Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
02.05.2019
Размер:
525.82 Кб
Скачать

10 Тақырып: Англиядағы феодалдық мемлекет және құқық

Ағылшын-сақтарда феодалдық қатынастардың қалыптасуы. Ағылшын-сақтар мемлекеттерінің басқару жүйесі. Норман жаулап алушылығы және оның ХІ-ХШ-ғасырдағы Англияның мемлекеттік-коғамдық құрылысына тигізген әсері.

Бірінші ғасырдың ортасынан бесінші ғасырға дейін қазіргі Британия жерінде кельт тайпалары мекендеген еді. Юлий Цезарь заманында бұл арал Британия деп аталды. Римляндар бұл жерлерге келгенде материктің оңтүстігінен қоныс аударған тайпалар осында мекендеп қалған болатын. Римляндар келместен бұрын олардың осы аралда тұрғанына үш жүздей жыл болған. Римдер Британияны жаулап алғаннан кейін өздерінің бай, тіршілікке қолайлы өміріне жылдам үйретті. Олар бұл кезде христиан дінін жартылай қабылдаған болатын. Сонымен бұл тайпалар римдіктердің билігіне түсті.

Рим легионерлері 407 жылы аралдан кете бастаған кезде олардың орнына германдық тайпалар: англдар, сакстер, юттер Ютландиядан жаппай қоныс аударды. Жергілікті халықтың оларға қарсы болуы да заңды, себебі келген адамдар варварлар және мәжусилер болатын. Бірақ осы жергілікті халықтың тайпалары туралы, олардың қоғамдық құрылысы мен өзара қарым-қатынастары туралы мәліметтер өте аз, жоқ деуге болады. Бриттер малмен айналысқан халық, олардың үйлері бір-бірінен алыс орналасқан болатын, ірі қара малдың жайылымына кеп жер керек болғандықтан, үйлерінің арасындағы аралық та кең еді. Ал англо-сактар бір жерге жиналған елді мекендерде тұратын.

Алғашқы кезде германдарды кельттердің тайпа көсемдері сарбаз ретінде жалдап алатын еді. Одан кейін олар Британияның жерлеріне тайпаларымен көше бастады. Герман жаулап алушылары уақыт өте келе Англияның жерінде өздерінің варварлық жеті корольдігін құрды. Олар Кент, Нортумбия, Мерсия, Уэссекс, Сусекс, Эссекс, Шығыс Англия еді. Бұл корольдіктер бір-бірімен кезекпен соғысып жататын. Жеңген корольдіктің басшысы басқа корольдіктерден әскери көмек және салық алуға құқылы болатын.

Жетінші ғасырда олар бүкіл Британияны жаулап алды. Ал кельттерді Британияның солтүстік және батыс жағына ығыстырып, көбін құртты. Кельттер өздерінің тәуелсіздігін тек қана солтүстікте (Шотландия) жөне батыс жағында(Уэльс) сақтап қала алды. Басып алған үстем топтың бағынышты адамдары ретінде кельттердің қалған жартысы германдарға салық төлеп, олардың құлдарына айналған еді. Соңында олар герман тайпаларымен ассимиляцияға ұшырап, араласып кетті.

Қоғамдық құрылысы. Британияның қоғамдық құрылысы Галлияның құрылысына ұқсас, бірақ феодалдық қоғамның құрылу жолы өте баяу және кеш өтті. Феодализм жаңа құрылып жатқан кезде кельттердің көбі жеке басы бос шаруалар болатын. Олар керл деп аталатын бір қауым құрды. Керл-жер иеленуші, ол малмен немесе қолөнермен айналысатын, үлкен жанұяны басқарады. Отбасы бірнеше ұрпақтан, ондаған туысқандардан тұратын. Осындай жанұя басшысы үйдің мүлкін басқарады, өзінің туысқандарын соттайды және дін әдеттерін өткізеді. Ерікті қауым мүшелері халық жиналысына қатысты, ол жиналыс соғыс және бейбітшілік, салық төлеу, көсемді сайлау, сот және шаруашылық мәселелерін шешетін. Олардың қарулануға және халық әскеріне қатысуға құқығы болатын.

