Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Нурсултан.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
07.09.2019
Размер:
745.98 Кб
Скачать

1.3 Бюджетке салықтарды мемлекеттік болжау әдістемесі

Бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесі Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес әзірленді. Бюджет түсімдерін болжауды елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және бюджет өлшемдерін ескере отырып бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдерді болжау «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі. Мыналар бюджет кірістерінің салықтық түсімдерін болжаудың негiзгi қағидаттары болып табылады:

1)толықтық қағидаты – Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін барлық түсімдерді жоспарлау;

2)сабақтастық қағидаты – бюджеттік мониторинг қорытындыларын ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына және бюджеттік өлшемдерге негізделген бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді жоспарлау;

3) негізділік қағидаты – нормативтік құқықтық актілер және осы немесе басқа да түсімдерді бюджет жобасына қосу қажеттілігін айқындайтын басқа да құжаттар негізінде бюджет кірістерін жоспарлау;

4)біртұтастық қағидаты - әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бюджетке түсетін түсімдердің болжамды көрсеткіштерін анықтауға бірыңғай көзқарасты қолдану;

5) шынайылық қағидаты – бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің болжамды көрсеткіштерінің елдің әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік өлшемдер болжамдарының өлшемдері мен бағыттарына сәйкестігі.

Кірістерді болжау процесі болжаудың және мониторингтің жалпы схемасында көрсетілген (сурет-2).

    

Мемлекеттік

бюджет кірістері

Кірістерді

болжау

Кірістердің

мониторингі

Экономикалық ахуал мен

з аңнамалық базаның өзгеруін талдау

Деректерді

ж аңарту

1.Шоғырландырылған бюджетті әзірлеу кезінде ескерілетін елдің әлеуметтік-экономикал. аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері

2.Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер

3.Салықтарды және төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелер

4.Төлем мерзімдері

1.Шоғырландырылған бюджетке салықтардың және төлемдердің түсуін ай сайынғы талдау

2.Фискалдық көрсеткіштер бойынша ақпаратты жинақтау

3.Ағымдағы жыл бойынша бюджетке түсетін түсімдерді бағалау

4.Атқарылу барысында түсімдердің болжамдарын нақтылау

Кірістердің түсіміне:

а) елдегі экономикалық ахуалдың өзгеруінің;

б) нормативтік-құқықтық актілердің өзгеруінің;

в) басқа факторлардың әсер етуін талдау

1.Салықтар мен төлемдердің түрлері бойынша ай сайынғы түсімдер

2. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері

3. Фискалдық көрсеткіштер бойынша ақпарат

 

2-сурет. Кірістерді болжаудың және мониторингінің жалпы схемасы

Дерек көзі: К Р Қаржы министрінің Бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесі. Астана, 2010 жыл

Жоспарланатын және іс жүзіндегі деректердің сәйкес келуінің барынша ықтималдылығымен бюджетке түсетін түсімдерді болжамдауды жүзеге асыру үшін көлемі макроэкономикалық көрсеткіштердің тікелей әсеріне түсетін салықтар бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгерістерінің бірқатар жылдарда салықтардың түсу көлеміне әсер етуін талдауды жүргізу қажет. Бюджетке және Ұлттық қорға түсетін түсімдерді болжамдау бірнеше есептеу әдістерімен жүзеге асырылуы мүмкін, ол оңтайлы шешім қабылдау үшін қажет.

Мемлекеттік бюджетті болжамдау маңында бюджеттің кірістік және шығыстық бөлімдерінің дамуының ықтимал бағыттарына нақты бағаларын анықтау процесі түсіндіріледі. Бұл экономика дамуын болашақ жоспарлауына негізделеді, себебі натуралды көрсеткіштердің болашақ өсуінің есепсіз бюджеттік ресурстарды сапалы ғылыми болжамдау мүмкін емес.

Бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаты – ол экономикада қазіргі кезеңде пайда болған тенденцияларды, нақты әлеуметті экономикалық шарттарды және олардың өзгерістерінің болашақ бағалауланынесепке ала отырып, бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау нәтижесінің мемлекеттің қаржы-бюджеттік саясатында тиімді шаралар қабылдауда өте маңызды мәні бар.

Мемлекеттің бюджетін жоспарлау мен болжаудың үш маңызды бағыттарда жұмыс істеуді қарастырады:

  • Кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша континенттердің болжамдық мөлшерін анықтау;

  • әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша реттеуші кірістердің бөлісі;

  • қаржылық жәрдем,бюджеттік қамсыздандырулықты теңестіру себебін жоғары,төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты тағайындау;

Салықтық жоспарлау мен болжау - шешімді қабылдау және алдын - ала өңдеулер жүйесінде негізгі элементтер болып табылады.

Салықтар бойынша жоспарлау - ағымдағы бюджеттік міндеттердің өңделуі, тоқсандық салықтық түсімдердің анықталуы. Олардың шешімі салық салудағы стратегиялық мақсаттарды зерттеуде және олар үшін құқықтық жағдай жасайды. Бұл жағдайда салықты болжаудың негізі болып ғылыми - зерттеу есептерінің нәтижесі және ағымдағы салық міндеттемелерінің орындалу барысы табылады. Бұл мәліметтерді жинау және өңдеудегі олардың жағымды және жағымсыз жақтарын айтуға болады, оньң инвестициялаудың деңгейлеріне әcepi, салалар қозғалысындағы құрылымына, табыстардың аумақтарға деген сәйкестігі, кәсіпорындар мен тұрғындарға әcepi.

Салықтық тактика дегеніміз билік органдарының тәжірибелік әрекет кешені және бюджеттің деңгейлеріндегі бюджеттік табыс баптарының жалпы құрылымдарын өңдеу, салықтық реттеу мен бақылауды жүргізу. Тактикалық қадамдардың сапалық мазмұны барлық деңгейдегі бюджеттердің уақытылы және толық орындалуының дәрежесіне көрсетеді.

Бюджеттік салықтың қарым қатынасқа қолданылатын оперативті салықтық әдістердің араласуы, салықтық әкімшілік салықтық құқық бұзушылықтың алдын алады және де бюджеттегі салықтық тексерулер нәтижесінде айқындалған төленбеген салық сомалары арқылы толтырады. Соңғы нәтижесінде салық жүйесінің тиімділігі анықталады және оның салықтық топтарымен жекелеген салық түрлері. Осының барлығы қабылданған оптималды салық концепциясын куәландырады, яғни экономикалық саясатқа сай салық салу процесін реттейтін салық кодексіне өзгерістер енгізу қажеттілігі.

Ағымдағы жылдағы салық міндеттемелерінің орындалуын қамтитын салықтық қатынастар мазмұнынының зерттеп талдануы, стратегиялық салықтық жоспарлаудың (болжаудың) ұтымдылығын білдіретін негізгі шарттылық қызметін атқарады.

Стратегиялық салықтық жоспарлау (болжау) басқару теориясы мен тәжірибесінде айрықша орын алады. Ол барлық дамыған елдерде экономиканың алдын алу тәсілі ретінде қолданылады.

Орта мерзімдік перспективаға салықтық болжамның өңделу әдістемесі мыналардан тұрады:

  1. Аймактық меншіктің табыстылығына баға беру (аймактардың қаржылық қамтамассыздандырылуы және бюджет тиімділігі көрсеткіші қолданылады), аймақтық мамандандырылу мен салалардың техникалық қажеттілігін жаңарту, жалақының жағдайы, аймақтық ресурстың базасы, территорияның экспорттық - импорттық операцияларға қатысуы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның сапалылығы, транспорттың қамтамассыз етілуі: бұл мәліметтер аймақтық жиынтық табыстың әдістемелік есептерінің мәліметтік базасын құрайды, оның экономикалық, қаржылық және салықтық потенцияларын құрайды;

