Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссертация zzzzzz.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
03.09.2019
Размер:
199.89 Кб
Скачать

2.2 Клиенттің несиелік қабілетін анықтау

Қарыз алушының несиелік қабілетті бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.

Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс-әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк несиенің берілуі алдын ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.

Қарыз алушының несие қабілеті – қарыз алушының алған несиесі бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банк өтімділігіне ықпал етеді.

Қарыз алушының несие қабілетіне талдау жасау барысында мынандай факторлар есепке алынады:

  • Несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;

  • Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісімшартқа байланысты міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі;

  • Табыс алу қабілет. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.

Жоғарыда айтылғаннан соң, берілген тақырыптың актуальдылығы болып банктердің негізгі қызметтерінің бірі несиелік операция болып табылатындықтан, ал несиелік ресурстарға қазіргі кезде сұраныс қатты өскендіктен, банктерге несиелік тәуекелдерден сақтану және төмендету мақсатында міндетті түрде қарыз алушының несие қабілетінің әдістемелерін жаңарту қажет.

Берілген тақырыптың зерттеу мақсаты болып қарыз алушының несие қабілетін талдаудың теориялық және тәжірибелік негізін оқып үйрену болып табылады.

Қойылған мақсатқа байланысты мәселелерді келесі кезеңдермен шешу қажет:

  • Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың қажетті және маңызды сұрақтарды қарастыру;

  • Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдаудың әдістерін зерттеу;

  • Қазақстан Республикасында және шетелдерде пайдаланылатын қарыз алушының несие қабілетін бағалау әдістерін қарастыру;

  • Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау бойынша жобаларды қарастыру;

  • Шетелдердегі несие бюроларын құру әдістерін зерттеу және оның Қазақстан Республикасында бейімделу мүмкіндігі.

Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілеті анықтау әдістерене де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті- бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.

Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтанда, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін факторларды оқып-үйтену ақылы несиелік қәбілетті оқып үйренуге жагдай жасайды.

Қарыз алушының несиелік қәбілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақтылы есеп айрысу қәбілеті.Қарыз алушының несиелік қабілетінің оның төлем қабілетінің бір айырмашылығы онда өткен кезеңдегі немесе қандыйда бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды,ал жақын перспективадағы қарызды өтеу қабілетін болжайды.Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі кленттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек тартатын ең бір формальді көсеткіш болып табылады. Егерде қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса,онда банкке уақыттағы төлемдерді бір рет кешіктірілуі,клиеттің несиелік қабілеттсіздігі туралы қортынды үшін негіз болып табылмайды.Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.  Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты несиемен байланысты қарапайым тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді. Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік опетацияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.

Әлемдік және отандық бантік тәжітибе қарыз аушының несиелік қабілетінің мынадай критерйлерін бөліп қарайды; қарыз алушының міндеттемесі, қаражатты қарызғы алу міндеттемесі, ағымдағы қызметі барысыда қарызды өтеу үшін қажетті қаражаты табу қабілеті, капиталы, несиенің қамтамассыз етілуі, несиелік мәмле жасалатын жағдай, бақлау. Қарыз алушының міндеттемесі деп оның заңды тұлғағ ретіндегі беделі және менеджерлердің беделі, қарызды қайтаруға жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктік несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі. Қарыз длушының заңды тұлғағ ретіндегі беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, эканомикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткішткеге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің іскерлік әлеміндігі беделіне тұрады.Менеджерлердің беделі олардың кәсіби жарамдылығына , моральдық сапасына, жеке қаржылық және отбасылық жағдайына,оның басқаратын құрлымымен банк арасындағы қарым-қатнастар нәтижесіне байланысты негізделеді.

Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісім шартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі бір өкілеттіктерінің болуын білдіреді. Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі - оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілуі барысында қаражат табу қабілеті болып табылады. Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілктінің біршама маңызды критерийі болып саналады. Оны бағалауда мынадай екі шарттың маңыжзы зор. 1. оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктің тарапынан жарғылыұ қордың еі төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левераж коэффиценті негізінде талданады. 2. несиеленетін операциялврға меншікті капиталды жұмсау дәрежесі, яғни ол банкпен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады. Қаншалықты меншікті капитал жұмсалымы көбірек болса ,соғырлым қарыз алушының несиелік тәуекелдігіне ықпал ететін ыакторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады. Несиелік қамтамасыз етілуі -қарыз алушының актифиерінің құны және несиелік келісімшартқа көрсетіліетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің болуы. Мұндағы қосымша көздер қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақытылы орындауға кепілдік береді, кепілдемпеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражаттарын жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды. Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе бролжанған экономикалық жағдай, сая си факторларжатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесән саңықтайды.

Соңғы критерий -бақылау., бұл мынандай сұрақтарды ескерелді: қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шарттардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы кутілетін өзгерісттер қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтінішке көрсетілген қарыз алушы және несие туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжаттар белгіленген банктің станлдартына, сол сияқты несиелердің сапалылын бақылап отыратын банктік қадағалау ұйымдарының стандартына қаншалықты сәйкес келеді?  Аталып өткен банк клиентінің несиелік қаблетін бағалау критерийін несиелік қаблеттті бағалау тәсілдерін мазмұнын аңықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындаир: -іскерлік тәуекелді бағалау; -менеджментті бағалау; -қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау; -қаржылық коэфициентттерді бағалау; -қарыз алушы туралы ақпараттар жинақтау; -орналасқан жеріне бару арқылы қарыз алушының жұмысын қадағалап отыру.  Отандық банктік тәжірибиеде қарыз алушының несиелік қаблетін бағалаудағы басты реформа оның қаржылық жағдайы көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып , меншікті және заемдық қаражатттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу,бөлу. және тиімді пайдалануымен сипатталады.

Заңды тұлғаның несиелік қабілетін  бағалау

      Әлемдік және отандық банктік тәжірибеде, қарыз алушының несиелік қабілетінің  мынадай критерилерін бөліп қарайды:

  1. Қарыз алушының мінездемесі;

  2. Қаражатты қарызға алу қабілеті;

  3. Ағымдағы қызметі барысында, қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкінділігі);

  4. Қарыз алушының капиталы;

  5. Несиенің қамтамасыз етілуі;

  6. Бақылау (қарыз алушы қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына ссуда сипатының дәл келуі).

    Қарыз алушының мінездемесі деп – оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды  қайтарудағы жауапкершілігі және несие  мақсатының, банктің несиелік саясатына  сай келуі түсіндіріледі.

    Қарыз алушының заңды тұлға ретінде беделі, оның сол кездегі ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестіктерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі, олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.

    Қаражатты қарызға алу қабілеті – қарыз  алушының несиеге өтініш беріге, несиелік келісім-шартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқығының  болуын, сонымен қатар, кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі  бір өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.

    Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі  критерилерінің бірі – оның қарызды  өтеу үшін, ағымдағы қызметінің жүргізілуі барысында қаражыт табу қабілеті болып табылады. 

    Қарыз алушының капиталы – оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерийі болып саналады. Оны бағалауда төмендегідей екі шарттың маңызы зор:

  1. Оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктің тарапынан, жарғылық қордың ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы коэффициенті негізінде талданады;

  2. Несиеленетін операцияларға меншікті капиталдың жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады. Қаншалықты меншік капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторлады қадағалап отыруға мүмкіндік туады.

      Несиенің  қамтамасыз етілуі – қарыз алушының активтерінің құны және несиелік келісім-шартта көрсетілетін қарызды өтеуде, екінші қосымша көздерінің болуы. Мұндағы  қосымша көздер – қарыз алушыға, қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақытылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепіл-хат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражатының  жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.

      Несиелік  операциялар жасалатын жағдайларға, елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдайлар және саяси факторлар жатады. Бұл жағдайлар банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.

      Соңғы критерий – бақылау, бұл мынадай  сұрақтарды ескертеді: Қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдағы күтілетін өзгерістер, қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және ссуда туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты ссудалардың сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?

      Банк  клиентінің несиелік қабілетін бағалау  критерилері, несиелік қабілетті бағалау  тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:

    • Іскерлік тәуекелді бағалау;

    • Менеджментті бағалау;

    • Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;

    • Ақша тасқынын бағалау;

    • Қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;

    • Қарыз алушының жұмысын қадағалап отыру.

Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы  басты факторға оның – қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде  қызмет ете отырып, меншікті және заңдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу және тиімді пайдаланумен сипатталады. 

Несиелік  қабілетті бағалауды  жетілдіру жолдары.

Ақшалай қаражат. Қарыз алушының алған несиені қайтаруының үш

көзі  болады:

  1. Нақты ақшалар тасқыны;

  2. Активтерді сату;

  3. Қаржыларды тарту.

Көрсетілген көздердің кез-келгені несиені  қайтаруға арналған

қаражаттың  қалдық сомасын қамтамасыз ете алады. Бірақ та банктер несиені қайтарудың негізгі көзі ретінде нақты ақшалар тасқынын маңызды санайды, себебі активтерді сату, қарыз алушының балансын нашарлатып жіберуі мүмкін деп санаса, ал қосымша қаражат тарту, банктің кредитор ретіндегі позициясын бәсендетеді.

      Нақты ақшалардың жетіспеуі, қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлығын сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады.

      Экономикалық жағдай. Несиеге деген өтінішті қарау барысында, банк жалпы шарт ретінде, елдегі іскерлік жағдай және оның банк жұмысына, сол сияқты қарыз алушының жағдайына тигізер ықпалын сипаттайтын экономикалық коньюктуралық жағдай, бәсекелестерінің болуы, салық, баға және тағы басқаларды қарастырады.

      Бақылау. Қарыз алушының несиелік қабілетін  бағалаудағы соңғы факторға бақылау  жатады. Мұнда өзгерген заңдылықтар, құқықтар, экономикалық және саяси жағдайлардың қарыз алушы қызметіне қаншалықты әсері болады деген сияқты сұрақтарға жауап іздейді.

     Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға банктің құрылтайшыларын, директорларын, акционерлерін және банкпен тікелей  байланыста болып, несие алу барысындағы  жеңілдіктерді пайдаланатын басқадай қарыз алушылар жатады.

     Несиелерді  сапасына қарай топтау және талдаудың маңызы бар. Несиенің сапасы деп – сол несиеге тиісті несиелік тәуекелдің дәрежесін айтады. Несие сапасының көрсеткішінің деңгейі, несиелік тәуекел деңгейіне кері пропорционал болып келеді. Бұл жерде, несиелік тәуекелдің көрсеткіштерінен несие сапасының немесе банктің несиелік портфелінің көрсеткіштерінің айырмашылығы – бұл банктің берген несиелері бойынша анықталған нақты шамасында. Несиенің сапасының категорияларына байланысты, несиелік портфель құрылымын және несиенің әр категориясы бойынша проблемалық, мерзімі өткен, үмітсіз несиелерді біле отырып, банк несиелік операциялар бойынша зияндарды төмендетуге бағытталатын шаралар қатарын жүзеге асыру мүмкіндігіне қол жеткізеді.       

Шетел  тәжірибесі 

      Шетелде клиенттердің несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және олар туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз ұйымдар банктерге келісім-шарт негізінде қызмет көрсетеді.

     Несиелер  бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне, 67% - ішкі факторлар, ал 33% - сыртқы факторлар үлесі келеді.   

