Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Нурсултан.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
07.09.2019
Размер:
745.98 Кб
Скачать

2.2 Қазақстан Республикасында бюджетке салықтық түсімдер болжамының орындалуын талдау

Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Осы салық салуға байланысты әр дәуірлерде мемлекет қайраткерлері, экономистер, философтар, ойшылдар көптеген еңбектер жазған. Мысалы, Ф. Аквинский „Салықтарды ұрлаудың рұқсат етілген нысаны” ретінде анықтаса, салық салу теориясының негізін салушылардың бірі А.Смит„ Салық төлеушілер үшін құлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі” деп тұжырымдаған.

Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Салықтардың мынадай негізгі қызметтері бар:

Фискалдық,

Реттеушілік,

Бақылаушылық.

Салықтардың бірінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызмет. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери, қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын негізгі қаржылық көздер – салықтар. Салық өндірістің дамуына барынша өз ықпалын тигізіп, өндірушілердің ынтасын арттыруға жағдай жасауы қажет.

Салықтардың екінші маңызды қызметі ол, реттеушілік қызметі.

Реттеушілік қызметі салық механизмі арқылы іске асырылады. Оның ішіндегі негізгі тетіктер салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге аысруы қажет. Әрине салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста болуы керек.

Салық мөлшерін көбейту мақсатында салық ставкаларын шектен тыс жоғары деңгейде белгілеу өндірістің тоқтауына, өндірушінің өз ісіне деген ынтасын жоғалтуына әкеліп соғатыны көптеген ғалымдар еңбектерінде тұжырымдалып, дәлелденген. Мысалы, табыс салығын салғанда, салық ставкасының деңгейі 35-40 пайыздан аспауы қажет.

Салық механизмін, оның ішінде салық ставкаларының деңгейін зерттеген ғалымдардың тұжырымдары мынаны дәлелдейді:

егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50% -нан асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына әкеліп соқтырады;

егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50%-ы аралығында болса, онда жай ұдайы өндіріске әкеледі;

егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40%-ы мөлшері аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі.

Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығының қазіргі кездегі ставкасы 20%. Шаруашылық субъектілер мен халықтар табысының бір бөлігін мемлекеттің орталықтандырылған қаржы көздеріне айналдыру салықтардың ұдайы өндірістегі қызметін көрсетеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемін жалпы ішкі өнімдегі салықтардың алатын үлес салмағы арқылы көруге болады. Салықтардың келесі негігі қызметі ол бақылаушылық қызметі, яғни салықтық бақылау. Салықтардың бақылаушылық қызметі арқылы салық механизмінің қызмет етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына бақылау ісі жүргізіледі, салық жүйесі мен бюджет саясатын жетілдіру жолдары қарастырылады. Салықтық бақылауды тиімді жүргізу арқылы салықтық тәртіпті қатаң сақтау, салық төлеушілердің заңға сәйкес төлейтін салықтары мен алымдарын толық және уақытылы бюджетке төлеп отыруы қамтамасыз етіледі.

Салықтардың түрлеріне келетін болсақ, қазіргі кезде Қазақстан Республикасында олардың 13 түрі бар, сонымен қатар бұлардың құрамына 2005 жылдың 1-ші қаңтарынан енгізілген салық, бұл – экспортқа шығарылатын шикімұнай мен газ конденсатына салынатын экспортқа рента салығы [9].

Елімізде осы аталған салық түрлерінің алатын орны өте зор, өйткені олар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі қаржылық көзі болып табылады.

2008 жылғы желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының № 99-ІV Заңының 55- бабына сәйкес мынадай салықтар мен міндетті төлемдер қолданылады (01.01.2010 жылға Салық кодексінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейінде осы түрлері сақталған):

1) салықтар:

  • корпоративтік табыс салығы;

  • жеке табыс салығы;

  • қосылған құн салығы;

  • акциздер;

  • экспортқа рента салығы;

  • жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;

  • әлеуметтік салық;

  • көлік құралы салығы;

  • жер салығы;

  • мүлік салығы;

  • ойын бизнесі салығы;

  • тіркелген салық;

  • бірыңғай жер салығы;

2) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:

мемлекеттік баж; алымдар; тіркеу алымдары; автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым; аукционнан алынатын алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым; мыналар: жер учаскесін пайдаланғаны үшін; үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін; қоршаған ортаға эмиссия үшін; жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін; орманды пайдаланғаны үшін; ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін;кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін; сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар.

Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тәртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі.

Қазақстан Республикасы салық жүйесін басқару Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Президентке, Парламентке,Үкіметке, Қаржы министрлігіне жүктеледі. Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

1-кестеде көріп отырғанымыз, 2010 жылғы салықтық түсімдердің жоспары 2 702 957 751 мың тенгеге жоспарланса, нақты салықтық түсім 2 934 080 721 мың тенгені құраған. Осы жылы жоспарланған қаражаттан 231 122 970 мың тенге немесе 108,6 % артық орындалған. Ауытқу 2010 жылдың нақты салықтық түсімдердің орындалуымен 2009 жылдың нақты салықтық түсімдерді салыстырғанда 705 398 92 мың тенге артық орындаған немесе 131,7 %.

1- кесте

2010 жылға арналған ҚР бюджетке салықтық түсімдер болжамының

орындалуы

мың тенге

Төлемнің атауы

2010 жылғы МБ болжам

2010 жылғы МБ фактісі

Ауытқу,+/- болжам/факт

Ауытқу, %

1

2

3

4

5

Салықтық түсімдер

2 702 957 751

2 934 080 721

231 122 970

108,6

Корпоративтік табыс салығы

847 931 445

837 233 485,8

-10 697 959

98,7

Жеке табыс салық

301 284 368

312 331 729,7

11 047 362

103,7

Әлеуметтік салық

243 021 633

253 829 912,8

10 808 280

104,4

Мүлікке салық

104 355 235

107 917 342,8

3 562 108

103,4

Жер салығы

12 924 823

13 467 103,4

542 281

104,2

Көлік салығы

24 508 958

26 261 779,1

1 752 821

107,2

Бірыңғай жер салығы

606 359

761 649,3

155 290

125,6

Қосылған құн салығы, барлығы

590 434 358

677 229 029,1

86 794 671

114,7

1) Ішкі өндіріс тауарларға салынатын ҚҚС

179 013 520

241 359 887

62 346 367

134,8

2) Импортталат тауар салын ҚҚС

411 420 838

435 869 142

24 448 304

105,9

Акциздер, барлығы

65 396 043

61 423 118,0

-3 972 925

93,9

1) Ішкі өндіріс тауарға салынатын акциздер

44 842 845

47 809 490

2 966 645

106,6

2) Импорттал. тауарға салынатын акциздер

20 553 198

13 613 629

-6 939 570

66,2

Табиғи және басқа да ресурстардан түсетін түсімдер

190 619 379

231 272 772,3

40 653 393

121,3

Алымдар

8 286 378

9 731 076,6

1 444 699

117,4

ойын бизнесіне салынатын салық

3 779 510

5 307 296,9

1 527 787

140,4

Халықаралық саудаға және сыртқы операц сал. салықтар

288 930 264

373 799 611,3

84 869 347

129,4

Басқа да салықтар

13 023

5 551,2

-7 472

42,6

Мемлекеттік баж

20 865 976

23 509 262,3

2 643 286

112,7

ЖИЫНЫ

4 063 968 288

4 299 132 215

235 163 927

105,8

Дерек көзі: ҚР Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені деректері бойынша

Салықтардың ішінде корпорациялық табыс салығының 2010 жылы жоспар бойынша 847 931 445 мың тенге, ал нақты жиналғаны 837 233 485,8 мың тенге. Ауытқу жоспар 98,3 пайызға орындалып, нәтижесінде 1,3 пайызға немесе 10 697 959 мың тенгеге орындалмай қалды. Бірақ, өткен 2009 жылдың нақты жиналған салық сомасы 643 668 527,8 мың тенгемен салыстырғанда, 2010 жылы осы салық түрі бойынша нақты 837 233 485,8 мың тенгені құрап, 193 564 958 мың тенге артық жиналған немесе 130,1 %.

Ішкі өндіріс тауарларына салынатын ҚҚС бойынша, орындалуы 134,8 % құрады, немесе жоспардағы 179,0 млрд.теңге соманың орнына бюджетке 241,4 млрд.теңге түсті. Жоспардың артығымен орындалуына елеулі шамада бюджеттен ҚҚС қайтару қарқынының баяулауы әсер етті.

Импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС бойынша, жоспардағы болжау 411,4 млрд. теңгенің орнына түсім 435,9 млрд.теңгені құрады немесе 105,9%-ға орындалды.

Кеден статистикасының жедел деректері бойынша импорт көлемі бекітілген бюджетке қабылданған есеп айырысулардағы 4,7%-ды емес 7,7%-ды құрады.

Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтар бойынша, жоспарланған 288,9 млрд.теңгенің орнына іс жүзінде 373,8 млрд.теңге түсті немесе жоспардың 129,4 % атқарылды.

Акциздер 2010 жылы 65 396 043 мың тенге жоспарланса, нақты түсім 61 423 118,0 мың тенге болған. Жоспарланған қаражаттан -3 972 925 мың тенге немесе 5,9 % -ға орындалмай қалған. Бұл жағдай импортталатын тауарға салынатын акциздердің есебінен кеміген.

Сонымен қатар, жоспардың түгел орындалмауы импортталатын тауарларға салынатын акциздер бойынша 2010 жылы жоспардағы 20 553 198 мың тенгенің орнына іс жүзінде 13 613 629 мың тенге түсті немесе 66,2 %-ға орындалды. Жоспар 33,8 пайызға орындалмай қалда. Жоспардың орындалмауының себебі жекелеген акцизделетін тауарлар (сыра, автомобильдер) бойынша импорт көлемінің төмендеуі болып табылады.

Сонымен, мемлекеттік бюджетке барлық түсімдер 2010 жылы нақты

4 299 132 215 мың тенге болған. Оның ішінде салықтық түсімдер нақты 2 934 080 721 мың тенгені құраған. Осы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, салықтық түсімдер мемлекеттік бюджеттің 68,2 пайыздық үлесін алып отыр.

Республикалық бюджетке 2010 жылдың қорытындысы бойынша салықтық түсімдер болжамдағы 1 886,9 млрд. теңгенің орнына, 2 083,5 млрд.теңгені немесе 110,4 %-ды құрады. Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 119,6 %-ға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 90,0 %-ға және трансферттердің түсімдері бойынша 100,5 %-ға орындалды.

Енді 2009-2011 жылдар аралығындағы бюджетке салықтық түсімдердегі болжаудың орындалуын 2-кестеден көреміз. 2-кесте бойынша, 2011 жылы салықтық түсімдердің барлығы 3890091 млн тенгеге жоспарланып болжанса, нақты түсім 3982338 млн тенге немесе 102,4 пайызды құрап отыр (артық орындалған + 92247,0 млн тенге). Ал жер салығы бойынша болжам 13 706 млн тенге, нақты түсім 12 977 млн тенге немесе 94,7 пайыз.

Нәтижесінде болжанған немесе жоспарланған сома - 729 млн тенгеге немесе 5,3 пайызға кеміген.

2- кесте

2009-2011 жылдар аралығындағы мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдердің болжауларының орындалуы

Млн тенге

Төлемінің атауы

2009 ж. болжам

2009 ж. нақты

2010 ж. болжам

2010 ж. нақты

2011 ж. болжам

2011 ж. нақты

2011ж орын, %

1

2

3

5

6

7

8

9

Салықтық түсімдер

2 127 237

2 228 681

2 702 957

2 934 080

3 890 091

3 982 338

102,4

Корпоративтік табыс салығы

659 770

643 668

847 931

837 233

1 060 545

1 050 380

99,0

Жеке табыс салығы

264 049

268 724

301 284

312 331

364 515

376 245

103,2

Әлеуметтік салық

227 541

232 839

243 021

253 829

285 533

296 843

104

Мүлікке сал. Сал.

85 916

91 851

104 355

107 917

113 895

117 399

103,1

Жер салығы

12 282

13 022

12 924

13 467

13 706

12 977

94,7

Көлік салығы

16 270

17 521

24 508

26 261

28 496

29 975

105,2

Бірыңғай жер

455

578

606 3

761

691

818

118,3

Қосылған құн салығы

467 114

515 933

590 434

677 229

831,1

865 213

104,1

Акциз барлығы:

54 402

57 393

65 396

61 423

72082

76 400

106,0

Табиғи және басқа ресурс.пайдал үшін түсімдер

171 777

201 185

190 619

231 272

283167

298 039

105,2

Дерек көзі: ҚР Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені деректері бойынша

