- •Ыбыраимжанов қалибек тұрдығазыұлы
- •Кіріспе
- •Негізгі бөлім
- •Қазақстандағы бастауыш мектептердің типтері және олардың білім беру бағыты
- •І. Діни білім беретін бастауыш мектептер.
- •Ескі кадими мектеп (оқу жоспарының құрылымдық жүйесі).
- •1 Бөлімде мұсылманша сауат ашу, арифметика, Құдай заңы. 2 бөлімде осы пәндерді тереңдетіп оқыту. 3 бөлімде т.О.П. Қасиетті тарих. 4 бөлімде т.О.П. Тарих, география, орыс тілі.
- •4 Бөлімді
- •Медреселер (ескі оқу жүйесіндегі)
- •Семинарияға қабылдау талабы:
- •Семинарияға қабылдау талабы
- •Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды: Монографиялар мен оқу құралдары
- •Ғылыми мақалалар мен тезистер
- •«Становление и развитие начальных школ в Казахстане» (на материалах 1861-1930 г.Г.)
- •13.00.01-Общая педагогика, история педагогики и образования, этнопедагогика
- •Summary
Ескі кадими мектеп (оқу жоспарының құрылымдық жүйесі).
|
№ |
Топтастыру |
Оқылатын пәндер жүйесі | |||
|
1-топ |
Улум-ул-Арабия – Араб филологиясы |
Арабша «Әліппе». Сауат ашу. Таджив – фонетика, наху – синтаксис, арзу - өлең буындарының сәйкестігі туралы ілім. Оқу (араб, парсы, ескі түрік (шағатай) тіліндегі діни кітаптарды жаттау). Жазу, көшіріп жазуға үйрету. Диктант. Мазмұндама. | |||
|
2-топ |
Улум-аш-Шария – Шариғат. |
Құран кәрім. Шариғат негіздері, мұсылмандық парызға үйрету. Мұсылмандық діни құқықтық, заңға кіріспе, мұрагерлік құқықтық, аңыз, құранды түсіндіріп оқу ережесі. Шығыс поэзиясы Фердауси, Низами, Физули, т.б. (қазақ, өзбек балаларына – ескі түркі (шағатай) тілінде, тәжік балаларына парсы тілінде) шығармалары оқытылды. | |||
|
Білім
берудегі басымдылыќ (2-топ пєндеріне)
Мұсылмандықтың
ережелерін үйрену
Құранды
оқып
үйренудің
ережелері
Пайғамбарлар
тарихы
Поэзияға
баулу, Құран
сүрелерін
әуендетіп
оқуға
үйрету,
азан шақыруға
дауысты дұрыс
қою
және
діни өлеңдерді
нақышына
келтіріп орындау
|
| ||||
|
3-топ |
Улум-ул-Хикмия.Эстети-калық,филосо-фиялық ғылым. |
Логика, метофизика, эстетикалық білім, астрономия, арифметика. |
| ||
Бұл типтегі мектептерде білім берудегі оқу бағдарламасына енген пәндерді шәкірттердің игеруі оқу кітаптарындағы бөлімдерді меңгеруге байланысты болған және баланың қабілетіне қарай оқу жылдары қысқартылып немесе ұзартылып отырған.
Мұсылмандық оқу жүйенің құрамында тағы бір мектеп түрін - Қарыхана деп атаған. Қарыхананың білім беру жолындағы оқыту жұмысын ұйымдастыру жоғарыда айтылған екі мектептен өзгешелеу болған. Тек ислам дінінің негізінде мұсылмандық оқу орны болғандықтан құран сүрелерін жатқа айтқызуға үйретті, бірақ, сауат ашу жұмысы, алфавитті тану, буындап оқу немесе өз бетінде сөз оқу мүлдем болмады десе де болады. Себебі, мұндай қарыханаларға оқуға көбінесе соқырлар тартылатын.