Несиелеу  барысындағы банктің  зиян шегуіне әкелетін факторлар: 

Ішкі  факторлар

67%

Сыртқы  факторлар

33%

Қамтамасыз  етудің

жетіспеушілігі

  22%

Компанияның

банкноттығы

  12%

Несиеге деген өтінішті оқып үйрену барысында  ақпаратты дұрыс бағалау

  21%

  Кредиторлық қарызды қайтаруын талап ету

  11%

Алдын-ала  ескерту белгісіне кеш көңіл  бөлуі және операциялық бақылаудың әлсіздігі

    18%

  Жұмыссыздық

мәселелері

    6%

Қамтамасыз  етілудің сапасының нашарлығы

5%

Ұрлық, алдау

4%

 

     Несиелер  бойынша банктердің зиян шегуіне  себеп болатын сыртқы факторлар  қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығы. Банктің кез-келген қарыз  алушысы мұндай факторларды басынан  кешуі мүмкін. Сондықтан да, қарыз  алушының несиелік қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық анықтап білуге тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы өзгерістер мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі, акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және заемдық қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады.

     Қарыз алушының сәтсіздікке ұшырауының куәләндыратын белгілерге, шоттағы айналым қаражатының қысқаруы  алдында, мерзімі ұзартылған несиелер бойынша төлемдердің уақытын созуын өтінуі және басқаларды жатқызуға болады.

     Несиелерді  қамтамасыз ету құлына барлық несиелік құжаттардың дұрыстығына байланысты  несиелерді мынадай тәуекел класстарына жіктейді:

    • ең төменгі тәуекел бар несиелер;

    • ең жоғары тәуекел бар несиелер;

    • шектеулі тәуекелі бар несиелер;

    • ережеден шығу барысында берілген несиелер (стандартты емес несиелер).

      Несиелік  тәуекелді төмендетудің ең басты  тәсіліне – потенциалдық қарыз алушыларды таңдау жатады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауда және оның алған қарызды банкке уақытылы қайтаруына байланысты  сенімділігін бағалауда көптеген әдістер қолданылуда.

      Шетелдік  банктердің тәжірибесінде қарыз  алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетудегі басты шара болып табылады.       

Қорытынды

    Қорыта айтқанда,  халық пеп шаруашылық органдарына қызмет көрсететiн қаржы-несие ұйымы несие жүйесiнің жұмысы шаруашылық құрылымды  дамытуда айрықша роль ойнайды. Қаржы-несие тетiгiнiң тиiмдiлiгi мен үздiксiз жұмыс iстеуiне тек жеке шаруашылық  бiрлiктерiнің қаражатты уақтылы алып тұруы гана емес, сонымен бiрге тұтас ел экономикасының даму қарқыны да тәуелдi.

    Несиенiң ғылыми-техникалық прогрестi жеделдету қызметi ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенiң көмегiнсiз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының  жұмыс жасауы қиынға туседi. Сондай-ақ несие өндiрiске ғылыми технологияларды жаңалық ретiнде енгiзу үшiн де аса қажет болып табылады. Себебi, ондай шығындар бастапқыда кәсiпорынның қаражатымен, оның iшiнде орта және ұзақ мерзiмдi банктiң несиелерi есебiнен қаржыландырылады.

     Бiз дамыған нарықтық экокомикасы бар елдердiң қазiргi кездегi несие жүйесiн сипаттаушы кейбір маңызды мәселелерге ғана тоқталдық. Өз экономикасын нарықтық жолға қайта құрушы  Қазақстан үшін әлемдiк банк жүйесiнің қазiргi кездегi даму тенденциялары‚ үлкен қызығушылық –туғызады, өйткені нарықтық  экономикаға өту өзiндiк нарыктық несие жүйесiн құруды талап етедi. Республикамыз үшін шет ел тәжiрибесiн толығымен  меңгерген тиiмдi болады, өйткені экономика нарыққа өтудiң ең басында тұр, ал Батыс елдер болса мұнда бұрыннан қызмет етуде, бiрақ осы тәжiрибеде барлық жағымды жақтарын  алған дұрыс болады, өйткенi ол өтпелi кезең жағдайында өз қолданысын табары сөзсiз.   

