Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
02.05.2019
Размер:
525.82 Кб
Скачать

3 Тақырып: Ежелгі Қытай мемлекеті

Ескі Дүниенің Қиыр Шығысы - Қытайда өркениеттің пайда болуы дамыған дәуірдің ең бастапқы кезеңіне сәйкес келеді. Тек қытайлар ғана емес, сонымен бірге Тибеттің, Бирманың, Тайланд және Солтүстік Вьетнамның ежелгі тайпаларының едәуір бөлігі Қытай-Тибет семьясының тілдерінде сөйлейді.

Қазіргі Қытай Халық Республикасының ешқандай жұрты өз елін "Қытай", ал өздерін "қытайлар" деп атамайды. Бұл атаулар түріктердің "кидань", "қытай" этнонимдерінен, орта ғасырларда Маньчжурия, Монғолия және Солтүстік Батыс Қытайдың аумақтарында орасан зор империя құрған халықтан тараған. Қытай аумағыңца Шығыс Азияның басқа да халықтарымен бірге әлемнің ұлы өркениеттерінің бірін құрған халықтың "ханьжэнь" немесе "ханьдар" деген атауының өзі көне заман дәуіріндегі Қиыр Шығыстың құл иеленуші Хань -(б. д. д. 202 ж) империясының атауынан шыққан. Ханының негізін салушы - Цинь империясы (б. д. д. 221-206 ж.ж).

Қытай тарихы мынандай дәуірлерге бөлінеді:

  1. Шань (Инь) - (б.д.д. 18-11 ғ. ғ. )

  2. Чжоу дәуірі - (б. д. д. 11-3 ғ. ғ)

  3. Цинь дәуірі - (б. д. д. 221-207 ж.ж. )

  4. Хань дәуірі - (б. д. д. III ғ. -б.д. III ғ)

Хуанхэ өзенінің төменгі және орта ағысының бассейнінде б. д. д. екінші мыңжылдықта ірі тайпалық құрылымдардың бірі пайда болды. Иероглиф жазуының белгілері өмірге келді. Өндіріс күштерінің өркендеуі металды қолданумен және еңбек процесін жетілдірумен тікелей байланысты. Қоғамдық функциялар жіктеліп, әскери көсемдер, абыздар, қауымдық кеңес бөлініп шығып, құлдық пайда болды. Қала айналасына этнологиялық белгілері бойынша біріккен көрші қауымдардың туыстық кешендері салынды. Қала қауымдары су тасқынына қарсы бірігіп күресу, әскери себептер сияқты шаруашылық мүқтаждыққа бола бірікті. Мүліктік жіктелу отбасын күшейтті. Екінші мыңжылдықтың аяғында барлық қауымдар ішінде Шань қауымы ерекшелене бастады. Оның басшысының төтенше әскери өкілдіктері болды және ол "Ван" деп аталды. Тонау соғыстары ванның билігін одан да күшейте түсті. Ол жасағын өзіне берілген сарбаздардан құратын. Ван лауазымы мұра бойынша ауысып отырды.

Қытайдың тарихи дәстүріне XVIII ғ. шамасында (жаңаша 1600 ж. ) иньдар өздерінің қарсыластарын талқандап, солтүстік Қытайдың кең байтақ аумағын басып алды да, Шань (Инь) мемлекетінің негізін құрды. Тайпалардың әскери қақтығыстары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, мемлекеттің пайда болу процесін күшейтуші фактор болды. Ерте Қытай мемлекеті өзінің таптық мәні бойынша құл иеленуші мемлекет ретінде қалыптасқан еді. Шань дәуірі құл иеленуші қоғамының қалыптасу кезеңі болды. Егер ертеректегі Шаньға (б. д. д. 18-15 ғ. ) таптардың пайда болуының алашқы процестері ғана тән болса, кейініректегі Шань дәуіріне (б. э. д. 14-11 ғ.) ең төменгі сатысында құлдар тұратын таптық қоғамының қалыптасуы тән. Чжоу дәуірінде жерді өңдеу құралдары жетілдіріле түседі. Б. д. дейінгі "VІІ-VІ ғ.ғ. темірді балқыту және өндеу игеріліп, онан түрлі құрал-жабдықтар жасала бастайды. Старшиналарымен қоса темірді қолдану қолөнердің дамып, қалалардың өркеңдеуіне және ақшалай-заттық қатынастардың дамуына игі әсер етті. Чжоу қоғамының әлеуметтік жіктелуі айқындала түседі. Иерархиялық әлеуметтік жүйе пайда болып, құл еңбегі темір балқытушы шеберханаларда, тұз алуда кеңінен қолданылады.

Цинь, әсіресе Хань дәуірінде жаңа феодалдық қатынастардың белгісі пайда бола бастайды.

Шань-Инь мемлекетінің өмір сүру дәуірі қытай тарихының ежелгі көне дәуірі болып есептеледі. Бүл дәуір б. д. д. ХІІІ-ХІІ ғ.ғ. жатады. Ежелгі Қытайдың тарихи дәстүрі Пен-кен деген көсем өз тайпасын Нанянға алып келіп еді. Сөйтіп Хуан өзенінің бойында, атауы бүкіл мемлекетке ғана емес, бүкіл патшалар династиясына да берілген Шань деген үлкен қала салыңцы.

Вэй өзенінің бассейнінде тұрған чжоу тайпалары б. д. д. XII ғ. Шаньды басып алып, оған "Инь" деген ерекше атау берген. Аңыздар бұл көсем каһарлы жаулап алушы емес, өз қол астындағы тайпаларын бейбіт билеген дейді.

