Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / Қазақ философия туралы / Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы.rtf
Скачиваний:
17
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
397.82 Кб
Скачать

1

1 Бөлімде мұсылманша сауат ашу, арифметика, Құдай заңы. 2 бөлімде осы пәндерді тереңдетіп оқыту. 3 бөлімде т.О.П. Қасиетті тарих. 4 бөлімде т.О.П. Тарих, география, орыс тілі.

-сынып:

4 Бөлімді

Мұсылманша сауат ашу: әріп тану, буындап сөз оқу, әріптерді жазып үйрену. Арифметика: санауға үйрену, жазу, 100 көлеміндегі сандармен есеп шығару. Құдай заңы: дауыстап дұға оқу, жатқа айту.

2 сынып

І-бөлім

Мұсылманша сауат ашу: дауыстап оқу, жеңіл шумақтарын дауыстап қайталау, жаттау, диктант, таза жазу. Арифметика: 4 амалмен қарапайым есептер шығару. Құдай заңы: Құран, намаз, дұға оқу.

ІІ-бөлім

Мұсылманша сауат ашу: дұрыс және мәнерлеп оқу, өлеңді дауыстап оқу, диктант, таза жазу. Арифметика: 4 амал негізінде қарапайым есеп шығару. Құдай заңы: Аллаға құлшылық етуге үйрену. Қасиетті тарих: Адам атадан Мұхаметке дейінгі пайғамбарлар тарихы.

ІІІ-бөлім

ІҮ-бөлім

Мұсылманша сауат ашу: оқу, жазу. Арифметика: жай сандар, есеп шығару. Құдай заңы: Аллаға құлшылық етуді үйрену. Қасиетті тарих: Амовитке дейінгі Ислам тарихы 1 бөлім. География: Азия, Африка және Европа. Орыс тілі: кітаптың 1 бөлімі бойынша дыбысты ажыратуға үйрену, дыбыстық жүйемен оқу, таза жазу, диктант.

Түсініктеме: Шәкірттер бұл бағдарламаның жүйесі бойынша мұсылманша сауат ашу, ислам тарихын және араб тілі пәндерінде дыбыстық және тұтас сөз (сөзді бірінші жаттау, содан кейін буынға, дыбысқа бөлу, сөздің мазмұнын түсіндіру) әдістері арқылы оқу-жазуға үйрету, арабша хат тану, Аллаға құлшылық ету рәсімдері мен намаз ережелерін дұрыс сақтап оқуға үйрену, дұға оқу, қажылық, ораза, зекет сонымен бірге тазалық сақтау, араб әдебиетінің жинақтары (Абабь-у-Знания-Вадик), стилистика, (Кирағат Тюрки) түсіндірмелі оқу, үйрену, (тюрко-саффи) түрік тілінің грамматикасы жөнінде білім алған. Ал арифметика пәнінде 100-ге дейін санау, төрт амалды орындау тәсілін қолдану, 1000 саны және бөлшектеп есеп шығаруды үйренген.

Бастауыш оқуда әліппе арқылы алғашқы сауатын ашып, дыбыс пен әріп таңбаларын ажыратып, дауыстап мәнерлеп оқуға, диктант жазуға үйреніп машықтанған. География пәнін оқу барысында карта, глобусь, географиялық таблица (орыс тілінде басылған) құралдар қолданылған. Оқу жұмысын ұйымдастыру мен жеке пәндерден сабақтарды өту барысында көрнекілікпен оқыту басшылыққа алынған.

Жоғарыда келтірілген мектептің оқу бағдарламаларының әр түрлі болғандығы және оқу жұмысын ұйымдастыру үшін түзілген бағдарламалар жүйесі жеке пәндерге бағытталғанын көрсетеді. Алғашында жадидтік мектептерде білім берудегі оқу жұмысын ұйымдастыру татар тілінде жүргізілді.

