Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
02.05.2019
Размер:
525.82 Кб
Скачать

12 Тақырып: Жаңа кезеңдегі мемлекет және құқық тарихи: Англия

Англиядағы буржуазиялық төңкерістің салдары. 1628 жылғы "Құқық жайлы петиция". Ағылшын буржуазиялық төңкерісінің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері.

1640 жылғы Англиядағы буржуазиялық төңкеріс бүкіл дүниежүзілік тарихқа әсерін тигізіп, халық өмірін жоғары нысандағы қоғамдық саяси ұйымға келтірді. Англияның төңкерісі буржуазиялық төңкеріске жатады. Бұл жағдайды өнеркәсіптің ауыстырылуы жөне басқа қанаушы таптар билікті өз қолына алды деп түсінуге болады. Ағылшын буржуазиялық төңкерісінің феодализмнің дамуына байланысты көп ерекшеліктері бар болатын. Төңкеріс кезінде Англияның мемлекеттік құрылысы аяқталмаған шексіз феодалдық монархияға жататын. Корольдің билігі шексіз болса да, ол парламентті таратқан жоқ еді. Англияның жергілікті өзін-өзі басқару органдары демократиялық принциптерін сақтаған болатын және қуатты төрелік сот өзінің қызметтерін тоқтатқан жоқ еді. Феодализмнің капитализмге өтуін тоқтатқан және шектеген бірталай жағдайлар болған еді. Оларды түсіндіру үшін орта ғасырлардың құқықтық нормалары мен әдеттері туралы айтқанымыз дұрыс. Буржуазияның наразылығын туғызған феодалдық монополиялар. Олар сауда қызметтерін еркін жүргізгісі келетін, бірақ король патенттерінің бәрін өзі сататын. Ал патентсіз сауда жасауға немесе өнеркәсіп ашуға бір де бір адамдарының құқықтары болмайтын еді. Корольге патенттерді сатып өзінің қазынасын толтыратын осындай жүргізген саясаты пайдалы екені анық. Ал ауылда король өзінің заңдарымен жер жеке меншігін шектеген болатын.

Төңкерістің алдында Англияның әлеуметтік жағдайы да өте қызық еді. Олардың дворяндар топтары екіге бөлінетін. Бұндай жағдай басқа да Еуропа мемлекеттерінде болған еді. Мысалы, Францияда дворяндар ескі және жаңа дворяндарға бөлінеді. Бірақ Англиядағы жағдайлар ерекше қалыптасты. Жаңа дворяндар джентри деп аталды. Олар ақсүйектерге жатпайтын, дворян атағын сатып алушы адамдар еді, сондықтан олар жерлерін таза пайдаланғаннан басқа, өнеркәсіппен немесе саудамен де айналысатын. Ескі ақсүйек дворяндар қой бағып жүр деп оларға күлетін. Олардың ең пайдалы қызметтері жүнмен байланысты еді, олар өздерінің шаруаларына бостандық беріп, босаған жерлеріне қой бағатын. Қойдың жүнінен бүкіл дүние жүзіне белгілі шұға шығаратын. Сондықтан, бұл топ корольді жақтаса да, олардың мүдделері өнеркәсіптің дамуына байланысты екені түсінікті. Олардың экономикалық мүдделері буржуазия тобына жақын болатын, сондықтан ағылшын буржуазиялық төңкерісіне әлеуметтік рөлдері әсерін қатты тигізді. Олар буржуазиямен одақтасып корольге қарсы шықты.

Ағылшын корольдері Тюдорлардың мүддесін қорғаған болатын. Көптеген жылдар бойы Англияның ауылы нарыққа байланысты болды және капиталистік өнеркәсіп жаңа капиталистік жер иеленушілер негізін салды. Осыған орай төңкеріс кезінде жаңа дворяндар өздерінің тағдырын капитализмнің дамуымен байланыстырды. Осы жағдай Англия төңкерістің ерекшеліктерін анықтады. Буржуазияға қарсы бүкіл дворяндар емес, тек қана көне дворяндар қарсы шықты. Ал джентри қатарлары сенімді одақ болып көрінді. Сонымен, Англияда буржуазиямен қатар жаңа дворяндар монархияға, феодалдық дворяндарға және шіркеудің үстем таптарына қарсы тұрды. Англия төңкерісіндегі жауапты күш халықтың топтары: шаруалар, жұмыскерлер, саудагерлер. Бірақ төңкеріс халыққа ешнәрсе берген жоқ. Керісінше, шаруалар Англияда капиталистік құрылыстың құрбаны болды. Бірақ Англияда Ақ және Қызыл розалардың соғысынан кейін ақсүйектердің саны азайып қалды. Англияның лордтары парламентте өздерінің жеке палатасында мәжілістерін өткізетін, олардың саны жүзге жақын еді. Бірақ лордтардың көбі өздерінің атақтарын тек қана XVII ғасырда ғана ала бастады.

