Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры механика.doc
Скачиваний:
317
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
1.3 Mб
Скачать

12.2 Центрден тыс созылу-сығылу

Центрден тыс созылу (сығылу) кезінде сыртқы күштердің тең әсерліF күші сырық өсінің бойында,  қарапайым созылу кезіндегідей, жатпайды, ол z өсіне параллель және оның өстен ауытқуы бар (12.6 сурет). Сонда сырық көлденең қималарында N= F бойлық күш және Mx = Fy0  мен My = Fx0  июші моменттер орын алады (мұндағы x0 y0 F күші түсірілген А нүктесінің координаттары). Кез келген,  x, y коорди­наттарымен анықталатын В нүктесінде  тік кернеу осыған тең болады

.                               (12.13)

Кернеулер нүктелердің БС дейін қашықтықтарына пропорционал болады, БС-ның теңдеуі осылай жазылады

немесе       .        (12.14)

Координат басынан БС дейін қашықтығы (12.7 сурет) осыған тең

.                        (12.15)

Иілу мен созылудың (сығылудың) біріккен әсері жағдайында жоғарыда көрсетілгендей, күштер әсерінің тәуелсіздігі принципін қолданып,  сырықтың көлденең қималарында қосынды тік кернеулерді анықтайды. Осында қарастырылған барлық жағдайларда беріктікке есептеуді қосынды кернеу бойынша жүргізеді.

12.3 Иілу мен бұралудың біріккен әсері

Көлденең қимасы дөңгелек, иілу мен бұралудың біріккен әсері жағдайындағы сырықты қарастырайық. Сырықтың көлденең қималарында июші моментпен байланысқан тік кернеулер  және бұраушы моментпен байланысқан жанама кернеулер орын алады (көлденең күштен пайда болатын жанама кернеулерді ескермейміз).

Ең үлкен кернеулер A және B  нүктелерінде пайда болады (12.8,а сурет)

, ,   (12.16)

Сонда күрделі кернеулі күйдің дербес жағдайы болады – ол қарапайым-далған жазық кернеулі күй (12.8,б сурет).

         Күрделі кернеулі күй жағдайында материалдың беріктігі жөнінде қорытынды жасауға мүмкіншілік болу үшін эквивалент кернеу ұғымы енгізіледі, ол бағаланатын кернеулік күймен бірдей қауіпті (беріктік кепілдігі бірдей) созылған үлгіде пайда болатын кернеу. 

         Қарастырылатын жағдайда  3 және 4 беріктік теориялары бойынша эквивалент кернеу келесі формулалармен анықталады

,    .                         (12.17)

         Осыған (12.17) қойып және дөңгелек қима үшін Wp=2Wx болатынын  ескеріп, көлденең қимасы дөңгелек сырық үшін иілу мен бұралудың біріккен әсері кезіндегі беріктік шартын келесі түрде жазады

.     (12.18)

8