Қазақстанның жадидтікмектептерінде балалар ескі оқулықтар, оқу жоспарлары мен ескі бағдарламалар бойынша оқытылды. Ескі оқу жоспарлары тиімсіз болды да, ал бір ізге салынған жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалар болмады, өйткені, бұларды әрбір мектеп өзі жасап алатын еді. Олардың мектептегі білім беруді ұйымдастырудағы басшылыққа алған негізгі бағытының жалпы жүйесін төмендегідей етіп топтастыруға болады.

Бірінші оқу жылында-грамматика, дауыстап оқу, арифметика, құран.

Екінші оқу жылында-диктант, дауыстап оқу, грамматика, құран.

Үшінші оқу жылында - арифметика, құран, пайғамбарлар тарихы, жағрафия, шығарма жазу.

Төртінші оқу жылында - жағрафия, тарих, құран, Ислам тарихы, зоология, арифметика, хадис, шығарма жазу.

Қазақ жеріндегі оқу орындарында жаңа оқыту жүйесінің (төте оқу) дамуына осы тектес оқу бағдарламалардың дүниеге келіп қолданысқа ие болуы, ұлттық қазақ бастауыш мектептеріндегі оқу-тәрбие барысын ұйымдастыру жайлы ой-пікірлердің дамуына негіз болды.

Қазақ жеріндегі жаңа оқу жүйесінің (төте оқу) дамуына оқу орындарында, осы тектес оқу бағдарламалардың дүниеге келіп, қолданысқа ие болуы және қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие барысын ұйымдастыру жайлы ой-пікірлері мен педагогикалық мұралар қазақ тілінде оқытатын ұлттық мектептердің пайда болуына негіз болды.

«…Қазақтың тағдыры - келешекте ел болуы мектебінің қандай негізде құрылуына барып тірелді. Мектебімізді таза, сау, берік ћәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» - десе Мағжан Жұмабаев, көрнекті педагог - әдіскер, ғалым - Ахмет Байтұрсынов «Шәкірттерді оқытуда табысқа жету мұғаліммен, рухани бейнесімен, білімімен, шеберлігімен, педагогикалық даярлығымен анықталады»,-деп жазды.

Ахмет Байтұрсыновтың қазақ бастауыш мектебінің оқу мерзімі 5-жылдық болу керек деген ұсыныс жасады. Онда: «3 жыл қазақтар ана тілінде, ал 2 жыл орыс тілінде оқуға тиістігін көрсетті. 3-жылдық қазақ мектебінде балалардың үйреніп оқитыны: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрафия, шаруа кәсіп, жаратылыс жайлы ғылымдардың негізі болуға тиіс. Ал, 2-жылдық орысша гимназия немесе жалпы орыс мектептерінің бағыты. Бұдан әрі, қазақтардың қыстаулары жиі орналасқан жерлерге келіп оқитын мектеп керек»- деп айтады.

Кесте -7.

Бастауыш білім берудегі оқу жоспарларының салыстырмалы үлгісі

Қазақ ұлттық бастауыш мекте-бінің оқу жоспары (1915ж).

Жалпы бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты

П ә н д е р д і ң а т ы

1

Оқу,

жазу

Сауат ашу 1-сынып. Қазақ тілі, Әдебиетті оқу (ана тілі) 2-4 сынып.

2

Есеп

Математика1-4 сынып.

3

Жағрапия, Жаратылыстану

Ұлт тарихы

Дүниетану (Адам, қоғам, табиғат) 1-4 сынып.

4

Қөл өнері

Бейнелеу 1-4 сынып.

5

Шаруакәсіп

Еңбекке баулу 1-4 сынып.

6

Дін

7

Орысша оқу тілі(3-сыныптан).

Орыс тілі 3-4 сынып.

8

-------------

Дене шынықтыру 1-4 сынып.

9

-------------

Музыка 1-4 сынып.

