Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Нурсултан.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
07.09.2019
Размер:
745.98 Кб
Скачать

2. Қазақстан Республикасында бюджетке салықтық түсімдерді болжаудың есептеу әдістемесі мен орындалу механизмін талдау

2.1 Бюджетке салықтық түсімдерді болжаудың есептеу әдістемесі

Салықтық болжаудың негізгі мақсаты - бюджеттік тапсырмалардың сандық және сапалық көрсеткіштердің экономикалық негізділігін қамтамасыз ету және салықтық концепциялардың заңдық тәртібінде қабылданған ережелерден кейін елдің әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Бұл мәселенің орындалуы біржағынан қаржыны молайту (ағымдағы салықты жоспарлау) және келешектегі перспектива (салықтық болжау). Осымен байланысты салықтық жоспарлаудың тактикасы мен стратегиясы ерекшелінеді.

Бюджеттік кірістері ол мемлекеттік функциялардың орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді. Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады. Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайындаған белгілі мөлшерде және тағайындарған мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті төлемдер түсініледі.

Бюджет түсімдерінің негізін салықтар мен алымдар түрлерінде жұмылдыратын төлемдер құрайды. Республика аумағында орналасқан меншік және шаруашылық формаларынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар мен азаматтар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті төлемдер төлеуге тартылады. Салықтар, алымдар мен төлем төлеушілер, яғни заңды және жеке тұлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды уақытымен және толығымен төлеуге жауапкершіліктері тағайындалады.

Бюджетке салықтық түсімдерді болжаудың есептеу әдістемесін әр бір салық бойынша жеке тоқталамыз.

1.1Корпоративтік табыс салығы бойынша, мұнай секторы ұйымдарынан түсетін корпоративтік табыс салығын қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша болжам бірнеше есептеулердің нұсқаларымен айқындалады. Бірінші нұсқа елдің әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік өлшемдер болжамына, корпоративтік табыс салығының орташа тиімді ставкасына сәйкес жалпы қосылған құнның болжамды көлеміне негізделген және мынадай формула бойынша анықталады.

Рр=Vр * S , мұнда

S= Ресеп/ Vесеп *100%

Рр - жоспарлы кезеңге арналған корпоративтік табыс салығының сомасы

Vр – жоспарлы кезеңге арналған мұнайға жатпайтын сектордың жалпы қосылған құнының көлемі

S - орташа тиімді ставка

Ресеп - есепті кезеңдегі корпоративтік табыс салығының сомасы

Vесеп – есепті кезеңдегі мұнайға жатпайтын сектордың жалпы қосылған құн көлемі

Екінші нұсқа бойынша республикалық мониторингке жататын ірі салық төлеушілер бөлінісінде корпоративтік табыс салығының есептелген және төленген сомасы туралы ақпарат, салық декларациялары бойынша жылдық қайта есептеулердің нәтижелері пайдаланылады. Осы нұсқа бойынша болжамның есептеу негізіне ағымдағы жыл бойынша ірі салық төлеушілерден салықтың түсімін күтілетін бағалау және ағымдағы жылдың есепті кезеңінде салық түсімдерінің жалпы көлемінде ірі салық төлеушілерден корпоративтік табыс салығының түсу үлесі. Бұл ретте салықтың күтілетін түсімінен жүйелік сипаттағы емес және өндірістік қызметке тәуелді емес біржолғы төлемдер, атап айтқанда уақытша факторлардың (бағаның ауытқуы, құрылымдық өзгерістер) есебінен алынған жылдық қайта есептеулердің ірі мөлшері және тексеру актілері бойынша жете есептелген сома алып тасталады.

Болжамдау үшін ірі салық төлеушілерден салықтардың жылдық күтілетін түсімінің есебі мынадай формуламен жүргізіледі:

Ркүт = (Ресеп – Рбірж)/Мфакт*12, мұнда

Ркүт - ағымдағы жыл бойынша салықтың күтілетін түсімі

Р есеп - ағымдағы жылдың салық кезеңінде салықтың түсімі

Мфакт - ағымдағы жылдың есепті кезеңіндегі айлардың саны

Тұтастай алғанда республика бойынша корпоративтік табыс салығы түсімдерінің болжамды сомасының есебі мынадай формула бойынша анықталады:

PP =Pкүтфакт * 100% *Vқарқ/100%, мұнда

Pp - корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы

Pкүт-ағымдағы жыл бойынша ірі салық төлеушілерден салықтың күтілетін түсімі

Дфакт - түсімдердің жалпы көлемінде ірі салық төлеушілерден салықтың түсі үлесі, пайызбен

Vқарқ – жоспарлы кезеңге арналған мұнайға жатпайтын сектордың жалпы қосылған құнының өсу қарқыны

1.2. Мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына корпоративтік табыс салығының түсу болжамы.

