Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссертация zzzzzz.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
03.09.2019
Размер:
199.89 Кб
Скачать

Кіріспе

Негізгі бөлім

І тарау. Несиелік тәуелек туралы түсінік және оны басқараудың теориялық негіздері.

    1. Несиелік тәуекелдер түсінігі және оның мазмұны

    2. Несиелік тәуекелдерді басқару және оның әдістері. Несиелік тәуекелдердің жіктелімі.

ІІ тарау. Несиелік тәуекелдерді басқару тәжірибесіне талдау.

2.1. Несиелік тәуекелдердің пайда болуының ішкі және сыртқы факторлары

2.2. Клиенттің несиелік қабілетін анықтау – несиелік тәуекелді азайтудың әдісі

2.3. Несиелік портфельдің сапасы және оған талдау

ІІІ тарау. Несиелік тәуекелдерді басқарудың жетілдіру жолдары.

3.1. Проблемалық несиелер және оны азайтудың әдістері

3.2. Несиелік тәуекелді басқару жүйесі және оны жетілдіру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік операциялар – қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелі жоғары банктік бизнестің бірі болып саналады және банктік бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі - несиелік тәуекелін де артуына әкеліп отыр. Несиелік ұсыну барысында жіберілген кемшіліктер банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар Leman Brothers Barings, Enron, WorldCom, Tyco сияқты ірі банктер мен басқа да корпорациялардың құлдырауына әкелді. Банктер несиелік тәуекелінен сақтандырудың сан алуан түрлерін қарастырып, тәжірибеде қолдануда, соның ішінде коммерциялық банктердің несие тәуекелін төмендету мен алдын алу, оны бағалау және басқарудың бірден-бір жолы - қарыз алушы тұлғаның төлем және несиелік қабілетін дұрыс анықтау. Несиелік қабілеттілік кешегінің ескірген немесе бүгінгі күннің жаңадан шығарылған проблемасы емес, ол несие-қарыз операцияларының пайда болуымен туындады және несиеліклік қатынастар орындалған орынның барлығында қолданылып, үнемі жаңартумен, толықтыруды талап ететін іс деп санаймыз.

Банктер несиеліклік операцияларды жүзеге асыра отырып, мемлекеттің нарықтық жүйесіндегі қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілерді қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Коммерциялық банктердің несиеліклік қабілетін анықтау кезінде айтарлықтай мән бермеген кемшіліктері, ертеңгі күні, банктің қаржылық жағдайына, абыройы мен беделіне, серіктестері мен клиенттерінің мүдделеріне кері әсер етуі және нұқсан келтіруі мүмкін.