Мұның себебін салықтарды болжамдау кезінде (дипломдық жұмыстың 2,1 бөлімінде), елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын, аймақтық және алдағы жылға жергiлiктi бюджеттерiн жобалардың дер кезiнде және қисынды құрастыруы, экономикалық және әлеуметтiк шешiмдерiнiң қабылдануы үшiн жедел перспективаға қатысты болатындығын ескеру керек. Ал жер салығын, жергілікті уәкілетті органдар сәйкесінше аумақта контингенттердің табысы бойынша болжамдайды. Мысалы, жер салығын болжамдау үшін мынандай мәліметтер ескеріліп қолданылады: жер ресурстарын басқару бойынша комитеттің мәліметтері негізінде жер санаттары бойынша жер көлемі; балл бонитетке негізделген базалық салық ставкасы; салық органына тапсырылған салық декларациясының мәліметтері. Міне осы мәселелердің барлығы ескерілген жағдайда болжамдау жағынан кемшіліктер болмайды немесе салықтарды жинау кезінде рыноктағы әр түрлі қаржылық, әлеуметтік –экономикалық, себептергеде байланысты нақты болжанған сома орындалмай қалады деп ойлаймыз.

3-кесте

2010-2011 жылдардағы республикалық бюджетке салықтық түсімдердің біріктірілген құрылымы

млрд.теңге

Көрсеткіштер атауы

2010 жыл

2011 жыл

2011ж. факт/ 2010ж. факт

факт

% орын

болжамдау

Факт

Ауыт

тг

% орын

ауыт

(%)

өсу/ төмендеу,

Түсімдердің барлығы, соның ішінде:

4 611,4

101,2

5 352,1

5 331,2

-20,9

99,6

15,6

-1,6

Кірістер, оның ішінде:

3 626,2

106,2

4 346,2

4 451,7

105,5

102,4

22,8

-3,8

Салықтық түсімдер,

оның ішінде:

2 083,6

110,4

2 934,9

3 001,2

66,3

102,3

44,0

-8,1

Корпоративтік табыс салығы

837,2

98,7

1 060,5

1 050,4

-10,2

99,0

25,5

0,3

Қосымша құн салығы

677,2

114,7

831,1

865,2

34,1

104,1

27,8

-10,6

Акциздер

13,6

66,2

15,2

18,7

3,5

122,8

37,5

56,6

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық

122,1

125,4

138,4

148,5

10,1

107,3

21,6

-18,1

Ресейден әкелінетін Кеден одағы тауарына салынатын ҚҚС

91,2

122,5

264,5

273,1

8,6

103,2

3 есе

-19,3

Ресей, Беларусь респу бөлген кеден баждар

87,8

3,4

182,5

215,4

250,3

9,96

261,2

10,8

10,9

0,8

104,4

108,3

3 есе

-78,1

-107,1

Шикі мұнайға салынатын әкетілімдік кедендік баждар

18,0

-

427,5

450,8

23,3

105,4

25 есе

-

Дерек көзі: ҚР Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені деректері бойынша

«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2012-2016 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің базалық болжамы негізінде қалыптасты және Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы 2011 жылғы 29 қарашада № 496-ІV қол қойылды. 2011 жылы республикалық бюджеттің болжамды түсімдері орындалмай, жоспарланған 5 352,1 млрд.теңгенің іс жүзінде 5 331,2 млрд.теңгесін, немесе 99,6%-ын құрады (3-кесте).

2011 жылы республикалық бюджеттің 4 451,7 млрд.теңге мөлшеріндегі кірістері 102,4%-ға орындалды. Бюджетке 3 001,2 млрд.теңге, немесе жоспардың 102,3%-ын құрайтын салық түсті. Болжамды көрсеткіштерді асыра орындау, жалпы алғанда, жоспардан тыс түсімдердің, соның ішінде:

- 865,2 млрд.теңге, немесе жоспардың 104,1%-ын құрайтын қосылған құн салығының, соның ішінде, 323,6 млрд.теңге (104,6%) – Ресей Федерациясынан және Беларусь Республикасынан импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығының;

-мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, 148,5 млрд.теңге, немесе 107,3% пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың /асыра орындау жекелеген кәсіпорындар төлеу мерзімі 2012 жылғы 25 ақпанға дейін деп белгіленген төлемдерді 2011 жылғы 4-тоқсанда төлеуіне байланысты туындап отыр;

- Кеден одағына қатысушы елдер, атап айтқанда: Ресей Федерациясынан бөлген 261,2 млрд.теңге (104,4%), Беларусь Республикасы бөлген 10,8 млрд.теңге (108,3%) кедендік баждардың /көрсеткіштердің өсуі алыс шетелдерден РФ-ге (34,6%-ға) және Беларусь Республикасына (28,5%-ға) келген импорттың ұлғаюынан болып отыр;

- 450,8 млрд.теңге (105,4%) мөлшерінде шикі мұнайға салынатын әкетілімдік кедендік баждардың /төлемнің бұл түрі бойынша жоспардың асыра орындалуы «Теңізшевройл" ЖШС-ның, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» қазақстандық филиалының, «СНПС-«Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының, «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ-ның, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның экспорттық кедендік баж түсімдерінің 313,9 млрд.теңгесін немесе жалпы сомасының 75,6%-ын мемлекет бюджетіне енгізудің есебінен жүзеге асырылған/ есебінен қамтамасыз етілген. Жалпы алғанда, жоспар-болжам салықтық түсімдер бойынша асыра орындалғанына қарамастан, жекелеген салық түрлері бойынша айтарлықтай атқарылмай қалған (4-кесте).