  2. Аймактың экономикалық жағдайын ескере отырып салықтық түсімдердің көлемін максимальды болжау. Бюджеттің барлық деңгейлерін қалыптастыруда бұл мәліметтер үлкен мағынаға ие, cебебi оларда аймактық қаржы ресурстарында, субсидия, субвенция, дотация және трансферттік қаржыларға деген қажеттілігін айқын көрсетеді. Аймактық потенциялын білу салық салу режимінде жеңілдіктерді пайдалануды дәлірек рәсімдейді. Ол салық заңдылығын жетілдіру сұрақтарын шешуде қолданады;

  3. Аймактық әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін болжату, экономиканы құрайтын ресурстар мен мүлік түрлерін жоғары инвестициялау негізінде. Қаржылардың үлесін анықтау, оны аймактық меншікте қолданудан түскен және iшкі қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдаланады. Меншік қатынастарының объективті қажетіліктеріне түзету енгізу және жалпы мемлекеттік корпоративті және жеке экономикалық қызығушылықтарының менеджменті мен сәйкестендіру;

  4. Бюджеттік дефицит сомасын анықтау, инфляция деңгейі, база индексі, нарықтық индикатор.

Бюдетке салықтарды мемлекеттік қаржылық болжамдауда келесі әдістер қолданылады:

экстрополяциялық әдіс (немесе коэфициенттер) қаржылық көрсенкіштерді динамикалық талдау негізінде анықтаудан тұрады. Есеп кезеңінде тұрақты түрдегі өсу немесе темендеуді тузету жетістіктері негізінде жүргізіледі.

Кең тараған әдістердің бipi ретінде нормативтік әдіс, жоспарлық қаржылық көрсеткіштер бекітілген норма мен нормативтік актілер негізінде жүргізіледі.

Осы айтылған екі негізгі әдістен басқа болжауды кең орын алған баланстық әдіс болып табылады. Сондай-ақ, программалық - максаттың әдіс және кең түрде қолданылатын экономикалық - математикалық моделдеу әдісі.

Баланстық әдіс шығыс пен қаржылық көрсеткіштер жоспарында өзара құрылымдағы қайнар көздерімен келісімдік түрде жүргізіледі және де өндірістік және қаржылық көрсеткіштер. Қаржылық баланстық талаптарын сақтау өнеркәсіптен экономиканың барлық салаларын бүкілдей дерлік қамтып, табыстар мен шығындардың арасындағы қарама-қайшылықтарды алдын-ала ескертуге мумкіншілік туғызады.

Бағдарламалық - мақсаттық, әдіс қаржылық болжаудың ғылыми-техникалық бағдарламасы негізіндегі әдістердің бipi ретінде нарық жағдайын дамыту, яғни әр түpлi деңгейде жүзеге асырылады, есептің әр түрлі варианттылығы экономика - математикалық әдістің қолданылуы кең түрде жүргіз колайлы шешімдердің таңдауына әкелуін айқындайды.

Департамент барлық табыс түpi бойынша бip жылға болжау жасауға міндетті. Департамент табыс бойынша болжау жасауда барлық ұйымдардан, соның ішінде министрліктерден ақпараттар мен мәліметтер жинайды (мысалы, департамент бюджетпен) және басқа да (Көлік және коммуникация Министрлігі, экономика Министрлігі). Қаржы Mиниcтpлiгiнiң табысын болжау әдісі, өте кең, яғни жан-жақтылы. Салық Кодексіндегі және бүкіл мемлекеттің қаржы саясатында болған өзгерістер есепке алынады.

Болжауды құру әдістемесінде негізінен қаржы министрлігінде қолданылуы салыстырмалы түрде қарапайымдылыққа ие және де келесі түрде бекітіледі. Әр бip салық түріне байланысты орталықтандырылған сандық көрсеткіштер, өзгертілмеген өткен жылдың болжаудың жалпы сапасы, яғни жалпы және iшкі өнімге тиесілігі.