Қоғамның және бір бөлігін рудың "эрл" деп аталатын, ақсүйектері құрайтын, оларда бірнеше ірі жер үлестері болатын. Ол жерде колондар мен құлдар жұмыс істеді. Ақсүйектерге одан басқа корольдің қасындағы адамдар және оның әскери адамдары жататын.

Ерікті адамдардан басқа тәуелді адамдардың да бір тобы болатын, олар "леттер" деп аталатын еді. Бұлар құлдарға немесе колондарға ұқсас.

Қоғамдық жағдайларының ерекшеліктерін Кент шындығы көрсетеді (VI-ғ). Төленетін айыптың мөлшері былай белгіленеді: гезитті өлтірген үшін-600 шиллинг, корольдің жанындағы сарбаздар мен минестериал үшін-600 шиллинг, эрл үшін-400 шиллинг, керлге-200 шиллинг, лет үшін (колон)-40-80 шиллинг айыппұл төлейтін.

Англияда көршілік қоғам құрылған кезінде жер үлестерін былай тарататын еді: бір қауымның жерлері бірнеше алқаптан тұратын. Әрбір адам бірнеше жерден үлес алатын, алған үлес оның қоғамдық жағдайына байланысты болушы еді. Бір үлес гайда деп аталады, ол 50 гектардай жер. Бұл аланды жегілген сегіз егіз жыртады. Эрлдардың жері-40 гайд, гезиттер 20 гайд, корольдің қызметкері 100 гайд алған кездері де болатын. Бұл меншіктен басқа қауымның жалпы меншігі - ол жайлау және басқа жерлер болды.

Бірақ әрбір отбасының жеке меншігі дамығанымен керлдердің арасында теңсіздік туа бастады. Олардың біреулері жергілікті және жеке тәуелсіздікке түсіп, екіншілері байып, қорольмен тіл табысып кетті. VII-VIII ғғ. король өздерінің жақын адамдарына бок деген жеке қағазбенен жерлерді бере бастады. Бұндай жолмен алынған жер бокленд деп аталды. Бокленд ұстаушылар жерді өмірбойы жан бағу үшін пайдаланатын. Оны мұраға қалдырып, одан салық төлемейтін. Бокленд ұстаушылар глафорд, соңынан лорд деп аталды. Бұл сөз сеньор, мырза деген мағынаны білдіреді. Кедейленген керлдер осы глафордтардың бағынуына түсетін.

Біраз уақыт өткеннен кейін король фирма деп аталатын салық жинайтын болды. Англияда фирманы бүкіл ерікті шаруалар төлейтін еді, ал салықты гайдтар төлейтін. Бірақ, бокленд ұстайтын адамдар салық төлеуден босатылды, оларға жеңілдіктін бірнеше түрі берілген еді. Корольдер сыртқы саудадан да салық алатын, сыйлық ретінде де оларға көп нәрсе берілетін.

VІІ-VІІІ ғасырларда Англияда рулық қоғамның және құрылыстың нышандары жойыла бастады. Рулық тендік, тәуелсіздік, көмек бұзылды, ерте мемлекет құрыла бастады, бірақ әскери демократияның нышандары әлі сақталып тұрды.

597 жылы ағылшын-сакстерді христиан дініне енгізу процесі басталды. Ол көпке созылып, VII ғасырдың соңында аяқталды деп санауға болады.

Сегізінші ғасырдың екінші жартысында Скандинавияда таптың құрылу процесінің жылдам дамуына байланысты оның халқының сыртқа шығуы күшейді. Олар субрегионның шекарасының сыртына шыға бастады. Бұл кезеңді "викингтердің кезеңі" деп атайды (793-1066). "Скандинавтар", "ва-рягтар", "нормандар" атауларының әрқайсысы маңызды. Олар Солтүстік Атлантиданы, Британияны, Солтүстік Францияны, Оңтүстік Италияны, Сицилияны, Солтүстік Американы басып, қоныстану өмірін бастады. Викингтердің кезеңі феодализмнің даму процесін күшейтті. Оларды бай мемлекеттердің алыстығы тоқтатқан жоқ. Викингтер ер жүрек, жақсы балық аулаушылар болатын. Өздерінің әскерлерін кеме және ледунгтен құратын. Бір кемені жинау үшін олар бонд деп аталатын кемелік округтерді құратын. Әрбір бонд бір кемені дайындайды және кемені сумен, азық-түлікпен жабдықтап, оған тірі мал, ат, әскер береді.