Корпоративтік табыс салығы бойынша болжамның есебі мұнай секторының барлық ұйымдары бойынша, оның ішінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында жасалған өнімді бөлу туралы келісімге, сондай-ақ салық режимі сақталатын келісімшартқа сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар бойынша жүргізіледі.

Есептеу негізінде мынадай көрсеткіштер пайдаланылады: мұнайды, газ конденсатын өндіру көлемі, мұнайға (Brent маркасы) әлемдік баға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік өлшемдер болжамдарына сәйкес АҚШ долларына шаққанда теңгенің бағамы және салық заңнамасында көзделген ставкалар.

Мұнай секторы ұйымдары бойынша корпоративтік табыс салығының болжамды сомасының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:

PNp= (Vp*Zr-W)*S, мұнда

PNp - корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы

Vp - мұнайды, газ конденсатын жеткізу көлемі

Zr – сатудың болжамды орташа бағасы

W - салық заңнамасында көзделген шегерімдер

S - салық ставкасы (20% - «Теңізшевройл» ЖШС бойынша және қызметін өнімді бөлу туралы келісім бойынша жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша жалпы белгіленген ставка – 30%)

Мұнайды, газ конденсатын сатудың орташа бағасын анықтау кезінде мұнайға әлемдік баға АҚШ долларына шаққанда теңгенің болжамды бағасына және баррельді тоннаға ауыстыру коэффицентіне қайта есептеледі – 7,5.

Төлем көзінен ұсталатын резидент және бейрезидент заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығының болжамын есептеу салықтың түсу серпініне, ағымдағы жылда салықтың күтілетін түсімінің бағалауына сүйене отырып жүзеге асырылады. Болжамды есептеу үшін салықтың күтілетін түсімінен жүйелік сипаты жоқ біржолғы төлемдер (тексеру нәтижелері бойынша жете есептеулер, қате есептелген сома және т.б.) алынып тасталады.Салық болжамының есебі мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

PP =PO* Iц /100%* D /100%* К /100% , мұнда

Рp – корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы

Рo – ағымдағы жылда салықтың күтілетін түсімі

Iц – мұнайға әлемдік бағаның өсу/төмендеу қарқыны

D – мұнайды өндірудің өсу/төмендеу қарқыны

К - АҚШ долларына шаққанда теңге бағамының өсу/төмендеу

қарқыны

2.Жеке табыс салығы. Төлем көзінен алынатын кірістерге жеке табыс салығы.

2.1Төлем көзінен салық салынатын кірістерге жеке табыс салығының есептеулерінде пайдалану үшін кірістердің болжамды көлемін анықтау кезінде негізге еңбекақы төлеу қоры бойынша есепті статистикалық деректер қабылданады, олар содан кейін өткен жылда немесе ағымдағы жылдың бағалауы бойынша қалыптасқан жалақы қорының өзгеру қарқынына түзетіледі не ЖІӨ болжамды өзгеру қарқынына түзетіледі. Сондай-ақ жоспарлы кезеңге арналған жалақының болжамды қорын анықтау жөнінде басқа көзқарастар пайдаланылуы мүмкін. Бірінші нұсқа. Төлем көзінен салық салынатын кірістерден жеке табыс салығының болжамын есептеу негізіне Салық кодексіне сәйкес жоспарлы кезеңге арналған салық салынатын табыс мөлшері мен ставка алынады. Салық салынатын табыс мөлшері табыстың болжамды көлемінен барлық қызметкерлерге есептелген ең аз еңбекақы, міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін және салық заңнамасына сәйкес берілетін жеңілдіктер мен шегерімдердің сомасын шегеру жолымен мынадай формула бойынша анықталады:

Odox = D – Popv – (MZP * CHrab) – L

Odox – болжамдалатын салық салынатын табыс мөлшері

D – кірістің болжамдалатын көлемі

Popv – міндетті зейнетақы жарналары

MZP – ең төменгі жалақы

CHrab – жұмыс істейтін адамдардың саны

L – жеңілдіктер мен басқа шегерімдер

Төлем көзінен салық салынатын кірістерден жеке табыс салығының болжамы мынадай формула бойынша анықталады:

Pip = Odox * Fipn, мұнда

Pip – жеке табыс салығының болжамды сомасы

Odox – болжамдалатын салық салынатын табыс мөлшері

Fipn – жеке табыс салығының ставкасы

Екінші нұсқа. Жалақы қорының және алдыңғы жылдағы немесе ағымдағы жылдың есепті кезеңіндегі жеке табыс салығы түсімдерінің көлеміне сүйене отырып, мынадай формула бойынша қалыптасқан салықтың орташа тиімді ставкасын анықтау қажет:

S= Pесеп / OD*100%, мұнда

S - орташа тиімді ставка

Pесеп - есепті кезеңде төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының сомасы , OD - есепті кезеңдегі кіріс көлемі

Төлем көзінен ұсталатын кірістерден алынатын жеке табыс салығының болжамы салық төлеушілердің кірістерінің болжамдалатын өсу қарқынына түзетілген ағымдағы жылғы кірістің күтілетін көлемінің және мынадай формула бойынша орташа тиімді ставканы қолдану негізінде анықталады:

PIP= ODOХфзп/100% * S , мұнда

PIP – төлем көзінде табыс салығының болжамды сомасы;

ODOХ – ағымдағы жылда кірістің күтілетін көлемі

Тфзп – жоспарланатын жылы еңбекақы қорының өсу қарқыны

S – орташа тиімді ставка

Бағдарға алу үшін бір уақытта ағымдағы жыл бойынша және бірқатар жылдарда түсімнің серпіні негізінде салықтың күтілетін және болжамдалатын түсу есебін жүргізу қажет. Болжамды есептеу кезінде салықтың күтілетін түсімінен жүйелік сипаты жоқ біржолғы төлемдерді (тексеру нәтижелері бойынша жете есептеулер, қате есептелген сома және т.б.) алып тастаған жөн.

2.2.Төлем көзінен ұсталмайтын кірістерден алынатын жеке табыс салығын болжамдау кезінде жеке кәсіпкердің кірісі, мүліктік және өзге кірістер, адвокаттар мен жеке нотариустардың кірістері бойынша есепті кезеңдегі салық декларацияларының деректерін пайдаланған жөн. Бірінші нұсқа. Төлем көзінен ұсталмайтын кірістерден жеке табыс салығын есептеу кірістердің сомасына азайтылған төлем көзінен ұсталмайтын болжамдалатын кіріс сомасына (адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда) және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген салық шегерімдерінің сомасына ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Төлем көзінен ұсталмайтын кірістерден жеке табыс салығының болжамдалатын сомасы мынадай формула бойынша анықталады:

PP= ODOХ*(100+I)/100%*S, мұнда

PP-төлем көзінен ұсталмайтын кірістерден табыс салығының болжамдалатын сомасы , ODOХ - ағымдағы жылда күтілетін салық салынатын табыс, I - пайызбен инфляция деңгейі, S - салық ставкасы

Екінші нұсқа. Төлем көзінен ұсталмайтын кірістерден жеке табыс салығының болжамы алдыңғы жылдардағы түсімдердің серпінін талдау, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін ескере отырып ағымдағы жыл бойынша салықтың түсімін бағалау негізінде есептеледі.

2.3.Қызметін біржолғы талондар бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығын болжамдау кезінде, жергілікті атқарушы органдардың өңір аумағында біржолғы талон негізінде қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардың саны және жергілікті өкілдік органдардың шешімімен белгіленетін біржолғы талондардың құны туралы деректерін пайдалануға ұсыным беріледі. Көрсетілген салықтар бойынша алдағы жылға арналған болжам бірқатар жылдарда салықтардың түсу серпінін талдау, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін ескере отырып ағымдағы жыл бойынша түсімдерді бағалау негізінде есептеледі.