Левый диссертация Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік операциялар – қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары банктік бизнестің бірі болып саналады және банктік бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі несие тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр. Несие ұсыну барысындағы жіберген олқылықтар банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар Leman Brothers Barings, Enron, WorldCom, Tyco сияқты ірі банктер мен басқа да корпорациялардың құлдырауына әкелді. Банктер несие тәуекелділігінен сақтанудың сан алуан түрлерін қарастырып, тәжірибеде қолдануда, соның ішінде коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін төмендету мен алдын алудың бірден-бір жолы - қарыз алушы тұлғаның төлем және несие қабілеттілігін дұрыс анықтау. Несие қабілеттілік кешегінің ескірген немесе бүгінгі күннің жаңадан шығарылған проблемасы емес, ол несие-қарыз операцияларының пайда болуымен туындады және несиелік қатынастар орындалған орынның барлығында қолданылып, үнемі жаңартумен, толықтыруды талап ететін іс деп санаймыз.  Банктер несиелік операцияларды жүзеге асыра отырып, мемлекеттің нарықтық жүйесіндегі қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілерді қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Коммерциялық банктердің несие қабілеттілігін анықтау кезінде айтарлықтай мән бермеген олқылықтары, ертеңгі күні, банктің қаржылық жағдайына, абыройы мен беделіне, серіктестері мен клиенттерінің мүдделеріне кері әсер етуі және нұқсан келтіруі мүмкін.  Бүгінгі күні Қазақстанның коммерциялық банктерінен алынатын таза кірістің шамамен 2/3 бөлігін несиелік операциялардан болатын кірістер құрайды. Несиелік операциялардың жүргізілуімен байланысты несие тәуекелділігі пайда болады. Тәуекелділік банктің қалыптасуының ажырамас бөлігі. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің бір түрі ретінде банктің үнемі назарда тұратын объектісі болып табылады. Несие тәуекелділігін банктік басқару менеджменттің дәстүрлі және классикалық қызметі. Несие тәуекелділігі көптеген эндогендік және экзогендік себептердің үлкен кешенін құрайды. Коммерциялық банктер дамыған бәсекелес несие нарығы бар ортада қызмет етуі және табысты өмір сүруі үшін, несие қабілеттілікті анықтау, бағалау, болжау және қолдану бойынша көп жылдық тарих пен ізденістерге сүйенуі тиіс. Отандық және шетелдік тәжірибеде, оның ішінде несиелік ұйымдардың банкротқа ұшырауының бірден бір себебі несиелік операциялардан туындайтын тәуекелдердің дер кезінде алдын алмау. Несиелік операциялар бойынша несиелік ұйымдардың ғасырға жуық тарихы болғанымен несиелік институттардағы қазіргі жағдай несие қабілеттілікті анықтау әдістерінің кемшіліктері бар және жеткіліксіз дамығандығын анықтады. Қазақстандағы кейбір екінші деңгейдегі банктерге несиелік операцияларға қатысты әр түрлі ықпал ету шараларын қолданудың өзі банктердің несиелік операцияларының дұрыс жолға қойылмағандығының көрінісі. Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілік арқылы банктің несиелік операцияларының сапасын жоғарылату мен коммерциялық банктің табыстылығын арттыру - өзекті мәселе. Ол бүгінгі күннің халықаралық талаптарға жауап беретін мықты әрі сенімді банктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Әр елдегі қарыз алушының несие қабілеттілігін кешенді талдау жүйесінің қалыптасуының ерекшелігі, әр елдің ақша-несие саясаты сияқты саясатымен біруақытта қалыптасып, өзгеріп, толықтырылып, дамуда.  Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қарыз алушының несие қабілеттілігін несие тәуекелділігін басқару жүйесінде талдау әр түрлі мамандармен зерттеліп заман талабына сай өзгертіліп, толықтырылды. Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау және несиелік тәуекел мәселелеріне отандық, сондай - ақ шетелдік экономист-ғалымдардың да көптеген еңбектері арналды. Олардың қатарында ең елеулілері Э. Гиллдің, Э.Дж. Доланның, В.Н. Едронованың, В.И. Колесниковтің, Л.П. Кроливецкаяның, К.Д. Кэмпбелдің, Р. Дж Кэмпбелдің, Р. Коггердің, О.И. Лаврушиннің, П.С. Роуздің, Э. Ридтің, В.Т. Севруктың, Р. Смиттің, Ф.Дж. Синкидің және т.б. еңбектерін жатқызуға болады. Қазақстанда несие қабілеттілігін талдау туралы сұрақтарының ілімін С.А. Аханов, Ә.Ә. Әбішев, Ұ.М. Искаков, С.А. Святов, Ғ.С. Сейітқасымов, Е.Х. Сигаев, А.В. Мельников, С.Б. Мақыш, Н.Н. Хамитов, А.Д. Шелекбай және басқадай ғалымдар дамытты.  Отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген еңбектері «несие тәуекелділігі», «несие портфелі» және «несие қабілеттілік» түсініктеріне анықтамалар беріп, отандық экономиканың дамуына байланысты осы көрсеткіштердің есептелуі мен қолданылуы ұсынылады. Алайда бұл еңбектердің қатарында дағдарыс жағдайында немесе әлемдік дағдарыстың алдын алуда коммерциялық банктердің жүргізетін несиелік саясаты мен қарыз - несие операцияларын басқару және несие қабілеттілікті анықтау арқылы тәуекелді төмендету жолдары мардымсыз ұсынылған. Көптеген еңбектерде теория жақсы мазмұндалғанымен оқырманға тәжірибелік көзқарас пен есептеу жолдарының жетіспей жататындығы, банк клиенті бола алатын әр жеке немесе заңды тұлғалардың несиелеу операциясына қатысу кезінде қандай алғышарттарды біліп, қандай қадамдардан сақтануы қажеттілігі жөнінде экономикалық сауаттылығының нашарлығы бәрімізге белгілі. Осы аталған факторларды банктік несиелеуде ескермеу мүмкін емес, себебі несие тәуекелділігі тек банк немесе несиелеуші ұйым тарапынан болмайды.  Несие қабілеттілікті анықтауда әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несие қабілеттілігі несие операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несие қабілеттілікті талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.  Зерттеудің мақсаты коммерциялық банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаумен байланысты қызметтердің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік жақтарын зерттеу және несие тәуекелділігін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.  Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер қарастырылып шешілді:  - қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау мен талдаудың теориялық әдістерін жетілдіру;  - банктердегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдауды әдістемелік қамтамасыз ету мен оны ұйымдастыру процесін жетілдіру мақсатында қолданылып жүрген әдістемелік базаны зерттеу;  - дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың жағдайын қарастыру және танымал әдістемелік нұсқаулар негізінде несие тәуекелділігін талдауға байланысты ұсыныс әзірлеу;  - Қазақстанның банктік секторындағы несие тәуекелділігін төмендету әдісі ретінде несие портфелінің статистикалық, аналитикалық және коэффициенттік талдау жолдарын қарастыру;  - Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың неғұрлым ұтымды жолын ұсыну;  - несие тәуекелділік жүйесін басқаруда қолданылатын модельдерді талдау, оның ішінде «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» моделін қолданып, екінші деңгейдегі банктерге жүргізілген талдау жасау тиімділігін арттыру жолдарын анықтау.  Зерттеу пәні болып несиелік операциялар үрдісіндегі екінші деңгейлі банктер мен қарыз алушылар арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығы табылады.  Зерттеу объектісі – екінші деңгейлі банктерден қарыз алушылардың несие тәуекелділігін басқару.  Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу барысында әлемдік экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің монографиялары мен баспасөз мақалалары, қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, статистикалық құжаттар қолданылды.  Жұмысты жазу барысында несие нарығы қызметін реттейтін ҚР Заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер, ҚР Президентінің Жарлықтары, Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ресей және отандық оқу әдебиеттері, ҚР Ұлттық банктің, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің, әр түрлі деңгейлердегі конференциялардың материалдары, журналдар, сондай-ақ республикалық статистикалық талдау негізінде алынған талдамалық зерттеу материалдары пайдаланылды.  Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау бойынша ғылыми негізделген тұжырымдар дайындау болып табылады.  Негізгі ғылыми жаңалықтардан тұратын зерттеу жұмысының маңызды нәтижелері болып келесілер жатады:  - теориялық-әдістемелік зерттеудің негізінде «несие тәуекелділігі», «несие қабілеттілік» және «несие портфелі» түсінігінің авторлық тұжырым жасалған;  - несие жіктемесіне қатысты несие тәуекелділігі жіктеліп, несие қабілеттілігін бағалауда қолданылатын белгілер жинақталып жүйелендірілген;  - тартылған қаражаттың құнын анықтау формуласы енгізілген және «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» бойынша сауалнамаға қатысты тиімді қағидалар енгізілген;  - зерттеу негізінде несие тәуекелділігін басқару қызметінің қазіргі жағдайдағы күрделі мәселелері мен кедергі келтіретін факторлары анықталған;  - банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтауды кешенді қарастыру жолдары ұсынылған  Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:  - «несие тәуекелділігі», «несие қабілеттілік» және «несие портфелі» түсінігінің теориялық негіздеріне авторлық тұжырымдама;  - несие тәуекелділігі жіктемесі және несие қабілеттілігін бағалауда алға тартылатын белгілер;  - тартылған қаражаттың құнын анықтау формуласы және «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамын» оңтайландырудың тиімді қағидалары;  - несие тәуекелділігін басқарудың толықтырылған және жетілдірілген жүйесі;  - қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау бойынша шаралар кешені.  Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Диссертацияда келтірілген негізгі ұсыныстар мен қорытындылар қазақстандық банктер қызметіндегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдау бойынша міндеттерді шешуге бағытталған. Диссертациялық жұмыста анықталған қорытындылар мен ұсыныстарды іске асыру, банктегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау арқылы несие тәуекелділігінің алдын алудың сапасы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, сондай-ақ жалпы банктік жүйенің тұрақтылығын нығайтып, банктік қызметтердің сапасын арттырып және банктерге деген сенімділікті қолдауға негіз бола алады, сондай-ақ қаржы және несие мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарында пайдалануға болады.  Зерттеу нәтижелерінің қолданылуы. Диссертациялық жұмыстың негізгі тәжірибелік нәтижелері оқу үдерісіндегі типтік және жұмыс бағдарламаларын жасауда, сондай-ақ «Банк ісі», «Қаржы нарығы және делдалдары», «Валюталық операциялар» және «Банктік менеджмент» пәндерінен лекция және практикалық сабақтар өткізгенде қолданылды. Диссертациялық жұмыс бойынша негізгі нәтижелері: «Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру» оқу құралы, авторлас (2000 ж.) және келесі басылымдарда: ҚазЭУ хабаршысы (2008, 2009 жж.); Тұран хабаршысы (2010 ж.) журналдарында жарияланды, сондай-ақ, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: «ТМД елдеріндегі банк жылы: халықаралық тәжірибе және Қазақстандық практика». (Банк ісі академиясы, 2007 ж. мамыр); «Қазақстанның қаржы нарығы: оның болашағы мен келелі мәселелері». (Банк ісі академиясы, 2008 ж. сәуір.); Халықаралық ғылыми форум «ІІІ Рысқұлов оқулары». «Бизнес, ғылым, білім: ынтымақтастық қырлары». (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2008 ж. мамыр); «Қазақстанның экономикалық өсуінің даму стратегиясы: тәжірибелер, мәселелері және болашағы». (Орталық-Азия Университеті, 2008 ж. желтоқсан); Халықаралық ғылыми форум «V Рысқұлов оқулары». (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2010 ж. мамыр) баяндалып, жарық көрді.  Зерттеудің негізгі нәтижелері мен қорытындылары келесі орындарда сыналды және қолданысқа енгізілді:  - Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ң оқу үрдісіне;  - «Алатау» Қазақстан университеті білім беру мекемесінің оқу үрдісіне;  - «Қазақстан халық банкі» АҚ-ң несие операцияларын жүзеге асыруда.  Зерттеу нәтижелерінің жариялынымдары. Зерттеу жұмысының негізгі ғылыми қағидалары және нәтижелері жалпы көлемі 9,77 баспа табақты құрайтын 9 ғылыми зерттеу жұмысында, оның ішінде 3 мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы Бақылау Комитетімен ұсынылған басылымдарда жарияланды.  Диссертация құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс белгілеулер мен қысқартулардан, кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі147 бет, оның ішінде 36 кесте, 18 сурет.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау және талдаудың теориялық негіздері  Бірінші бөлімде несиелеумен байланысты тәуекелдерді басқарудағы елеулі кемшіліктердің банк жүйесінің дағдарысына әсері ашылды. Бірқатар банктерде тәуекел-менеджмент жүйесі мүлдем құрылмаған болса, басқаларында – осы функцияның тәуелсіздігі қамтамасыз етілмеген, үшіншілерінде – жоғары басшылық тәуекел-менеджерлердің туындаған проблемалар жөніндегі ескертулеріне құлақ аспайды. Банк жүйесінің даму кезеңінде басшылық тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құру үшін айтарлықтай күш-жігер салуға тиіс. Ал ол үшін жоғары басшылықтың саяси еркі қажет. Біздің ойымызша, «Несие тәуекелділігі - сыртқы және ішкі орта факторлары әсерінен қарыз алушы тұлғаның банк алдындағы өз міндеттемелерін орындаудан жартылай немесе толықтай айырылуы». Шынайы экономикаға жіберілген қарыздарды икемді басқарудың бірден-бір жолы – тәуекелдерді дұрыс басқара білу.  Қарыз алушыларды несиелеу кезінде туындайтын төлемсіздікті, жалпы тәуекелділікті төмендету үшін бірнеше факторларды ескерген жөн:  - экономикадағы өзгерістерге сезімтал қандай да бір салаға банктің несиелік қызметінің араласу деңгейін;  - қиындықты айтарлықтай сезінетін клиенттерге тиесілі болатын несиелер мен басқа да банктік мәмілелердің үлес салмағын;  - жаңа, дәстүрлі емес, аз зерттелген салаларға банктің араласу деңгейін;  - несиелер ұсыну, банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру бойынша саясатқа жиі өзгертулер мен толықтырулардың жасалуын;  - жаңа және жақында тартылған клиенттердің үлес салмағын;  - аз уақыттың ішінде тәжірибеге жаңа қызметтердің неғұрлым мол түрін енгізуін;  - тез құнсызданатын немесе нашар өтімді кепілзаттарының қабылдануын.  Несие тәуекелділігін басқаруға байланысты айтарлықтай қиындықтарға әкелетін кемшіліктер деп келесілерді атауға болады:  - несиелік саясат туралы жазбаша құжаттың болмауы немесе нашар дайындалуы;  - несиелік портфель концентрациясына қатысты шектеу қойылмауы;  - несиелік жетекшілердің орталықтандырылуы мен деорталықтандырылуы;  - несиелік объекттің жеткіліксіз талдауы;  - қарыз алушыны үстіртін талдау;  - кепілзатының асыра бағалануы;  - клиентпен байланыстың жиі болмауы немесе тіптен болмауы;  - бақылау аралығының ұзаруы (кәсіпорындарды несиелеуде) немесе тіптен жүргізілмеуі;  - құжаттарға байланысты жеткіліксіз бақылау;  - қарыз қаржыларды шектен тыс қолдану;  - несиелік құжаттар топтамасының толық болмауы немесе қатаң қадағаланбауы;  - несиелік процесті тиімді бақылап, уақытында аудиторлық тексеруге ұсынбау және т.с.с.  Қазақстанда несие тәуекелділігін басқару жүйесінде жекелеген элементтер ғана қызмет етуде. Несие тәуекелділігін басқарудың толық жүйесіне әлі қол жеткізілген жоқ. Біз оның көптеген себептері бар деп есептейміз: Біріншіден, біздің елімізде несиелік операциялар әлі қалыптасу және даму сатысында, өйткені несиелік ресурстар көбіне шет елдерден тартылатындығы сияқты, қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаудың бірыңғай жүйесі жоқ, тағы да шет елдердің әдістеріне жүгінуге тура келеді. Екіншіден, жоғарыда аталып өткендей, ақпараттық жүйенің әлсіздігі, несиелік бюро қызметінің қалыптасу сатысында болуы, банктің іскерлік тәуекелділігін тудырады. Еуропалық одаққа кіретін елдерде кредиторлар тұрақты негізде несиелік бюролар арқылы қарыз алушылардың төлемқабілеттілігі туралы ақпаратпен алмасады. Қазақстанда жеке несиелік бюролармен қатар несиелерді мемлекеттік тіркеу институттарын құру жоспарлануда, бұл көптеген дамыған елдерде қолданылады. Үшіншіден, ұсынылған несиелер бойынша кепілдеу жүйесінің болмауы, бізде кепілдік қоры депозиттер мен ипотекалық несиелерге қатысты құрылған. Төртіншіден, банктің несие тәуекелділігін есептеудің бірыңғай әдістемесі жоқ, оның ішінде Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік т.с.с. ерекшеліктерін ескеріп құрылған. Бесіншіден, банктік несие бойынша қабылданған кепіл заттардың барлық уақытта анықталған өтімділікті көрсете алмауы. Алтыншыдан, жақсы дайындалған барлық уақытта несие тәуекелділігіне қарсы әрекет көрсете алатын несиелік саясаттың болмауы. Жетіншіден, банк персоналдарының нашар дайындығы мен әрекеті және тез шешім қабылдай алмауы, Сегізіншіден, қарыз алушыға байланысты келеңсіз немесе күтпеген жағдайлардың орын алуы.  Зерттелген анықтамаларды нәтижелей келе, несие тәуекелділігі – бұл кредитордың несиелік келісімнің шартында көрсетілген уақытта несие бойынша негізгі қарыз сомасын және (немесе) ол бойынша есептелген сыйақы сомасын қайтарып ала алмау ықтималдығы, деуге әбден болады. Банк пен қарыз алушы арасындағы тәуекелділік мәселесінен кейін, несиенің бір түрінен, бірдей сомада, бірдей мерзіммен, алған несиелерге байланысты да несие тәуекелділігінің әбден болуы мүмкінкіндігін қарастырғымыз келеді (1-кесте).  Несие тәуекелділігін талдаудағы басты міндеттер болып, кредитордың жеткілікті мөлшерде ақпарат алуы, оны өңдеуі мен бағалауы келесілерге қол жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс: әлуетті қарыз алушыға несие берудің дұрыстығы туралы шешім қабылдауға; қарыз алушы несиелік міндеттемелерін (негізгі қарыз және бойынша сый ақыларды) орындай алмаған жағдайдағы ықтимал қаржылық залалды есептеуге және өз қызығушылықтарын қорғау үшін әрекет етудің арнайы жүйесінің алдын алу болып табылады.