Парламентте жаңа дворяндар (джентри) және буржуазия топтары бірге қосылып, корольге қарсы оппозиция құрған болатын. ХVІ-ғасырда Англияда қаладағы өнеркәсіптердің саны өсті. Төңкеріске дейінгі Англияда ішкі және сыртқы сауда тез дамып, бұл өнеркәсіптің қайта құрылу процесіне айналды. Лендлордтар шаруалардың жерлерін жаулап алуы мануфактураның құрылуына күшті әсерін тигізді. Жерсіз қалған шаруалар өздеріне жұмыс орнын өнеркәсіп өндірісінен іздеді. Сонымен, олар жұмысшылардың санын көбейтті. Англияның солтүстігіндегі дворяндар бұрынғыдай өмір сүріп, негізгі табысты шаруалардан пайда болған феодалдық алымдардан түсіріп отырған. Төңкеріске дейінгі Англияның селолық шаруашылығы өнеркәсіппен айналысқан жоқ, бірақ көптеген жағынан озық болатын.

Англияның буржуазиялық революциясының тағы бір ерекшелігі-діни наным бойынша өтуі. Бұл діни жалаумен өткен соңғы төңкеріс.

1621 жылы Англия королі Яков Бірінші өзінің ерекше парламенттегі жіберген сәлемінде ол өзінің көзқарасын мәлімдеді. Ол Парламентті корольдің жиналған малайы деп көрсетті. Парламент корольдің қолына меморандум ұстатты, король меморандумды жыртып тастап, Парламентгі таратты. Бірақ үш жылдан кейін экономикалық жағдай корольді ауыр жағдайға қойғасын, ол парламентті қайтадан жинады. Осы жағдайда парламенттің қауым палатасы Яков Бірінші айтқан сөзіне наразылығын көрсетіп, парламентті король өзінің билігімен ғана жинамайды, оның құқықтары бұрынғыдан келе жатыр және король парламенттің қүқықтарын сыйлауы керек деп мәлімдеді. Оған Яков Бірінші Корольдің құқығын құдай берген, сондықтан ол тек соның алдында жауапты деп қарсы сөйледі. Парламенттің мүшелері Ұлы Еркіндік Хартиясы деген ұлттық құжатты корольдің есіне салды. Король мен парламенттің арасында қайшылық туып, наразылық басталды. Яков Бірінші саясатын оның баласы король Карл Бірінші жалғастырды. Олар рим құқығына тіреліп, корольдің жоғары құқықтық жағдайын және құқықтарын дәлелдегісі келген еді, бірақ Англияның парламенті жалпы құқығын пайдаланып, өзінің әділеттілігін дәлелдеді. Король Жұлдыз палата жөне Жоғарғы комиссия деген төтенше соттарды құрды, парламенттің келісімін сұрамай жаңа салықтарды енгізді. Корольдің әйелі Генриетта Мария - Франция королінің қарындасы, католиктердің дініне сенетін, Англияның халқы бұл жағдайға қарсылығын білдірді.

Карл Бірінші 1628 жылы парламент мәжілісін шақырды. Парламент оның қолына "Құқық туралы петиция" деген актіні ұстатты. Бұл құжатта Англияның бұрыннан келе жатқан еріктері мен әдеттері, парламенттің құқықтары туралы айтылған.

Бұл петицияның 1-бабында Эдуард Бірінші және Эдуард Үшінші корольдердің XIII ғасырда алынған заңдарына сүйеніп, ешқандай салықты король парламенттің келісімінсіз сала алмайды делінген. Соңғы уақытта заңға қайшы салықтар болды. Оларға парламент рұқсат еткен жоқ 3,4- баптарында Еркіндік Ұлы Хартиясы бойынша Англияның бір де бір адамы сотсыз құқығынан айырылуға, түрмеге қамалуға, жерден айырылуға, жауапқа тартылуға тиіс емес.