Әскерлер каруларын кеменің қабырғасына іліп, өздері ескекке отыратын. Кемені басқаратын адам "ярл" деп аталды. Үлкен кемелерді корольдің өзі немесе оның жақын туысқандары басқарады. Сегізінші ғасырдың аяғында викингтердің көршілерге шабуыл жасауы әдеттегі тәртіпті жорыққа айналды. Олар жаңа жерлерді бағындыру жорықтарын жиілетті.

Сегізінші ғасырда викингтер (даттар, норвегтер, шведтер, голландтар) Англия жеріне шабуыл жасады. 866 жылы олар Йорк, Лондон, Рочестр және басқа қалаларды басып алып, көптеген елді мекендерді құртты. Христиан дінінің қызметкерлерін өлтіріп, өздерінің мәжуси дінін қайтарғысы келді. Викингтер басып алған жерлерде отыршылыққа көшті, от бастарын көшіріп әкеліп, өздерінің тәртіптерін орнатуға ұмтылды. Жергілікті халықты өздеріне салық төлететін етті, ол салық "даттардың ақшасы" деп аталатын.

Ағылшын-сакстердің Ұлы Альфред деген королі (871-900) нормандардың шабуылын тоқтатып, Англияны олардан тазарта бастады. X ғасырда Англия қайтадан бірігіп, бір орталыққа бағынатын болды.

Англия өзінің флотын ұйымдастырды. Онда 100 шақты кеме бар еді. Басқа әскерлерді де қалпына келтірді. Ірі феодалдар (бес гайда жерлері бар) атты әскерді құрды. Олардың темір қарулары және бірнеше жаяу әскері болатын. Англияның бірінші жалпы заңдарын Үлы Альфред шығарды. Ол "Альфред корольдің шындығы" деп аталатын.

90 жылдардан бастап Англияға викингтер шабуылын қайталады. XI-ғасырдың басында Ұлы Кнут (1016-1035) Англияның тағына отырып, Дания, Шлезвинг, Норвегия, басқа жерлерді өзінің патшалығына қосты. Өзі жағдайын ңығайту үшін ол феодалдық мемлекеттің негізін күшейткісі келді. Ол үшін "Кнуттың заңын" шығарды. Бұл заңдар феодалдардың жеңілдіктерін нығайтып, шаруалардың міндеттерін бекітті.

Ағылшын құқығы

Ағылшын құқығының қайнар көздері. Англияның тарихи дамуының жоғарыдағы ерекшеліктері оның құқық жүйесіне де ықпал етті. Ерте феодализм кезінде құқықтың ең бірінші қайнар көзі ежелгі әдеттер болатын. Ол әдеттерді адамдар жазып, әдеттердің жинақтары шыға бастады. Оларға Этельберттің, (600) Инэнің (690), Альфредтің (871-901) шындықтары және Кнуттың заңдары (1017) жатады.

Ағылшын құқығының дамуына норман шапқыншылығының ықпал еткенін айтқан жөн. Вильгельм және оның ұрпақтары ежелгі ағылшын әдеттерін сақтаймыз және орындаймыз деп ант беретін.

Эдуард Тәубешіл кезіндегі еріхтердің бәрін сақтаймын деген анты жақсы мәлім. Бірақ айтқан сөзін ұстады ма, жоқ па ол жағы белгісіз.