Сонымен өткен жылдың табысы ЖІӨ өсуімен бipгe ұлғаяды және ақпараттық өзгерістер негізінде жүргізіледі. Бюджеттің табыс бөлімін қалыптастырудың көптеген проблемалары бар, оны шешу көбіне-көп салықтық жүйенің жағдайына байланысты. Кәсіпорындардың қаржыльқ жағдайын жиі күрделендіретін, салық заңдылығының үнемі өзгepyi, өндіріс үрдісін тұрақсыздандырып, оған жағымсыз әсер етеді. Керісінше, салық төлеушілердің өз қызметінің қаржылық нәтижелерін болжауға мүмкіндік беретін, тұрақты салық заңдылығы өндірістің тұрақтануына, инвестициялық қызметтің дамуына мүмкіндік береді.

Осы уақытқа дейін жыл сайын баланстандырылған бюджет - қаржы саясатының мақсаты болып саналады. Олар тұрақты ұлттық экономиканың дамуын қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл мәселені жан-жақты талқылауда, мұндай бюджет жағдайы, антициклды, тұрақтандыратын бағыты бар, мемлекеттің фискалды саясатының тиімділігін біршама азайтады немесе шектейді. Келесі логикалық тізбекті қарастырайық: Мысалы экономика ұзақ мерзімді жұмыссыздыққа ұшырайды. Тұрғындардың табысы кемиді. Ондай жағдайда салық түciмi қысқарады.

Жыл сайын бюджетті теңестіруге ұмтылу қалай инфляцияны ынталандыратынын көрсететін өзге мысалды қарастырайық. Инфляция жағдайында, ақша пайдасының арттыру кезінде автоматты түрде салық түсімi жоғарылайды. Осы профицитті болдырмау үшін мемлекет келесі шараларды icкe асыру керек: салық ставкасын төмендету немесе үкіметтік шығындарын көбейту немесе осы шараларды қатар қолдану қажет. Осының салдарынан инфляция күшейеді.

Бюджет саясатының екі тұжырымы бар. Ол бойынша, бюджет жыл сайын емес және экономикалық цикл кезінде теңестіріліп отыру қажет. Берілген тұжырым, үкімет антициклдық әсерді жүзеге асырады және бip мезгілде бюджетті теңестіруге ұмтылады. Heгізгі осы тұжырым өте қолайлы. Өндірістің кемуіне қарсы тұру үшін, үкімет салықты төмендетеді, сонымен қатар мемлекеттік шығынды ұлғайтады. Яғни, мемлекет өз еркімен уақытша бюджет тапшылығына барады. Бұдан туындаған бюджеттің жағымды сальдосы құлдырау кезінде туындаған, тапшылықты жабуға жұмсалады. Осылайша, үкімет жағымды антициклды саясат жүргізе отырып, біруақытта бюджеттің тепе-теңдігіне қол жеткізеді, бipaқ міндетті түрде жыл сайын емес, мүмкін бірнеше жыл болуы.

Бұл тұжырымды жүзеге асыру кезінде туындайтын ерекше проблема, экономикалық циклда құлдырау мен көтерілу тереңдігі мен ұзақтығы жағынан бірдей болмауы мүмкін. Мысалы, ұзақ және терең құлдырау, қысқа көтерілу кезеңіне айналуы мүмкін. Құлдырау кезінде пайда болған бюджет тапшылығы, және соған сәйкес мемлекеттік қарыз бұл жағдайда бюджет сальдосының жағымды өркендеу кезеңімен жабыла қоймайды, осыған орай, циклды бюджет тапшылығы орын алады.

Бюджет қоғамдық ұдайы өндірістің бағытына және экономикалық өсуді ынталандыруға әсер етуде маңызды тетік болып табылады. Мемлекеттік шығын мен салық салу деңгейін өзгерту арқылы үкімет жинақталған көлемді реттей алады. Сол арқылы экономикалық коньюктураның қысқа мерзімді теңелуіне әсер етеді. Бюджеттік механизм ұзақ уақыттық құрылымдық саясаттың маңызды құралы болып табылады. Ол құрылымдық дамуды жузеге асыру үшін қолданылады: ғылымды қажет ететін өндірістерді тез дамыту, ұлттық шаруашылықта ғылыми-техникалық келешегі бар өзгерістерді, экономикалық қатынастарда артта қалған аймақтарды көтеру мақсатында.