10

Ұлт тілі

Мемлекеттік тіл

ХХ ғасырдың бас кезіндегі іргетасы жаңа қаланып келе жатқан ұлттық қазақ бастауыш мектептерін құру және онда оқу баланың ана тілінде болуы негізделді. Осы тұрғыда әр ғылымды оқытып, танытудың өзіндік жолдары, әдіс-тәсілдері жүзеге асырылып, олардың негіздері қаланып жатты. Жадидшілдер атанған қазақ зиялыларының ұлттық бастауыш мектепке ұстанған педагогикалық қағидалары бүгінгі және келешек жалпы бастауыш білім беретін мектептер үшін пайдалануға боларлықтай асыл мұралар деуге болады. Себебі, олардың басшылыққа алған қағидалары төмендегідей еді:

- бастауыш мектепте оқу баланың туған тілінде болуын басшылыққа алу;

- бастауыш мектепте берілетін білім мен тәрбие ұлттық негізде бағытталуын ескеру;

- оқулықтардағы оқу материалдарында халықтық педагогика элементтерінің қамтылуын негізге алу;

- бастауыш мектептегі оқу барысын ұйымдастыруда пәнаралық байланысты жүзеге асыру, оны басшылыққа алуды қарастыру;

- бастауыш мектеп оқулықтарын жазуда, бала жанына жақын, тартымды жағын негізге алу;

- оқуды өмірмен, қоршаған орта, тұрмыспен жанастыруды ескеру;

- оқуды ұйымдастыру, баулу негізде болып, жалаң оқудан тәжірибеге емес, тәжірибеден оқуға бағытталуды басшылыққа алу.

«Қазаққа керек оқу екі түрлі, бірі мұсылманша оқу, бірі русша оқу. Қазақша дұрыстап хат жаза білуге бір-екі жыл керек. Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолымен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды (төте оқу) айтамын»,-деп түсініктеме береді.

Қазақ зиялыларының бастауыш мектеп жайлы тұжырымды ой-пікірлерінде қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмысын ұлттық негізде құра отырып, рухани жаңарту, жаңа биікке көтеру, жас ұрпақтың сана сезімін ұлттық озық дәстүрде қалыптастыру мәселесін күн тәртібіне қойып отырды. Қоғамдық сананың даму барысында туындаған мектептің қажеттілігі-руханилық қажеттіліктер екеніне көз жеткіземіз. Түркі тілдес халықтардың арасында бұл тұрғыдағы «жәдидтік» оқу жүйесін заман талабына сай қолдану оны жүзеге асыру кең қолданыстар тапты.

Біздің зерттеуіміздің үшінші кезеңі (1917-1930ж.ж.) кеңестік жүйедегі оқу-ағарту саласындағы жұмыстар, яғни білім, тәрбие, мектеп мекемелерінің оқу ісі жөніндегі мәселелер қамтылады. Осы тұрғыдан орталық болып тұрған Мәскеу қаласында 1917 жылы мамыр айында «Бүкіл ресейлік мұсылмандар съезін» өткізді. Съезде қаралған мәселелер:

  • ұлт аймақтарында оқу-ағарту жұмысы дұрыс жолға қойылып, мектептерде оқу әр ұлттың ана тілінде жүргізілсін;

  • дін істері үкіметтен бөлінсін т.б.

1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында алғаш рет ұлттық мемлекеттік ұраны көтеріліп, Орынбор қаласында «Алаш» деп аталатын ұлттық территориялық автономиясын құрған бүкіл қазақ құрылтайы өтті, ІХ- бапта мына талаптар ұсынылған:

  • ғылым, білім, үйрету;

  • оқу орындарындағы білім ақысыз болу;

  • жалпы жұртқа оқу тарату;

  • бастауыш мектептерде оқуды ана тілінде оқу;

  • ана тілінде орта мектеп, университет ашу және т.б.