Бүгінгі күні Қазақстанның коммерциялық банктерінен алынатын таза кірістің шамамен 2/3 бөлігін несиеліклік операциялардан түсетін кірістер құрайды. Несиеліклік операциялардың жүргізілуімен байланысты несиелік тәуекелі пайда болады. Тәуекел - банктің қалыптасуының ажырамас бір бөлігі. Несиелік тәуекелі банк тәуекелінің бір түрі ретінде банктің үнемі назарда тұратын объектісі болып табылады. Несиелік тәуекелін банктік басқару менеджменттің дәстүрлі және классикалық қызметі. Несиелік тәуекелі көптеген эндогендік және экзогендік себептердің үлкен кешенін құрайды. Коммерциялық банктер дамыған бәсекелес несие нарығы бар ортада қызмет етуі және табысты өмір сүруі үшін, несиелік қабілетті анықтау, бағалау, болжау және қолдану бойынша көп жылдық тарих пен ізденістерге сүйенуі тиіс. Отандық және шетелдік тәжірибеде, оның ішінде несиелік ұйымдардың банкротқа ұшырауының бірден бір себебі несиелік операциялардан туындайтын тәуекелдердің дер кезінде алдын алмау болып келеді. Несиелік операциялар бойынша несиелік ұйымдардың ғасырға жуық тарихы болғанымен несиелік институттардағы қазіргі жағдай несие қабілеттілікті анықтау әдістерінің кемшіліктері бар және жеткіліксіз дамығандығын анықтады. Қазақстандағы кейбір екінші деңгейдегі банктерге несиелік операцияларға қатысты әр түрлі ықпал ету шараларын қолданудың өзі банктердің несиелік операцияларының дұрыс жолға қойылмағандығының көрінісі. Несиелік тәуекелін басқару жүйесіндегі несиелік қабілеттілік арқылы банктің несиелік операцияларының сапасын жоғарылату мен коммерциялық банктің табыстылығын арттыру - өзекті мәселе. Ол бүгінгі күннің халықаралық талаптарға жауап беретін мықты әрі сенімді банктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Әр елдегі қарыз алушының несиелік қабілетін кешенді талдау жүйесінің қалыптасуының ерекшелігі, әр елдің ақша-несие саясаты сияқты саясатымен біруақытта қалыптасып, өзгеріп, толықтырылып, дамуда.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қарыз алушының несиелік қабілетін несиелік тәуекелін басқару, оны бағалау жүйесінде талдау әр түрлі мамандармен зерттеліп заман талабына сай өзгертіліп, толықтырылды. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау және несиеліклік тәуекел мәселелеріне отандық, сондай - ақ шетелдік экономист-ғалымдардың да көптеген еңбектері арналды. Олардың қатарында ең елеулілері Э. Гиллдің, Э.Дж. Доланның, В.Н. Едронованың, В.И. Колесниковтің, Л.П. Кроливецкаяның, К.Д. Кэмпбелдің, Р. Дж Кэмпбелдің, Р. Коггердің, О.И. Лаврушиннің, П.С. Роуздің, Э. Ридтің, В.Т. Севруктың, Р. Смиттің, Ф.Дж. Синкидің және т.б. еңбектерін жатқызуға болады. Қазақстанда несиелік қабілеттілігін талдау туралы сұрақтарының ілімін С.А. Аханов, Ә.Ә. Әбішев, Ұ.М. Искаков, С.А. Святов, Ғ.С. Сейітқасымов, Е.Х. Сигаев, А.В. Мельников, С.Б. Мақыш, Н.Н. Хамитов, А.Д. Шелекбай және басқадай ғалымдар дамытты.

Отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген еңбектері «несиелік тәуекел», «несие портфелі», және «несиелік қабілеттілік» түсініктеріне анықтамалар беріп, отандық экономиканың дамуына байланысты осы көрсеткіштердің есептелуі мен қолданылуы ұсынылады. Алайда бұл еңбектердің қатарында дағдарыс жағдайында немесе әлемдік дағдарыстың алдын алуда коммерциялық банктердің жүргізетін несиелік саясаты мен қарыз - несиелік операцияларын басқару және несиелік қабілетін анықтау арқылы тәуекелді төмендету жолдары және несиелік тәуекелдерді бағалау ұсынылған. Көптеген еңбектерде теория жақсы мазмұндалғанымен оқырманға тәжірибелік көзқарас пен есептеу жолдарының жетіспей жататындығы, банк клиенті бола алатын әр жеке немесе заңды тұлғалардың несиелеу операциясына қатысу кезінде қандай алғышарттарды біліп, қандай қадамдардан сақтануы қажет екені жөнінде экономикалық сауаттылығының нашарлығы бәрімізге белгілі. Осы аталған факторларды банктік несиелеуде ескермеу мүмкін емес, себебі несиелік тәуекел тек банк немесе несиелеуші ұйым тарапынан болмайды.

Несиелік қабілетін анықтауда әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несиелік қабілеті несиелік операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несиелік қабілетін талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.