3.Әлеуметтік салық. Әлеуметтік салықтың есептеулерінде пайдалану үшін кірістердің болжамды көлемін анықтау кезінде жалақы қоры бойынша есепті статистикалық деректер негізге алынады, олар кейін алдыңғы жылда немесе ағымдағы жылдың бағалауы бойынша қалыптасқан жалақы қорын өзгерту қарқынына түзетіледі не ЖІӨ өзгертудің болжамды қарқындарына түзетіледі. Сондай-ақ жоспарлы кезеңге арналған жалақының болжамды қорын анықтау жөніндегі басқа да көзқарастар пайдаланылуы мүмкін.

Бірінші нұсқа. Әлеуметтік салық болжамын есептеу негізіне жоспарлы кезеңге арналған салық салынатын кірістің мөлшері және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды ескере отырып Салық кодексіне сәйкес ставка қабылданады. Салық салынатын кіріс мөлшері кірістердің болжамдалатын сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын және салық заңнамасына сәйкес ұсынылатын шегерімдерді шегеру жолымен мынадай формула бойынша анықталады:

Odox = D – Popv – (MZP * CHrab) – L

Odox – болжамдалатын салық салынатын кірістің мөлшері

D – кірістің болжамдалатын көлемі

Popv – міндетті зейнетақы жарналары

L – жеңілдіктер мен басқа шегерімдер

Әлеуметтік салық болжамы мынадай формула бойынша анықталады:

Pip = Odox * Fipn, мұнда

Pip – әлеуметтік салықтың болжамдалатын сомасы

Odox – болжамдалатын салық салынатын кірістің мөлшері

Fipn – әлеуметтік салық ставкасы

Екінші нұсқа. Кірістің іс жүзіндегі және есепті кезеңде есептелген әлеуметтік салық мөлшеріне сүйене отырып, мынадай формула бойынша көрсетілген кезеңде салықтың орташа тиімді ставкасын анықтау қажет:

S= CF/ OD*100%, мұнда

S – салықтың орташа тиімді ставкасы

CF есепті кезеңде іс жүзінде түскен әлеуметтік салық сомасы

OD – есепті кезеңде кірістің іс жүзіндегі көлемі.

Содан кейін салық төлеушілердің салық салынатын кірісінің күтілетін өсімін, орташа ставканы қолдануды ескере отырып ағымдағы жылда салықтың күтілетін көлемі анықталады. Әлеуметтік салық болжамы салық төлеушілер кірістерінің болжамдалатын өсу қарқынына түзетілген ағымдағы жылда күтілетін кіріс көлемінің және мынадай формула бойынша орташа тиімді ставканы қолдану негізінде анықталады:

CP= ODOХфзп/100%*S, мұнда

CP – әлеуметтік салықтың болжамдалатын сомасы

ODOХ – ағымдағы жылда кірістің күтілетін көлемі

Тжтқ – жоспарланатын жылы жалақы қорының өсу қарқыны

S – орташа тиімді ставка

Бір уақытта бағдар үшін ағымдағы жыл бойынша және бірқатар жылдар үшін түсімнің серпіні негізінде салықтың күтілетін және болжамды түсімінің есебін жүргізу қажет. Болжамды есептеу кезінде күтілетін салық түсімінен жүйелік сипаты жоқ біржолғы төлемдерді (тексеру нәтижелері бойынша түгел есептеулер, қате есептелген сома және т.б.) алып тастаған жөн.

4. Мүлік салығы.

4.1. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық бойынша болжамды анықтау кезінде мынадай нұсқалар пайдаланылады.

Бірінші нұсқа. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық бойынша болжам Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ғимараттардың, құрылыстардың, тұрғын үй құрылыстарының, үй-жайлардың, сондай-ақ есепті кезеңде заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің Қазақстан Республикасының аумағындағы жермен тығыз байланысты және негізгі құралдар немесе есепті кезеңде заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің жылжымайтын мүлкіне инвестициялар болып табылатын өзге құрылыстардың құны туралы деректерінің негізінде есептеледі. Салық салынатын объектілердің құнын анықтау үшін объектілердің жалпы құнынан салық салу объектілері болып табылмайтын объектілердің құны және мүлікке салынатын салық төлеушілері болып табылмайтын заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер объектілерінің құны алынып тасталады. Объектілердің салық салынатын құны ұйғарылатын қайта бағалау коэффициентіне түзетіледі және салық заңнамасына сәйкес салық ставкасын ескере отырып мынадай формула бойынша есептеледі:

UP= (VOF*I/100%)*S, мұнда

UP – мүлікке салынатын салықтың болжамды сомасы

VOF – салық салуға жататын объектілердің орташа құны

I – негізгі құралдар құнының болжамды өсу қарқыны

S – салық ставкасы

Екінші нұсқа бойынша заңды тұлғалар бойынша жеке және жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар бойынша жеке есепті кезеңнің аяғында салық декларацияларының Қазақстан Республикасының аумағындағы жермен тығыз байланысты және негізгі құралдар немесе есепті кезеңде заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің жылжымайтын мүлкіне инвестициялар болып табылатын өзге құрылыстардың қалдық құны туралы деректері пайдаланылады. Мүлікке салынатын салықтың болжамды сомасы заңды тұлғалар бойынша жеке және Салық кодексіне сәйкес тиісті ставкаларды қолдана отырып бірінші нұсқа бойынша формулаға ұқсас арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бойынша жеке есептеледі.

Үшінші нұсқа бойынша болжам бірқатар жылдардағы түсімдер серпінін талдауға, салық салынатын базадағы ұйғарылатын өзгерістерге және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерінің өлшемдеріне түзетілген ағымдағы жыл бойынша түсімді бағалауға сүйене отырып анықталады. Салық түсімдерінің болжамды сомасының есебі мынадай формула бойынша анықталады:

UP =UO*(100+Iц)/100% , мұнда

Up – мүлікке салынатын салықтың болжамды сомасы

Uo – ағымдағы жылда күтілетін салық түсімі

Iц – инфляция деңгейі

4.2Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық бойынша болжам бірқатар жылдардағы түсімдер серпінін талдауға, салық салынатын базадағы ұйғарылатын өзгерістерге және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерінің өлшемдеріне түзетілген ағымдағы жыл бойынша түсімді бағалауға сүйене отырып анықталады. Түсімдердің болжамды сомасының есебі мынадай формула бойынша анықталады:

UP =UO*(100+Iц)/100% , мұнда

Up – мүлікке салынатын салықтың болжамды сомасы

Uo – ағымдағы жылда күтілетін салық түсімі

Iц – инфляция деңгейі

5. Жер салығы. Бірінші нұсқа Жер салығын болжамдау үшін мынадай ақпаратты пайдалану қажет:

- жер ресурстарын басқару комитеттері ұсынатын санаттар бойынша жер алаңы;

- бонитет балдарына барабар топырақтың сапасы мен түрлері бойынша сараланатын базалық салық ставкалары;

- салық органдарына берілетін декларациялардың деректері.

Жер салығын болжамдау кезінде салық заңнамасында көзделген жеңілдіктер ескеріледі. Болжамдалатын салық түсімінің есебі мынадай формула бойынша анықталады: ZP= S*BS*K, мұнда

ZP – жер салығының болжамдалатын сомасы;

S – жер учаскесінің алаңы;

BS – әр санат бойынша салықтың орташа базалық ставкасы;

К __ заңнамаға сәйкес жекелеген төлеушілер үшін коэффициент.

Жергілікті өкілді органдар Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерлерді аймақтарға бөлі жобаларының негізінде автотұраққа, автомайқұю станцияларына бөлінген (оқшауландырылған) және сауықханалар алып отырған жерлерді қоспағанда, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер, елді мекендер (үй маңындағы жер учаскелерін қоспағанда), елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп үшін белгіленген жер салығы базалық ставкасының 50 пайызынан асырмай жер салығының ставкасын төмендетуге немесе арттыруға құқығы бар екендігін ескерген жөн. Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығын жеке төмендетуге немесе арттыруға тыйым салынады. Екінші нұсқа. Жер салығының түсу серпініне сүйене отырып, ағымдағы жылда салықтың күтілетін түсімін бағалау жүргізіледі. Болжамды есептеу үшін салықтың күтілетін түсімінен жүйелік сипаты жоқ біржолғы төлемдер алып тасталады (тексеру нәтижелері бойынша түгел есептеулер, қате есептелген сома және т.б.). Салық болжамының есебі мынадай формула бойынша жүзеге асырылады: ZP =ZO*(100+Iц)/100%, мұнда

Zp – жер салығының болжамды сомасы

Zo – ағымдағы жылда салықтың күтілетін түсімі

Iц – инфляция деңгейі

6. Көлік құралдарына салынатын салық. Көлік құралдарына салынатын салық бойынша болжамды анықтау кезінде мынадай нұсқалар пайдаланылады.