ХІХ ғасырдың 1870-1990 жылдардағы ағарту саласындағы саясат жаңа мектеп уставтарының қабылдауымен ерекшеленді, олар: 1871 жылы гимназиялар мен прогимназиялар уставы; 1872 жылғы реальдық училищелер уставы; 1874 жылы бастауыш халықтық училищелер туралы жаңа ережелер; 1884 жылғы университет уставы, шіркеулік-приход мектептері туралы ережелер қабылданды. Онда мектеп түрлері және олардың тәрбие мен білім берудегі ұстанымдары анықталған болатын.
1864 жылы гимназиялар мен прогимназиялар уставы бойынша гимназиялардың екі түрі бекітілді. Классикалық және реалдық болып екіге бөлінеді. Классикалық гимназиялар оқушыларды университеттерге және басқа оқу орындарына бағыттап, көптеген көне тілдерді, орыс сөз өнерін, жаңа шет тілдер мен тарихты оқуға бөлді. Реалдық гимназияларда азаматтық және әскери қызметке дайындап, көне тілдердің орнына математиканың төрт амалын оқытуға көп күш салды, заңтану сабағы енгізілді. Прогимназия - гимназияның бастауыш сатысы болып табылады. Гимназиядағы педагогикалық оқыту бағдарламаларын бекітуге, оқулықтарды таңдауға бағытталған құқық берілген. Гимназиялар мен прогимназиялардың барлығы ақылы болды. Бастауыш пен орта мектеп аралығында ешқандай сабақтастық ескерілген жоқ.
Кесте -3.
Прогимназияның бастауыш білім беру Приходтық, шіркеулік мектеп.
сатысы.(1871 ж. гимназиялар мен
прогимназиялар уставы).
|
№ |
Пән аттары |
№ |
Пән аттары |
|
1 |
Шет тілі |
1 |
Құдай заңы |
|
2 |
Латын тілі |
2 |
Шіркеу өлеңдер (әндер) |
|
3 |
Математика, |
3 |
Икон |
|
4 |
География |
4 |
Крест |
|
5 |
Жалпы тарих |
5 |
Христиан дінінің негіздері |
|
6 |
Ресей тарихы |
6 |
Шіркеулік және азаматтық баспа мен жазу кітаптарын оқу |
|
7 |
Жаратылыс тарихы, (философия, саяси экономика) |
7 |
Арифметика |
|
8 |
Әсемдік өнер технологиясы |
8 |
Жазу |
|
9 |
Коммерция |
9 |
Орыс тілі |
|
|
|
10 |
Қасиетті тарих |
|
|
|
11 |
География |
Бірақ, прогимназияның бастауыш білім беру атысында орыстарға ана тілі мен әдебиеті, құдай заңы болған жоқ. Кейінен, 1864 жылы философия, саяси экономика, комерциядан білім беретін пәндер алынып орнына жаратылыстану пәндерінің біршамасы ендірілді. Сондай-ақ, көне және жаңа тілдерді, математиканы оқыту мен құдай заңы пәндері жүргізілді. Ал, приходтық және шіреулік діни білім беретін мектептерде христиан дінінің негіздерін оқыту басымдылық орын алып, қалған ғылыми негіздерден білім беретін пәндер орыс-қазақ мектептерінің оқу жоспарының үлгісімен жүргізілді.
Қалалық, приходтық училищелерде бір 4 сыныптық, алты 3 сыныптық ал қалғандары облыс қалалары мен Алматы станциясында болды. Оқушылардың 1906 жылы жалпы саны 4448, оның 3221 ер бала, 1227 қыз балалар болған. Оқу жоспары мұғалімдер мен оқушыларға үлкен жүктемені орындауға алып келді. Мұғалімдер тек қана нұсқау берілген оқулықтарды қолдануға міндетті болды.
