Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
02.05.2019
Размер:
525.82 Кб
Скачать

8 Тақырып: Франк мемлекеті және оның құқығы

Франк мемлекетінің ерте феодалдық монархиясы күрделі де, шиеленіскен жолмен орнықты. Күшті мемлекеттік аппарат құрылғаннан кейін ол өз күшін, бостандығын сақтаған франктерді үстем тапқа бағындыру үшін және көрші мемлекеттерді басып алу үшін пайдаланды.

Карл Мартеллдің реформалары. Карл Мартелл (715-741 жылдары) майордом қызметін атқарды. Оның реформаларын жер реформасы деп атауға болады. Король ретінде ол өзінің ісін саяси қарсы тұрған адамдардың жерлерін төркілеуден бастады. Бұдан кейін шіркеудің де жерінің бір бөлегін тартып алып, секуляризацияға ұшыратты. Ол корольдің жер қорын құрды. Бұл жер қорын ол "жаңа ақсүйектерге" бенефиций ретінде таратып берді. Бенефиций жерлерін алған феодалдар корольдің әскеріне қызмет істеуге тиісті еді. Олар әскерге өзінің қаруланған адамдарымен келуге мәжбүр болды. Бенефициарийге берілген жердегі тәуелді шаруалар. Бенефициарийлерге салық төлеуге тиісті еді. Сонымен, бенефиций шарттары емірге вассалитет қарым-қатынастарын әкелді.

Бенефицийден басқа коммендация, прекарий және өзін құлдыққа сату сияқты шарттар жиі кездесті.

Карл Мартеллдің реформасынан кейін Франк мемлекетінде орталық билік нығая бастады. 751 жылы Карлдің баласы Пипин феодалдар мен шіркеу қызметкерлерінің жалпы жиналысында король болып сайланды. Мемлекеттің гүлденген кезеңі Ұлы Карл басқарған уақытпен тұстас (VІІІ-ғасырдың екінші жартысынан IX ғасырдың бас кезіне дейін). Ол мемлекеттің шекарасын үлкейтіп, Батыс Германияны, Солтүстік Италияны және Солтүстік Испанияны мемлекетіне қосып алды.

Король сарайы бүкіл мемлекетгің басқару орталығына айналды. Бірақ франк монархиясын шексіз монархияға жатқызуға болмайды. Король өз билігін ақсүйектермен бөлісті, маңызды шешімдерді солармен ақылдасып шешті. Ірі феодалдар мен шіркеу қызметкерлері корольдің кеңесіне кіретін. Бұл Кеңес корольдің билігін шектейтін. Көктемде феодалдар өздерінің Ұлы жиналыстарына қатысатын, бұл жиналыс "Наурыз дала" деп аталды. Феодалдар осы жиналысқа қаруланып келетін және өздерінің әскери дайындығын көрсететін. Ірі феодалдар осылайша корольдің билігін шектейтін еді.

Хлодвиг әртүрлі әдіс қолданып, қарапайым әскер басшысынан жеке басшыға айналды. Жеке билік үшін Хлодвиг тайпалар көсемдерінің көзін жойды, туысқандарды да өлтірді. Неше түрлі арамдықтарды қолданудан ол тайынған жоқ. Хлодвиг христиандардың дінін алып, мемлекетті нығайтты. Бірақ корольдің билігі күшті болғанымен, рулық қоғамның кейбір басқару органдары сақталып қала берді. Франктердің жалпы тайпалар жиналыстарының орнына "Наурыз дала" деген жиналыстар келді. Мұндай жиналыстарда Хлодвиг әскерінің сапасын талқылады. Жетінші ғасырдан бастап Наурыз дала жиналысы ақсүйек қызметкерлердің жиналысына айналды. Король және оның төңірегіндегілер шешімдері алдымен осы Наурыз дала жиналысында талқыға салынатын.

Корольдің өзі бейбітшілік кепілі болды, ол қауымның шығарған шешімдерін орындайтын, заң шығаратын. Король әскер, сот процесі туралы заңдар шығарды. Король өз билігін мұрагерлік түрінде балаларына қалдыру құқығын иеленді. Корольдің қызметкерлері минестериалдар деп аталды.

Олардың арасындағы басты қызметкердің лауазымы - майордом болды. Бұрын майордом сарайдың шаруашылық ісіне ғана жауап беретін, келе-келе оның билігі күшейіп, ең беделді қызметкерге айналды. Ол корольдің бірінші көмекшісі және орынбасары болды. Майордомның қолындағы билікті пайдаланып, мемлекеттік төңкеріс жасаған жағдайлар да кездесті. Майордом король сарайының басшысы болғандықтан, қызметкерлердің барлығы соған бағынатын. Қызметкерлердің басым көпшілігін ол озі тағайындайтын.