4-кесте

Салықтық түсімдердің болжамының атқарылуына жасалған құрылымдық талдау

млрд.теңге

Көрсеткіштер атауы

2010 ж.

факт.

2011 жыл

2011 ж. факт./ 2010 ж. факт.

болжам

факт.

ауытқу

% орынд.

ауыт.

(+, -)

ауыт.

(%)

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда,

резидент заңды тұлғалардан түсетін КТС

211,9

610,0

586,4

-23,7

96,1

374,5

2,7 есе

Консулдық алым

2,6

3,3

3,2

0,1

97

0,6

23

Мемлекеттік мекемелерді сотқа берген талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттік баж

0,35

1,99

1,43

-0,55

72,1

1,08

4 есе

Дерек көзі: ҚР Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені деректері бойынша

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, резидент заңды тұлғалардан түсетін КТС бойынша жоспардың орындалмауы 2010 жылғы салық салынатын кірістің азаю жағына қарай түзетілуіне байланысты, жекелеген салық төлеушілердің аванс төлемдерінің төмендеуінен туындап отыр.

Консулдық алымдардың және мемлекеттік мекемелерді сотқа берген талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттік баждардың аз түсуі, тиісінше, жасалатын консулдық іс-қимылдар, берілетін құжаттар және соттардағы талап арыздар санының төмендігімен түсіндіріледі.

Салықтық емес түсімдердің атқарылуы 108,9 млрд.теңге, немесе жоспардың 126,1%-ы мөлшерінде қалыптасқан. Бұл ретте сыйақының төленбеуіне, сондай-ақ қаржы, ауыл шаруашылығы министрліктерінің және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның арасындағы негізгі қарыздың бір бөлігін 2012 жылы төлеуді көздейтін кредиттік шартқа қосымша келісім жасалуына байланысты, қарыз алушы банктерге берілген 0,97 млрд.теңге бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы жоспарының орындалмағаны атап өтіледі.

2011 жылы жоспар 1 310,8 млрд.теңге болып нақтыланған кезде, республикалық бюджет кірісіне түскен трансферттер 1 325,4 млрд.теңгені, немесе 101,1%-ды құрады, соның ішінде 1 200,0 млрд.теңге Ұлттық қордың нысаналы трансферті болды.

Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымында қарыздардың түсімі бойынша болжам 132,4 млрд.теңгеге орындалмады (85,5%-ға орындалды).

Түсімдер құрамында үш жылдық кезеңге кірістер болжамы корпоративтік табыс салығының (бұдан әрі – КТС) ставкасының сақталуын ескере отырып 20% мөлшерде қалыптасқан.

Нәтижесінде, 2012 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің болжамы (трансферттер түсімін есепке алмай) 2011 жылы нақтыланған түсімдер жоспарынан 274,3 млрд. теңгеге арта отырып, ағымдағы жылғы нақтыланған жоспарды 3 310 млрд. теңге сомасында анықталған, оның ішінде мыналар есебінен:

- экономиканы дамыту қарқыны (ІЖӨ номиналдық артуы, минералды шикізатқа бағаның артуы);

- салықтық әкімшілендіруді жақсарту;

- мемлекеттік ресурстардан алынған астықты сатудан түсетін түсімдерді арттыру;

- жұмылдырылған және мемлекеттік материалдық резервтен алынатын материалдық құндылықтарды сатуды арттыру;

- акциздер ставкасын бірегейлендіру;

- басқа факторлар.

Республикалық бюджет кірістерінің болжамы (трансферттер түсімін есепке алмағанда) 2013 жылға 3 585,0 млрд. теңге сомада, 2012 жылдың болжамына қарсы 275,5 млрд. теңгеге өсумен, 2014 жылға – 3 971,2 млрд. теңге сомада, 2013 жылдың болжамына қарсы 386,1 млрд. теңгеге өсумен анықталған.