Приходтық мектептерді - губерниялық, уездік қалаларда және приходтық шіркеуге қарасты мекендерден ашуға мүмкіндіктер болды. Олар уездік училищелерде оқуға дайындау мен балаларға (ер балалар мен қыздар бірге оқуға болатын) жалпы білім беретін ілімдерді оқыту мақсаттарын көздеді.
Шіркеулік (діни) мектеп 1906 жылы үш 2 сыныптық, отыз төрт 1 сыныптық және 10 мектепте хат тануға (грамоты) жалпы саны 47 болды. Жалпы шіркеулік мектепте 1448 ер бала, 1268 қыз бала оқыды.
Діни шіркеу мектептің оқу жоспары: Құдай заңы, Шіркеу өлеңдері, Шіркеу, азаматтық баспа мен жазу кітаптарын оқу. Арифметика негіздерінен білім беруге жалпы уақыттың 46%- пайызы бөлініп, қалған уақыт тек діни пәндерді оқытуға арналды. Бұдан оқылатын оқу материалдарының мазмұнының басқалары да христиандық дінге байланысты болған, өйткені бұл оқу мекемесінің мұғалімдері діни қызметкерлер болған.
Ресейдегі орыстан басқа жат тілді, жат дінді халықтарға білім беру ісінде, яғни өзге ұлт өкілдері үшін ерекше мектептердің қажеттілігі жайлы және алғашқы жылы оларды өз ана тілінде оқыту қажеттігі жөінде пікірлер айтылған болатын. Мектеп жанынан балаларға арналған жатақханалар салу көзделіп, бұған жергілікті халықтың балаларын тартып, олардың оқу-тәрбие жұмыстарымен шұғылдануына арнайы мән беру керектігіне тоқталып, бұндай мекемелерді ашуға көңіл аудара бастады. «Интернаты бар орыс-түзем мектептері өз міндеттерін толық атқара алды, әрі өте тиімді болды», - деп түйіндеген. Мұндай мектептерде түземдік балалар ұзақ уақыт орыс мұғалімдерінің ықпалында бола отырып, орыс тілінде ауызекі сөйлесіп үйренуге мүмкіншілік алатынын ескеру керек деген болатын.
Мектептегі білім алушы шәкірттер сабақта алған білімдерін ауыз екі сөйлеу тәжірибесінде толығымен қолдануға мүмкіндік алу үшін жергілікті тілді жетік білетін мұғалімнің қажеттілігі анық болды және оларды көптеп алуды керек етті. Өйткені, қазақ тілі адамдар арасындағы кең қолданыстағы тіл еді.
1897-1898 оқу жылында 2 сыныптық ауылдық (Ставкалық) училищелерде оқылатын пән тізбектері мен білім берудегі оқу материалдарының көлемі анықталып берілді.
Кесте -4.
Ауылдық (ставкалық) мектеп
.
|
№ |
Пән аттары |
Сынып, бөлімдер |
Оқылатын пәндерден берілетін білім мазмұны | ||
|
1 |
2 |
3 | |||
|
1 |
Құдай заңы |
+ |
+ |
+ |
Христиан дінінің негіздерін оқыту, христиан дінінің белгілерін, ережелерін танып-білу, крестке түсінік беру, шоқынудың мәнін түсіндіру, т. б. |
|
2 |
Ән сабағы |
+ |
+ |
+ |
Хормен айтылатын әндер, «Божье Царя храни», «Коль-Славен», «Тавдивься», «Стони», «Внук по матушке». |
|
3 |
Оқу. |
+ |
+ |
+ |