Бюджеттің дамыған реттеуші рөлі батыс оқымыстыларына оны қаржы шаруашылығының жоспарының бip түpi ретінде қарауға мүмкіндік береді. Ол эканомиканы тұрақтандырудың негізі және орнатылған тұрақтандырғыш қызметін атқарушы болып табылады. Бюджет механизіміне мұндай міндеттің бepілуi көп жағдайда табыс көзінен, оның табыс бөлігін қалыптастыру сипатына және мемлекеттік шығындардың бағытына тәуелді.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларының жобалары мен бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамына, бюджеттік және өзге заңнамаға, мемлекеттік қызметтің қолданылып жүрген натуралдық нормаларына және стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Стратегиялық жоспарлар және бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті ұсыныстарды жергілікті бюджеттік комиссия қабылдағаннан кейін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері оларды қабылданған шешімдермен сәйкестендіреді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға стратегиялық жоспарлардың түпкілікті жобалары мен бюджеттік өтінімдерді ұсынады.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті атқарушы орган мақұлдаған өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлердің болжамы мен өңірлердің бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері пысықтаған стратегиялық жоспарлардың жобалары негізінде жергілікті бюджеттердің жобасын жасайды және оны бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен аудандікін (облыстық маңызы бар қаланың) 15 қазанынан кешіктірмей аяқталады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссиясының облыс, республикалық маңызы бар қала астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстары негізінде жергілікті бюджеттің жобасын әзірлейді және оны ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан, ал аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджет жобасын 15 қазанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде көзделген бюджет құрылымы бойынша және Бюджеттік кодексте көзделген талаптарды ескере отырып әзірленеді. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, аудан бюджетінің жобасын тиісті жергілікті атқарушы орган Бюджеттік кодексте көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

Жергілікті бюджеттің жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Тұрақты комиссиялар комиссия мүшелерінің арасынан жұмыс топтарын құрады, олардың пікірлерін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есеп-қисаптармен жергілікті бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды тиісті мәслихат айқындаған тұрақты бас комиссияға жібереді.

Егер мәслихат белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған жағдайда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулы шығаруға құқылы, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады.

Жергілікті деңгейдегі қаражаттық түсімдер мен жұмсалымының құрамы мен құрылымы əкімшілік-аумақтық бөліністердің əлеуметтік-экономикалық даму дəрежесін анықтайтын мынандай факторларға байланысты: өндірістік объектілердің болуы, табиғи ресурстар, əлеуметтік жəне тұрмыстық инфрақұрылым объектілері, бөлініс мəртебесі, халықтың жиілігі, табиғат-климат жағдайлары .

Жоспарлы салықтық кіріс және басқа да көрсеткіштерді құру бойынша, сонымен қатар салық жүйесі, салық салу және салық механизмінің болашағы мен байланысты шешімдерді дайындау бойынша жүйелі қызметтерді ұсынады.