Несие тәуекелділігі жіктемесі - бұл несиелік қатынастар құрылымының, несиелеудің негізгі қағидаларының, қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Банктің несие тәуекелділігін төмендету мақсатында төлемдерді қайтармау тәуекелінің деңгейіне айтарлықтай әсер ететін факторларға ерекше назар аудару қажет, ол тікелей біз дайындаған несие тәуекелділігі бойынша өзіндік жіктеуімізде көрініс тапты. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің құрамдасы, банк тәуекелділігі жөнінде берілген анықтамалар сан түрлі. Тәуекелділік «жоғалту қауіптілігі (немесе қауіп)», бұл анықтама тәуекелділіктің өлшемінің өзгеру сұрағын шеше алмайды. Банкте жақсы жетілдірілген және қалыптасқан несие тәуекелділігін басқару жүйесін жасап алмай, несие тәуекелділігін басқарудың тиімділігіне қол жеткізу мүмкін емес.  Бүгінгі таңда, банк жүйесі үшін клиенттің несие қабілеттілігін анықтаудағы тиімді әдістер мен жолдарды дұрыс таба білу өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Дағдарыс жағдайында тәуекелдерді басқарудың бірдей әдістемесін қолдану мүмкін емес. Қазақстанның коммерциялық банктері алдында барлық уақытта қарыз алушының несие қабілетін талдау әдістемесін таңдау мәселесі тұрады. Бұл сұрақтың туындауы біріншіден, несие қабілеттілікке талдау жүргізетін несиелік қызметкерлердің тәжірибесінің аздығы болса, екіншіден, қарыз алушылар туралы ақпараттың жалаңдығы. Егер шет елдерде бірнеше ондаған жылдар бойы жинақталған ақпараттар табылатын болса, бізде несиелік бюролардың құрылғаны кеше ғана. Үшіншіден, несие қабілеттілікті анықтау бойынша Қазақстанда дайындалған әдістемелік нұсқаулар жоқтың қасы, Ресей немесе шет елдер дайындаған несие қабілеттілікке қатысты әдістемелік нұсқаларды Қазақстандық жағдайға ықшамдау қажет. Қазақстан банктері көп жағдайда, банктің несие тәуекелділігі жүйесін басқаруда өзіндік тәжірибе мен олқылықтарға көп назар аударады. Оның қандай себептерден болғанын, қандай әдістер мен шешімдер орын алғанын қарастырады. Нарықтық экономика жағдайында және шетелдік стандарттар мен нормативтердің көптеп енгізілуі жағдайында Еуропа мен АҚШ сияқты елдердің миллиондап қаржы жұмсаған зерттеулеріне үлкен мән берген дұрыс сияқты.  Бүгінгі күнге дейін қазақстандық және шетелдік қадағалау ұйымдарының қарыз алушының несие қабілеттілігін, несие тәуекелділігі мен бағалау әдістемесін қолдануында айтарлықтай ерекшелік болмады. Банкті қадағалау бойынша Базель комитетімен қабылданған жаңа талаптар қалыптасқан тәжірибені түбегейлі өзгертті десе де болады. Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау кезінде банктер мен рейтинг агенттіктерінің беретін бағасының маңызы артты. Отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің еңбектерін зерделей отырып, қазіргі несие нарығындағы және әлемдегі болып жатқан өзгерістерге байланысты несие қабілеттілікке төмендегідей авторлық анықтама берілді: «Несие қабілеттілік – қарыз алушының банк алдындағы өз міндеттемелері бойынша туындауы мүмкін несие тәуекелділігінің алдын-алу және жою қабілеті». Несие қабілеттілікті анықтау кезінде бірнеше көрсеткіштер мен белгілерге үлкен мән берген жөн, әлемдік және отандық банктер тәжірибелерін қарастыра отырып қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалауда алға тартылатын белгілер сипатталды. Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілеті болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында көңіл аударатын ең бір формалды көрсеткіш болып табылады. Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты қарызбен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді. Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді. Отандық және шетелдік тәжірибе несие тәуекелділігі мен клиенттің несие қабілеттілігінің бірнеше анықтаушы белгілерін зерттеді. Банктер тәжірибесінде қолданылатын қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау мен бағалаудың маңызы мен қажеттілігін зерттей келе, олардың сан алуан әдісі мен әдістемесі бола тұра несие тәуекелдерін басқаруға әлі толық қол жеткізілген жоқ, яғни бұл сала көптеген зерттеулерді талап ететіндігін көруге болады. Біз өз зерттеуімізде, несие қабілеттілік анықтамасыа авторлық анықтама жасап, әр түрлі еңбектерде білдірілген пікірлерге байланысты тұжырым білдірдік және қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалауда алға тартылатын белгілерді жинақтап жүйелендірдік.  Халықаралық банктік тәжірибеде тәуекелдерді басқару процесі қаржылық менеджменттің шешуші бағыты деп қарастырылады. Тәуекелдерді басқару (тәуекел-менеджмент) – бұл тәуекелдерді төмендету арқылы табыстардың көлемін арттыруға және шығындардың көлемін азайтуға бағытталған шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру бойынша шаралардың жиынтығы болып табылады. Тәжірибеде тәуекелді басқару кешенді сипаттағы және тәуекелдердің салдарынан болатын қолайсыз нәтижелерді төмендетуге немесе болдырмауға бағытталған аналитикалық, ұйымдастырушылық және қаржылық шаралардың жиынтығы болып табылады. Тәуекелдерді сапалы деңгейде басқару коммерциялық банктің ұзақ мерзімді перспективадағы табыстарға қол жеткізу мүмкіндіктерін көтереді. Банк операцияларының басым бөлігі несиелік қызметпен байланысты. Сондықтан да, несие тәуекелділігін басқару банктің қаржылық жағдайын қамтамасыз етудің ең маңызды жолы болып табылады. Зерттеу барысында қарастырылған анықтамалардың біреуі де несие тәуекелділігін себебі мен нәтижесі бар белгілі бір үрдіс ретінде сипаттамайды, сондықтан несие тәуекелділігін дұрыс жіктеу оларды тиімді басқаруға мүмкіндік береді деп есептеп, несие тәуекелділігінің жаңа жіктемесі енгізілді.  Тәуекелді басқару - бұл өзіне: тәуекелдерді болжауды, олардың мөлшері мен әсерін анықтауды, олардың алдын алу немесе олармен байланысты залалдарды төмендетуге арналған іс-шараларды дайындау мен жүзеге асыруды біріктіретін үрдіс. Осылайша, несиелік үрдіс пен оны жүзеге асырумен байланысты несие тәуекелділігі, коммерциялық банктердің несиелеу жүйесі бағытталған әсер ету объектілері болып табылады. Қалыптасқан банктік тәжірибеде несие операцияларын жүзеге асыру және несие тәуекелділігін басқару бойынша бірнеше әдістер мен тәсілдемелер қолданылады

Бұл жерде, несиелеу жүйесі несиелік қатынастарды ұйымдастырудың басты буыны деп айтуға болады. Жалпы несие тәуекелділігін басқаруға екі тұрғыдан келу қажет: нақты қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару және несиелік портфельдің тәуекелін басқару тұрғысынан деп есептейміз.  Банктің несие тәуекелділігі сыртқы ортамен қатар ішкі орта факторларына да тәуелді, сол себепті біреуіне ғана кеңірек көңіл бөліп (әдетте, сыртқы факторлар әсерінен болатын тәуекелдер қауіпті саналады), екіншісіне үстіртін қарауға болмайды. Өйткені, бүгінгі тәуекелділіктің шағын көрінген элементтері, ертеңгі күні басқарылмайтын жағдайға жетуі мүмкін. Несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқару мен бағалаудың отандық және шетел тәжірибелерін қарастыра келе, несие қабілеттілікті анықтау әдістері мен әдістемелерінің әр түрін зерттеу барысында айтылған өзіндік ерекшеліктері мен басымдықтары бар, тек қарыз алушы субьектті жақсы тани біліп, тиісті әдістер мен әдістемелерді орынды қолдана білгенде ғана қарыз алушының несие қабілетін анықтауға мүмкіндік болады деп санаймыз, бұл жерде басты назар несие менеджерінің іскерлік қабілетінде болуы тиіс. Яғни, банктің несие тәуекелділігін басқару, бірінші кезекте жөнімен дайындалған нормативті құжаттарға тәуелді болса, екінші кезекте банк қызметкерлерінің біліктілік деңгейіне байланысты болады.

2 Тәуекелдерді төмендету әдістері мен тәсілдерін қолдану тәжірибесіне талдау  Банктердің несие портфельдеріне байланысты тәуекелдерді тежеу үшін өткен жылы қабылданған бірқатар пруденциалдық нормативтердің, жылжымайтын мүлікке байланысты несиелеу тәуекелдері және сыртқы кредиторлар тұлғаларына байланысты несиелеу нормативтерін қоса алғанда дұрыстығын айту қажет. Жылжымайтын мүлікке бағаның тез өсуін және ипотекалық несиелеу және құрылысты несиелеудің одан әрі жалғасқан толқынын негізгі ала отырып, несиенің негізгі сомасы мен қамтамасыз етуге ұсынылған активтің бағалау құны арасындағы пайызға ара қатынасын және несиелерді жіктеу үшін олардың төлем қабілеттілігі бойынша, әсіресе ақша-несие талаптарын күшейтудің әсерінен несиенің өсу қарқыны қажетті қарқыннан қалған жағдайда, одан әрі күшейту мәселесін қарауға тура келеді. Бұдан басқа, сыртқы несиелеу және банктің инвестициялық қызметі бойынша пруденциалдық нормативтерді күшейту мүмкіндігін қарастыру қажет.  Сыртқы қаржыландыру есебінен өзінің бизнес стратегиясын қаржыландыратын ЕДБ–ң соңғы жылдары өтімділіктің тапшылығы, қатаң талаптары жағдайында және қайта қаржыландыру мен өтімділік тәуекелдерінің өрістеуі барысында іс-әрекет жасауға мәжбүр болды, бұл олардың активтерінің өсу қарқынының баяулауына және өз кезегінде нақты сектордағы несиелеу деңгейінің төмендеуіне алып келді .  2-кестеде келтірілген деректерге сүйенетін болсақ, несиелеудің жоғары қарқыны 2005-2006 жылдарға сәйкес келеді, бұл жылдары өсім 68,9% және 95,7 % құраған. 2007 жылы ағымдағы жаһандық дағдарыс Қазақстаннның банк жүйесінің құрылымдық проблемаларына әсерін күшейтіп, сыртқы көтерме қаржыландырудан қазақстандық банктердің тәуелділігінің жоғары болуымен түйінделген 2007 жылы несиелеу (өсім 48,0%) 2006 жылмен салыстырғанда 2-есе шамасында азайса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 4,2% артқанын көруге болады. ал 2009 жыл нәтижесі несиелеу көлемінде айтарлықтай өзгеріс болмағанын көрсетті.