Бірінші нұсқа бойынша көлік құралдарына салынатын салық болжамы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарынан алынатын түрлері, қозғалтқыштардың көлемі бойынша топтары, жүк көтергіштігі, отыру орындары бөлінісінде көлік құралдарының саны туралы мәліметтердің негізінде тікелей шот бойынша есептеледі, олар көлік құралдары иелерін толық есепке алуды қамтамасыз етеді . Бұл ретте көлік құралдарының жалпы санынан салық заңнамасына сәйкес жеңілдіктер берілетін заңды және жеке тұлғаларға көлік құралдары алып тасталады. Автокөлік құралдарының әрбір түрі және тобы бойынша салық сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:

TP= VT*МРП*S*K/1000, мұнда

TP - көлік құралдарына салынатын болжамды салық сомасы

VT - салық салынатын көлік құралдарының саны

АЕК - жоспарлы жылға арналған айлық есептік көрсеткіш мөлшері

S - салық ставкасы

K - пайдалану мерзіміне қарай түзету коэффициенті.

Екінші нұсқа бойынша болжам бірқатар жылдардағы түсімдер серпінін талдауға, салық салынатын базадағы ұйғарылатын өзгерістерге және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерінің өлшемдеріне түзетілген ағымдағы жылдың күтілетін түсімін бағалауға сүйене отырып анықталады. Салық түсімдерінің болжамды сомасының есебі мынадай формула бойынша анықталады: ТP O*(100+Iц) / 100%, мұнда

Тp – көлік құралдарына салынатын болжамды салық сомасы

Тo – ағымдағы жылда күтілетін салық түсімі

Iц –инфляция деңгейі

7. Бірыңғай жер салығы . Бірыңғай жер салығын болжамдау ағымдағы жылдағы күтілетін салық түсімінің негізінде жүргізіледі. Бірқатар жылдардағы және ағымдағы жыл бойынша бірыңғай жер салығының түсу серпініне сүйене отырып, ағымдағы жылда күтілетін салық түсімін бағалау жүргізіледі. Болжамды есептеу үшін күтілетін салық түсімінен жүйелік сипаты жоқ біржолғы төлемдер (тексерулер нәтижелері бойынша түгел есептеулер, қате есептелген сома және т.б.) алып тасталады. Бірыңғай жер салығының болжамын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады :

EZP =EZO*(100+Iц)/100%, мұнда

EZp – бірыңғай жер салығының болжамды сомасы

EZo – ағымдағы жылда салықтың күтілетін түсімі

Iц - инфляция деңгейі

8. Қосылған құн салығы.

8.1.Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы бойынша болжамның есебі елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік өлшемдер мен орташа тиімді ставкаға сәйкес жалпы ішкі өнімнің көлеміне негізделген.Қосылған құн салығы бойынша болжам мынадай формула бойынша анықталады: Np=Wр * S - Xр,

S= (Nотчето)/ Wотчет *100%, мұнда

Nр- жоспарлы кезеңге арналған қосылған құн салығының сомасы

Wр- жоспарлы кезеңге арналған жалпы ішкі өнімнің көлемі

S – орташа тиімді ставка

Nесеп – есепті кезеңдегі қосылған құн салығының сомасы

Wесеп – есепті кезеңдегі жалпы ішкі өнімнің көлемі

Xо – есеп бойынша ҚҚС қайтару сомасы

Xр – ҚҚС болжамды сомасы.

Қосылған құн салығын болжамда укзінде есепті кезеңдегі қосылған құн салығын қайтару мөлшері туралы және қайтаруға жататын соманың ұйғарылатын өзгерістер туралы мәліметтерді пайдалану қажет.