Салықтық болжау сатысында салық саясатының концепциясын дайындау жүргізіледі. Салықтық жоспарлау – мақсаттарды, тапсырмаларды жүйелі орналастыру мен байланысты және оларға қолда бар немесе құрылған салықтық потенциал шеңберінде қол жеткізу үшін қажетті іс-шараларды дайындау негізіндегі үзіліссіз процесс. Соңғысы салықтық түсімдердің анализі, тенденциясы және салық салу базасынынң даму факторы және басқа қажетті көрсеткіштер негізінде анықталады. Салықтық жоспарлаудың әртүрлілігі салықтық бюджеттеу болып табылады, яғни жоспарлы салықтық кірістер мен шығыстарды альтернативті (балама) байланыстыру. Мемлекеттік салықтық реттеу салықтық жоспарлау, болжау және бюджеттендірумен тығыз байланысты. Ол, салық түрлері, салық салу әдістері, салықтық жеңілдіктер және т.б. секілді салықтық әдістермен құралдардың үлкен құрамын қолдана отырып, экономикаға, оның жекелеген салаларв мен сегменттеріне, сонымен қатар әлеуметтік сфераларға әсер етуі бойынша салықтық менеджмент субъектілерінің мақсатылы бағытталған қызметін ұсынады.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып жыл сайын жылжымалы негізде әлеуметтік экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын әзірлейді, ол жергілікті атқарушы органның шешімімен мақұлданады. Бұл болжам мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде өңірдің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, үрдістері мен басымдықтарын бюджеттік параметрлердің үш жылға арналған болжамын қамтитын құжат болып табылады. Бюджеттік параметрлердің болжамы өңірдің салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын, тиісті жергілікті бюджеттердің болжамын, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін қамтуы тиіс.

Ең аумақтың пайдалылығының перспективалы бағасы, өйткенiмен байланыстырылады. стратегиялық салық потенциалының анықтауымен. Қай салық түсiмдерiнiң өздерiнiң шамасы ғана емес қамтуы керек болғанын, неше олардың элемент құрайтын олардың салық база болғанын көмегiмен мұндай баға iске асатын аспаппен салық түсiмдерiнiң болжауы болып табылады. Стратегиялық салық жоспарлауы тек қана салық потенциалының болжауын есеппен шектелмейдi және оны жиынтығы арқылы сонымен бiрге қағидалар және басқарудың әдiстерi арқылы салық өндiрiс құрайтын кадрлық, заң шығару - нормативтiк, ұйымдастыру және басқа iске асырылған салық салу жүйенi iшкi потенциалдың бағасына бағытталған. Мұндай бағалар нәтижемен салық жүйенi ұзақ мерзiмдi дамытуды тұжырымдаманың өндiруi болуы керек.

Ағымдағы салық жоспарлауы нақты қаржы жылына салық түсiмдерiнiң жоспары және тап қалған салық мiндеттемелерiнiң қамтамасыз етуiнiң әдiстерiнiң анықтауымен құрастырумен iлiнiседi. Бұл процессiнiң iске асыруларының жанында шыққан моментiмен мемлекеттiк шығыстардың нақты бағыттар және өлшемдерi бойынша осы жылға қоғамдық басымдылықтары туралы шешiм қабылдауы болуы керек. Сонымен бiрге, басқа есептермен қатар, салық заңының өзгерiстерiнiң есепке алуы бар бюджеттiң кiрiс бөлiктерiнiң құрастыруымен қамтамасыз етуге ескерiледi. Бюджеттiң шығыс бөлiктерiнiң сапалы және сандық параметрлерiнiң түрiндегi мақсаттық бағдардың тапсырмасы нақты жоспарлы мерзiмге жоспарлалған бюджеттiк шығындардың салық және салық емес көз жамылғысы, олардың байланысының анықтауы iздестiрудiң проблема қояды.

Мемлекеттiк деңгейдегi салық жоспарлауын процесс негiзiнен келесi тiзбектiң түрiнде көрсетуге болады:

  1. табысына салық салу жүйе бағытталған мақсаттар бекiтiледi;

  2. қойылған мақсаттардың iске асыруы бойынша әдiстер және нақтылы шаралар өндейдi;

  3. өкiмет және әр түрлi деңгейлердiң басқаруы органдардың арасындағы салық өкiлеттiктерi және табыс көздерi шек қойылады;

  4. салық жоспарлауын негiз құрайтын әр түрлi деңгейлер бюджеттердiң арасындағы салықтардың үлестiрiлуiнiң нақты пропорцияларын анықталып бекiтiледi;

  5. экономикалық қисынды жоспарлы көрсеткiштер қамтамасыз етуi керек болған (әкiмшiлiк бiрлiкке ) әрбiр аумақ төлетiлетiн салықтардың ортақ сомаларының болжам есептеуi қорытынды жасалады;

  6. кәсiпорындар, жеке салалардың пайдалылықтың өзгерiсiнiң болжам есептеулерiнiң негiзi, федералды, аймақтық және жергiлiктi деңгейлерде негiзiненнiң экономикадағы қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi перспективасына салық түсiмдерiнiң ортақ көлемдерiмен анықталады.