Англияда әдеттердің бәрі жалпы құқықтық жүйеге жинақталып, "жалпы құқық" деген түсініктің негізі қаланған болатын. Жалпы құқықтың пайда болуына корольдердің мемлекетті бір орталыққа бағындыру саясаты да әсерін тигізді. Соның ішінде Генрих екінші жүргізген сот реформалары туралы айта кеткен орынды. Генрихтің реформалары жергілікті басқару мен сотты корольдің билігіне бағындырды. Корольдің көшпелі соттары істерді қарағанда, әдеттерді және жергілікті соттардың тәжірибесін қолданды. Осыған сүйене отырып, олар бүкіл мемлекеттің аудандары қолданатын жалпы нормаларды шығарды. Бұл нормаларда жергілікті әдет-ғүрыптар жүйеге келтірілген еді. Осы нормалар Вестминстер сотында және көшпелі соттың қызметінде қолданылды. Бұл нормалар көбіне ерікті феодалдарды және олардың жер иеленушілерін қорғайтын. Ағылшынның жалпы құқығы осылай пайда болды. Сотпен ант берген адамдардың арасында қызмет бабының бөлінуі айқындалды. Сот құқық мәселелерді шешеді, ал ант берушілер фактілерді дәлелдейді және қарайды. Жалпы құқықтың екінші түсінігі бүкіл корольдіктің құқығы.

Сонымен, Вильгельм және оның Генрих деген баласы мен немересі бір жағынан-феодалдардың мүддесін қорғады. Ал екіншіден-жергілікті халықты феодалдардың заңсыздығынан қорғайтын жалпы құқық жүйесін енгізді. Олардың қызметкерлері құқық жағынан тәртіппен формалдық мәселелерге көп көңіл бөлді. Ал ағылшын-сакстерде мұндай әдет болмайтын. Жалпы құқықтың негізіне әсер тигізген қайнар көздерге ежелгі англо-сакстердің әдеттері, нормандардың әдет-ғұрыптары, король соттарының ең маңызды шешімдері, халықаралық сауда, жол жобалары, көпес соттарында қолданылатын әдеттер мен шіркеудің нормалары жатады. Бірақ Англияның католиктер орталығынан алыс орналасқаны бұл нормалардың әсерін әлсіретті. Рим құқығы бүкіл Еуропа мемлекеттеріне әсерін тигізіп, рецепция деген жағдайды туғызса да, ағылшын құқығына ондай ықпал ете алмады. Сөйтіп, ағылшындар өз құқығының тазалығын сақтай алды.

"Жалпы құқықтың" нормалары кебіне процессуалдық қарым-қатынастарды реттейтін еді. Олар сот шешімдері туралы есеп арқылы пайда болды. XIII ғасырда жыл сайын соттар есеп беру тапсыратын. Олар айтыс-тартыстың бүктеме қағаздары деп аталды. 1535 жылдан бастап бұл есеп беру жылдық қағаз деп атала бастады. Жылдықтар шыққаннан кейін соттар өздерінің шешімдерін шығару барысында жылдықта жазылған сот шешімдеріне сүйенетін болды. Олар сол сот шешімдерін дәйек ретінде келтірді. Осылай сот прецеденттері пайда болды. Корольдің көшпелі соттары Вестминстерге қайтып келгенде жергілікті әдеттердің ең жақсыларын таңдап алатын. Жергілікті соттар шешімдерін шығарғанда осы жазылған шешімдерге заңға сүйенгендей сүйенетін.

Жалпы қүқықтың ең бірінші белгісі-оның толықтығы. Сот қызметкері іс қозғаған адамға, сотқа келгенде "сіздің ісіңізді қарай алмаймыз, бұндай норма жоқ" деп айтпайтын еді. Ағылшын құқығының бірінші жалпы ережесі-қорғау бар жерде құқық бар. Қаралып жатқан іс бұрынғы тәжірибеде кездеспесе, соған ұқсас істі тауып, шешім шығаратын. Құқықтың осы нышаны оны өте оралымды, икемді ететін.

Жалпы құқық соттары өте консервативті және формалдық нормаларды жиі қолданатын сот болатын. Ант берушілер заңмен және сот процесімен таныс болмағандықтан, сот рәсімдеріне өте мықты дайындалу керек еді.