Пфальцграф-корольдің сарайындағы сотты басқаратын лауазым иесі.

Тезаурарий - дәулетті сақтаушы, ол бүкіл материалдық игілікке ие болып, соның сақталуына жауап береді. Ол мемлекет қазынасының сақталуына да жауапты болды. Франк мемлекетінде корольдің және мемлекеттің қаражаты бірге сақталатын.

Маршал-корольдің атты әскерін басқаратын адам.

Архикапеллан-корольдің діни қызметкері. Сарайдағы шіркеу қызметкерлерінің ішіндегі ең жоғары дінбасы. Ол міндетті түрде король кеңесінің мүшесі болды.

Камерарий-король қазынасына салықтың түсуін бақылаушы және сарай мүлкінің сақталуына жауапты адам. Аталған қызметкерлердің арасындағы биліктердің бөлінуі әлі де зерттей түсуді қажет етеді. Себебі-қызметтік иерархия әлі жеткілікті анықталмаған.

Мемлекет жерлері паги деп аталып, аудандарға бөлінетін. Оларды басқаратын графтарды қорольдің өзі тағайындайды. Графтың қарауында әскери отрядтар паги әскері деп аталды және тікелей графқа бағынатын. Графтардың басқару әдістері рим қызметкерлерінің әдістеріне ұқсас болды. Өйткені олардың қолында өскери функциядан бөлек полицейлік және сот функциялары да жиналған еді.

Паги жүздікке бөлінді. Жүздікті басқаратын адамды халық сайлайтын. Жүздік қауымға бөлінді, қауымда жергілікті өзін-өзі басқару принциптері сақталды.

Бірнеше округтер герцогтіктерге бірікті, оларды герцог басқарды. Герцогтер басқару қызметінен басқа шекараны қорғауға тиісті болды. Өмірдің басқа саласында оның функциясы графтың қызметіне үқсас.

Сот. Жоғарғы сот билігі монархтың қолында болды. Ол сот қызметін ақсүйектердің өкілдерімен бірлесіп атқарды. Корольдің кеңесі ең ауыр қылмыстарды қарайтын.

Бірақ сот функциялары бұрынғысынша қауымның билігінде қала берді. Қауым өз жерінде жасалған қылмыстарға жауапты болды, сотқа қатысты, ант берген адамдарды белгіледі, келмеген адамдарды сотқа апаруға тиісті болды және вергельд деп аталатын айыппұлды туысқандарына төлеуге көмектесті.

Негізгі сот органдары-жүздіктің соттары. Олар бұқара халықпен тығыз қарым-қатынас жасады, сондықтан мұндай соттың абыройы жоғары еді. Олар өз қызметінде халықтың әдет-ғұрпын сақтап, көбіне сол нормаларды қолданатын. Бірақ бірте-бірте олар да монархияның құралына айналып, өзінің тәуелсіздігін жоғалта бастады.

Жүздіктің сотын тунгин басқаратын. Сот қызметкерлері соттың рахинбургтері деп аталды. Сот мүшелігіне бай әрі құқық мәселелерін жетік білетін адамдар сайланды. Сот мәжілісіне тәуелсіз және құқығы толық ерікті адамдар қатыса алатын. Король сайлаған адамдар сот процесінің дұрыс және заңды өтуін ғана қадағалайтын.

Әскер. Франк мемлекетінің халық әскері феодалдық әскерге айналды. Меровингтер кезеңіңде әскердің негізін корольдің сарбаздары құрайтын. Олар жақсы қаруланған және жеткілікті жалақы алатын. Сондықтан олар король тағының басты тірегі болып есептелді, шаруаларды басу үшін король өзінің сарбаздарын жұмсайтын. Кәсіпқой әскермен қатар халық әскерлері де сақталды, олар басқа мемлекеттермен соғысқан жағдайда керек еді. Бұл әскерлер бірте-бірте тек қана көмек беретін әскерге айналды. Корольдің кәсіпқой әскерлері де жерге ие болғаннан кейін корольге бұрынғыдай біржола бағынбайтын болды. Осы себептер әскерді әлсіретті де, Карл Мартелл әскерде реформа жүргізуге мәжбүр болды.

