Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конс шпора.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
722.43 Кб
Скачать

  1. Конституциялық құқықтың түсiнiгi, пәнi және тәсiлдерi.

Конституциялық құқық – құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жџйесінің саласы.

Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік құрлыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқықтық реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады. Конституциялық құқықтық қатынастар келесі әдістермен реттелінеді: міндеттеу әдісі; тыйым салу әдісі; рұқсат ету әдісі; тану әдісі.

Конституциялық құқық – бұл ҚР конституциялық құрлыс негізін, адам мен азаматтың, мемлекеттік құрлыстың, мемлекеттік билік органдарының жџйесін, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару негізін реттейтін құқық нормаларының жиынтығын көрсететін ҚР жетекші құқық саласы. Конституциялық құқық саласының пәні болып оның норма-ларымен реттелетін қоғамдық қатынастар ұғынылады. Олай болса, конституциялық құқықтың реттеу пәні болып келесі қоғамдық қатынастар жиынтығы табылады: ҚР конституциялық құрылысының негіздері, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметі, сайлау құқығы мен сайлау жүйесі, әкімшілік-аумақтық құры-лысы, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздері.

Конституциялық құқықтың реттеу тәсілдері – бұл конститу-циялық құқық нормаларының конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін амал, әдістері: тану тәсілі, құқық беру тәсілі, міндеттеу және тиым салу тәсілдері.

ҚР конституциялық құқығы ғылымының түсінігі, пәні және тәсілдері. Конституциялық құқық құқықтық ғылымның бір саласы ретінде оқытылады. Құқық саласы ретінде конституциялық құқық белгілі бір қоғамдық қатынастар тобын, нақты айтсақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітсе, ғылым ретінде ол сол қатынастарды, олардың реттелу жай-күйін, реттеу тәсілдері мен амалдарын, тарихи даму өзгешеліктерін зерттейді, оларды жетілдіру, дамыту жөнінде ұсыныстар береді. Ғылым ретінде конституциялық құқыққа өз пәні, өз бастаулары, оны оқып-үйренуге өзіндік бағыт-бағдар тән. Конституциялық құқық ғылымы конституциялық кұқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету зандылығын зерттеуге бағытталған, конституциялық заңдылыққа сүйенетін негізгі үғымдар мен санаттарды қалыптастырады және конституциялық құкықтың құқықтық ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін анықтайды. Конституциялық құқық ғылымы мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу және қызмет ету негіздерін, қағидаларын, мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарын, ҚР мемлекеттік тетігін (механизмін), мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасының нысандарын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Конституциялық құқық ғылымының зерттеу пәні болып конституциялық құқық саласы табылады деп айтуға болады. ғылым ретіндегі конституциялық құқық – бұл консти-туциялық құқық саласын зерттейтін ғылыми ережелердің жиынтығы. Ал, конституциялық құқық ғылымының зерттеу тәсілдері – бұл жоғарыда аталған мәселелерді зерттеудің амал, әдістері. Конституциялық құқық ғылымының зерттеу әдiстеріне келесі әдістер кіреді: тарихи, қисындық, статистикалық, философиялық, салыстыру, талдау, синтез, анализ, дедукция, индукция, т.б.