Олар қазақ халқының ұлттық тұтастығын сақтап қалудың ең бірінші кепілі-ұлттық мектептерді ашуға белсене кірісті. Мектеп ісін жаңа қоғам талабына сай қайта құру үшін мектепті шіркеуден ажырату керек болды. 1918 жылғы «Шіркеуді мемлекеттен және мектепті шіркеуден айыру туралы» декрет қабылданып,мектеп шіркеуден ажыратылды. Жалпы білім беретін пәндер оқытылатын барлық мемлекеттік және қоғамдық мектептерде сондай-ақ, жекеменшік оқу орындарында діни сенімдерді оқытуды тоқтату айтылды.

Түркістан кеңестік республикасы халық ағарту комиссариатының 1918 жылдың желтоқсан айының 16-жұлдызында Сырдария, Жетісу облыстарының ІІ-басқыш мектептерінде бірыңғай оқу жоспарларын жүзеге асыру туралы бұйрығы жарияланды.

Бұндай жоспарлар мен оқу бағдарламалары құрылып, жетекшілікпен ұйымдастырылған оқу жұмыстарында да ана тілінде жүйелі білім беруді қарастырғанмен, өкінішке орай, жүзеге асыру мәселелеріне құнттылық танытпады. Себебі, жадидтік оқу жүйесіндегі ұлттық мәселелер кеңестік үкімет құрылысының бағытына сәйкес келмеді деуге әбден болады. Жергілікті халықтың зиялы қауымы мен білімдар адамдары оқу жұмысындағы ұлттық мәселелерді қамтып, халықтық дүниетанымды негізге алуы, араб графикасы жүйесінен алынып, жаңаша түзілген қазақтың төл тума жазу грамматикасы кең қолданысқа иеленіп, орыс тілінде білім алуды ығыстыру мен орыс тілді мектептердің жұмысының өркендеуі мен дамуына кедергі болып, орыс тілді мектептердің сұраныстарын төмендетуге алып келді. Дегенмен, бұндай ұмтылыстың бағыты ескі қадими діни бағыттағы оқудан көп қол үзіп, балаларға өмір мен қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан танып білетін жаңаша оқуға бет бұрудың алғашқы қадамдарын жасады деуге болады. Кеңес үкіметінің Ресейдегі Отарлық халық ағарту Комиссариаты жаңа құрылымдағы бағдарламалар жасады. Бұл 1919 жылы «Білім беру жұмысы үшін материалдар», тоғызжылдық мектепке арнап пәндік жүйе бойынша үлгі бағдарламасы еді. Бұнда әдістемелік материалдар барлық пәндерді мүмкіндігінше толығымен қамтыды. Сондай-ақ, жеке пәндер бойынша бағдарлама өз алдына түзілді, ал кемшілігі көрсетілген оқу материалдарын толық қамту немесе қолдану міндетті болмады. Осы материалдар негізінде халық ағарту бөлімдеріне, жеке облыс, аудандардың, тіпті мектептердің нақты орналасқан жер жағдайларын ескеріп, пәндердің бағдарламаларын бейімдеп өздері жасау ұсынылды. 1920 жылы Халық ағарту комиссариаты І және ІІ басқыш мектептерге арналған екі вариантты оқу жоспарың жасады: 1) оқу материалдық жабдығы, мұғалімдері жетіспейтін мектептер үшін; 2) толық жоспар - бірқалыпты жұмыс істейтін мектептер үшін.

Оқу-ағарту ісін ілгерілетудегі басты мәселелердің бірі - мұғалімдерді даярлау болды. 1918-1919 оқу жылында Қазақстанның көптеген өңірлі аймақтарында мектептердегі білім беру жағдайы төмендеп кетті. Тек 1920-жылы жаңа белеске шықты.

1920 жылы оқу-ағарту проблемасын шешуді күн тәртібіне қойып мұғалімдер съезі, конференциялар, қазақ ғалымдарының съездері шақырылып, білім беру ісін нығайту мен баспа істерін дұрыс жолға қою мәселелері қаралып талқыланды. Бастауыш мектептерге арналған оқу бағдарламалары мен оқу құралдары даярланып, басып шығару ісімен айналысатын арнайы мекемелер, баспа орындары құрылды.