Зерттеудің мақсаты коммерциялық банктің несиелік тәуекелін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несиелік қабілеттілігін анықтаумен байланысты қызметтердің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік жақтарын зерттеу және несиелік тәуекелін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер қарастырылып шешілді:

  • қарыз алушының несиелік қабілеттілігін анықтау мен талдаудың теориялық әдістерін жетілдіру;

  • банктердегі несиелік тәуекелдін басқару жүйесіндегі несиелік қабілетін талдауды әдістемелік қамтамасыз ету мен оны ұйымдастыру процесін жетілдіру мақсатында қолданылып жүрген әдістемелік базаны зерттеу;

  • дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін басқару жүйесіндегі несиелік қабілеттілікті талдаудың жағдайын қарастыру және танымал әдістемелік нұсқаулар негізінде несиелік тәуекелінн талдауға байланысты ұсыныс әзірлеу;

  • Қазақстанның банктік секторындағы несиелік тәуекелдін төмендету әдісі ретінде несие портфелінің статистикалық, аналитикалық және коэффициенттік талдау жолдарын қарастыру;

  • Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі несиелік тәуекелдін басқару жүйесіндегі несиелік қабілетін талдаудың неғұрлым ұтымды жолын ұсыну;

  • несиелік тәуекелділік жүйесін басқаруда қолданылатын модельдерді талдау, оның ішінде «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» моделін қолданып, екінші деңгейдегі банктерге жүргізілген талдау жасау тиімділігін арттыру жолдарын анықтау.

Зерттеу пәні болып несиелік операциялар үрдісіндегі екінші деңгейлі банктер мен қарыз алушылар арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығы табылады.

Зерттеу объектісі – екінші деңгейлі банктерден қарыз алушылардың несиелік тәуекелдін басқару.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу барысында әлемдік экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің монографиялары мен баспасөз мақалалары, қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, статистикалық құжаттар қолданылды.

Жұмысты жазу барысында несие нарығы қызметін реттейтін ҚР Заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер, ҚР Президентінің Жарлықтары, Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ресей және отандық оқу әдебиеттері, ҚР Ұлттық банктің, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің, әр түрлі деңгейлердегі конференциялардың материалдары, журналдар, сондай-ақ республикалық статистикалық талдау негізінде алынған талдамалық зерттеу материалдары пайдаланылды.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау бойынша ғылыми негізделген тұжырымдар дайындау болып табылады.

Негізгі ғылыми жаңалықтардан тұратын зерттеу жұмысының маңызды нәтижелері болып келесілер жатады:

  • теориялық-әдістемелік зерттеудің негізінде «несиелік тәуекел», «несиелік қабілеттілік» және «несие портфелі» түсінігінің авторлық тұжырым жасалған;

  • несие жіктемесіне қатысты несиелік тәуекелділігі жіктеліп, несиелік қабілеттілігін бағалауда қолданылатын белгілер жинақталып жүйелендірілген;

  • тартылған қаражаттың құнын анықтау формуласы енгізілген және «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» бойынша сауалнамаға қатысты тиімді қағидалар енгізілген;

  • зерттеу негізінде несиелік тәуекелдін басқару қызметінің қазіргі жағдайдағы күрделі мәселелері мен кедергі келтіретін факторлары анықталған;

  • банктің несиелік тәуекелінн басқару жүйесіндегі қарыз алушының несиелік қабілеттілігін анықтауды кешенді қарастыру жолдары ұсынылған

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:

  • «несиелік тәуекел», «несиелік қабілеттілік» және «несие портфелі» түсінігінің теориялық негіздеріне авторлық тұжырымдама;

  • несиелік тәуекелділігі жіктемесі және несиелік қабілеттілігін бағалауда алға тартылатын белгілер;

  • тартылған қаражаттың құнын анықтау формуласы және «Несиелік нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамын» оңтайландырудың тиімді қағидалары;

  • несиелік тәуекелдін басқарудың толықтырылған және жетілдірілген жүйесі;

  • қарыз алушының несиелік қабілеттілігін анықтау бойынша шаралар кешені.

Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Диссертацияда келтірілген негізгі ұсыныстар мен қорытындылар қазақстандық банктер қызметіндегі несиелік тәуекелдін басқару жүйесіндегі несиелік қабілеттілікті талдау бойынша міндеттерді шешуге бағытталған. Диссертациялық жұмыста анықталған қорытындылар мен ұсыныстарды іске асыру, банктегі қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау арқылы несиелік тәуекелдінің алдын алудың сапасы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, сондай-ақ жалпы банктік жүйенің тұрақтылығын нығайтып, банктік қызметтердің сапасын арттырып және банктерге деген сенімділікті қолдауға негіз бола алады, сондай-ақ қаржы және несие мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарында пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің қолданылуы. Диссертациялық жұмыстың негізгі тәжірибелік нәтижелері оқу үдерісіндегі типтік және жұмыс бағдарламаларын жасауда, сондай-ақ «Банк ісі», «Қаржы нарығы және делдалдары», «Валюталық операциялар» және «Банктік менеджмент» пәндерінен лекция және практикалық сабақтар өткізгенде қолданылды. Диссертациялық жұмыс бойынша негізгі нәтижелері: «Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру» оқу құралы, авторлас (2000 ж.) және келесі басылымдарда: ҚазЭУ хабаршысы (2008, 2009 жж.); Тұран хабаршысы (2010 ж.) журналдарында жарияланды, сондай-ақ, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: «ТМД елдеріндегі банк жылы: халықаралық тәжірибе және Қазақстандық практика». (Банк ісі академиясы, 2007 ж. мамыр); «Қазақстанның қаржы нарығы: оның болашағы мен келелі мәселелері». (Банк ісі академиясы, 2008 ж. сәуір.); Халықаралық ғылыми форум «ІІІ Рысқұлов оқулары». «Бизнес, ғылым, білім: ынтымақтастық қырлары». (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2008 ж. мамыр); «Қазақстанның экономикалық өсуінің даму стратегиясы: тәжірибелер, мәселелері және болашағы». (Орталық-Азия Университеті, 2008 ж. желтоқсан); Халықаралық ғылыми форум «V Рысқұлов оқулары». (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2010 ж. мамыр) баяндалып, жарық көрді.

Зерттеудің негізгі нәтижелері мен қорытындылары келесі орындарда сыналды және қолданысқа енгізілді:

  • Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ң оқу үрдісіне;

  • «Алатау» Қазақстан университеті білім беру мекемесінің оқу үрдісіне;

  • «Қазақстан халық банкі» АҚ-ң несие операцияларын жүзеге асыруда.

Зерттеу нәтижелерінің жариялынымдары. Зерттеу жұмысының негізгі ғылыми қағидалары және нәтижелері жалпы көлемі 9,77 баспа табақты құрайтын 9 ғылыми зерттеу жұмысында, оның ішінде 3 мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы Бақылау Комитетімен ұсынылған басылымдарда жарияланды.

Диссертация құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс белгілеулер мен қысқартулардан, кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі147 бет, оның ішінде 36 кесте, 18 сурет.

І тарау. Несиелік тәуекелдер түсінігі және оның мазмұны.

    1. Несиелік тәуекелдер түсінігі және оның мазмұны.

Несие — ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып абылады. «Кредит» деген сөз, «қарызға», «несие» деген «kredo»- сенемiн деген магына беретiн латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретiнде әр турлi экономикалық қоғамдарда қызмет етедi. Ол тауар өндiрiсiнiң пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрiнедi. Несие қатынастарын ақша қатынастары сияқты үнемi даму үстiнде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулеттi топтарынан мүлiксiз шаруалар мен кәсiпкерлерге тұтыну муктаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамымен несие ақша түрiнде көштi.