Нарық ұзақ уақыт бойы анайы қалпын сақтап келді. Аңшылыққа, балық аулауға ерекше маңыз берілетін. Қытайда өзен жағалауында тиіп тұрған кең далалы аймақтар мен үлкен жайылымдар жеткілікті болды. Бұл халыққа көп мөлшерде ірі қара мен ұсақ мал және шошқа өсіруге мүмкіндік берді. Құрбандыққа шалу жиі болып түрды: 10 шошқа, өгіз, 30 қой, кейде 40 өгіз немесе 100 шошқа шалынатын. Бірақ шаруашылықтың прогресшіл түрі егін шаруашылығы болды да, ел күріш, бидай өсірді. Қолөнер де дамыды, тастан пышақтар, балта, темір мен қоладан қару және сәнді ыдыстар жасайтын. Ағаш табыт, садақ, жебе жасау да қолданылды. Қыш құмыра күю өнері де маңызды болды. Ауыл шаруашылық өнімдерінің көбеюі сауданың дамуына алып келді, бірақ ол анайы, айырбастық сипат алды. Қытайда қауымдық жер қожалығы, көршілік қауым және рулық құрылыстың басқа да қалдықтары сақталды,

Бұл кезеңде Қытайда үлкен патриархтық шаңырақ әкеге, еркекке бағыну әйелдерді күң қылу, көп әйел алушылық, ата-бабаларға табыну дәстүрі болды. Ақсақалдар кеңесі қалыптасты, ол ру басыларынан жөне тайпа көсемдерінен құрылды.

Б. д. д. екінші мыңжылдықта мейлінше этникалық бірлестіктің "қалалық" қоғам конгломератының басына олардан күштірек Шань қауымы шығады. Оның төтенше әскери өкілдіктері болды және ол ван деп аталды. (Кейінірек ван патша титулы болды да, ол әрі жоғары абыз қызметін атқарды). Елді мекендер теңірегінен күю пештері мен шеберханалары, молалар табылды, олар жерлеу құралдары бойынша ерекшеленді. Адамдарды құрбандыққа шалу ежелгі қоғамның ерте кезендерінде жиі болып тұрған. Әрине, Шань қоғамы құрбандықтарының көлемі бойынша ерекше көзге түседі. Таяу шығыстың әскер басылары тұтқындарды шайқастан кейін дереу өлтірмейтін, оларды аз уақытқа тірі қалдырып, ертеректегі әдет болған кескілеуді діни жораға айналдырды. Шань қоғамының маңызды орталығы Аньян болды. Ал ең қызық олжа - бұл киіз кітап архив, хайуандардың жауырын сүйектеріне және тасбақаның тас қабығына жазылган 100000 жазуы бар Инь оракулы, абыздар оның ішінде 41000 жазу жарияланған. Бұл жауырын мен тас қабықтар бал ашуға қажет болды, оларда ойық жасалып, отқа күйдіреді, ал сызаттары бойынша ванның өзі соғыс, аңшылық, ауыл шаруашылығы жұмыстарының табысы, жаңбыр, қала салу сияқты сұрақтарға құдайдың жауаптарын анықтады. Сүйекке сұрақ пен жауап жазылып, бал ашу мерзімі қойылатын, ал сосын бал тура келді ме, келмеді ме деп сол туралы жазылатын. Инь жазуларын түсіну қиын болса да, олардан кейбір мағлүмат алуға болады: ең басты адам бал ашатын ақсүйектер қоғамының әскери көсемі, жоғарғы абызы жөне өндіріс ұйымдастырушысы ван титулын алып жүретін. Патшаларға сұрақ Шань қаласының әкімі атынан қойылатын, құдайлар жауабын талқылайтын да соның өзі. Бұл жазулардан Шань-мемлекет, ал Инь-династия екендігі түсінікті.

Шань қоғамы тас, мыс жөне қола дәуірлерінің аралығында болды. Қытайда қоғамдық еңбектің ірі бөліну ісі жүрді. Жер игерушілер арпа, бидай, тары, сорго, сора өсірді. Жерді қолдан суландырудың белгілері байқалмайды, гидромеханикалық құрылыстар кездеседі, олардың көмегімен су бұрғыш каналдар арқылы өзен ағысын жүйелеп отырды. Жібек құртын өсіруге тұт ағаштарын отырғызьш, кенеп, жібек дайындалды.

Мейлінше ірі мысшылар, сүйек оюшылар, керамикалық ағаш өндеуші шеберханалары болды. Монументті қүрьшыс пен қала құрылысы дамыды, бұл ванның қызметіне кіретін. Ең басты кәсіптік өндіріс қола құю еді. Қолдан аспаптар, қару-жарақ, арба бұйымдары және еңбек құралдары дайындалатын.

Шань белгісі "сауда, сату" деген үғымдарды білдіреді. Сауда әлі нашар дамыған жөне айырбастық сипатта болды, бірақ жалпыға бірдей төлем ақысы ретінде қабыршақ-кадри бөлініп шықты. Айналымда табиғи қабыршақтармен қатар қоладан құйылғандары да бар еді. Бұл қола құюдың монополистері-шаньдар үшін баюдың ерекше көзі болғаны байқалады. "Шань қаласын" әскери одақ басқарды, оған басқа да қалалық қоғамдар кіретін, олар қалаға салық төлейтін. Бұл одақты шаньдардың орталық орны Чжун Шань (орталық шань) деп аталды. Шань қалалар одағы жау тайпаларымен қоршалған еді, олармен үнемі соғыстар жүргізіп отырды, әсіресе батыстан Тибет, Бирма тайпалары қауіпті болды.

Шаньдардың шаруашылық өмірінің негізін үлкен отбасылық қауымдар құрады, олар тек туыстық аумақтың белгілерімен бірікті. Ванның маңызды қызметі көсемнің абыздық қызметтерін атқару болды.