Қазақстан аймағында халыққа білім беру саласында еңбек еткен ағартушы-педагогтар саны көбейе бастады. Олар, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Телжан Шонанов, Халел Досмұхамбетов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаевтар т.б бір-бірімен тағдырлас болып мәдени-рухани орта құрды. Білім берудің бірінші басқышы-бастауыш мектеп екенін айтып, қазақ бастауыш мектептері үшін оқулықтар мен оқу құралдарын жазу мәселесіне көп көңіл аударды.

1920 жылдардың бас кезінде Қазақстандағы халық ағарту комиссариатының әлеуметтік тәрбие бас басқармасының жанынан құрылған комиссия еңбек мектебінің үлгі жоспарын даярлауға кірісті. Комиссияның басшылығымен жасалған жоспарда дүниетану (табиғаттану), қоғамтану пәндерінің оқу материалдары басшылыққа алынып, негізгі деп санаса, ал жеке, дербес пәндер ретінде математика мен ана тілі пәндерінің оқу материалына қосалқы деген көзқараспен қарап, яғни екінші дәрежелі пәндер қатарына жатқызып, солай деп түсіндірілуі тиіс болған және осы қағиданың сақталуы басшылыққа алынды. Дегенмен, Қазақстандағы Әлеуметтік тәрбие Бас Басқармасының 1921 жылы жасалған пәндік бағдарламалары өз міндетін атқара алмады. Себебі бұл бағдарлама міндетті емес тек бағдарлаушы бағдарлама ретінде ұсынылған еді. Орталықтан шығарған «Бірыңғай жеті жылдық еңбек мектебінің бірінші және екінші басқыштарының бағдарламаларын» алғаннан кейін Қазақ АССР Халық ағарту Комиссариаты 1922 жылы жеті жылдық қазақ мектебінің үлгі оқу жоспарын бекітті.

Кесте- 8.

Жеті жылдық қазақ мектебінің бастауыш сыныбының оқу жоспары (1922 ж.).

Пән аттары

Сыныптар

Оқу жоспарының ерекшелігі

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

1

Орыс тілі мен әдебиеті

-

-

6

6

1. бірінші топта сабақ өткізілетін уақыт жеке оқу пәндеріне бөлінді; 2.орыс тілі мен әдебиетінің сабақта-рына жеткілікті уақыт берілді; 3. тарих пен сызу оқу жоспарына дер-бес пән ретінде енгі-зілді; 4. көркемдік тәрбие саласындағы оқу уақыты жеке пәндерге бөлінді.

2

Ана тілі мен әдебиеті

6

6

6

6

3

Жаңа шетел тілі

-

-

-

2

4

Математика

5

5

4

4

5

Отан тану және география

-

-

2

2

6

Дүниетану және табиғат тану

3

3

3

3

7

Тарих

-

-

1

2

8

Қоғам тану, саяси сауат

-

-

-

1

9

Сурет және мүсін жасау

2

2

2

2

11

Дене шынықтыру

2

2

2

2

12

Қол еңбегі, қолөнері

-

-

2

2

13

Ән

2

2

2

1

14

Міндетті емес факультеттік пәндер

1

1

1

1

Барлығы:

21

21

31

34

Бұл тұрғыдағы жасалған оқу жоспарында әр ұлттың балаларына білімді ана тілінде беру мен оқу жұмысының басты ұйтқысы болатын ана тілі пәнінің құзырлы құдіретін шектеу мен төмендету, оған мән бермеу сияқты кертартпалықтың орын алып, ана тілі пәнінің маңыздылығын өз деңгейінде бағаламаушылықтың орын алғанын анық байқаймыз. Сондай-ақ, осы жасалған оқу жоспары негізінде білім беруді ұйымдастырудағы өлкелік оқу бөлімі ашқан бастауыш мектептерде жүргізілген оқу жұмыстары жүйесінде ана тілі жеке пән ретінде қаралмай, тек әр кешендегі біріктірілген екі-үш пәннің оқу материалдарының мазмұндық жүйесі бойынша жасалатын жұмыс түрінің құрамында қарастырылғаны анықталып отыр.

