    құқық бұзушылықтардың бірқатарын жасағаны үшін жауапкершілікке  тек шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ғана тартылуы мүмкін;

-    тек шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғаларына ғана мемлекеттік шекарасынан тысқа  шығару сияқты  әкімшілік жаза қолданылады;

-    ҚР аумағына  рұқсаттары болғанда ғана  кіре алады;

-    шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар  арнайы құжаттары болғанда  ғана тұрады және өз қызметтерін жүзеге  асырады;

-    шетелдіктер үшін ашық аумақ бойынша  олар еркін қозғала алады, бұл жағдайда  осы туралы ішкі істер органдарына хабарлап отырулары қажет. Пунктке келген соң   олар  өзінің уақытша  келгенін тіркеу қажет.

-    Шетел азаматтарының қозғалыстарына  және тұрғылықты жерлерін таңдауда шектеулер қойылады.

            Дипломатиялық  және консулдық өкілдіктердің қызметкерлерінің , сонымен қатар  шет мемлекеттердің  ресми өкілдері болып табылатын басқа да тұлғалардың құқықтық жағдайы ерекше болады. Осы шетел азаматтары ҚР заңнамасына және  тиісті шет мемлекетпен жасасқан халықаралық шарттарға сәйкес  дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтарды пайдаланады, және де  мемлекеттің  юрисдикциясына ұшырамайды.

40. Азаматтардың бiрлесу бостандығына құқығы.

Бірлесу бостандығы құқығы (23бап). Азаматтар өздерінің алдына қой ған мақсаттарын, мүдде лерін іс жүзіне асыру үшін партиялар, кәсіподақ, қоғамдық ұйымдар құруға құқылы. Әрбір адамның басқалармен бірігіп қауымдастықтар құру бостандығына оның ішінде кәсіподақтарды құрып оларға өз мүдделерін қорғау мақсатымен кіруге құқығы бар.

Бұл құқықты пайдалану демократиялық қоғамның мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп мүдделерін, жұрттың денсаулығы мен имандылығын сақтау және басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қажет етілетін, заңмен көзделген, шектеулерден аспауы тиіс. Осы бап бұл құқықты пайдалануда қарулы күштер құрамындағы және полицияда істейтін адамдар үшін заңды шектеулер енгізуге кедергі жасамайды.

Бірлесу бостандығы адамдарға өздерінің ортақ мүдделерін жеке тұлға қалай білдіріп, қорғаса, дәл солай ұжымдық түрде білдіруіне, қорғауына құқық береді.

Бірлесу құқығының кепілдігі адам құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық құжаттарда мазмұндалған. Яғни ол Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы (20-бап), Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық Пактіде (22‑бап) Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Ұйымға кіретін мемлекеттердің өздеріне алған міндеттемелеріне сай бекітілген.