Бұл ретте, жылжымайтын мүлік пен құрылыс секторларын несиелеу көлемі төмендеді, сондай-ақ өз бизнесіне банк ресурстарының есебінен белгілі бір деңгейдегі тұрақтылық жағдайында демеу көрсетіп отырған шағын кәсіпкерлік субьектілерін де несиелеу біршама азайды. Жылжымайтыне мүлік нарығындағы тұрақсыздық және бағаның өзгеруі, іскерлік белсенділігінің төмендеуімен қатар несиелеу талаптарын қайта қарау арқылы ЕДБ тәуекелдерін қайта бағалау, сондай-ақ халықтың сатып алу қабілеттілігінің кемуі банк секторының тұрақты жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылатын банктердің несиелік портфелінің сапасына кері әсер етті . Қазақстанның банк жүйесіндегі төлем мерзімі өткен (2, 4, 5 санаттағы күмәнді және үмітсіз) несиелердің деңгейі бірыңғай несиелерді есепке алғандағы жиынтық банк активтерінің 10% тең шекті параметрлерінен төмен, бұл ретте әрі қарай өсу үрдісі байқалды, бұл жаһандық өтімділік тапшылығының және жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның жағымсыз өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Несие банктің негізгі қызмет түрі болып табыс әкелуімен қатар, банк үшін тәуекелі де жоғары екені белгілі. ЕДБ-ң несие портфелінде мерзімі өткен берешектері күннен-күнге артып отырғанын көруімізге болады. Коммерциялық банктердің несие тәуекелдерін басқару жөніндегі тәжірибесінің аздығы және несие портфелінің басым бөлігінің доллармен толығуы, трансшекаралық несиелер мен бағалар тұрақтамауы несие портфеліндегі мерзімі өткен берешектердің өсуін арттырды.  2005-2009 жылдар аралығында жылдан-жылға артып келе жатқан ЕДБ несиелері бойынша берешек сомалардың артуы көптеген ішкі және сыртқы факторларға байланысты, бүгінгі күні оның бастылары болып Әлемдік экономиканың бұдан әрі бәсеңдеуі, ірі экономикалық державалардың рецессиясы және әлемдік қаржы институттарының тұрақсыздығы жағдайларында тек қана қаржылық емес, сонымен қатар тауар нарықтарының да қолайсыз конъюнктурасы Қазақстанда экономикалық өсудің бұдан әрі бәсеңдеу тәуекелділігінің күшеюіне және төлем балансын қаржыландырудың тапшылығына әкелуде, бұл елдің ішкі ресурстарымен қатар халықаралық резервтеріне де әлеуетті жүктемені ұлғайтуда (3-кесте).

Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау барысында, «Қазақстан халық банкі» АҚ-ң клиенті - «Жаңа-Олжа ұн комбинаты» ЖШС алынып, қарыз қабілеттілігі толықтай бағаланды.  ҚР ЕДБ тәуекел-менеджментін дамыту және олардың жай-күйі туралы қазіргі теориялық және практикалық ережелерді зерттеу, несие жүйесін басқарудың тәуекел менеджменті құрылымын ұйымдастыру әдістерінің толық жетілдірілмегендігін және жеткіліксіз деңгейде дамығанын анықтады. Банктердің ішкі жүйесіндегі несие тәуекелдерін басқару жүйесін құру және қызметін жандандыру банктердің ішкі қызметіндегі маңызды және керекті элементке айналуы тиіс. Осы элементтің дұрыс қызметі арқылы ЕДБ халықаралық талаптарға жауап беретін сенімді және мықты банкке айнала алады.Банк қызметіндегі несие тәуекелдері жүйесін басқару және оның ішінде қарыз алушы несие қабілеттілігін жүйелі басқару жөнінде жазылған отандық еңбектер жоқтың қасы, көп еңбектерде жазылған теориялық материалдардың іс жүзінде практикадан алшақтығы сезіліп жатады.  Несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқарудың теориялық және практикалық маңыздылығының ЕДБ үшін ғана емес, банк қызметін пайдаланушылар үшін де мәні зор. ЕДБ мен қатар пайдаланушылар үшін де несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқару екі субьект арасындағы сенімсіздіктің жойылуына, төлемсіздік, несие қабілетсіздік сияқты факторлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Несие портфеліне жасалған талдау оның сапасының нашарлауына баға өзгерістерінің жайсыздығын, кәсіпорындардың күйзелісін, тұрғындардың әлеуметтік факторларын алға тартады.  Несие тәуекелділігін туындататын факторлардың бірі пайыз мөлшерлемелеріндегі өзгерістер немесе дұрыс есептелмеген пайыз мөлшерлемесі. Банктер өз қызметі барысында барлық уақытта пайыз мөлшерлемелерін ырықтандыра алмайды, себебі оған көптеген ішкі факторлармен қатар сыртқы факторлардың да әсері бар. Атаулы жағдайларда ғана банктер, мысалы несие портфелін теңдестірп қаржыландыру саясатын жүргізулері мүмкін.  Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі несиелер мен инвестициялардың деңгейіне, меншікті қаражаттар мен қарызға алынған қаражаттардың арақатынасына, депозиттік салымдардың көлемі мен бағасындағы өзгерістерге, қайтақаржыландыру, есептік т.с.с. пайыздар өзгерісіне тәуелді болады, өйткені, еркін пайыздық мөлшерлеме режимінде де ақша-несие мекемелері пайыздық мөлшерлеменің қолайлы деңгейде сақталуын бақылауға тиіс. Кез келген жағдайда банктің пайыздық мөлшерлемелер тәуекелінің бөлігін клиентке аудару мүмкіндігі болады. Алайда «басқыншылық» деп аталатын осындай саясаттың орындылығын анықтағанда екі ой-пікірді басшылыққа алу қажет.  Біріншісі – қазақстандық нарықтағы бәсекенің қарқынына қатысты. Егер клиентке банкті ауыстыру қиынға түссе, онда пайыздық мөлшерлемелердің түсуін күткенде несиелер бойынша межеленген пайыздық мөлшерлеме белгіленеді, ал пайыздық мөлшерлеменің өсуі күтілгенде – мерзімді салымдар мен депозиттер бойынша тіркелген пайыздық мөлшерлеме белгіленеді. Екіншісі – пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелінің көбірек бөлігін қарыз алушыға аудара отырып, банк оның төлеуге қабілетсіз етуі және осының салдарынан анағұрлым көп жоғалтуы да мүмкін. Өнеркәсіптік және сауда кәсіпорындарымен салыстырғанда банк мекемелерінің осы тәуекел түрін басқару мүмкіндіктері көбірек.  Бүгінгі күні Қазақстан шикізат отаны болып санала отырып, оны өндіруге қаржыны шетелдік инвестиция көздерінен алып отыр, ол ертеңгі күні бірнеше есе артық қаржы төлеу арқылы дайын өнім алу мүмкіндігіне ие боламыз. Осы тұрғыда несиелік ресурстардың басым бөлігін өндіріс орындарын ашуға жұмсасақ, еліміздің қаржыларын молайтуға, арзан ресурс пен қатар арзан өнімге, әлеуметтік тұрғыда жұмыспен қамтуға қол жеткізер едік, ал бұл дегеніміз ертеңгі күні заңды және жеке тұлғалардың несие қабілеттілігін арттыруға септігін тигізері сөзсіз.  Несиелер бойынша мөлшерлеме белгілеу кейбір базалық мөлшерлеменің немесе несие тарту мөлшерлемесінің негізінде жүзеге асырылады оған пайда маржасы мен тәуекел үшін үстеме (негізінде шетел банктерінде) қосылады. Мысалы, банктермен өтелетін несиелер бойынша мөлшерлеме «құнға қосу» формуласының көмегімен белгіленуі мүмкін.

Несие бойынша мөлшерлеме = Тққ + Нс + Қмот + Ош + Пм (1)  мұнда,  Тққ – тартылған қаражаттың құны;  Нс – мерзімге байланысты сыйақы;  Қмот – қарызшының міндеттеме орындамау тәуекелі бойынша сыйақы;  Ош – операциялық шығындар;  Пм – пайда маржасы.

Осы үлгіні ЕДБ қалауы бойынша түрлендіруге болады, біз несие мөлшерлемесін есептеуде төмендегі формуланы ұсынамыз:

Несие бойынша мөлшерлеме = Тққ + Нстқ (2)

Тққ – тартылған қаражаттың құны;  Нстқ – несие саясатындағы тәуекелдер құны.

Тартылған қаражаттың құны (Тққ) несиелік ресурстың банк үшін арзан немесе қымбат көздерден алынуына байланысты болса, несие саясатындағы тәуекелдер құны (Нстқ) осы несиенің банк үшін қандай тәуекелділік (шығын мен залал ықтималдығы) әкелетіндігіне байланысты анықталуы қажет және банктің саясатымен белгіленгені дұрыс деп есептейміз.  ҚР Ұлттық банк және ҚР ҚҚА қолданатын соңғы 2007-2009 жылдары енгізіліп қолданылып келе жатқан модельдердің бірнеше түрі бар. Соның бірі құпия жүргізілетін яғни респондент аты-жөні көрсетілмейтін екінші деңгейдегі банктерді тексеру сауалнамасы - «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» деп аталады (4-кесте).  Нәтижелерді сондай-ақ респонденттердің пікірін көрсететін біріктірілген көрсеткіш болып табылатын «диффузия индексінің» көмегімен де бағаланады. Индекс мәндерінің шкаласы -100%-дан 100%-ға дейін өзгереді. Индекстің нөлге тең мәні респонденттердің ағымдағы ахуал туралы пікірі өткен зерттеулермен салыстырғанда өзгермегендігін көрсетеді. Респонденттердің пікірі оң немесе теріс жаққа өзгергенде, бұл тиісінше ұлғаю/азаю, жұмсару/қатаю жағындағы нәтижелерде көрінеді.  Индекс арналған деректер мынадай формула бойынша есептеледі:  «Диффузия индексі» = («айтарлықтай қатайған» деп жауап берген респонденттердің пайызы + «шамалы қатайды» деп жауап берген респонденттердің пайызы»*0,5) - («айтарлықтай жұмсарған» деп жауап берген респонденттердің пайызы + «шамалы жұмсарды» деп жауап берген респонденттердің пайызы *0,5).  ҚР Ұлттық Банкі жүргізген 2010 жылғы қаңтарда «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» тұрақты тексеру нәтижелері 2009 жылғы 4-тоқсанда несие портфелі сапасының нашарлауы қарқынының төмендегенін 2-сурет көрсетіп тұр. Қаржылық емес ұйымдар несиелік ресурстарды айналым қаражатын толықтыру және бұрын алынған несиелерді қайта құрылымдау үшін тартады. Бөлшек несиелеу нарығында банктер ипотекалық қарызға қарағанда, тұтынушылық несиелеуге біршама көбірек басымдық беруді жалғастырып отыр.