Орыс қарпімен сауат ашу. Діни нанымдағы әдебиеттерден қысқа үзінділер оқу. Христиандық дінге және мемлекетке қайшылық жасамайтын әдеби шығармаларды оқу. |
|
4 |
Жазу. Көрнекі жазу. |
+ |
+ |
+ |
Үйренген әріптер арқылы қысқа сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу, таза жазуға үйрену. Полеарлық (полеарский) үлгісі бойынша 16 бет жазу тиіс болған. |
|
5 |
Арифметика |
+ |
+ |
+ |
1-сынып 1-бөлім. Бағдарламасында 100-ге дейінгі сандарды жазу, есептеу. 1-ші жүздік көлеміндегі жай есептер мен мысалдарды шешу. 2-бөлім. 4 амал бойынша он мыңға дейінгі есептер. Он мың және одан жоғары сандағы жай есептерді шешу. 3-бөлім 100 мың көлеміндегі сандар жүйесіндегі есептерді 4 амал бойынша шешу. Құрамдас атаулы сандарға есептер, квадрат пен куб, сызықтар салу. 4-бөлім. Кез келген көлем сандағы есептер. Құрамдас атаулы сандарға 4 амал бойынша есептер, квадрат және куб әрі (Вишневскийдің есеп жинағы бойынша), жай бөлшектердегі есептерді шешу. 2-сынып 1-бөлім бүтін сандар жүйесіндегі есептер. Сандарды көп мөлшерлікке бөліп орналастыру. Жалпы көп санға бөлінгіш пен аз санға бөлінгіш. Жай бөлінгіштер курсын тереңдету. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру және қайта айналдыру. 4 амал бойынша ондық бөлшек пен жай бөлшек есептері. Геометриялық қатынастар мен пропорциялар. Жай, күрделі үш еселенген ережелерге негізделген есептер, процент ережелеріне негізделген жай есептер. |
|
6 |
Орыс тарихы |
+ |
+ |
+ |
Орыс мемлекетінің өркендеуі, территориясының көлемі, тарихи оқиғалар, жорықтары. Орта Азияны бағындыру. Орыс патшалары, князьдары, т. б. |
|
7 |
География |
+ |
+ |
+ |
Жер түрлері, жер қозғалысы, жер айналуы, жердегі жылу, меридиандар мен параллельдер, жердің көлемі және халқы, жер шарының құрлық бөліктері, жер шарының су бөліктері мен мұхиттар. Европа, Азия, Африкаға жалпы шолу, жер беті, ішкі сулар, климаты, минералдар мен өсімдіктер, Австралия тұрғындары, халқы. Жер шарындағы теңіздер, мұхит, өзендер, мемлекеттің ішкі жол жүйесі, халық қоныстары, көршілес мемлекеттер олардың ерекшеліктері, т. б. мәліметтер. |
|
8 |
Орыс тілі |
+ |
+ |
+ |
Толстой, Вольтердің шығармаларын оқу. Тілдің грамматикалық саласы бойынша Волдьтердің толық курсы оқытылды. Орыс тіліне аударылған практикалық сабақтар мен аудармалар, күнтізбе, ауыл шаруашылығына пайдалы құстар мен жануарлар, жер өлшемі, қозғалу, Күн мен Айдың тұтылуы, Полеарлық (Полеарский) жазбалары оқу материалдарының құрамына енген. |
|
9 |
Аударма. Жаттау. |
+ |
+ |
+ |
Қазақшадан орысшаға, орысшадан қазақшаға. Қазақ әліппесі бойынша 30-шы бетке дейін, практикалық сабақ (аударма және орыс тілінен аударма 28-ші бетке дейін орындалды. |
Кесте 5.
