Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Нурсултан.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
07.09.2019
Размер:
745.98 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе........................................................................................................................5

1.Бюджетке салықтық түсімдерді болжаудың теориялық негіздері

1.1 Бюджеттің әлеуметтік-экономикалық мазұны мен мәні................................7

1.2Салықтық болжаудың экономикалық мәні және қажеттілігі .......................15

1.3 Бюджетке салықтарды мемлекеттік болжау әдістемесі................................23

2.Қазақстан Республикасында бюджетке салықтық түсімдерді болжаудың есептеу әдістемесі мен орындалу механизмін талдау

2.1 Бюджетке салықтық түсімдерді болжаудың есептеу әдістемесі................33

2.2Қазақстан Республикасында бюджетке салықтық түсімдер болжамының орындалуын талдау...................................................................................................43

2.3 Бюджет-салық саясатының болжауларының негізгі бағыттары....................52

3. Бюджетке салықтық түсімдерді болжауда кездесетін мәселелер және оны шешу жолдары мен дамыту бағыттары.....................................................60

Қорытынды..............................................................................................................70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................72

Кіріспе

Тақырыптың көкейтестілігі. Салықты болжау жалпы алғанда салық салуды тиімді етуді, салық төлемдерін кемелдендірудің жағдайлы схемаларын әзірлеуді, түрлі басқарушылық шешімдердің салықтық салдарын уақытылы талдау үшін салық салуды ұйымдастыруды білдіреді. Салықты жоспарлау аясында салық төлемдерін жоспарлау кәсіпорынға қолда бар ресурстарын тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді. Салық салу өзінің экономикалық табиғатында ұдайы өндірісті ынталандыру болып табылады. Демек салық салу арқылы өндірістің дамуын ынталандыра отырып республикалық бюджеттің кіріс базасын кеңейтеміз. Осымен байланысты бюджетке салықтық түсімдерді болжау,  салықтық  ынталандыруды  жетілдіру  бойынша зерттеулер біздің еліміздің елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтып өткендей Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы үшін ерекше өзекті мәселе болып табылады [2].

Қазіргі таңда салықтық түсімдерді болжау өте маңызды мәселе болып табылады. Салықты басқару жаңа жүйесінде өкінішке орай болжау мен жоспарлау функциясы салық қызметі органдарымен жүргізілмейді. Салық органдары болжамды көрсеткіштерді өңдеуге қосылмайды.

Басқару жүйесінде салықтық болжау мен жоспарлау процесін реттеу элементі алмастырады. Салықтық реттеушілігі шаруашылық өмірге көпжақты ықпал етеді. Қаржы шаруашылық қызметінің бөлек сфераларының салықтық реттеу, бюджет кірістерін реттеуден өзгешеленеді. Салықтық реттеу сферасында, салық ставкаларын оңтайландырудың маңызы зор. Бұл процестің теориялық мағынасы болып салықтық фискалды және реттеуші функциялары арасында белгілі бip тепе-теңдік орнату. Сондықтан олардың басымдығы тәжірибеде өте маңызды. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып, жыл сайын жылжымалы негізде әлеуметтік экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын әзірлейді, ол жергілікті атқарушы органның шешімімен мақұлданады. Бұл болжам мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде өңірдің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, үрдістері мен басымдықтарын бюджеттік параметрлердің үш жылға арналған болжамын қамтитын құжат болып табылады.

Жалпы мемлекетік салықтық жоспарлау мен болжаудың мақсаты, бюджет - жалпы мемлекеттік орталықта салық төлеушілердің салықтарының жалпы қаржы ресурстардың ішінде анықтау. Бұл ресурстарда жоспарлауда басқару органдары мүмкіншілігінше жоғарғы деңгейде алуды жасауға бағытталады.

Салықтық жоспарлау мен болжау мемлекеттік салық менеджментінің базалық элементі болып табылатын. Жоспарлау мен болжаудың негізгі міндетті экономикалық тұрғыдан тапсырмалар мен бағдарламалардың сандық және сапалық параметрлерімен қамту. Аталмыш міндет бip қаржылық жылда есеп айырысуда ғана емес, сонымен қатар болашақ перспективаға орындалады (салықтық болжау). Осыған байланысты салықтық жоспарлаудың тактикасы мен стратегиясын бөледі. Салық бойынша ағымдағы бюджеттік тапсырмаларды өңдеу кезінде және тоқсандық салық түсімдері анықтаған кезде тактикалық тапсырмалар шешіледі. Олардың шешімі салық салудағы стратегиялық мақсаттарды зерттеу мен нақтылау үшін құқықтық өpic туғызады.

Бұл жағдайда салықтық болжауды ғылыми зерттеулер нәтижелеріне және ағымдағы салықтық міндеттемелерді орындау кезінде алынатын аналитикалық мәліметтерге негізделеді. Мұндай мәліметтерді жинау мен өңдеу арқылы ағымды жылдағы салық салудың оң немесе тepic көрініс және оның инвестициялауға ықпалын салалардағы құрылымдық өзгерулерлер мен территориялардық, корпороциялардың және азаматтар кірістерінің қатынасы туралы талдау жасауға болады. Стратегиялық салықтық жоспарлау (болжау) басқарудың теориясы мен практикасында маңызды орын алады. Ол әлемнің барлық алдыңғы қатарлы елдерінде экономикалық көріпкелдеу әдісі ретінде қолданады. Қазіргі таңда салық ғылымы бюджетке түсетін түсімдер көлеміне жоспарлаудың арнайы әдістемелерін құрастыру өзекті мәселе болып отыр, сондықтан менің дипломдық жұмысымның өзектілігін осы мәселелер айқындайды. Осыған байланысты дипломдық жұмыстың мақсаты: бюджетке салықтық түсімдерді болжауды теориялық тұрғыда негіздеу және салықтық түсімдердің орындалуы бойынша практикалық мәліметтермен зерттеп, жетілдіру жолдарына ұсыныстар жасау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:

Бюджеттің әлеуметтік-экономикалық мәнін ашу;

Салықтық болжаудың экономикалық мәні мен қажеттілігін анықтау;

Бюджетке салықтық түсімдерді болжауды есептеудің тәсілдерін зерделеу;

Республика мысалында бюджетке салықтық түсімдердегі болжаудың орындалуын талдау; бюджет-салық саясаты болжауларының негізгі бағыттарын негіздеу; Бюджетке салықтық түсімдерді болжауды болашақта тиімді ұйымдастыру мен дамыту жолдарына ұсыныстар әзірлеу.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы мыналардан көрінеді:

Салықтық болжаудың экономикалық мәні мен қажеттілігін анықталды;

Бюджетке салықтық түсімдерді болжауды есептеу тәсілдері негізделді;

Бюджет-салық саясаты болжауларының негізгі бағыттары нақтыланды.

Зерттеудің пәні ретінде Қазақстан Республикасының бюджет-салық жүйесінің қызмет етуіндегі бюджетке салықтық түсімдерді болжауды ұйымдастыру барысында пайда болатын экономикалық қарым-қатынастар қарастырылады.

Зерттеудің объектісі ретінде ҚР бюджет-салық жүйесінің салықтық түсімдерді болжаудың қызмет ету механизмі алынған.

Зерттеудің әдістемелік негіздері. ҚР Салық комитетінің нормативтік құжаттары, ғылыми конференциялар мен қазақстандық ғалымдардың еңбектері, ресейлік оқу құралдары, әлемдік интернет торабынан алынған мәліметтер мен мақалалар зерттеудің арқауы бола отырып, бюджетке салықтық түсімдерді болжаудың жүзеге асырылуын зерттеуге және талдауға ықпал етті.