  1. - бабында Жұлдызды палатаның қызметі заңды емес делінген. Бұл ерекше трибунал саяси қылмысты істерді қарайтын. Басқа дінге қарсы істерді ерекше сот органының "Жоғарғы комиссиясы" қарайтын. Бұл екі сот та корольдің қолында болды. Бұлар Еркіндік Хартияның бостандықтарына қайшы еді.

  2. - бапта солдаттар мен матростардың жеке адамдардың үйлерінде тұруы ежелгі әдеттерге қарсы деп көрсетіледі. Бұл жағдай ел заңдарына қайшы болатын.

  3. - бапта солдаттар мен матростарды әскери жағдайдың соттарымен соттаудың дұрыс еместігі айтылған. Бұндай жағдай тек соғыс кезінде қолданылуға тиісті. Бұл заңға және елдің салтына қарсы енгізілген, ал осы уақытта нағыз қылмыскерлер бос жүреді.

8,9- баптарда өлім туралы көптеген бұйрықтардың нәтижесіз қалып отырғаны айтылған.

10 - бапта осы тоғыз бапта айтылған талаптардың бәрін бірге түйіндеп корольдің алдына қою принципі бар. Парламент Ұлы Еркіндік Хартиясының баптарын корольдің есіне салып дәлелдеген болатьін. Бірақ король парламенттің айтқан талаптарына көңіл бөлген жоқ. Парламент бұған наразылық білдіргеннен кейін король парламентті таратып жіберді. Ол 11 жыл парламентсіз мемлекетті басқарды. Парламенттің басқарушысы Тауэр түрмесіне қамалып, сол жерде қайтыс болды.

1637 жылъі ПІотландияда көтеріліс болды. Бұған қатысқан адамдар корольдің әскерлерін жеңіп, корольдің әскері ыдыраған соң, мелекеттің экономикалық жағдайы нашарлады. 1640 жылы король наурыз айында парламентті қайтадан жинады. Бірақ парламент корольге Құқық туралы петицияны есіне салып, орындалғанына көңіл бөлді. Парламент жаңа салықтар мен ақшаны бекіткен жоқ. Король парламентті қайтадан таратып жіберді.

  1. жылы күзде корольдің де, мемлекеттің де жағдайлары нашарлады. Феодалдық абсолюттік құрылыс терең де саяси қайшылыққа әкелді. Корольдің жағдайы ауырлай түсті. 1640 жылы 3-қарашада ол парламентті мәжілісіне шақырды. Бұл парламент Ұзақ деген атқа ие болып, Англиядағы төңкерісте буржуазияның органы ретінде үлкен рөл атқарды ол 1653 жылға дейін үзіліссіз қызмет етті. Ол кейбір жоғарғы корольдің уәзірлерін жазалау, төтенше соттарды жою, зиярат етушілерді жауапкершілікке тарту туралы да корольге талап қойды. Парламент халықтың тірегенін сезе отырып, феодалдық-абсолютистік құрылысқа шабуылға шықты. Кейіннен корольді жақын көруші-лорд Страффорд, архиепископ Лод және басқа корольдік абсолютизмнің белсенді мүшелері тұтқындалды. Парламент корольдің әлсіздігін пайдаланып, өмірбойы сайланатын сотты енгізді. Түрмелерден саяси тұтқындар босатылды, палатаның қаулысы бойынша заң қабылданды, соның нәтижесінде парламенттің шешімінсіз салық жинауға тыйым салынды. 1641 жылы парламент Үш жылдық акт деген заңды қабылдады. Бұл заң бойынша парламенттің екі мәжілісінің арасындағы үзіліс үш жылдан кем болуға тиісті емес. Король парламенттің мәжілісі басталғаннан кейін оны 50 күн тоқтата алмаған болатын. Сөз бостандығы туралы заң қабылданды. Англияда буржуазиясының арқасында абсолюттік монархия орнына шектеулі монархия құрылды. 1641 жылдың аяғында парламентте корольге қарсы көтеріліске шығуды қауіпті деп есептейтін мүшелер кобейді.

