Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Нурсултан.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
07.09.2019
Размер:
745.98 Кб
Скачать

1.Бюджетке салықтық түсімдерді болжаудың теориялық негіздері

1.1 Бюджеттің әлеуметтік-экономикалық мазмұны мен мәні

Әрбір мемлекеттің экономикасын орташа статистикалық табыстары бар отбасымен салыстыруға болады. Кірісті табатын – әкесі, шығындарды жұмсайтын және отбасының қажеттіліктеріне сәйкес жалақыны қайта бөлетін – анасы, уақытша ата-аналарының есебінен өмір сүретін және жастары мен қызығушылықтарына қарай белгілі шығындарды талап етіп қана қоймай, мүмкіндігінше, сонымен қатар табыстар табатын – балалары бар отбасымен салыстыруға болады. Әрине, кез-келген есті ана өз отбасының қажеттіліктеріне және нақты жағдайларына байланысты қаражаттарды мағыналы шығындайды. Мемлекеттік экономикада да дәл осылай болады. Мемлекеттік қазынаға төлейтін салық түрінде кірістер әкелетін әр түрлі кәсіпорындар мен жұмысшылар, яғни, шаруашылықты жүргізетін субъектілер бар. Үкімет өз кезегінде халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру және тұрақты өсуін қамтамасыз ету мақсатымен ақшаны әлеуметтік - денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, инвестициялық тар-

тылымдарды – жол құрылысына, кластерлік бастамаларды дамытуға, қаржыландыруды агроөнеркәсіптік секторына және басқа да секторларға бөлді. Өз кезегінде аталған шығындар кейбір жағдайларда ересек балалар секілді қосымша кірістер әкелулері мүмкін, сонымен қатар, мүлде шығынды болуы да ғажап емес. Мемлекет деңгейіндегі экономика адамдардың, яғни, салық төлеушілердің, азаматтардың ерекше тауарлы – ақшалай қарым – қатынастарының кешені болып табылады.

Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа үлгісінің әрбір деңгейі – бұл өз алдына бағдарламалық дербес құжат ретінде анықталады. Яғни, негізінде, бағдарламалық құжаттар енді мемлекет билігінің орталық органдары - Министрліктер мен ведомстволықтардың стратегиялары мен жоспарлары емес, сонымен қатар қоғамдық – саяси өмірдің жеке салаларының немесе объектілерінің даму стратегиясы, және де, реформасы аясында оларға көбірек дербестік пен жауапкершілік берілетін жергілікті орындаушы органдардың стратегиялары. Осылайша, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың есебімен республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуы мен бюджет өлшемінің болжауы, ал жергілікті деңгейде-аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуы мен бюджеттің өлшемі әзірленеді.

Бюджеттік өлшемдердің болжамы, алдағы кезеңде бюджет қандай болу керек, құрамында салықтық бюджет саясатының негізгі бағыты бар, республикалық немесе аймақтық па, мемлекет және республикалық бюджеттің, Ұлттық қордың, біріккен бюджеттің немесе сәйкес жергілікті бюджеттің болжамы; бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерібойынша болжанатын көлемдер. Бюджет өлшемінің болжамы жоспарлы кезеңде индикативтік мінез танытады, яғни, бюджеттің мүдделік өлшемдерін анықтайды. Индикативтер кезекті жоспарлы кезеңге әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамын, бюджет мониторингі және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру құнын, басқа да ішкі және сыртқы факторларды өзгерту есебімен бюджеттік өлшемдер болжамын әзірлеу кезінде нақтылануы мүмкін. Өз кезегінде әлеуметтік- экономикалық дамудың болжамы бір жыл ішінде бірнеше рет анықталатындықтан Үкімет мәжілісінде мақұлданады.

Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттің немесе аймақтың бекітілген әлеуметтік-экономикалық болжауларының және бюджеттік өлшемдерінің негізінде мемлекеттік органдар стратегиялық жоспарлаудың жобасын үш жылға әзірлейді. Бұл кезде стратегиялық жоспарларды әзірлеу мемлекеттік органдардың барлығына ұсынылады, соның ішінде Жоғарғы Сот, Парламент, Конституциялық кеңес, Орталық сайлау комиссиясына және Президентпен анықталған тәртіп бойынша бекітіледі.