Каролингтер монархиясының ерекше нышандары сегізінші ғасырдан IX ғасырдың ортасына дейін сақталды. Сегізінші ғасырдың басында Франк мемлекетіне әскери қауіп төнді. 718 жылы арабтар Пиреней жарты аралын өздеріне толық бағындырып, Галлияға кірді. Сол жылы олар Септиманияны жаулап, Аквитания мен Бургундияға көз алартты. Аквитанияның және Бургундияның магнаттары арабтармен одақ құруға да келісім ететіндігін байқатты. Карл арабтарға және сатқын магнаттарға қарсылық көрсете білді. Ол үш мемлекеттің майордомы ретінде корольдердің орындарын әдетте босалқы ұстады. Оның ең табысты реформасы-әскери реформа еді.

Реформаның негізгі мәселесі - бенефиций. Бенефиций үшін рыцарьлер әскерге келетін болды. Олар ақы ретінде жер алушы еді. Жер үлесі бенефиций деп аталды. Бенефиций әкесінен баласына мұра ретінде берілетін. Жер берумен бірге әскерге қатысу міндеті де жүктелді. Бұл реформа әскерді күшейтті де, соғысты табысты ету үшін жаңа мүмкіншілік туғызды. Корольдің өзі әскерін өз халқына қарсы пайдаланған кездері де болды.

Король әскерге байлығы орташа адамдарды жинайтын. Олар негізінен атты әскерде қызмет етуге тиісті болды. Мықты әскер жасақтау үшін Карлге қанша уақыт керек болғаны белгісіз. Бірақ 832 жылы Пуатье деген жерде арабтарды тоқтатып, жеңгені анық. Арабтардың басшысын, Испанияның наместнигін - Абдар Рахманды өлтірген кісі. Арабтар келесі күні кейін бұрылып кетті. Карл -"Мартелл" деген ат алды, бұл сөз "балға" деп аударылады. Карл Мартелл бүкіл Еуропаға қауіпсіздік туғызған арабтардың экспансиясын тоқтатты. Арабтардан кейін Карл және оның Қысқа Пипин деген баласы (751-768) Аквитанияда, Прованс, Септимания жерлерінде корольдің билігін қалпына келтірді. Алемандар мен баварларды өздеріне бағындырып, фриз бен сакстерді салық төлейтін етті. Осы саясат Карлдың абыройын көтеріп, Франк мемлекетін күшейте түскен еді. 751 жылы Пипин Кысқа Франктың королі болып таққа отырды, оны Суассон қаласында король етіп жариялады. Сонымен Меровингтер әулетінің билігі аяқталып, Карлдың атымен аталған Каролингтер әулетінің билігі басталды. 775 жылы Пипин Рим папасына көмек беріп, оның қорғауына кірді. 768 жылы Пипинның баласы Карл таққа отырды, ол ланго-бардтармен соғысып, 774 жылы Альпы тауларынан өтіп, Италияны женді. Шынында, ол енді франктердің және лангобардтардың королі болып, Римның басшысына айналған еді.

Карл шабуылын тоқтатқан жоқ. Ол солтүстік Германиядағы сакстерді озіне бағындырып, христиандардың иелігіне айналдырды да, маврлерден Испанияның солтүстігін тартып алды. 800 жылы ол франктердің, Батыс Германияның және Солтүстік Италияның басшысы болды. Сол жылы Рим папасы Лев үшінші басына тәж кигізіп, оны Рим империясының Ұлы императоры деп атады. Енді франктердің королі Ұлы Карл қайтадан Рим империясының басшысына айналды. Император шіркеуге қол үшін беріп, ғылым мен білімге жол ашқысы келді. Ол өзі жазу білмесе де, латын мен грек тілін жақсы түсінетін. Сондықтан халыққа арналған завдар жазып шығаруға тапсырма берді.

Каролингтердің әскери реформалары тәуелсіз шаруалардың санының өсуіне әсерін тигізді. Енді үш, яғни, төрт жер үлесі бар шаруалар атты әскерге қатысуға тиісті еді. Бұл жағдай шаруаларды әскерге қатысудан босатты деп санауға болды. Шаруалар сот процесіне көбіне қатыспайтын. Сөйтіп олар белсенді рөлінен біртіндеп айырыла бастады.

Тоғызыншы ғасырдың басында Франк мемлекеті өзінің мейлінше нығайған ең жоғарғы сатысына көтерілді. Ол бүкіл Батыс Еуропаны бағындырды. Шекара бойында оның күшті жаулары болған жоқ. Бүл біртүтас мемлекет қүрған үлттарды біріктірген әскермен соғыс жолы ғана еді. Франк қоғамының экономикасы натуралдық сипат алды, яғни, аудандардың арасында мықты байланыс болған жоқ. Франк мемлекетінің ыдырауына әкеліп соққан бұдан да басқа себептері аз емес.