Несие тәуекелділігін басқару жүйесі бірнеше элементтерден тұрады және стратегиялық басқару, яғни банктің стратегиялық жоспарының, оның несие саясатының және несие тәуекелін бақылау мақсатында ұйымдастыру бөлімшелері жұмысының деңгейінде жүзеге асырылатын нақты іс-шаралар арқылы атқарылады. Несие тәуекелі несиенің «ерекше назар аудару» тізімін жасау арқылы басқарылады.  3 суретте ұсынылғандай, банктің қарыз алушысының несие қабілеттілігін бағалау әдістерін жетілдіру бойынша жалпы ұсынымдар мен қолданылып жүрген әдістемелер келесі негізгі процедуралардың орындалуын ұсынады: қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау; қарыз алушыға несиелік рейтинг бекіту және банктің меншікті несиелеу лимитін белгілеу. Қарыз алушының несие қабілеттілігі сұрағы жеткілікті зерттелген мәселеге жатпайды. Бүгінгі күннің несиелік мекемелері үшін де «несие қабілеттілік» сұрағы өзекті болып отыр. Қарыз алушының несие қабілеттілігі түсінігін екі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады қарыз алушы тұрғысынан – несиелік мәмілені аяқтау және алған қарызды өтеу мүмкіндігі; кредитор тұрғысынан – ұсынылатын несиенің мөлшерін дұрыс анықтау және осы несиеге қатысты тәуекелдің алдын алу.  Несие қабілеттілікті анықтауда несие қағидаларының барлығы қатыстырылады және құрылыммен өткізілетін үдеріс болғандықтан жүйелілік қағидатын да алғышартқа қою қажет. Жүйелілік кешенді экономикалық талдауға қатысатын жүйелер мен жүйешелердің өзара байланысын, ол байланыс болмай жағымды нәтиже болмайтынын көрсетеді. Жүйедегі әрбір элемент аналетикалық көрсеткіштерден тұрады, жүйе элементтері арасында өзара логикалық байланыс қалыптасады.  Қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау барысында банк бірінші кезекте мына факторларға аса назар аударады: несиелік мәміле жасауға қарыз алушының жеке бас қабілеті, рухани сипаты және іскерлік беделі; құқылық қабілеті; өтімді және құнды қамту нысандарының болуы; тұрақты табыс көзінің болуы. Сонымен, біздің пайымдауымызша «Несие қабілеттілік – қарыз алушының банк алдындағы өз міндеттемелері бойынша туындауы мүмкін несие тәуекелділігінің алдын-алу және жою қабілеті».  Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың көптеген әдістері мен тәсілдерін оқып зерттей отырып, оның басымдылықтары мен қатар өзіндік жетіспеушіліктері мен кемшіліктеріне көз жеткіздік. Банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігіне қатысты тәуекелдерді төмендету үшін келесілерді жүзеге асыру қажет  - коэффициенттерді есептеу үшін өткен кезең есеп берулері қабылданады, болашақ болжамы көп ретте ескерілуі тиіс,  - төлем қабілеттілік сандарға қарап емес, нақты бизнестің өтімділігіне, өндірілген тауар, өнімдерге байланысты сұранысқа қатысты есептелуі қажет;  - қарыз алушыны тану үшін, болған төлем қабілетсіздік жағдайларына (төленбеген, мерзімінде өтелмеген, кешіктірілген төлемдеріне) баса назар аудару қажет;  - сандық және сандық емес мәліметтерді жинай отырып, қарыз алушының қабілетіне көз жеткізу мүмкін емес, сондықтан орнталықтандырылған несиелік тарихты қалыптастыру мәселесін шешу қажет;  - бас банктің қайта қаржыландыру сияқты мөлшерлемелерінің өзгеруін клиент үшін де тиімділікпен қарастыру, банк үшін де тиімді болып саналады;  - шетелдің экономикалық, географиялық, әлеуметтік, саяси т.б. ерекшеліктерін ескере отырып құрылған зерттеулері барлық уақытта біз үшін тиімді емес, сондықтан қарыз алушыны несиелеудің тиімді жолдарының бірі ретінде, исламдық қаржыландыруды кеңірек қолдану қажет.  Банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз қабілеттілікті анықтауға және несиелеуге байланысты тәуекелдерді басқаруға несие тәуекелдерін құқықтық реттеу және несие тәуекелдерін төмендету әдістері мен тәсілдерін кешенді қолдану арқылы қол жеткізуге болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Іске асырылған диссертациялық зерттеу мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:  1. Әр елдің және әр банктің несие қатынастарын реттейтін несиелеу жүйесі орын алғанымен оларға бірдей моделді қолдану мүмкін емес, бұл жерде банктердің операция көлемі, ішкі ережелері, қойылатын талаптары болатыны сияқты, клиенттердің несие қабілетттілігін бірдей шартпен талдау мүмкін еместігін айта кеткен жөн. Яғни бір модель бір банк үшін сәтті болса да, екінші банк үшін қолайсыз болуы мүмкін. Осы аталғандарға қатысты, осы еңбекте несие тәуекелділігін басқару жүйесінің, несие қабілеттіліктің және несие портфелінің теориясы зерттеліп, оларға байланысты авторлық анықтамалар берілді.  2. Несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқару ұғымымен қатар, несие тәуекелділігі жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдауға байланысты атақты отандық және шетелдік авторлардың еңбектері зерттелді. Осы зерттеу нәтижесінде, еңбектерде білдірілген пікірлерге байланысты тұжырым жасалды, несие тәуекелділігінің түрлері анықталды, несие тәуекелділігімен қатар жалпы банк тәуекелділігінде қолданылатын ұғымдардың ерекшеліктері ажыратылды. Несие тәуекелділігін қарыз алушы түріне қатысты бөлу үлгісі дайындалды. Несие операциясының технологиясын басқару жолдары сараланып, несиелік комитет атқаруға тиіс қызметтер белгіленді және қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалауда алға тартылатын белгілер жинақталып жүйелендірілді.  3. Банк қызметіндегі несие тәуекелдері жүйесін басқару және оның ішінде қарыз алушы несие қабілеттілігін жүйелі басқару жөнінде жазылған отандық еңбектер жоқтың қасы, көп еңбектерде жазылған теориялық материалдардың іс жүзінде практикадан алшақтығы сезіліп жатады. Сол себепті, несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі және қарыз алушыларды несиелеу кезінде туындайтын төлемсіздікті, жалпы тәуекелділікті төмендету үшін ескерілуге тиіс бірнеше факторлар анықталды: Банктік несиелеуде тәуекелділік туғызатын ішкі және сыртқы факторлар; Банк пен қарыз алушы тарапынан туындайтын тәуекелдер және оған әсер ететін факторлар; Кәсіпорынның қаржы (несие) тәуекелділігінің деңгейіне әсер етуші негізгі факторлар және ұқсас клиенттердің несие қабілеттілігіне әсер ететін факторлар және себеп-салдарлары анықталды, аталған факторлардың алдын-алу шаралары ұсынылды, бұл болашақта банк жүйесінде шешімдер жасауға, тәуекелдердің алдын алуға көмек болады.  4. Қазақстанда несие тәуекелділігін басқарудың толық жүйесіне әлі қол жеткізілген жоқ, несие тәуекелділігін басқару жүйесінде жекелеген элементтер ғана қызмет етуде. Сондықтан, несие тәуекелділігін басқаруға байланысты айтарлықтай қиындықтарға әкелетін олқылықтар және олардың мүмкін себептері зерттелді, несие тәуекелділігін талдаудағы басты міндеттер анықталды.  5. Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау мен бағалау үлкен шеберлікті талап ететін іс, сол себепті банктің қарыз алушының несие қабілеттілігін ұтымды бағалай алатын талдау кешені болғаны дұрыс. Біз өз зерттеуімізде, қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың кешенді талдауын ұсынып: қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалауда алға тартылатын белгілерін, қарыз алушының несие тәуекелділігін басқару әдістерін және қарыз алушыға қатысты несие тәуекелділігін басқару әдістері мен элементтерін, қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың қалыпты әдістемесін талдадық.  6. Несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқару мен бағалаудың отандық және шетел тәжірибелерін қарастыра келе, әдістер мен әдістемелердің әр түрінің зерттеу барысында айтылған өзіндік ерекшеліктері мен басымдықтары бар, тек қарыз алушы субъектті жақсы тани біліп, тиісті әдістер мен әдістемелерді орынды қолдана білгенде ғана қарыз алушының несие қабілетін анықтауға мүмкіндік болады деп санаймыз, бұл жерде басты назар несие менеджерінің іскерлік қабілетінде болуы тиіс.  7. Несие портфелін талдай отырып, несие портфелінің сапасы төмендей бастаған банктерге қадағалау органдары тарапынан бірден несиелеу көлеміне байланысты немесе мерзіміне байланысты немесе уақытша несиелеу қызметін тоқтата тұру жөнінде белгілі бір шаралардың қолданылуы және осы мәселе ҚҚА тарапынан қолға алынуы тиіс. Осы тұрғыда несиелік ресурстардың басым бөлігін өндіріс орындарын ашуға жұмсасақ, еліміздің қаржыларын молайтуға, арзан ресурс пен қатар арзан өнімге, әлеуметтік тұрғыда жұмыспен қамтуға қол жеткізер едік, ал бұл дегеніміз ертеңгі күні заңды және жеке тұлғалардың несие қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетіндігінің дәлелі.  8. Тартылған қаражаттың құны (Тққ) несиелік ресурстың банк үшін арзан немесе қымбат көздерден алынуына байланысты болса, несие саясатындағы тәуекелдер құны (Нстқ) осы несиенің банк үшін қандай тәуекелділік (шығын мен залал ықтималдығы) әкелетіндігіне байланысты анықталуы қажет және банктің саясатымен белгіленгені дұрыс деп есептейміз. Осы тұжырымдамаға сәйкес авторлық формула енгізілді.  9. ҚР Ұлттық банкпен ҚҚА қолданған «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» зерттеу материалдарына сүйене отырып қорытынды жасалды, респонденттер арқылы жинақталған «сауалнама жауаптары несие нарығын болжауда тиімді құрал екендігін көрсетті, бірақ уақыт тұрғысынан алғанда бірнеше ескертпелерге ойлану және жаңадан дайындалған принциптерді ұстана отырып қызмет атқарып, практикаға енгізу қажет.  10. Болашақта ең алдымен ішкі қаржыландыруға, оның ішінде шетел валютасында сыртқы қарыз алуға емес, теңгедегі депозиттерге сүйенетін тұрақты банк жүйесін дамыту мақсатын алға қою қажет. Оған біраз уақыт қажет, өйткені халықтың банктерге деген сенімін қалпына келтіру және халықты депозиттердің қаражатты сақтаудың тартымды тәсілі екендігіне сендіру қажет. Несие тәуекелдерін басқаруды жетілдіру үшін, банктің несие рейтингін анықтаушы Қазақстандық тәуелсіз рейтингтік және аудиторлық компаниялардың қызметін пайдалану керек және банктерде несие ұсынудың тиімділігіне әсер ететін біз ұсынған несие тәуекелділігін басқару жүйесі қызмет етуі қажет.

Жалпы банк табысты берген несиесіне байланысты: оның сапасы, қайтарылымдылық деңгейі, т.б. Несиенің өз уақытында қайтарылмауы банктің зиян шегуіне немесе банкроттыққа алып келеді. Несиелік тәуекелді неғұрлым төмендету несиелік мекемелер қызметін басқарудағы басты міндет.

Несиелік тәуекел – қарызгердің несиелік келісіміндегі мерзім мен жағдайларға сәйкес несие берушіге деген өз міндеттемелерін орындамаудың ықтималдығы, яғни қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Банк тәжірибесінде несиелендірумен байланысты несиелік тәуекелдің пайда болу себептері мен проблемаларына тоқталайық:

Пайда мәнінің өсті деп ойлауы. Несиелік портфель пайда алудың негізгі көзі. Пайданы өсіруге деген құштарлық кей жағдайда тәуекел жоғары немесе банке тиімсіз шарттармен несие беруіне алып келеді, яғни ойланбай берілген несиелер одан алатын табысына қарағанда өте қымбатқа түседі.

Қарыз алушы туралы толық емес жіне сенімсіз ақпарат. Қарыз алушының қызметі туралы толық емес ақпарат күмәнды несиелерді тудыруы мүмкін. Әрбір несие қызметкері клиент туралы несие тарихын бүткіл құжаттарын тексере отырып жасауы тиіс.

Несиелік келісімнің қанағаттандырылмауы. Несиелік келісім құқықтық жағынан өте жоғары деңгейде толтырылуы тиіс. Банкте несиелік келісім болған күнде де ол негізгі қарыз сомасының өтелмеуінен зардап шегуі мүмкін.

Тәуекелмен байланысты проблемалық ссудалар. Проблемалық ссудалар бойынша әр банк несиелендіру принципі мен нормаларынан ауытқып отырады, сондықтан банк проблеммалық ссудаларды дұрыс таңдауы тиіс.

