Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сыныпқа арналған мәтінде2р.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
70.66 Кб
Скачать

Ахмет Байтұрсынов

(1873-1937)

Көрнекті тілші ғалым, әдебиет зерттеушісі, дарынды аудармашы, ағартушы және оқу құралдарының авторы Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Торғай облысындағы Сартүбек деген жерде туған.

Әкесі оны Торғайдағы орыс-қазақ мектебіне оқуға береді. 1891 жылы мектепті бітірген соң, Орынборға келеді. Мұнда мұғалімдер даярлайтын мектепке оқуға түседі.

Оқуды бітірген соң Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралыда балаларға сабақ береді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырлар жазады. Ол тұңғыш рет қазақ тілінде әліппе, басқа да оқу құралдарын жазды. «Тіл құрал» деп аталатын оқулығы 1914-1928 жылдар аралығында алты-жеті рет басылып шықты. Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы Орынбарда «Қазақ» газетін шығарды.

Шоқан Уәлиханов

(1835-1865)

Шоқан (Мұхаммедханафия) Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған ол кейін Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей географиясы мен тарихы, батыс философиясы, физика негіздері, шетел тілдері оқытылған. Шоқан үздік оқыды.

Шоқанның зерттеушілік қабілеті оқып жүргенде оянған. Жазғы демалыс кездерінде ол ел ішіндегі аңыз, әңгімелерді, халықтық жырларды жазып алумен айналысады.

Шоқан қазақ тарихын зерттеуге ерекше ден қойды. Ол, әсіресе, XV ғасырда қазақ халқының ұйытқысы болған Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ, Керей, Найман руларын жан-жақты зерттеді. Шоқанның тамаша еңбектерінің бірі – «Алты шаһардың (немесе Қытайдың Нанлу (қазіргі Шыңжаң) өлкесінің шығыс жағындағы алты қаласының) жайы туралы» деген шығармасы. Бұл еңбегінде Шоқан Түркістанның ескі заманнан XIX ғасырдың ортасына дейінгі қысқаша тарихын жазған.

Бауыржан Момышұлы

1910 жылы 24-желтоқсанда қазіргі Жамбыл облысында туған. Ол – Ұлы Отан соғысына қатысқан панфиловшы, даңқты жауынгер, гвардия полковнигі, жазушы. Шымкенттегі жеті жылдық интернатты бітірген. Содан кейін бастауыш мектеп мұғалімі болып істеді. 1932 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Қызметін өтеп қайтқаннан кейін, Шымкент және Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істеді. 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітірген соң Қызыл Армияға қайта алынды. Ол взвод, рота командирі, полк, штаб бастығының көмекшісі болды. Ұлы Отан соғысы басталғанда 316-атқыштар дивизиясының құрамына белсене қатысты. Сол дивизия құрамында майданға аттанды.

Театр

Театр – өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің алдында актерлер күшімен бейнелейтін көркемөнердің бір түрі. Театрдың тарихи жағынан қалыптасу, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір, тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және орнықты мәдениетімен тығыз байланысты.

Театр – халықты саяси және эстетикалық жағынан тәрбие берудің, адамгершілік пен ізгілікке баулудың аса маңызды құралы.

1926 жылы Қазақ драма театрының ұйымдасып, ашылуы елдің мәдени өмірінде аса зор оқиға болды. Қазақ театр өнерінің алғашқы қалыптасып, даму кезеңінде қойылған М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Қаракөз», Б.Майлиннің «Неке қияр», т.б. спектакльдері ерекше орын алды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]