843 жылы Верден қаласында құрылған шарт негізінде мемлекет үшке бөлінді. Үлы Карлдың немерелері атасының империясын үшке бөлді: олардан болашақта Франция, Германия және Италия мемлекеттері құрылды.

Франктер Галлияны басып алғаннан кейін Рим құқығымен танысуға мәжбүр болды. Бірақ оларда Рим құқығын пайдаланатындай қарым-қатынастар әлі туған жоқ еді. Сондықтан бұл мемлекетте екі құқық жүйесі қатар қолданылатын. Галло-римдер рим құқығының нормаларын іске асырды, ал германдар алдақашаннан келе жатқан ата-бабаларының әдет-ғұрыптарын қолданды. Бесінші ғасырдан бастап варварлар өздерінің әдеттерін кодификацияға жатқызып, оларды "Шындықтар" ретінде таратты. Сөйтіп, Салистік, Рипуарлық, Алемандық және басқа құқықтар дамыды.

802 жылы Ұлы Карл империя құрамындағы бүкіл тайпалар әдет-ғұрыптарының басын біріктіріп пайдалану жөнінде ұсыныс жасаған еді. Бұған бұрынғылардан басқа жаңадан қабылданған құқықтық нормаларды енгізу көзделді.

Билігі күшейген король завдарды шығаруға кірісті. Бұл завдар капи-тулярий деп аталды да, халықтың бәрі оны орындауға міндеттелді. Капи-тулярийлер арқылы король феодалдық қарым-қатынастарды нығайтуға ұмтылған болатын.

Ерте-феодадцық құқықтың қайнар көздеріне иммунитетті қорғайтын грамоталар да жататын. Олар формула деп аталады. Бұл грамота шіркеуге, феодалдарға, монастырлерге берілетін. Оны иеленуші субъектілерге толық еркіндік пен құқық беру көзделді. Бұл грамоталарды орталық өкімет беретін. Қорғау грамоталары бар субъектілер сот, полиция, қаржы билігіне ие болды да, орталық өкіметтің билігінен толық босатылды.

"Шындық" деп аталатын құжаттардың ең ежелгісі "Франк шындығы"

Бұл құжаттың нормалары көбіне германдардың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрыптары. Меншіктің екі түрі болды: қауымдық және жеке меншік. Пайдаланбайтын жерлер, жайылым және ормандар бәрінің бірлескен меншігі болатын. Сонымен бірге жеке меншіктегі жерлер де кездеседі, олар әрбір отбасына бекітілген. Егін жиналып, қоршауды алып тастағаннан кейін барлық жерге мал жаюға рұқсат етілді. Бірақ жер сатылады деген нормалар кездеспейді және өлген адамның жер үлесін қауымның өзі таратады. Жаңағы жерге жаңа адам келетін болса, ол көршілердің пікірін сұрап, келісімін алуға тиісті. Көршілерінің біреуі нарызылық білдірсе, жанағы адам таңдаған жеріне көше алмайды.

Шаруалардың жеке шаруашылығы өте мықты қорғалды. Ұрлық туралы бұл нормаларда көп айтылған және кесілген жазалары өте ауыр.

"Салистік Шындықты" оқығанда мынандай ерекшелік байқалады: ұжымдық меншікпен қатар жеке меншік пайда болды. Үй, үйдің жанындағы жер, ауыл шаруашылық құралдары, мал - әрбір жеке отбасының меншігі. Айтылған меншіктің түрлері мұрагерлік ретінде, қыз және ұл балаларға беріледі. Салистік Шындық жария етілгеннен кейін, егістік жер де сатылатын жеке меншікке айналды. Жеке меншік пайда болғаннан кейін теңсіздік туды.

"Салистік Шындықта" мүліктік қарым-қатынастарға көп көңіл бөлінген еді. Мәселен, қарыз беру жөне қарыз алу қарым-қатынастарын алайық. Қарыз алған адамның жауапкершілігі өте ауыр болды. Ол қарызын бере алмаған жағдайда қарыз беруші оған куәгерлерді үш рет ертіп келеді. Әрбір келген сайын қарыздың мөлшері үш солидке көбейіп отырды. Ол қарызын үш келгеннен соң да төлей алмайтын болса, граф оның мүліктерін тәркілей алатын.