Нашар мониторинг. Бастапқыда берілген несиелер стандарты болады,кейіннен олар қанағаттанарлықсыз немесе күмәнді болады. Бұл несие қызметкерлері тарапынан несиені дұрыс бақылау жасамауынан болатындықтан олар несиелік талдауда жоғары деңгейде жүргізе алатындай мамандандырылуы тиіс.

Несиелік тәуекелдің төмендетудің ең басты тәсіліне – потенциалды қарыз алушыларды таңдау жатады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау және оның алған қарызды банке уақытылы қайтаруына байланысты сенімділігін бағалауда көптеген әдістер қолданылуда.

Шетелдік банктердің тәжірибесінде қарыз алшының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетудегі басты шара болып табылады.

Жалпы қаржылық жағдайды анықтауда банктің негізгі көрсеткіштерін және капиталдың сәйкестілігін, активтердің сапасын, басқаруды, табыстылығы мен өтімділігін бағалайтын CAMEL жүйесі қолданылады.

CAMEL рейтинг жүйесі – қаржылық есеп беру мәліметтері мен инсекциялық тексерулердің нәтидесі бойынша банктің жағдайына баға беруге болатын банктің қаржылық талдаудығ әдісі.

Рейтинг жүйесінің CAMEL атауы талданатын компоненттердің алғашқы әрітерінен құрылған:

С – (capital adequacy) – капиталдың жеткіліктілігі, мұнда банктің міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін капиталдың жеткіліктілігі, яғги меншікті капиталдың кқөлемі бағаланады.

А – (asset quality) – активтердің сапасы, мұнда активтердің сапасы анықталады, сонымен бірге, неисені қайтаруды қамтамасыз етуге және проблемалы несиенің жалпы банктің қаржылық жағдайына әсер етуіне баға беріледі.

М – (management) – менеджмент – банк қызметінің тиімділігіне, қалыптасқан жұмыс тәртібі мен заңды нормативтік актілердің талаптарының орындалуына бақылау әдістерін ескере отырып, банкті басқару әдістері бағаланады.

Е – (earnings) – табыстылығы (пайдалылығы) – банктік қызметтерді кеңейту перспективалары үшін, оның табысының жеткіліктілігі тұрғысынан банктің рентабельділігі бағаланады.

L – (liquidity) – өтімділік – банктің ағымдағы және болашақтағы міндеттемелерін орындау үшін өтімді активтерінің жеткіліктілігі, яғни өтімділік деңгейі анықталады.

CAMEL

Қарыз алушыға кандидаты бағалау жүйесінде ағылшынның клирингтік банктерде кеңінен пайдаланып келетін әдістердің біріне PARSER немесе CAMPARI әдістерін жатқызуға болады.

PARSER:

P – Person – потенциалды қарыз алушы туралы ақпарат, оның беделі.

А – Amount – сұрайтын несие сомасының негіздемесі;

S – Security – қамтамасыз ету құқығы;

E – Expediency – несиенің мақсаттылығы;

R – Remuneration – несиені беру тәуекелі үшін банктің пайыз мөлшерлемесі;

CAMPARI:

Character – қарыз алушының беделі;

A – Ability – қарыз алушының бизнесін бағалау;

M – Means – несиеге деген қажеттілігін талдау;

P – Purpous – несиенің мақсаты;

A – Amount – несие сомасының негізделуі

R – Repayment – несиені қайтару мүмкіндігі;

I – Insurance – несиелік түуекелден сақтандыру әдісі;

Американдық банктер тәжірибесінде потенциалды қарыз алушыларды дұрыс таңдай білуде «алты си ережесі» қолданылады:

  • Character (қарыз алушының сипаты);

  • Capacity (қаржылық мүмкіндігі)

  • Cash (ақшалай қаражаты)

  • Collateral (қамтамасыз етуі)

  • Conditions (жалпы экономикалық жағдай)

  • Control (бақылау)

Қарыз алушының сипаты бұл оның беделін, жауапкершілік дәрежесін, қарызды өтеуге дайындығын көрсетеді.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның несиені қайтару қабілетін сипаттайды. Ол оның кірістері мен шығыстары және оларды алдағы уақыттардағы өзгеру переспективаларын нақты талдау көмегімен анықталады.

Ақшалай қаражаты. Жалпы қарыз алушының алған несиені қайтаруының үш көзі болады:

1. Нақты ақшалай тасқыны;

2. Активтерді сату;

3. Қаржыларды тарту;

Көрсетілген көздердің кез-келгені несиеніқайтаруға арналған қаражаттың қалдық сомасын қамтамасыз ете алады. Бірақ та банктер несиені қайтарудың негізгі көзі ретінде нақты ақшалар тасқынын маңызды санайды, себебі активтерді сату қарыз алушының балансын нашарлатып жіберуі мүмкін деп санаса, ал қосымша қаражат тарту банктің кредитор ретіндегі позициясын бәсеңдетеді.

Нақты ақшалардың жетіспеуі қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлығын сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады.

Нақты ақшалар тасқыны мынадай түрде анықталады:

Нақты ақшалар = Таза пайда + Амортизация тасқыны + Кредиторлық қарыз – Тауарлы материалды құндылықтар қоры және дебиторлық қарыз.

Бұл формуланың артықшылығы – онық көмегімен несиелік қызметкер қарыз алушының менеджерлерінің біліктілігін және тәжірибесін, сол сияқты қарыз алшының жұмыс жасайтын нарығының жағдайын анықтай алады.

Қамтамасыз етуі. Сондай-ақ банк қарыздың қамтамасыз етілуі, яғни оның жеткіліктілігіне, сапасына және қарыздың қайтарылмау жағдайында оның өтімділік дәрежесіне мән береді.

Экономикалық жағдай. Несиеге деген өтінішті қарау барысында банк жалпы шарт негізінде елдегі іскерлік жағдай және оның банк жұмысына, сол сияқты қарыз алушының жағдайына тигізер ықпалын сипаттайтын экономикалық конъюктуралық жағдай, бәсекелестерінің болуы, салық, баға жәнет.б. карастырыды.

Бақылау. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы соңғы факторға бақылау жатады. Мұнда өзгерген заңдылықтар, құқықтар, экономикалық және саяси жағдайлардың қарыз алушы қызметіне қаншалықты әсері болады деген сұрақтарға жауап іздейді.

Әлемдік банктік тәжірибеде несиелік тәуекелді бағалауда мынадай көрсеткіштер қолданылыды:

  1. Активтер сапасындағы коэффициенттер:

а) к1 – несие бойынша зияндар/несие бойынша қарыздың орташа сомасы;

ә) к2 – несие бойынша зияндар/несиелердің жалпы сомасы;

Екі коэффициентте (к1 және к2) банктердегі активтердің сапасын бағалау үшін пайдаланылыды. К1-дің критериалды деңгейі Солтүстік Американың банктері үшін 0,5 – 1,0%, ал к2-кі 0,7 – 1,5%. Оңтүстік Американың банктерінде (үмітсіз қарыздар бар болса) к1 коэффицентінің деңгейі 1,5 – 2,0%. Солтүстік Америкада 1980 жылдардың басы мен ортасында жылжымайтын мүлікті несиелеу сферасындағы дағдарысқа байланысты ипотекалық несиелер бойынша көптеп шығымдануы кезеңінде к1-дің мәні 1%-ға жуық болған. Ал қазіргі кезде Американдық банктерде к1 шамамен 0,45 – 0,6%-ды құрайды

1.Тәуекелге, шағылған маржа (RAM) = Таза пайыздық табыс – Несие бойынша зиян/Активтер

Тәуекелге, шағылған маржа (RAM – risk adjusted margin), бұл несиелік тәуекелге шағылған жалпы паиыздық маржа (GIM – gross interest margin). Халықаралық деңгейде танылған нормалар қатарында RAM көрсеткіші болмағанмен де шетелдік банктер оны несиелік тәуекел деңгейін бағалауда кеңірек қолданады. Бұл жерде стстистикалық міліметтер, оны оңтайлы мәнінің 3-3,5%-ды құрайтынын куәландырыды.

Таза пайыздық табыс (NII)

Таза пайыздық маржа =

(NIM) Активтер

Таза пайыздық табыс + Басқа да табыстар Жалпы пайыздық маржа (RAM) =

Активтер

2.Проблемалық несиелер / Несиелердің жалпы сомасы.

3.Бір қарыз алушыға келетін несие / банктің меншікті капиталы.

Халық аралық банктің тәжірибеде банктердің бір қарыз алушыға келетін несиенің сомасы банктің меншікті капиталының 25%-нан аспауы тиіс. Бұл әрине несиенің үлкен мөлшерін білдіреді.

4.Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға берілетін несиелер/ Банктің меншікті капиталы.

Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға банктің құрылтайшыларын, директорларын, акционерлерін және банкпен тікелей байланысты болып, несие алу барысындағы жеңілдіктерді пайдаланатын басқадай қарыз алушылар жатады.

Несиелерді сапасына қарай топтау және талдадың маңызы бар. Несиенің сапасы деп сол несиеге тиісті несиелік тәуекелдің дәрежесі айтылады. Несие сапасының көрсеткішінің деңгейі несиелік тәуекел деңгейіне кері пропорционал (несие сапасы қаншалықты жағары болсы, солғұрлым оның қайтарылуы күмәнсіз және керсінше) болып келеді. Бұл жерде несиелік тәуекелдің көрсеткіштерінен несие сапасының немесе банктің несиелік портфелінің көрсеткіштерінің айырмашылығы бұл банктің берген несиелері бойынша анықталатын нақты шамасында. Несиенің сапасының категорияларына байланысты несиелік портфель құрылымын және несиенің әр категориясы (соның ішінде, тұтыну, ипотекалық және басқа ) бойынша проблемалық, мерзімі өткен, үмітсіз несиелерді біле отырып, банк несиелік операциялар бойынша зияндарды төмендетуге бағытталатын шаралар қатарын жүзеге асыруға мүмкіндікке қол жеткізеді.

Несиелік тәуекелді басқару, реттеудің негізгі әдістеріне мыналар жатады:

  • Несиелік портфелді дивесификациялау;

  • Қарыз алшының төлем қабілетін алдын ал талдау;

  • Несиелік тәуекелді жабуға арналған резерв құру;

  • Несиелік портфельдің оңтайлы (банк үшін) құрылымын талдау және қолдау;

  • Несиелердің қамтамасыз етілуін және олардың мақсатты пайдалануын талап ету;

Несиелердің қайтарылмауынан зиян шегу - кез-келген банк қызметінің қашса құтылмайтын үлесі. Оларды толық жою мүмкін емес, бірақ ең төменгі мөлшерге жеткізуге болады. Американдық коммерциялық банктерде проблемалық несиелердің пайда болу себептерін айқындауға көмектесетін, сол сияқты олардың пайда болуын болжайтын толық жүйе жұмыс жасайды. Бұл жүйеге сәйкес күмәнді несиелердің пайда болуына әсер ететін банке байланысты және байланысты емес факторлар келтіріледі. Бірінші факторларға несиелік процеспен байланысты, яғни несиелік өтінішке, несиелік құжаттарға және т.б. жасалатын талдауды қамтитын барлық аспектілері жатады. Екінші факторларға қолайсыз экономикалық жағдай және төтенше оқиғалар жатады.

Американдық банктік тәжірибе несиелік процестегі проблемалық несиелерді анықтауда 25 белгіні қолданады: Қарыз алушының тарихына байланысты белгілер:

  • Таяу арадағы қарыз алушының қаржылай тұрақсыздығы;

  • Қарыз алушы туралы ақпараттардағы алшақтық және қарама – қайшылық.