  2. жылдың аяғында парламент корольге Ұлы ремонстраңияны берді. Парламент бұл заңды соғысып қабылдады дегенмен, король оны қабылдаған жоқ. Бұдан кейін парламент корольге 19 баптан тұратын ұсыныс енгізді. Бұл талаптарда корольдің билігін шектеу туралы айтылған болатын. Бірақ король бұған да көңіл аударған жоқ. Ал 1642 жылы король мен парламенттің арасында ашық шиеленіс басталды. Король өзі бұрыннан келе жатқан әдеттерді бұзып, парламентке оппозицияның өкілдері қамауға келді. Бірақ олар тығылып, ұстатқан жоқ.

Осыдан кейін король Англияның солтүстігіне кетіп, әскерлерін соғысқа дайындай бастады. Корольді жақтаған адамдар кавалерлер деп аталды. Ал оған жағынған өкілдер өздерін "дөңгелек бастылар" деп атады. Сонымен, төңкерістің заңды бірінші кезеңі аяқталды. 1642 жылы жазда парламент пен корольдің арасында ашық азаматтық соғыс басталды. Корольді ағылшын шіркеуі, ескі дворяндар, феодалдар, батыс және солтүстік графтіктер жақтады. Ал парламенттің жағында өнеркәсіп дами бастаған графтіктер, буржуазия, жаңа дворяндар және халықтың көбі болатын. Джентридің әлеуметтік рөлі екіге бөлінді. Бір жағынан олар дворяндарға жақтасып корольді жақтайды және түсінеді, бірақ олардың экономикалық мүддесі буржуазияға жақын. Сондықтан олардың төңкерістегі рөлі ерекше. Соғыс басталғаннан кейін бірінші кезеңінде корольдің әскерлері жеңе бастады. Бұл жағдайды түсінуге болады. Корольдің әскерлері дайындалған, жақсы қаруланған, үйренген, ал парламент әскерлерінің бұндай жоғары сапасы жоқ еді.

Парламенттегі партиялардың арасында қайшылық туындады. Парламент мүшелері: пресветериандар, индепеденттер және левеллерлер деген үш топқа бөлінген. Пресветериандар - ең ірі сауда иелерінің және қаржы буржуазияның және жоғары джентридің мүддесін қорғайтын. Олар парламенттің әскерлері жеңілгенінен қорқып. корольмен татуласу керек және онымен бейбітшілік шарт құрып, қайтадан Лондон қаласына шақыру керек деген болатын. Олар конституциялық монархияны, шіркеудің реформасын, корольмен татуласуды, төңкерісті тездетіп аяқталуын қолдады. Өздеріне керегін революциядан алғаннан кейін, корольдің билігін шектеп, конституциялық монархия құрса, шіркеуді шектесе болды деп санағаны мәлім.

Бірақ оларға қарсы индепеденттер шықты. Индепеденттер орта сауда, өнеркәсіпті буржуазия және орта джентрийлерге арқа сүйеді. Олардың басшыларының біреуі О.Кромвель болатын. Индепеденттердің алдына қойған талаптары пресветериандардан кеп артық болатын. Олар монархия емес, республика құрғысы келген еді. Шіркеудің жерін тәркілеуге ұшыратып, жер иеленушілердің бәрін сайлауға жіберу, саудамен байланысты жеңілдіктердің бәрін жою, төңкерісті жалғастыру керек деп санады. Олар шіркеу реформасын талап етті.

Левеллер - теңестірушілер, орта шаруалармен және қалалық буржуазиямен байланысты еді. Оның басшысы полковник Джон Лильборн болды. Олардың талабы-сайлау жүйесін демократизациялау, барлығының заң алдында тең болуы, парламентті жыл сайын қайта сайлап отыру. Сотты демократизациялау, сауданың толық бостандығы, сауда-саттықтағы салықты айқындауға халықтың қатысуы. Олар халық егемендігін бірінші болып жариялады. Бұларды кейіннен француз, америка төңкерісінің өкілдері қолдап кетті. Халықтық егеменділіктің бірінші негізгі мағынасы - халықтық билік. Бірақ левеллерлер толық теңгерушілікке жете алған жоқ.

Парламент әскерлері жеңілгеннен кейін Кромвельдің ұсынған жоспарын қабылдауға мәжбүр болды. Кромвель жалпы бір ортақ әскерді ұйымдастыру керегін дәлелдеп шыққан еді.