Үкімет құрылымына кіретін орталық мемлекеттік органның стратегиялық жоспары Үкіметпен бекітіледі. Президентке тікелей бағынышты және есеп беруші орталық мемлекеттік органның стратегиялық жоспары Президентпен

немесе оның өкілетті тұлғасымен бекітіледі. Жергілікті бюджеттен қаржыланатын орындаушы органның стратегиялық жоспарына сәйкес орталық мемлекеттік органның келісімімен сәйкес әкімшілікпен бекітіледі. Стратегиялық жоспар республикалық немесе аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуының немесе бюджеттік өлшемдерінің болжамымен

мақұлданған бюджеттік қаражаттар көлемі аясында әзірленеді.

Салықтық түсімдер – бұлар салықтың барлық түрлері бойынша өндірілген анықталған мөлшерде міндетті ақша төлемдері бюджетке, қайтарымсыз және ақысыз күйде түседі. Салықтық түсімдерге одан басқа да ҚР Салық кодексі белгілеген бюджетке түсетін міндетті төлемдер, алымдар, баждар кіреді. Салықтық түсімдер кірістердің негізгі бөлігін құрайды. Басқа да елдердегі сияқты, түсімнің осы түрі бюджеттік салық жүйесінің негізі болып табылады, себебі бұларсыз мемлекеттің өміршеңдігі және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мүмкін емес. Салықшыларды салықтар көмегімен жеке және заңды тұлғалардың қаржылары мобилизияцияланады және қайта бөлінеді. Дамыған елдердің орталық бюджетінде олардың үлесі 80-90% құрайды. Заң теориясы бойынша салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді.

Осы жерде айта кету керек Қазақстандағы жергілікті салықтар, Парламентте жалпы мемлекеттік салықтар секілді тәртіппен орналастырылады. Бір сөзбен айтқанда, салық түсімдерінің тізбесі (орташа деңгейде) Салық кодексімен, кейбір жергілікті салық түсімдерінің ставкалары мәслихаттармен анықталады. Кейбір елдердің салық жүйесінен айырмашылықтары бар, оларда салық жүйелерін жергілікті өкілетті органдар белгілейді. Қазақстанда жергілікті сипаттағы салықтардың жасалуы жергілікті бюджеттің негізгі табыс көзі болып табылады, ал жалпымемлекеттік салықтар, әрине республикалық бюджетке түседі. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты жəне оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік жəне муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады. Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем адамдардың субъективті қалауының (еркінің) нəтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғатымен жəне функцияларымен шарттасылған объективті қажеттігі.

Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен үйлесімдерін қамтамасыз етуге,оның салалық жəне аумақтық құрылымдарын жетілдіруге жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі əлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды.

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді жəне оларға сəйкес келетін материалдық-заттай іске асырылуы болады: бюджеттік қатынастар мемлекеттің орталықтандырыл ған ақшалай қорында – бюджеттік қорда затталынады. Мұның нəтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) үдерістер мемлекеттің жұмылдыратын жəне пайдаланатын ақша ағынында өзінің көрінісін табады.

Бюджеттік қор – бұл құндық бөліністің белгілі стадияларынан өткен жəне ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа əлеуметтік-мəдени қызмет көрсету, қорғаныс жəне басқару бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түскен қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігі қозғалысының объективті түрде шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану құнды бөлумен жəне қайта бөлумен байланысты құн қозғалысының үдерісін білдіреді.

Экономикалық қосалқы категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау жəне оны ұлғаймалы ұдайы өндіріспен қоғамдық қажеттіліктерді қанағат-тандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу жəне қайта бөлу үдерісінде мемлекетпен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.

Мемлекеттік бюджет тұтас алғанда мемлекет қаржысының функцияларына сəйкес функцияларды – бөлу жəне бақылау функцияларын қаржылардың ұдайы өндірістік тұжырымдаманың шеңберінде орындайды. Бұл функциялардың іс-əрекеті, мазмұны, мəні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған өзіндік айрықшалығымен айқындалды. Сонымен бірге қаржының жəне мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде: мемлекет қаржысының орналастыру (ресурстарды), қайта бөлу, тұрақтандыру қосалқы функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория жəне мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, əлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарау керек. Мəселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық үдерістер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары жəне т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады.

Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын қайта бөлгіштік үдерістер қарастырылады; негізгі қаржы жоспарының кірістері мен шығыстарының айрықшалықты баптары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастырудың көздері мен қорды пайдалану бағыттарын көрсетеді. Елдің негізгі қаржы жоспары мемлекеттің жоспарлы қызметінің жемісі болып табылады, онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелеп көрсететін мемлекеттің еркі білдірілген. Бюджет нақты кезеңге (əдетте, бір қаржы жылына жасалатын, ал 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджет үш жылға жасалды) бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржылық ресурстардың шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Парламенттің жыл сайын қабылдайтын республикалық бюджет туралы заңына сəйкес сөзсіз орындауға жатады.

Мемлекеттік бюджет- ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Бюджетке тəн құндылықтардың көрінуі, оны бөлу мен

бақылаудың құралы ретінде пайдалану мемлекет жасайтын бюджеттік механизмде бейнеленеді. Экономиканы реттеу үшін бюджеттік механизмді пайдалану қоғамдық өндірісті дамытудың қарқындары мен үйлесімдеріне əсер ете отырып, мемлекеттің қарамағына түсетін ақшаны оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономикамен инвестицияларды реттеудің жəне ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.

Бюджеттік қаржыландыру материалдық емес сферада оның жұмыс істеуі мен одан ары дамуының негізгі көзі болып табылады. Бұл сфера мекемелері мен ұйымдарының негізгі бөлігінің кірістерінің меншікті көздері болмайды. Ағартуға жəне денсаулықты сақтауға, əлеуметтік сақтандыру мен əлеуметтік қамсыздандыруға, ғылымға, мəдениет пен өнерге жұмсалатын мемлекеттің шығыстары қаржы базасы болып табылады, онсыз жалпы мемлекеттік аумақтың əлеуметтік-мəдени шараларын жүргізу мүмкін емес. Материалдык емес сфера салаларының ұтымды құрылымын қалыптастыруда бюджеттің үлкен маңызы бар. Материалдық емес сфераның жұмыс істеуін қаржылық ресурстармен қамтамасыз ете отырып, мемлекет бюджет арқылы тұтыну қорының түпкілікті мөлшерлерін қалыптастыра алады.

Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.

Бюджет құрылысы – бұл бюджет жүйесін құрудың қағидаттары, оның

буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны жəне сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер:

  • республикалық бюджет;

  • облыстық бюджет;

  • республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;

  • ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады жəне дербес болып табылады .

Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын жəне бекітуге жатпайтын мемлекеттік жəне шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады. Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық жəне жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады.

Бюджеттік практикада «шоғырландырылған бюджет» ұғымы қолданылады. Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Шоғырландырылған бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын жəне бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады.

Облыс бюджеті – өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін біріктіретін ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры.

Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджет əзірленуі, бектілуі жəне атқарылуы мүмкін.

Мемлекеттік төтенше бюджет республикалық жəне жергілікті бюджеттер

негізінде қалыптастырылады жəне Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі жəне осы мерзім ішінде қолданыста болады.

Мемлекеттік бюджетте мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар шоғырландырылды. Стратегиялық жəне бюджеттік жоспарлауды үйлестіру үшін үш жылдық кезеңге арналған салықтық-бюджеттік саясатты анықтайтын құжат – орта мерзімді фискалдық саясат əзірленді. Сонымен бірге бюджеттің атқарылу үдерісі де тым егжей-тегжейлі регламенттелінді, бюджеттік үдерістің жаңа қағидаттары енгізілді. Бюджет деңгейлері жүйеленілді, əрбір деңгейдің қала мен аудан бюджетіне дейінгі шығыстары, олардың түсімдері мен бюджеттерді əзірлеудің тəртібі егжей-тегжейлі жазылып қойылды. Заңнамада бюджеттердің тек екі деңгейі – республикалық жəне облыстық деңгейі ретке келтірілген, ал төменгілері «ойын ережелерін» өздері анықтайды. Айқындықты қамтамасыз ету жəне олардың қызметіне бірыңғай талаптарды белгілеу үшін тиісті нормалар енгізілді.