Соның ішінде тәуекел ridiskon, ridsa, италияның «risiko» және француздың тілінде «risque» қазақша «қауіп» деген мағына береді. Ал латынша «rescum» сөзінің аудармасы болжанбайтын, қауіпты немесе бүлдірілетін нәрселердің бірін білдіреді.

Тәуекел – кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.

Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіщдік туындаған жағдайларда , ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдылығын бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мән беруге тиіс.

Банк ісінде тәуекел – белгілі бір банктік операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығын жұмсау салдарынан пайда алмау немесе өзінің ресурстарының бір бөлігін жоғалту қауыпын білдіреді.

Банк үшін тәуекелдің сандық бейнеленуі банктің алға қойған шараларды жүзеге асырудың тәуекелділігінен шығынға ұшырауын және тәуекел саласындағы банктік стратегиясының сапасын көрсетеді.

Банк менеджерлері айда табуды тәуекелмен байланысты әрекеттер жасаудың салдары ретінде қарамайды. Тәуекел мен шығын, бір жағынан алғанда банктің пайда алу мүмкіндігіне қарама-қайшылық жасаса, екінші жағынан пайданың пайда болу табиғаты мен тәуекелдің пайда болуы табиғаты арасында айырмашылықтың барлығына көңіл аударуды қажет санайды.

Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығымен кездеседі.

Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан да, несие тәуекелділігін басқару банктің қаржылық жағдайын қамтамасыз етудің ең маңызды жолы болып табылады. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс.

Қазақстанда несие тәуекелділігін басқару жүйесінде жекелеген элементтер ғана қызмет етуде. Несие тәуекелділігін басқарудың толық жүйесіне әлі қол жеткізілген жоқ. Біз оның көптеген себептері бар деп есептейміз: Біріншіден, біздің елімізде несиелік операциялар әлі қалыптасу және даму сатысында, өйткені несиелік ресурстар көбіне шет елдерден тартылатындығы сияқты, қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаудың бірыңғай жүйесі жоқ, тағы да шет елдердің әдістеріне жүгінуге тура келеді. Екіншіден, жоғарыда аталып өткендей, ақпараттық жүйенің әлсіздігі, несиелік бюро қызметінің қалыптасу сатысында болуы, банктің іскерлік тәуекелділігін тудырады. Еуропалық одаққа кіретін елдерде кредиторлар тұрақты негізде несиелік бюролар арқылы қарыз алушылардың төлемқабілеттілігі туралы ақпаратпен алмасады. Қазақстанда жеке несиелік бюролармен қатар несиелерді мемлекеттік тіркеу институттарын құру жоспарлануда, бұл көптеген дамыған елдерде қолданылады. Үшіншіден, ұсынылған несиелер бойынша кепілдеу жүйесінің болмауы, бізде кепілдік қоры депозиттер мен ипотекалық несиелерге қатысты құрылған. Төртіншіден, банктің несие тәуекелділігін есептеудің бірыңғай әдістемесі жоқ, оның ішінде Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік т.с.с. ерекшеліктерін ескеріп құрылған. Бесіншіден, банктік несие бойынша қабылданған кепіл заттардың барлық уақытта анықталған өтімділікті көрсете алмауы. Алтыншыдан, жақсы дайындалған барлық уақытта несие тәуекелділігіне қарсы әрекет көрсете алатын несиелік саясаттың болмауы. Жетіншіден, банк персоналдарының нашар дайындығы мен әрекеті және тез шешім қабылдай алмауы, Сегізіншіден, қарыз алушыға байланысты келеңсіз немесе күтпеген жағдайлардың орын алуы.

