Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссертация zzzzzz.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
03.09.2019
Размер:
199.89 Кб
Скачать

2.1. Несиелік тәуекелдердің айда болуының ішкі және сыртқы факторлары

Шет елде клиенттердердің несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және олар туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз ұйымдар банктерге келісімшарт негізінде қызмет көрсетеді. Мысалға, фирма «Дан энд Брэд форд» 3 млн жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық және аймақтықанықтамаларда жариялайды.

Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мынадай қарытынды жасауға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік банктердің мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне 67% - ішкі факторлар, ал 33%-ы сыртқы фаторлар үлесі тиеді.

(3-кесте)

Несиелеу барысындағы банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар

Ішкі факторлар

67%

Сыртқы факторлар

33%

Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі

22%

Компанияның банкроттығы

12%

Несиеге деген өтінішті оқып үйрену барысында ақпаратты дұрыс бағалау

21%

Кредиторлығ қарызды қайтаруын талап етуі

11%

Алдын ала ескерту белгісіне кеш көңіл бөлу және операциялық бағалаудың әлсіздігі

18%

Жұмыссыздық/ Отбасы мәселелері

6%

Қамтамасыз етілудің сапасының нашарлығы

5%

Ұрлық/Алдау

4%

Несие бойынша банктердің зиян шегуіне себепкер болатын сыртқы факторлар қатарына бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген қарыз алушысы мұндай мұндай факторларды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан да қарыз алушының несиелік қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық анықтап білуге тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы өзгерістер мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі, акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және заемдік қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады.

Қарыз алушының сәтсіздікке ұшырауын куәландыратын белгілерге: шоттағы айналым қаражаттарының қысқаруы, алдын-ала мерзім ұзартылған несиелер бойынша төлемдердің уақытын созуын өтінуі (екінші реет мерзімі ұзартылғаннан кейін несие проблемалық несиелер қатарына жатқызылады.) және басқа ларды жатқызуға болады.

Несиелерді қамтамасыз ету құнына, барлық несиелік құжаттардың дұрыстығына байланысты несиелерді мынадай тәуекел кластарына жіктейді:

  • ең төменгі тәуекелі бар несиелер (жіктеуге жатпайтын несиелер);

  • ең жоғарғы тәуекелі бар несиелер;

  • шектеулі тәуекелі бар несиелер

  • ережеден шығу барысында берілген несиелер (стандарты емес несиелер);

Әр тәуекел класстарына өтелмеген тәуекелдер үшін, өтелмеген несиелердің өзіндік үлесі белгіленеді.