Шығыстарды бөлудің негізгі уəжі шығыстардың үлкен бөлігін жергілікті деңгейге табыстау болып табылады. Əрбір бюджеттің белгілі бір, қатаң жүйеленілген жəне орнықты шектері болуы тиіс. Шығыстардың бағыттары Бюджеттік кодексте мемлекеттік басқарудың ауылдық деңгейіне дейін анықталған. Ауылға (селоға) бекітілген шығыстар жекелеген бағдарламалармен аудандық бюджетте бекітілетін болды, олардың əкімшілері ауылдың жəне поселкелердің əкімдері болады.

Республикалық жəне жергілікті бюджеттерді ішкі бақылаудың сатылас сызбасы енгізілді: ішкі бақылауды Қаржы министірлігінің Қаржылық бақылау жəне мемлекеттік сатып алу комитеті жүргізеді.Сыртқы бақылаудың функциялары Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі Есеп комитеті мен мəслихаттардың ревизиялық комиссияларында қалды.

Бюджеттік инвестициялар ұғымы кеңейтілді, инвестициялық жобаларды кезеңдік іріктеу, сондай-ақ жобалардың тиімділігін бағалау тəртібі енгізілді. Капиталдың ішкі жəне сыртқы рыноктарында жергілікті атқарушы органдар-дың қарыз алуы жойылған, тек жоғарғы бюджеттен олардың қарыз алуы сақталынған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаражаттарды аударудың жаңа механизмі енгізілді. Ұлттық қордың қойылған міндеттерін тиімді іске асыру мақсаттарында оңтайлы дүниежүзілік тəжірибені ескере отырып баланыстандырылған бюджеттік əдіс əзірленді.

Бұл əдіске сəйкес мұнайлық кірістерден түсетін түсімдер түгелдей Ұлттық қорға бағытталатын болды. Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар экономиканың мұнайлық емес бөлігінен республикалық бюджетке аударылатын аударымдар есебінен қаржыландырылады, ал дамудың бюджеттік бағдарламаларына жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан алынатын кепілденілген трансферттер есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте бюджеттің шығыс бөлігінің белгілі бір үлесі, соның ішінде белгіленген шектеулер шеңберіндегі қарыз алу (ішкі жəне сыртқы) есебінен жабылуы мүмкін.

2009 жылы қолданысқа енгізілген Бюджеттік кодекстің жаңа нұсқасы бюджет жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік берді. Оның негізінде бюджеттік үдерістегі стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттардың рөлі, нəтижеге бағдарланған бюджетті жоспарлауға көшуге сəйкес бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру, қызмет нəтижелеріне қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің жауапкершілігін арттыру, нəтижелерді бағалау, мемлекеттік қаржылық бақылауды жандандыру сияқты шешуші салаларды қамтитын үш жылдық бюджет жасалынды. Бюджеттік кодекстің жаңа нұсқасы бюджеттің үдерістің стадиясындағы барлық операцияларды – стратегиялық бағыттар мен мақсаттар негізінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру мезетінен – əрбір мемлекеттік орган қызметінің нəтижелерін кешенді бағалауды жүргізуге дейін регламенттейді. Министрліктер мен ведомстволардың қызметі мемлекеттік қызметтер көрсетуге қайта бағдарланған. Жаңа Бюджеттік кодекстің нормалары бюджеттік қаражаттар мен мемлекет активтердін пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызуға жетелейді.

Бюджеттік заңнама бюджеттік,бюджетаралық қатынастар, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджеттік қаражаттардың құралуы мен пайдаланылуының негізгі қағидаларын, қағидаттары мен механизмдерін, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптасуы мен пайдаланылуын белгілейді. Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің əр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді жəне оларды жоспарлау, əзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тəртібімен, сондай-ақ республикалық жəне жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

Республикалық бюджетке түсетін түсімдер. Салықтық түсімдерден республикалық бюджетке бағытталатындары: мұнайлық сектор ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге жəне оның аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы, Қазақстан аумағына импортталатын тауарларға акциздер, құмар ойын бизнесі салығы, мұнайлық сектор ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, үстеме пайда салығы, бонустар, пайдалы қазындыларды өндіру салығы, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемақы, Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі, əкелінетін жəне əкетілетін тауарларға кеден баждары, консулдық алым, мемлекеттік баждар, алымдар мен төлемақылар.

Республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерге республикалық меншіктен түсетін кірістер (республикалық мемлекеттік кəсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер, республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер, екінші деңгей банктерінің шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражаттарының орналастырылғаны үшін жəне Ұлттық банктегі Үкіметтің депозиттері бойынша сыйақылар, республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар, қару-жарақ пен əскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін басқа кірістер) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдері, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақшалай түсімдері, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Ұлттық банктің бюджетінде (шығыстарды қаржыландырудың жеке жоспарында) тұратын жəне қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар, республикалық бюджетке түсетін салықтық емес басқа түсімдер жатады.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер республикалық бюджеттен

қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар болып табылады.

Нарықтық қатынастардың қазіргі даму жағдайы, өнеркәсіп орындарының көбеюі, халықтың әл ауқатының жақсаруы, қаржы жүйесінің нығайып дамуы, мемлекетаралық экономикалық қатынастардың ұлғаюы елімізде салық жүйесін негізді түрде дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Себебі ғылыми негізделген, шынайы өзгерістерді бейнелейтін әрі жүйелі түрде реттейтін салық жүйесі экономикалық процестерге оң ықпал етіп, жағымсыз жағдайлардың орын алуына жол бермей, қоғамда өркениетті құқықтық қатынастарды нығайта түседі. Әйтсе де, қазіргі қолданыстағы салық жүйесінде салық ауыртпалығы негізінен заңды және жеке тұлғалардың табыстарына көбірек түсуде. Бұған меншік салықтарынан түсетін түсімдердің жергілікті салықтарынан түскен түсім мөлшерінен бірнеше есе жоғары болуы дәлел. Мұндай айқын құрылымдық үйлеспеушілік өндірісті дамытуға қажетті алғы шарттарды жасауға кедергі келтіріп, дәулетті мүлік иелерін фискалды ауыртпалықтан босатуға негіз болып отыр.

Ел Президентiнiң "Қазақстан – 2030 барлық қазақстандықтардың гүлденуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы" Қазақстан халқына жолдауында тиiмдi осы заманғы мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару құрылымын құру мемлекеттiң түйiндi мiндеттерiнiң бiрi болып айқындалды.  Және «Аймақтардың жарысы олардың орталықтанған бюджет мәселесіндегі үлкен дербестігінде құрылуы тиіс. Біз халқымыздың ұзақ мерзімді басымдылықтарды қолдауға бағытталған бюджеттік реформаларды жүзеге асырамыз»,- деп көрсетілген. Бұл мемлекеттiк басқарудың жүйелi болуын, әрбiр басқару деңгейi үшiн қаржы ресурстарымен нығайтылған функциялар мен өкiлеттiктер нақты айқындалуға, билiктiң барлық деңгейлерiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн ведомствоаралық үйлестiру қамтамасыз етiлiп, заңнама-құқықтық базасы құрылуға тиiс екенiн көздейдi. Қазіргі қаржы-экономикалық қатынастардың қарқынды дамуымен бірге салық салудың рөлі мен маңызы өзекті мәселеге айналып отыр. Өйткені меншік қатынастары экономикалық жүйелер қызметінің әлеуметтік-экономикалық негізі екені баршамызға аян.

3

Ұлттық экономиканың өркендеуімен бірге, соңғы уақытта жер, мүлік, көлік және басқадай мүлік түрлері заңды және жеке тұлғалардың мүлкі ғана болып қана қоймай, сонымен қатар олар кепіл, мұра, сый және салық салу нысанына айналуда. Дегенмен, қазақстандық тәжірибеде жергілікті салықтардың реттеушілік және фискалдық қызметтерінің рөлі мен маңызы әлі күнге өз дәрежесінде бағаланбай келеді. Бұл негізінен аталмыш салықтардың мемлекеттік және жергілікті бюджеттердегі үлесінің салыстырмалы түрде төмен болуымен, сондай-ақ табысқа салынатын салықтарды салыстырғанда, азаматтар мен ұйымдардың салық ауыртпалығына ықпалының барынша аз болуымен түсіндіріледі. Жергілікті салықтар әлемнің көптеген елдерінде салық жүйесінің құрамдас бөлігі бола отырып, жалпы мемлекеттік кірістердің құрамында айтарлықтай жоғары орын алады және көптеген мемлекеттердің жергілікті бюджеттерінің негізі болып табылады. Олар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржы көздерін жақсартудың ең негізгі құралы болуымен қатар, өндірістің ұлғайып дамуына да оң ықпалын тигізеді.