Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сыныпқа арналған мәтінде2р.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
70.66 Кб
Скачать

Кино өнері

Кино өнері – көп өнердің бір түрі. Ол – әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Кино шығаруға, яғни фильмді жасауға әр алуан мамандықтың шығармашылық қызметкерлері қатысады. Олар: кинодраматург (сценарий авторы); режиссер (оқиғаның орындалуына жетекшілік етуші), актер (кейіпкер тұлғасын экранда жасаушы), оператор (кадрға түсіруші), суретші, композитор.

Кино өнері – өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар ерекше өнер.

Қара шаңырақ

Қазақ атбасында кенже ұл – шаңырақ иесі. Кенже бала отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже бала әке-шешесімен тұрады. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады.

Кенже бала қара шаңырақ иесі. Қара шаңырақ – үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Әке-шеше қара шаңырақты кенже ұлына береді. Бұл дәстүрдің мәні зор. Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын үнемі айтып отырған.

Елтаңбамыздың тұлпарлардың мүйіздері жеті буыннан тұрады. Жеті буын қазақтың «жеті атасын білмеген - жетесіз» дегенін аңғартады.

Ата-ана

Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Қазақстан Республикасының Конститутциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заңды түрде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.

Қазақ отбасы

Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды.

Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.

Әке-шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.

Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді.

Жеті қазына – жеті ырыс

Жеті қазына – қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі.

Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: 1) жүйрік ат; 2) қыран бүркіт; 3) құмай тазы; 4) берен мылтық; 5) қанды ауыз қақпан; 6) майланғыш ау; 7) өткір кездік.

Ер жігіттің жүйрік аты - қанаты. Қыран бүркіті- қуаты. Құмай тазысы – сенімді серігі. Мылтығы- оты. Қақпаны – серті. Ауы – әдіс-айласы. Кездігі – сұсы.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастарқан жайылып, жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойнайды.

Қырқынан шығару – нәрестенің туған күніне қырық күн толған соң, ыдысқа қырық бір қасық су құйып, соған шомылдырады. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады. Ит жейдесін (алғашқы киген жейдесі) шешіп алып, сақтап қояды. Мерекелік дастарқан жайылады.

Бесікке салу. Халқымызда бесік қасиетті, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Мерекелік дастарқан жайылып, бесікке салған адамға кәде беріледі.

Тұсау кесу – сәби қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін деп, ала жіп есіп, екі аяғын тұсап, сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіріп, баланы қолынан ұстап, тез-тез жүгіртеді. Оған қуанысып, шашу шашылып, дастарқан жасалып «тұсаукесер» кәдесі беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]