Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сыныпқа арналған мәтінде2р.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
70.66 Кб
Скачать

Тоғызқұмалақ

Спорттың түрі көп. Бірі – күшті болуға, екіншісі – жылдамдыққа, үшіншісі – табандылыққа баулиды. Ал тағы бір түрі ойлауға үйретеді. Оларға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жатады.

Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны. Бұл ойында сүйек тастары ұяларға тоғыз-тоғыздан түсіп отыруы керек. Тоғызқұмалақ – жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін күрделі ойын. Тоғызқұмалақта бір ойынды жарты күн немесе бір күн ойнайды.

Ұлы ақын Абай тоғызқұмалақ ойынының шебері болған. Абай тоғызқұмалаққа үлкен мән берген. Ол атақты ойыншыларды шақырып, жиырма-отыз күн бойына сайыс өткізіп отырған. Бұл туралы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабында жақсы жазылған.

Қазір Қазақстанда тоғызқұмалақ ойынынан халықаралық жарыстар өткізіліп тұрады. Әбілда Ақшораев тоғызқұмалақтан алты рет республика чемпионы болған. Ол – тоғызқұмалақ спорты бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушы.

Тарихи-мәдени ескерткіштер

Қазақ даласы тарихи-мәдени ескерткіштерге бай. Батыс Қазақстан аймағында ғана 300-ден астам тарихи-мәдени ескерткіштер тіркелген. Олар көбінесе тастан тұрғызылған әр түрлі құрылыстар.

Аса ірі тарихи және мәдени ескерткіштер қатарына Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Сарыарқадағы Алаша хан кесенесі, Тараз өңіріндегі Айша бибі кесенесі, Жетісудағы Шоқан мемориалы, Алматы қаласындағы Абай ескерткіші, Абайдың туған жеріндегі Абай мен Шәкәрімге арналған мемориал, Астана қаласындағы «Бәйтерек» кешені, т.б. жатады.

Тарихи және мәдени ескерткіштердің түрлері көп. Әрбір қалада, әрбір ауылда жергілікті ескерткіштер көптеп кездеседі. Олар да тарихи-мәдени ескерткіштер болып табылады. Мұндай ескерткіштерді халық сақтап отырады. Оларға ешкім тимейді. Ескіріп тозған немесе күштеп жойылған ескерткіштер қалпына келтіріліп отырады.

Тарихи ескерткіштер Қазақстан Республикасының заңымен қорғалады. Тарих мұраларын сақтау, қорғау және насихаттау үшін елімізде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ұйымдастырылған.

Төле би

Төле би шамамен 1663 жылы Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756 жылы қазіргі Шымкент облысы Ленгер ауданы (1991 жылдан бері Төле би ауданы) Ақбұрхан деген жерде тоқсан жасында дүние салған. Төле бидің әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болыпты. Төле би оқыған, сауатты, жастайынан халқының ақындық, шешендік өнерінен тәлім алған. Ол 15-20 жасынан-ақ билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен көзге түсіп, елге танылған. Төле бидің ел-жұрт, ағайын-туыс, алыс-жақынға қадір-қасиеті хан, сұлтандардан да жоғары болған.

Қаз дауысты Қазыбек би

Қазыбек би (1667-1764) – Орта жүздің «Төле биі» атанған, шешендік сөздің майталманы, Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» әдет-ғұрып заң жинағын жасаушылардың бірі, еліміздің тарихынан мәңгілік орын алған ірі тұлға.

Қазыбек бидің беделі мен ықпалын қазақ хандары ғана емес, оның парасатты елші, дипломат екенін бағалап, 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп қайтқан.

Қаз дауысты Қазыбек би – ең алдымен, асқан шешен, ақын; екіншіден, ел басқарған, дау-жанжалды елші-дипломат, қоғам қайраткері.

Қазыбек би 1667 жылы туып, шамамен 1764 жылы 97 жасында дүние салса керек. Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]