Қарыз алушының жетекшілері мен басқармасына қатысты белгілер:

  • Қарыз алушының серіктестерінің тұрақсыздығы;

  • Басшыларының моральдық сапасының төмендігі;

  • Серіктестер арасында, компанияны иеленушілер, отбасы мүшелері арасындағы билік үшін күрестің болуы;

  • Басшылардың жиі ауысуы;

  • Басшылардың салмақсыздық мінезі;

  • Қарыз алушының басшысының несиелік процесті жеделдетуге банк қызметкеріне қысым жасауға ынталы болуы.

Қарыз алушының өндірістік қызметін көрсететін белгілер:

  • Қарыз алушының жабдықтаушылары мен сатып алушылар ортасының өзгеріссіз болуы;

  • Қарыз алушының өз алашақтарына жасайтын бақылауының әлсіздігі;

  • Қарыз алушы саласының сол уақыттарда проблемалық салаға жатуы;

  • Балансты жүргізудің қысқаруы, яғни актив және пассив баптарының толық берілмеуі.

Несиелеуді ұйымдастыруға қатысты белгілер:

  • Қарыз алушының несиені сұраудағы нақты мақсаты болмауы;

  • Қарыз алушыда несиені қайтаруда анық бағдарламаның болмауы;

  • Несиені өтеудегі резервтік көздерінің болмауы;

  • Несие берілетін мақсатына қарыз алушы тарапынан материалдық қамтамасыз етілмеуі;

  • Қарыз алушының несиелік өтінішінің негізсіздігі;

  • Қарыз алушы несиені акционерлік капиталын кепілге Бере отырып сұрауы;

  • Несиенің ең бастысы, өндіріске емес, айналыс аумағына бағытталуы;

  • Несиенің қайтарылу мерзімі жеткілікті негізделмеуі.

Белгіленген нормалардың ауытқу белгілері:

  • Қарыз алушының шаруашылық қызметі туралы есеп беру мәліметінің есебінің бұзылуы;

  • Банк шоттарын жүргізу тәртібін нормалардан ауытқуы;

  • Несиелеу шартының қайта қаралуы; несиенің қайтарылу схемасындағы өзгерістер; несиенің мерзімінің мерзімін созу туралы өтініштің болуы;

  • Қарыз алушының шаруашылық – қаржылық көрсеткіштерінің жоспардағыдан немесе күтілетін көрсеткіштерден ауытқуы,

  • Қарыз алушының есеп және бақылау жүйесіндегі ауытқуы.

Бұл аталған «белгілер» банкті сақтандыра отырып, мерзімі өткен несиелердің алдына алуға немесе олардың пайда болуын анықтап беруге мүмкіндік береді. Егер де банк күмәнді несиелерді анықтап білсе, онда несиелердің өтелуіне бағытталатын әрекет ету бағдарламасын қолданады. Көптеген жағдайда қарыз алушы әлі де болса, өз міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетін жоғалтпаған жағдайда банк несиелік келісімшарттарды өзгерту туралы сұрақтарды қарастырады. Жаңа шарт несиені қайтару кестесіне бағытталып, банк пен қарыз алушы арасындағы басты мақсат – проблемалық несиелерді жою жолында, өзара келісілген іс-әрекеттерді қарайды. Сонымен қатар, американдық коммерциялық банктердің күмәнді несиелерді анықтау және жою жұмысы әр түрлі кезеңді қамтиды:

Бірінші кезеңде банк және қарыз алшы нағыз серіктестер ретінде ірекет етеді. Олар жаңаша келісім жасай отырып,қарыз алушыға несиені өтеудегі мерзімінің кешіктірілуіне мүмкіндік беріледі.

Егер қосымша жасалған келісім нәтиже бермесе, яғни қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсармаса және несиенің өтелуіне көз жеткізу мүмкін болмаса, онда банк келесі кезеңге – қамтамасыз етілген мүлікті сатға көшеді. Қамтамасыз етілген мүлікті сату – бұл несиенің қамтамасыз ету туралы келісімшартына байланысты банктің ол мүлікті нақты ақшаға айналдыру процесін білдіреді. Қамтамасыз етілген мүлікті аукцион және басқа да жолдамен сату несиені қайтарудың ең қарапайым тәсілі болып табылады. Бірақ бұл жерде көптеген кедергілер болуы мүмкін. Өйткені, қамтамасыз ету мүлкінің сату бағасы нарық жағдайына сәйкес ауытқуы мүмкін.

Бұл жерде оны бағалау нарықтық переспективаларды есепке алынып жүргізілуі тиіс. Егер қамтамасыз ету құралы, проблемалық несиені қайтаруға толық мүмкіндік бермесе, үшінші кезең – несиені сот арқылы іздеу жұмысы жалғасады. Сот қарыз алушының банктік міндеттемелері бойынша жауап беруін талап ету туралы шешім шығарады. Сот сондайақ банке қарыз алушының қандай табыс көздері мен активтері арқылы несиені қайтаруына болатынына көмектеседі.

Сот шешімінің орындалуын банк әр түрлі формада таңдап жүзеге асыра алады. Бұл проблемалық несиемен жұмыс жасаудың төртінші кезеңі болып табылады. Сонымен, таңдау жолдары мынадай:

  1. Борышқордың мүлкін тіркілеу туралы сот шешімінің орындалу жолында қарызды қайтару.

Тіркелген мүлікті баспасөз беттеріндегі аукциондар арқылы сату

Проблемалық несиелерге:

• несиелік келісімшартта көрсетілген қайтарылмаған уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;

• сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепілхатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;

• несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.

Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:

  • Қарыз алушының қызметіе қайта құру;

  • Несиені қайтару кестесін өзгерту;

  • Пайыз төлеу тәртібін өзгерту.

Отандық банктік тәжірибеде проблемалық несиелерге несиелердің жіктелу ережесіне сәйкес стандартты несиеден өзгелері, соның ішінде күмәнді және үмітсіз несиелер жатады. Кез келген коммерциялық банкте Проблемалық несиелер басқармасы немесе жұмыс жасау бөлімі ұйымдастырылуы қажет.

Проблемалық несиелермен әрі қарай жұмыс жасау бағытын таңдауда мынадай факторлар ескерілуі тиіс:

  • қарыз алушының Банк алдындағы міндеттемені орындамау себебі;

  • проблемалық несиенің пайда болу себептері: дефолтқа итермелеген форс-мажор немесе нарықтағы жағдайдың теріс өзгерісі, бизнес жоспарындағы жіберілген қателіктер, кәсіпорындағы менеджмент сапасының төмендігі және тағы сол сияқты жағдайлар;

  • қарыз алушының іскерлік беделі, несиелік тарихының болуы;

  • кепіл мүлкі есебінен несиелік қарызды қайтару мүмкіндігі;

  • қаржылық сауықтандыруға байланысты шаралар жасалған жағдайда қарыз алушының нсиелік қарызды толық төлейтіндігін куәландыратын қаржылық сауықтандыру жоспарын банкке ұсынылуы;

  • қарыз алушының ағымдағы қаржылық есебі, ақша қаражаттарныңы қозғалысы туралы толық ақпараттарды банкке беруге дайын болуы;

  • қарыз алушының қосымша қамтамасыз ету мүлкін банкке ұсынуы.

Қысқаша айтқанда, банк үшін аталған нұсқалардың қайсысы аз шығын жұмсай отырып, несиелік қарызды қайтаруға мүмкіндік жасайтындығын ескеру қажет.

Проблемалық несиені анықтағаннан кейінгі банктің жұмысы мыналарды қамтиды:

  • қарыз алушыны қаржылық жағынан сауықтыру;

  • ссудалық қарызды төлеттіру.

Қарыз алушыны қаржылық жағынан сауықтыру несиелік келісім-шартты өзгерту апқылы несиені қайтаруға мүмкіндік беру, қарыз алушының қаржылық және шаруалшылық жағдайын жақсартуы үшін оған қосымша несиелік ресурс беру немесе өзге шараларды қолдануды көздейді.

Қарыз алушыны қаржылық жағынан сауықтыру шаралары мыналар жатады:

  • несиенің төлем мерзімін ұзарту немесе несиелік келісімшарттың қызмет ету мерзімін созу;

  • қарызды қайта құрылмдау, яғни несиелік келісімшартқа өзгерістер енгізі отырып, қосымша несиелік ресурсты бөлу жолын қарастыру;

  • қайта қаржыландыру, қарыз алушыға немесе үшінші бір тұлғаға (қарызды аудару) жаңадан несие беру есебінен несиені төлеттіру;

  • заңға қайшы келмейтін өзге шаралар.

Несиенің мерзімін ұзарту немесе қайта құрылымдау шарты ретінде мыналар ұсынылады:

  • қарыз алушыдан қосымша қамтамасыз ету мүлкін талап ету;

  • қарыз алушының алашық қарызын банкке алуға құқық беруі туралы келісім жасау;

  • өндірістік және қаржылық қызметінде пайдаланбайтын қарыз алушының активтерінің бір бөлігін сату;

  • шығыстарды азайту бағдарламасын жасау;

  • кей жағдайларды қаржыны басқарушыны қайта тағайындауды талап ету.

Несиені қайта қаржыландыру шаралары проблемалық несиелермен жұмыс жасау тәсілі ретінде мынадай жағдайда қолданылмайды:

  • қарыз алуышының қарызын өтеуді үшінші бір тұлға өз жауапкершілігіне алса;

  • қарыз туралы келісімашртты рәсімдеу барысында қателіктер жіберілсе.

Несие бойынша қарызды төлеттіру сот шешімі бойынша немесе сот шешімісіз кеілге салынған мүлікті жолымен қарыз алуышдан (кепіл затын берушіден, кепілгерден, кепілдік берушіден) өндіріп алуды сипаттайды.

Егер несиені төлеу мерзімінің кешіктірілуі қарыз алушының зұлымдығынан туындап және оның банк қызметкерімен кездесуді қаламайтындығы анықталса, несие менеджері мұндай ақпаратты Банктің қауіпсіздік басқармасына және Проблемалық несиелер басқармасына хабарлар жеткізіледі.

Кеіл мүлкін сату аукциондық немесе аукционсыз әдістермен жүзеге асуы мүмкін.

Аукционсыз әдіспен кепіл мүлкін сату мынадай тәсілдермен іске асады:

  • Банктің бақылауымен кепіл беруші кепіл мүлкін сатады;

  • Банктің сенімді тұлғасынан кепіл берушінің кеілхат беруі арқылы кепіл мүлкін сату;

  • Үшінші бір тұлғаға несие бойынша кепіл затын қайта рәсімдеу.

Кей жағдайларда кепіл заты жылжымайтын мүлік немесе трғын үй болса, онда оны банк жаңа қарыз алушыға ипотекалық несие беру арқылы сатып жіберуі мүмкін.

Кепіл мүлкін ипотекалық несиені беру арқылы сатудың отандық тәжірибеде мынадай екі нұсқасы белгілі:

  • Бірінші нұсқа, келісімшартта көрсетілген кепіл мүлкінің бағалау құны, оның нарықтық құнына сәйкес келсе, онда кепіл затын ипотекалық несие бойынша рәсімдеу аукциондық тәсілмен іске асуы мүкін.

  • Екінші нұсқа, нарықтық құны келісімшартта көрсетілген кепіл мүлкінің бағалау құнынан төмен болса, онда аукционға жеткізбей кепіл берушінің келісімі бойынша сатып жібріге болады.

Несие үшін төлейтін сыйақы мөлшерлемесі несиенің бағасын білдіреді. Оның мөлшері, жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосындысынан құралады.