Зерттелген анықтамаларды нәтижелей келе, несие тәуекелділігі – бұл қарыз алушының несиелік келісімнің шартында көрсетілген уақытта несие бойынша негізгі қарыз сомасын және (немесе) ол бойынша есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Несие тәуекелділігін талдаудағы басты міндеттер болып, кредитордың жеткілікті мөлшерде ақпарат алуы, оны өңдеуі мен бағалауы келесілерге қол жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс: әлуетті қарыз алушыға несие берудің дұрыстығы туралы шешім қабылдауға; қарыз алушы несиелік міндеттемелерін (негізгі қарыз және бойынша сый ақыларды) орындай алмаған жағдайдағы ықтимал қаржылық залалды есептеуге және өз қызығушылықтарын қорғау үшін әрекет етудің арнайы жүйесінің алдын алу болып табылады.

Несие тәуекелділігі жіктемесі - бұл несиелік қатынастар құрылымының, несиелеудің негізгі қағидаларының, қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Банктің несие тәуекелділігін төмендету мақсатында төлемдерді қайтармау тәуекелінің деңгейіне айтарлықтай әсер ететін факторларға ерекше назар аудару қажет, ол тікелей біз дайындаған несие тәуекелділігі бойынша өзіндік жіктеуімізде көрініс тапты. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің құрамдасы, банк тәуекелділігі жөнінде берілген анықтамалар сан түрлі. Тәуекелділік «жоғалту қауіптілігі (немесе қауіп)», бұл анықтама тәуекелділіктің өлшемінің өзгеру сұрағын шеше алмайды. Банкте жақсы жетілдірілген және қалыптасқан несие тәуекелділігін басқару жүйесін жасап алмай, несие тәуекелділігін басқарудың тиімділігіне қол жеткізу мүмкін емес.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысы өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. Несиелік тәуекелдердің пайда болуының алғы шарты – қарыз алушының несиелік қабілетсіздігі болып табылады. Жалпы несиелік тәуекел экзогенді және эндогенді факторларға тәуелді болып келеді, яғни сыртқы фактор экономикалық ортаның жағдайымен, ішкі фактор – банктің өзінің қателік жіберу факторымен байланысты. Банктердің cыртқы факторын басқару мүмкіншілігі шектеулі. Несиелік тәуекелді басқарудың негізгі тетіктері банктің ішкі саясатында жатыр.

Несиелік тәуекелден туындайтын зияндар банктің несиелеу және өзге де соған теңдестірілген баланстық және баланстан тыс операцияларын жүргізу барысында пайда болуы мүмкін.

Мұндай операцияларға мыналар жатады:

  • берілген және алынған несиелер;

  • есепке алынған вексельдер;

  • факторинг;

  • форфейтинг;

  • лизинг;

  • төленген аккредитив бойынша төлеушіге қоятын банктің талаптары;

  • кепілхат бойынша банктің талаптары.

Несиелік тәуекелден туындайтын шығындарды екіге тікелей және жанама деп бөліп қарастыруға болады. Тікелей шығындар несиені қайтармауға және қаражаттың түспеуіне байланысты туындаса, ал жанама шығындар кепілге қоятын заттың құнының төмендеуі, проблемалық несиелерге байланысты банктің құратын резервтер көлемінің ұлғайту қажеттілігінен туындайды.

Несие тәуекелінің үш түрін бөліп көрсетуге болады: теріс пайдалану қатері; шетелдік несие бойынша тәуекелділік; ішкі қарыз бойынша төлемеу қатері, яғни қарыздың қайтарылмай қалу қауіпі.

Теріс пайдалану (злоупотребление) – біздің ресубликамызда 1991-1993 жж. аралығында орын алған банктердің үмітсіз берешегінің ең көп тараған себебі. Тексеру барысында маусымдық егіс жұмысына, астық жинауға, өзіндіа қаражатты толықтыруға бөлінген мақсатты несие ресурстарының мақсатсыз пайдаланғанын растайтын көтеген фактілер анықталды. Бұл жеңілдікті несиелер басқа бантердің несиесі бойынша берешектерді өтеуге, машиналарды, сән-салтанат бұйымдарын сатып алуға жұмсалғаг. Алаяқтық (алы-сатарлық) жағдайларда, орын алған, атап айтқанда, бұл несиелер коммерциялық құрылымдарға нарықтық баға бойынша сатылған валютаға айырбасталған және т.б.