О.Кромвель әскербасының орынбасары болып тағайындалды. Тәртіпке келтіріп, бір орталыққа бағындырғаннан кейін Парламенттің әскерлері жеңе бастады. Корольдің жағдайы ауырлады. Оның әскері әлсіреп, оларға төлейтін ақшасы бітіп, солдаттар қаша бастады. Бірталай адамдар парламент жағына шыға бастаған еді. 1645 жылы парламенттің әскерлері ірі жеңіске жетті, Незби деген жерде олар корольдің әскерлерінің быт-шытын шығарды. Король Бірінші Карл Шотландияға қашты, кейін Шотландияның адамдары оны Англияның қызметкерлеріне қайтарып берді. Англиядағы жағдай қатты шиеленіскен еді. Бар билік әскердің қолында, король тұтқында, ал парламент не істерін білмейді. Индепеденттер әскер қолында болғанын қолданып, пресветериандардан билікті тартып алды. Пресветериандар корольмен татуласу керек, оның құқықтарын шектеп орнына қою керек деген саясатты ұсынған. Олар парламентте басым көпшілік еді. Оларға қарсы ұйымдасқан индепеденттер мен левеллерлер монархияны құртқысы келді. Әскердің басшылары осы партиядан болғаннан кейін, оларды әскер де жақтады. 1646 жылы парламент резолюциясын қабылдап, үш маңызды принципті бекітті: Биліктің қайнар көзі-халық; Парламенттің қауымдар палатасы-Англияның ең жоғары билігі; Қауымдар палатасы қабылдаған заң-ең жоғарғы заң. Король мен лордтар палатасы қабылданған заңға қарсы болса да, бұл заң өз күшін сақтайды. 1647 жылы күзде әскерде левеллерлер қозғала бастаған болатын. Бірақ индепеденттік басшылық олардың қозғалысын басты.

1648 жылы Кромвель парламентті тазартты. Бұл оқиға полковник Прайдтың тазартуы деген атақ алған болатын. Прайд парламентке келіп, депутаттардың бәрін бір есіктен тексеріп кіргізді. Ол парламентке пресветериандарды жіберген жоқ. Олар: "Сіздің осылай істеуге қандай құқығыңыз бар?"-деп сүраған кезде, Прайд-"қару құқығым", -деп жауап берген екен. Енді парламентте тек қана индепеденттер қалды. Бұл парламенттің қалдығын "парламенттің құйрығы" деп атайтын еді.

Индепеденттердің бағдарламасын одан әрі левеллер апарды. Олар корольдің және лорд палатасының билігін жою туралы айтқан болатын. Парламентке депутаттарды жылда сайлау керектігін айтты. Депутаттар халық алдында жауапты. Азаматтардың туғаннан болған құқықтарын ешкім қайтып ала алмайды. Левеллердің бағдарламасы индепеденттердікімен салыстырғанда прогрессивтік сипатта болатын. Бірақ олар оны жүзеге асыра алған жоқ.

Билік басындағылар Англияның халқына қауіпті, реакцияның тірегі және пайдасыз деп 1648 жылы лорд палатасының көзін жойды да, 1649 жылы корольдің өзін соттады. Бұл сотты басқарған белгілі Джон Бред-шоу деген заңгер. Король "Сіз мені соттайтындай құқығыңыз жоқ, маған осы біздің мемлекетіміздің корольді халық соттаған бір прецедентін көрсетіңіз"-деді. Шынында, жалпы құқық бойынша оның айтқаны заңды еді. Бірақ сот көп куәгерлерді сұрастыра келді де, корольдың өзі халқына қарсы шыққанын дәлелдеді. Куәгерлердің бәрі оның қаталдығын көрсетті. 131 сот қызметкерінің тек қана 59-ы шешімге қол қойды. Ал басқалары жауапкершіліктен басын тартып, соттың мәжілісіне келмегенін дұрыс көрді.

1649 жылдың 30 қаңтарында Англия королін сот өлім жазасына кесті. Король тиран, адам өлтірген қылмыскер, өзінің отанын сатты және осы мемлекеттің қарапайым жақсы азаматтарының жауы деп мәлім етті. Корольдің билігі бостандық үшін, Англия халқының мүддесі үшін қауіпті деп есептелді. Енді корольдің билігі Англияға керек емес, ол бостандыққа, қоғамдық қауіпсіздікке қауіпті және пайдасыз деп жарияланды. Корольдің билігі осы елде және Ирландияда бір адамның қолында болуы тәжірибе жүзінде мойындалды. 1649 жылы акті бойынша Англия республика болып жарияланды. Бірақ бұл көпке созылған жоқ, Англияда протекторат деген саяси режим құрылды.