8.2. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша болжам мынадай формула бойынша есепті кезеңде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және елдің бюджеттік өлшемдеріне және импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының орташа тиімді ставкасына сәйкес алдағы жылға арналған импорттың болжамды көлемінің негізінде есептеледі: Nip= Vi* S, S=Nесеп/ Vесеп * 100%, мұнда

NIP – импортталатын тауарларға салынатын қосымша құн салығының болжамдалған сомасы

Vi – жоспарлы кезеңге импорт көлемі

S – салықтың орташа тиімді ставкасы

Nесеп - есепті кезеңде импортталатын тауарларға салынатын қосымша құн салығының сомасы

Vесеп - есепті кезеңге импорт көлемі

9.Акциздер.

9.1. Бірінші нұсқа. Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарларға акциздер бойынша болжамды есептеу негізіне акцизделетін тауарлар өндірісінің жоспарлы кезеңге арналған көлемі жөніндегі мәліметтер мен Салық кодексінде белгіленген ставкалар қабылданады. Өндірістің болжамды көлемі әлеуметтік-экономикалық даму болжамының макроэкономикалық көрсеткіштеріне және қолданыстағы және жаңадан енгізілетін қуаттардың болуын, акцизделетін өнім шығаратын кәсіпорындардың жүктелу пайызын ескеретін бюджеттік параметрлерге түзетілген акцизделетін өнімді шығарудың іс жүзіндегі көлемін негізге ала отырып анықталады. Әрбір тауар түрі бойынша акциз түсімінің болжамды сомасы мынадай формуламен есептеледі:

Ар = V*S, мұнда

Ар – акциздің болжамды сомасы

V – акцизделетін өнім өндірудің болжамды көлемі;

S – акциз ставкасы.

Екінші нұсқа. Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарларға акциздер бойынша болжамды есептеу үшін акцизделетін өнімнің бірнеше жыл ішінде өндірілген көлемі жөніндегі деректер қолданылады, яғни, өндірістің қайта бейінденуі, лицензияны қайтарып алу және т. б. сияқты факторлардың әсерін есепке алына отырып, өндіруші кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын пайдаланудың нақты мүмкіндіктері қарастырылады. Әрбір тауар түрі бойынша акциз түсімінің болжамды сомасы мынадай формуламен есептеледі:

Ap = Vср*S

Vср=(V1+V2+…Vn+1)/n, мұнда

Ap - акциздің болжамды сомасы

Vор - акцизделетін өнімнің бірнеше жыл ішінде өндірілген орташа көлемі , S - акциз ставкасы, Vор - акцизделетін өнімнің бірнеше жыл ішінде өндірілген орташа көлемі , Vор-V1, V2, Vn+1- жылдар бойынша өндіріс көлемі, N - жылдар саны.

9.2. Импортталатын тауарларға акциздер бойынша болжамды есептеу негізінде импорт көлемінің көрсеткіші Салық кодексі бекіткен елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлеріне сәйкес пайдаланылады.Импортталатын тауарларға акциздердің болжамды түсімінің мөлшері мынадай формуламен айқындалады: Ар=S*Vи, S=Аотч / Vотч, мұнда

Ap - акциздің болжамды сомасы

S - орташа тиімді ставка

Vи - жоспарлы кезеңге арналған импорт көлемі

Аесеп – есепті кезеңге акциз сомасы

Vесеп– есепті кезеңге импорт көлемі

10.Үстеме пайдаға салынатын салық.

Үстеме пайдаға салынатын салықты болжау мұнай өндіретін кәсіпорындар мен басқа да жер қойнауын пайдаланушылар бойынша жеке жүргізіледі. Үстеме пайдаға салынатын салықты болжамын есептеу салық түсімінің, ағымдағы жылғы күтілетін салықты бағалау серпініне байланысты жүргізіледі. Күтілетін салық түсімдерінен болжамды есептеу үшін жүйесіз сипаттағы бір реттік төлемдер сомасы алынып тастайды (тексеру нәтижелері бойынша түгел есептеулер, қателесіп есептеген сомалар және т.б.) Салықты есептеу есепті жылдағы салық сомасының негізінде және тиісінше мұнай және мұнай емес секторлардың жалпы қосылған құн көлемдерінің болжамды өзгеруіне түзетулерді ескере отырып жүргізіледі. Болжам кезінде сондай-ақ бір реттік (жүйесіз) сипаттағы төлемдер сомасын қоспағанда өткен кезеңдердегі нақты салық түсімдерінің серпінін ескеру қажет.