Жеке меншік институтының дамығанын мынадай нормалар дәлелдей түседі: көрші ауланын шарбағын сындырған, не бірнеше шыбық жұлып алған адам-15 солид, біреудің салған және әлі жиналмаған егінімен жүрген (жаяу, немесе ат арбаменен) адам-3 солид, біреудің ауласына ұрлық істеу үшін қараңғыда кірген адам-45 солид айып төлейді. Көптеген баптарда ат, шошқа. ірі қара мал. құлдарды ұрлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын. Жеке меншіктің дамығанын өлген адамның дүниесін мұрагерлікпен қалдырылатыны дәлелдейді. Қозғалыстағы мүліктер балаларына берілетін, жер тек ер балаларға ғана қалдырылатын. Алайда, 561 жылдан бастап Хильпериктің эдикті бойынша өлген адамның ұлдары болмаса, оның жер үлесі қыздарына қалдырылатын болды.

Міндеттемелердің ең қарапайым шарттары : алып сату, қарызға алу, қарызға беру, ауыстыру, сыйлыққа беру болды. Шарттардың көбі жұрттың көзінше жасалатын. Бұл міндетті орындамаған жақтар мүліктік жауапкершілікке тартылатын еді.

Ер адамдар мен әйел адамдардың құқықтары бірдей болды деуге негіз бар. Әйелдің құқығын шектеген нормалар болған жоқ. Мұрагерлік нормалар бойынша жылжымалы заттар әкесі өлгеннен кейін баласы мен қызына бірдей бөлінеді, бірақ жер тек қана ер балаларының арасында бөлінетін. Алтыншы ғасырдың аяғында ер балалар болмаған жағдайда әйел адамдар да мұрагер ретінде жер алатын болды.

Неке заңдары. Неке кесу көшпелі халықтардың некелеріне ұқсас болды. Неке алып-сату шарты бойынша жүзеге асырылды. Күйеуі әйелі үшін қалыңмал төледі. Бұл сыйлық "таңғы сыйлық" деп аталды. Ол тек қана кіршіксіз қызға беріледі де жаңадан отау тіккен отбасында қалады. Әйел адамға жасау беріледі. Бірақ әйел адамды зорлап алып қашуға тыйым салынды. Туысқандар арасындағы неке туралы айтылмаған және неке бұзу туралы да анық нормалар жоқ. Германдардың әдеттері бойынша ажырасуға рұқсат етілген еді, бірақ христиан діні күшейгеннен кейін ажырасуға тыйым салынды.

Қылмыс туралы. Қылмыс дегеніміз - адамға және мүлікке зиян келтіру және корольдің тыныштығын бұзу деп есептелген. Жазаның негізгі мақсаты жәбірленуші адамға және оның туысқандарына жәбіршілеуден зиянын өтеу және корольдің тыныштығын бұзғаны үшін оған айып төлету болды.

Қылмыс пен жазаға қатысты мынандай ерекшеліктер де орын алды. Қанды кек қайтару ретінде рудан, қауымнан қуып жіберу көбіне айыппұл төлеткізумен алмастырылды. Қылмысы үшін құлды өлтірген ерікті адам жасаған қылмысына орай корольдің әкімдеріне граф, сацебарон 600 солид, Рим азаматына - 300 солид, франктердің қауымының мүшесіне-200 солид, жай азамат үшін 100 солид төлейтін. Бірақ алғашқы рулық құрылыстың да көп қалдықтары сақталды. Адамды өлтірген қылмыскер өзі айып төлей алмаса, өмірін береді. Айыпты (вергельд) төлеуге жақын туысқандар көмектесуге тиісті. Заңды бұзған адамды қауымнан да қуып шығаратын.

Салынған айыппұлдың мөлшері қылмыскердің әлеуметтік, құқықтық жағдайларына, жасы және жынысына байланысты. Жауапкершілік он екі жасынан басталды. Адамдар жеке басы бос және бостандығы жоқ деп бөлінді. Жазаға тартылған адамның кінәсі бар ма, болса қандай деген мәселелерге назар аударылған жоқ. Жаза қылмыскерлердің келтірген зиянымен байланыстырылды. Қылмысты ауырлататын жағдаяттарға қылмыскердің арам пиғылы болуы және қылмысты топтанып жасау жатқызылды. Айыппұл мөлшері өте ауыр болды, мәселен, бір сиырдың құны-үш солид еді.

Қылмыс түрлері. Адамға қарсы қылмыстар: адамды өлтіру, әйел зорлау, зақым келтіру, жала жабу, қорлау (тіл тигізу), ерікті адамды ұрлау, біреудің ар-намысына, бостандығына және адамгершілігіне нұқсан келтіру.

Жеке меншікке қарсы қылмыстар: ұрлық, тонау, өртеу және мүлікті бүлдіру. "Салистік Шындықтың" нормалары бәрінен де мықты үй мүлігін қорғайды. Ұры құлыпты сындырып, яғни, есікті бұзып, үйге кіріп, ұрлық істейтін адамға 45 солид айып салынады.