Қазақстан білімпаздарының 1924 жылғы өткен бірінші съезінде қаралған жаңа оқу жоспарында ана тілі жеке пән ретінде енгізіліп бекітілді. Бұл съезде қабылданып, бекітілген жаңа оқу жоспары ана тілі пәнінің ролін көтерді, сондай-ақ, балалардың өз ана тілінде сауат ашып, хат тануымен бірге жүйелі білім алуына елеулі ықпал етті. ¦лттық мектеп жағдайына ойластырылып жасалған оқу құралдарының мазмұнындағы оқу материалдарының жүйесі жаңа оқу жоспарының талап, тілектері мен талапқа сай қағидаларына бағындырылды.

1924-25 оқу жылынан бастап мектептерде Мемлекеттік оқыту кеңесінің (ГУС-Государственный учебный совет) бағдарламаларына өзгертулер енгізу ұйғарылды, сондықтан, мұғалімдерге бұл бағдарламалармен толығырақ танысуға мүмкіндік беру қажет болды. Енді пәндерді емес, еңбек кешендерін арифметика, география пәндерін жеке дара емес, бірінші кезекте орман-тоғайларды, даланы, базарды т.б. оқыту, үйрету басшылыққа алынды. Атап айтқанда, айналаны қоршаған ортамен қоса салыстыра талдау негізінде балаға сөйлеудің, есептеудің дағдыларын, ойлаудың негізгі тәсілдерін білгізу, жетелеу болды. Сөйтіп, бұрын «пәндер бойынша» берілетін ғылыми білімдерді үйлесімділікпен үйрету мақсат етіп қойылған. Мектептерге МОК бағдарламасы енгізіліп, оқу кешендік әдіспен жүргізіледі. Осыған орай, көптеген мектептерде еңбек тәрбиесіне баулу жұмыстары біршама қарқынды дамыды. Кешендік әдіс пен МОК бағдарламасы бойынша жүргізуде жұмыстың барлығы қарапайым өмірден алынып, құрылған жоспар бойынша орындалды.

Біз келтіріп, мүмкіндігінше талдап, сараланған оқу бағдарламасының құрылымы сол кездегі мектеп мұғалімдерінің қазақ бастауыш мектебі оқушыларына ана тілі (қазақ тілі) мен әдебиет пәндерінен білім беруде, оқу жұмысын тиімді және ықшамды, бала табиғатының жанына жақын болуын қарастыруда үлкен ізденістер үстінде болғандығын көреміз.

Ал 1925-26 оқу жылының басында Халық ағарту Комиссариаты Бірінші басқыш мектептер мен жетіжылдық мектептердің барлығына Қазақстандағы өлкелік мектептерде үлгі-тәжірибеден (эксперименттен) өткен оқу жоспарын жаппай қолдануды ұсынды. Бұнда өзгертулер ендіру арқылы түзілген жаңа жобадағы оқу жоспарының құрылымы, қазақ тілі 1,2,3,4 сыныптарда толық оқытылып, дамытылуын қарастырған. Дәл осындай жүйемен математика, дене шынықтыру және ән-күй пәнінің сабақтары да сақталды, тек әр пәннің ерекшелігіне қарай апталық сағат саны өзгертілді. Ал екінші сатыға орыс тілін 2-сыныптан ендіріп, жеті жылдық оқу мерзімі толық қамтылды. Дүниетану пәні 3-4 сыныпта оқытылып, 5-6-7-8 сыныптарда табиғаттану пәніне ауыстырылып оқытылса, қоғамтану пәні 3-4 сыныпта ендіріліп, жеті жылдықты аяқтағанға дейін, яғни екінші басқышта толықтырып оқытылу қамтылды. Гигиена, сурет пәні сабақтарын қосымша ретінде өтілуі тиіс болды

Кесте -9. 1925-1926 оқу жылындағы оқу жоспары

Пән аттары

Сыныптар

Оқу жоспарының ерекшелігі

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

1

Қазақ тілі

12

8

8

8

Бірінші басқыш болып табылатын қазақ мектеп-терінің топтарының барлы-ғы пән жүйесімен оқытуды басшылыққа алып, төрт жылдық қазақ мектебі үшін жасалған (1924ж.) бағдар-лама жүйесінің негізінде сүйене оқу жұмыстары ұйымдастырылды.