Орыс-қазақ ( орыс-түзем немесе аралас) мектебі
|
№ |
Пән аттары |
Сынып, бөлімдер |
Оқылатын пәндердегі берілетін білім мазмұны | ||
|
1 |
2 |
3 | |||
|
1 |
Құдай заңы |
+ |
+ |
+ |
Құдай заңы алғашқы діни ұғымдар, намаз және шариғат ережелері мұсылман мектептері үшін (қазақша оқытуда орыс қарпін қолдану). Орыс сыныбы бар мұсылман мектептері орыс мектептерінде икон, кеудедегі крест, күнделікті құдайға сиынуды түсіндіру, ережелері мен тәртібін үйрету. |
|
2 |
Қасиетті тарих |
+ |
+ |
+ |
Көне, жаңа өсиеттер мұсылман және христиан діни сенімдеріне қарай оқитын мектептегі балалар діни ерекшелікті сақтай отырып катехизше оқытылды. |
|
3 |
Орыс тілі |
+ |
+ |
+ |
(1-ші жыл). Сыныптағы заттармен таныстыру, әріптеп жазу және оқытуға үйрету, оқудың қарапайым үлгі, ережелеріне үйрету. Түсініп оқу, түсінгенін ауызша айтып беру және оны дұрыс жазып қағазға түсіру. (2-ші жыл). Оқулықтағы мақалаларды дұрыс оқу, түсінігін айту, айтылу бойынша жазу, славян жазуы мен оқу. Түсінігін ауызша қайталап айту, қатесіз жазу. Зат есімдерді жұрнақпен қосып жазу, ал етістіктерді олардан бөлек жазу, бір дыбыстың орнына бір дыбысты қолдану, жазба жаттығуларды орындау, оқығаннан мазмұндама, қысқаша мақала жазу, т. б. (3-ші жыл). Мәтінді түсініп оқу, сөйлем түрлерімен танысып, тыныс белгілерді дұрыс қойып жазу, мәнерлеп оқу, жазба жаттығуларды орындау, бастан кешкен уақиғаларын жазып беру, т.б. |
|
4 |
Арифметика |
+ |
+ |
+ |
1-ші жыл. Саусақ, таяқша, тас сияқты көрнектілерді пайдалана отырып 10-ға дейін санау. Суретпен немесе санмен цифрларды жазу, 100-ге дейін ілгері және кейін санау. осы жаттығуды екі немесе үш еселеу. 100-ге дейінгі цифрды жазу. 2-ші жыл. 100-ге дейінгі әр санды айырып, бөлек ауызша және жазбаша айту. 100-ден 1000-ға дейінгі әр сандардщы ауызша және жазбаша үйрену. 3-ші жыл. Атаулы және дерексіз сандарды нөмірлеу, көбейту, бөлу, қосу, есептеу. |
|
5 |
Әңгімелер |
- |
+ |
+ |
2-ші жыл. Үй жануарлары туралы орыс тарихынан оқиға келтіру, өмірдегі басқа оқиғалар жайлы шағын әңгіме айту. |
|
6 |
Таза жазу |
+ |
+ |
+ |
1-ші жыл. Әріптермен сөз жазу. 2-ші жыл. Жазу үлгісінен жазу. 3-ші жыл. Жазу үлгісінен және кітаптан жазу |
|
7 |
Оқу. Аударма |
+ |
+ |
+ |
Орыс графикасына негізінде жасалған қазақша әліппелер, хрестоматия, т. б. оқу кітаптары оқытылды. Қазақшадан орысшаға, орысшадан қазақшаға аудару. Қазақ әліппесі бойынша 30-шы бетке дейін, практикалық сабақ (аударма және орыс тілінен аударма 28-ші бетке дейін орындалды. 1-сыныптың 4-бөлімінде қазақтар туралы, әліппе мен қасиетті кітаптың алғашқы 24 тарауының қазақ тіліндегі аудармасы. 3-бөлімінде қысқаша орыс-қазақ сөздігінен алғашқы 30 тапсырма және 12 практикалық сабақ аудармасы. 2 және 1- бөлімдер қазақша орыс-қазақ сөздігінің алғашқы 18 тапсырмасынан аударма. Қазақтарға арналған орыс тілі оқулығынан 17 тапсырманың аудармасы және әліппенің қазақша бөлімін оқу. |
|
8 |
Гимнастика |
+ |
+ |
+ |
|
Бастапқы негізгі пән – орыс тілі, таза жазу, оқу, гимнастика, арифметика, т. б. пәндерді оқыту орыс тілінде болды.
Екі сыныптың оқу әдісі – қазақ сыныбы дыбыстық әдіс, орыс сыныбында тұтас сөз әдістері жетекші орын алған.