Теріс пайдалану қатері банк жүйесінде 80-ші жылдары кезінен тарады. Бұл қатердің түрінен АҚШ-тағы барлық банктердің жартысынан көбісі банкротқа ұшырады. Директорлар мен жоғары лауазымды қызметкерлер несиені өз туыстары мен достарына берген, сондай-ақ, несиені қарыз алушының қаржылық жағдайын тексермей беру секілді сақтық шаралары қолданылмаған.

Шетелдік несие бойынша қатеріәсіресе 70-ші жылдары дамыған елдердегі қарыз алушылар несиесі бойынша төлемдердің жапай кешіктірілуімен байланысты орын алады. Бұл АҚШ-тың бірталай аса ірі банктерінің банкротқа ұшырауына себеп болды.

Ішкі қарыз бойынша төлемсіздік қарыз алушының төлем қабілетсіздігін тудыратын барлық факторлар есебінің қиындығымен байланысты.

Несиелік тәуекелді төмендетудің негізгі тәсілдерінің біріне клиенттің банк алдындағы міндеттемесінің қамтамасыз етілуі жатады. Ал, бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепіл хат, кеілдеме міндеттемелері қолданылады.енді осы несиенің қамтамсыз етілу тәсілдеріне тоқталайық.

Кепілге берілетін несие – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.

Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.

Несиелік тәуекелді басқарудың келесі бір әдісіне несиелерді сақтандыру жатады.

Несие беруге байланысты тәуекелді тәуекелді сақтандырудың 3 түрі қолданылады:

  • қарыз алышының берілген несиеге кепілге қойған мүлкін сақтандыру;

  • қарыз алушының еңбекке қабілеттілігін сақтандыру;

  • қарыз алушының өмірін сақтандыру.

Сақтандырудың ерекшелігі қарыз алушының мүддесін қорғай отырып, бір мезетте банкіге берілген несиенің қайтарылуына кеілдік беріледі.

Берілген несиеге қарыз алушы кепілдікке қойған мүлікті сақтандыру объектісіне құрал-жабдықтар, станоктар, көлік құралдары, шикізат және материалдар, дайын өнімдер және тағы басқалары жатады. Сақтандыру тәуекелі ретінде әдетте әртүрлі апат салдарынан (өрт, топан, су, найзағай) мүліктің бүлінуі немесе жойылуы, басқа да жағдайлар, үшінші біреудің қылмыстық әрекеті алынады.

Банктің сақтандыру өтесін алу құқығы біріншіден есие толық немесе ішінара қайтарылмағанда, екіншіден сақтандыру шарты күшінде тұрғанда кепілге қойылған мүлік жойылу нәтижесінде сақтандыру оқиғасы бола тұра несиені өтеп шықса, онда сақтандыру өтемі банкіге емес, мүлік иесіне төленеді.

Қарыз алушының еңбекке жарамдылығын сақтандыру сақтанушының денсаулығын жоғалтып, несиені қайтару мен пайызды төлеу міндеттемесін орындау мүмкіндігін жоғалтуы мүмкін жағдайда жүргізіледі. Сақтандыру шарты несиені толық қайтарып беру мерзімі аяқталғанша жасалады. Сақтандыру оқиғасы туындаса, сақтандыру команиясы банк қарызын өтеуді қамтамасыз етеді.

Қарыз алушының өмірін сақтандыруда несие шарты бойынша міндеттемені орындау сақтандыру компаниясының жауапкершілігіне өтеді, егер қарыз алушы қатыс болса сақтандыру команиясы қарыз өтеуді өз мойнына алады. Мұндай сақтандыруды өмірді сақтандыру деп те атауға болады.

Қарызды синдинцерлеу қарыз алушының несиелік тәуекелін төмендетудің маңызды әдістеріне жатады.