2

Орыс тілі

-

6

6

6

3

Математика

9

7

7

7

4

Дүниетану

-

-

3

3

5

Қоғамтану

-

-

-

2

6

Физкультура

2

2

2

2

7

Ән

1

1

1

1

Барлығы:

24

24

27

29

Оқу бағдарламасын жасау барысында басшылыққа алынған қағидалар:

1.Бағдарлама өндіріс саласына қатысы бар материалдар негізінде жасалды.

2.Оқыту жұмысында кешенді (комплексті) әдіс жетекші орын алды.

Өтпелі даму кезеңдердегі мектептерге арналған бағдарламаның жақсаруы тек 1928 жылдан ғана іске аса бастады. Жаңа жүйедегі бағдарлама қазақ кеңес мектептерінің қайта құру жұмыстарына, білім мен тәрбие беру іс-шараларының сапалық деңгейінің жақсаруына өзіндік зор ықпалын тигізді. Бұл тұста, әсіресе, қазақ бастауыш мектептерінде білім беру саласында айтарлықтай бетбұрыс жасайтын озық ойлы пікірлердің пайда болып, оны жүзеге асыру жолдары да қолға алынған уақыт кезеңі еді. Оқу ағарту мен білім беру салаларында педагогика ғылымының білім беру мен оқыту теориясы (дидактика), жеке пәндерді оқытудың әдістемесі және психология ғылымының саласына да бағытталған ғалымдардың еңбектері жарық көре бастаған. Ол кездегі ғылым саласымен шұғылданған ғалымдар легінің басты нысанасы ұлттық бастауыш мектептердегі білім берудің жолын жетілдіру мәселесі тек ғылыми-теориялық тұрғыдағы еңбектер жүйесімен ғана емес, сонымен бірге өздерінің мектептегі ұзақ мұғалімдік қызметі мен шығармашылық ізденіс тәжірибелері негізінен іске асырып отырды. Кеңес өкіметі кезеңіндегі қазақ бастауыш мектептеріне оқу бағдарламасының қанағаттанарлық деңгейде жасалуының барысы 1928-1929 оқу жылдарынан бастап қолға алынды. Осы себептен де жаңа оқу жоспары мен жаңа оқу бағдарламаларының жүйесі қайта-қайта қаралып, толықтырылды және осы құжаттарға сәйкестендіріп тұрақты түрде оқулықтар жасау да қолға алынды.

“Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру” заңы БК(б)П Орталық комитетінің 1930 жылғы қаулысында жаңа графикаға көшу барысында мектеп өмірінде бұрын қолданылып келген оқу бағдарламаларына ішінара өзгерістер енгізіп, жаңа оқу бағдарламаы жасалып, талаптар қойылды.

  1. Қысқа сөздерді, қысқа сөйлемдерді, қысқа мақалаларды ежіктемей, буындамай, бір сөзді екі не үш рет қайталамай оқуға үйрету.

  2. Көлемі үлкенірек сөйлем ішінен сөз қалдырмай, сөз ішінен әріп қалдырмай толық оқуға үйрену.

  3. Өзінің жазу дәптеріндегі қолжазба нұсқасын оқи алуға үйрету.

  4. Тыныс белгілерін ажырату, оқу барысында оларды басты назарға ұстау және ерекшелігін ескеріп, мән беріп оқу.