Салық жоспарлауын ағымдағы және стратегиялықпен бiрлiк атап өтуге керек. Салық өндiрудi дамытуды болашақ мұқият талқылаусыз есепке алумен өңдеу реалистiк салық жоспар мүмкiн емес сыртқы ортаның өзгерiстерi болуы мүмкiн мүмкiн емес iске асырылған.

Салық тұжырымдамасының құрастыру және қабылдануы бұл мемлекеттiк салық саясаттарды элемент және салық жоспарлауы шамаланған әлеуметтiк-экономикалық және саяси шарттардың есепке алуымен елеп-екшелетiн салық режимiнiң өте қолайлы вариантының iздестiруiн нәтиже болады.

Мемлекеттiк салықпен реттеу (құрам және салық табыстарының құрылымы, салық мөлшерi, жеңiлдiктер және санкциялар, жоспарлы салық тапсырмаларының орындауды қамтамасыз етуiнiң басқа әдiстерiнiң шамасы) салық режимдерiнiң толық талқылауы мемлекеттiк салық менеджментiнiң басқа элементiнiң мазмұны сонымен бiрге құрайтынын атап өту керек. Мемлекеттiк салық жоспарлауының әдiсі бұл экономикалық қисынды көлемдердiң негiзiне салықтардың нақты түсулерi бар салық потенциалының байланысының бағасы және анықтау және жоспарлалатын мерзiмдегi бюджет жүйесiне салықтардың түсулерiн құрылым болып табылады.

Салық жоспарлауы сонымен бiрге бюджет жүйесiне салықтар және жиындардың мобилизациясының биiк деңгейi дәлелдi бағытпен iске асады.

Осыған байланысты салық болжауы және жоспарлау шешiмдердiң жүйелi түзетуiнде шеңберiнде болған бiртұтас процесс үздiксiз бақылауды негiзге және болып жататын өзгерiстердiң барлауына болжалды көрсеткiштердiң табысы бойынша шаралардың қайта қарауы заңды сияқты қарау.

Қаражаттарды қайтару бойынша түсімдердің болжамын жүзеге асыру бюджеттік кредиттерді өтеуді болжаудың мақсаты болып табылады.

Жасалған кредиттік шарттар, кредиттік шарттарға қосымша келісімдер, нормативтік-құқықтық база, оның ішінде кредитті қайтару бойынша қарыз алушының ағымдағы қаржы жағдайы алынады бюджеттік кредиттерді өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша ақпарат көздері болып табылады.

Функционалдық міндеттеріне бюджеттік кредиттерді өтеу мониторингі және оған қызмет көрсету кіретін органдар бюджеттік кредиттерді өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша ақпараттың түпкілікті пайдаланушысы болып табылады.

Бюджеттік кредиттерді өтеу және оларға қызмет көрсету болжамы мынаны қамтиды:

Алғашқы құжаттар негізінде алдағы жылдарда тиісті бюджеттен берілетін бюджеттік кредиттерді қайтару және қызмет көрсету бойынша, бюджеттік кредиттерді өтеу кестесіне сәйкес берілген бюджеттік кредиттердің қайтарылуына талдау жүргізу;

Бюджеттік кредиттерді қайтару және қызмет көрсету бойынша түсімдерді талдау негізінде, бюджеттік кредиттерді өтеу кестесіне сәйкес бюджеттік кредиттерді өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша түсімдер болжамын жасау және есеп нысанында бюджеттік кредиттерді өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша түсімдер болжамын қалыптастыру.