Синдинцирленген несиелерді беру бұл несиелік тәуекелдің бірнеше банктер арасында бөлінуін білдіреді.

Синдинцирлеуге негізгі және айналыс құралдарын сатып алуға арналған несиелер, жобалық қаржыландыру, лизингтік мәмілелер, несиелік желілер, аккредитив және т.б жатады.

Несиелік тәуекелді төмендетудің негізгі әдістері:

  • несиелерді әртараптандыру

  • несие алушының несиелік қабілеті мен төлем қабілеттілігін талдау

  • берілген несиенің немесе несиелік портфельді классификациялау және

қажетті мөлшерде ровизия құру

  • концепционалды және параллельді несиелеу

Концепционалды неселеу дегеніміз – бірнеше банктің ресурстары бірігіп, арасынан алдыңғы қатарлы банк менеджерлерін таңдау болып табылады. Ол банк несие алушының несиелік қабілеттілігін анықтау, несиелеу, несиені пайдалану процентімен оны қайтаруды бақылау және түскен пайданы банк қатысушылар арасындабөлу сияқты қызметін атқарады.

Параллельді несиелеу дегеніміз – әртүрлі банктің шартты бір объектіні несиелеу болып табылады.

  • Мониторинг

  • Несиелік тәуекелдің табыстылыққа әсерін бағалау

  • Шығынсыздық нүктесін есептеу

  • Келесі коэффициенттерді есептеу

Несиелік тәуекелді төмендету әдісі мынандай:

1. Тәуекелдерді бөлу - яғни тәуекелдерді инвестициялық жобаның қатысушылары арасында, несие беруші мен несие алушы арасында бөлу.

2. Тәуекелден қашу - нақты бір қаржылық тәуекелдерді жоққа шығаратын іс шараларды құру болып табылады. Тәуекел деңгейі өте жоғары операцияларды жүзеге асырудан бас тарту, жоғары өтімділіктен бас тарту және тағы басқа.

3. Тәукелді шектеу - кейбір операцияларды жүргізу бойынша белгілі бір шектеулерді қоюды білдіреді.

4. Тәуекелді әртараптандару – қаражаттарды немесе бірнеше қаржылық құралдарда шоғырландыруды білдіреді. Әртараптандыру 3 бағытта жүргізіледі:

1. қарыз қаражаттарын әртараптандыру

2. ссудалық портфельді әртараптандыру

3. қолдағы құралдарды әртараптандыру

5. Тәуекелді сақтандыру жауапкершілікті 3 тұлғаға аудару, яғни сақтандыру компаниялары сақтандыру жағдайы туған жағдайда сақтандыру төлемдерінен құралатын ақша қорлары есебінен банктің мүліктік мүдделерін қорғауды білдіреді.

6. Тәуекелді хеджерлеу – валюталық операциялар кезінде шығындардың орнын толтыратын валюталық позиция ашу. Валюталық позиция – талаптар мен міндеттемелер арақатынасымен анықталады. Егер банктің талаптары міндеттемелерге тең болса, жабық валюталық озиция болып табылады. Ао егер тең емес болса, ашық валюталық позиция болып табылады. Егер талаптар міндеттемелерден көп болса, онда ұзақ ашық валюталық позиция болып есептеледі және керісінше болса онда қысқа ашық валюталық озиция болып табылады.

7. Мониторинг. Ақша қаражаттарын клиентке бергеннен бастап, оларды толығымен қайтарғанынша банк активтерін бақылау болып табылады.

8. Қосымша ақпарат алу. Яғни ақпаратты іздеу мен талдаумен және зерттеумен айналысатын бөлімшенің болуы.

9. Сапаны басқару. Тәуекелді басқарудың қазіргі уақытта ең көп қолданылатын түрі. Оның негізгі мәні болып банк басқармасының тарапынан тәуекелдерді алдын алу болып табылады.