  5. Әуелі мұғалім, кейіннен өздері оқып танысқан қысқа өлеңдерді жаттау.

  6. Дауыстап оқуға үйрету, дауыстап оқудың жыл аяғындағы нәтижесі- минутына 20-25 сөз, іштей оқығанда 30-35 сөз оқу. Бұлар міндетті талап.

  7. Мұғалімнің сұрағына толық жауап беруге үйрету, оқығанының мазмұнын толық сөйлемдермен баяндап, айтып беру т.б.с.с

Бұл оқу бағдарламасында өзге пәндермен бірге ана тілі пәні мен оқулығына жүктелетін міндеттер айшықталып, анықтала түскен, сонымен бірге негізгі пәндердің құрамына ендіріліп, оның тәрбиелік мәніне жеке тоқталулар жасаған. Сондай-ақ, бұл оқу бағдарламасында ана тілі пәнінен өтілетін сабаққа және білім алушы оқушыларға қойылатын талаптар жүйесін сыныптар жоғарылаған сайын жүйелілік пен бірізділік тұрғысынан күрделене түсетіндігі айқын сараланып берілген. Сонымен бірге пәндер жүйесіндегі оқылатын оқу материалдарының жүйесі бала табиғатына жақын, тартымды оқушының оқуына, білімді игеру барысында еш қиындық туғызбайтын, оқу материалының баланы дамытудағы ықпал ететін, бірақ ұсынуға күрделі болмайтындығын ескеру керектігі айтылған.Дегенмен де, оқу бағдарламасында көрсетілген оқу пәндерін өту барысында тақырыптық жоспардың болмауы, мұғалімге сабаққа қойылатын талап пен сабақтың дидактикалық құрылысын, әдістемелік және психологиялық жағы мен логикалық жүйедегі ішкі құрылым бірлігін сақтауға, сабақтың мақсаты мен міндетін дұрыс белгілеуге мүмкіндік бермеген. Бұл жерде мұғалімнің сабақ беруі теориялық білімінің тереңдігіне, біліктілік тәжірибесіне, шеберлігіне байланысты болғанын көреміз.

Қалай да болмасын бұндай оқу бағдарламаларының жасалуы, мектеп өмірінің тәжірибесіне енуі - оқыту мәселесімен арнайы шұғылдануға, қазақ жеріндегі бастауыш мектептердің өркендеуіне жол ашты. Сондықтан оқу бағдарламаларының өзгертіліп, түзетіліп, жетілдіріп отырғаны уақыт талабына сай туындаған міндеттерді шешу деп білеміз.

Зерттеу аумағына енген кезеңдердегі бастауыш мектептердегі оқу-тәрбие үдерістерін тарихи-педагогикалық негізден тану барысында оқушылармен жұмыс жүргізетін арнайы мұғалім мамандарын даярлаудың даму ісіне де ерекше мән беріп, талдау жасау - сол кездегі бастауыш білімді беретін мектептердің құрылысын дұрыс танып, оң бағасын беруге мүмкіндік жасайтын алғы шарттардың бірі. Сондықтан 1861-1930 жылдар аралығындағы уақыттарда бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау және арнайы оқу мекемелері жөніндегі мәселеге төмендегідей тоқталымдар жасамақпыз.

Кесте -10.

Мұғалім мамандарын даярлау оқу мекемелері

Педагогикалық курстар:

  1. Алматы қалалық училище жанындағы педагогикалық курс (1886 ж.);

  2. Торғай облысындағы ауылдық мектептің мұғалімдерін даярлайтын педагогикалық курс (1882 ж.);

  3. Алматы, Омбы, Ақмола, Семей, Орынбор, Орал (1918-1919 ж.ж. қайта құрылды, оқу курсы 3 жыл)

  1. Мұғалімдер семинариясы (1864ж. Ресейдің халық училищелері туралы ережеге сәйкес ).

  2. Тұркістан мұғалімдер семинариясы (31.05.1872ж. Ережеге сәйкес 1879 ж. ашылған).