Діни ілімдер сыныпқа қарай, бірақ көпшілік басым христиандық дінді оқыту мен ендіру қарастырылды.
Орыс-қазақ (орыс-түзем немесе аралас) мектебі. Бұл мектептердегі шәкірттер параллель 2 сыныпта білім алды: бірі – қазақ тілінде, екіншісі – орыс тілінде.
Орыс-түзем (орыс-қазақ) мектебі. Бұратана халықтар арасында орыс тілін қолдану ауқымын кеңейту үшін орыс-қазақ (орыс-түзем) мектептерін орыстар қоныстанған мекендерден шалғайдағы болыстық жерлерінде ашу қарастырылды. Дегенмен, бұл типтегі мектептер қанағаттанарлық нәтиже бермеді, себебі қазақтардың қыстауларынан алыс жерде орналасты. Сондай-ақ, бұндай мектептерде білім беретін мұғалімдердің тапшылығы үлкен орын алған.
1906 жылы қалалық училищелер жанындағы интернаттық орыс-түзем мектептерінде білім алатын жалпы оқушылар саны – 332 болған. Және болыстық түземдік мектептер саны - 38, одан басқа қалалық жердегі мешіт қарамағында - 12, жалпы саны - 50; Бұндай мектептерде 1907 жылы білім алушылар саны 792.
Діни мектептер мен медреселер реформасының жобасы дайындалды. Жергілікті мұсылмандар үшін жаңа әдісті мектептер үлкен сұранысқа ие болды. Бұл біздің зерттеу жұмысымыздың екінші кезеңінің (1891-1916ж.ж.) бастау алған уақыты деп айта келе, Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуына жадидизм белгілі дәрежеде әсер етті. Бұл жәдиттік оқумен білім беру қозғалысының басты ұстанымы: 1. Әрбір ұлт өзін сақтау үшін келешек ұрпағын ұлтжандылыққа тәрбиелеу, мектеп, медреселері мен білім беретін оқу орындарын түзету шараларын қолға алу; 2. Мектеп, медреселерде діни сабақтармен бірге дүниауи ғылымдары - математика, жағрафия, тарих, биология сияқты т.б. пәндерді оқыту; 3. Мектеп, медреселерде оқуды жәдиттік негізде ұйымдастыру үшін, мұсылмандық оқудағы дәстүрлі араб алфавитін түркі халықтарының тіліне лайықтап, дыбыстық естілу ерекшеліктеріне сәйкес бірізге түсірілген жазу ісін жаңа «усул-жәдидке» көшуді басшылыққа алу. Міне, осындай жағдайларға байланысты Ресей өкіметінің оқу-ағарту министрлігі мұсылмандық мектептер жөнінде 1901 жылы «Діни мектептерді қайта құру туралы» заң шығарып, оны өмір тәжірибесіне енгізуге тура келді. Ескі қадими оқудан жаңа мұсылманша оқу- жәдиттікке көшу заман талабына сай еді.
Жаңа оқу жүйесінің негізі 1884 жылы эксперименттік жәдидтік мектептердің нәтижесінен, яғни, кадимистік мектептерде 5 жылда берілетін білімді, олар 2 жылда беріп, тамаша жетістікке жетті. Бұл мектептердің жаңа әдісті жүйемен оқу жұмысын бастауы, мектеп құрылысындағы жаңа бағыт, түбегейлі өзгерістер жасаудың алғашқы бастамасы болды деуге болады. Себебі, бұндай мектептердегі оқу жұмысында мұсылмандық белгілерді сақтай отырып, сауат ашу әр ұлттың өзіндік ана тілінде болуы мен берілетін білім негіздері ғылыми шындық жүйесіне жанаса отырып, күрделене түсуінде еді. Жаңа әдістегі мектеп-медреселердегі білім берудің мазмұнына шариғат, ислам тарихы, қасиетті тарих және т.б діни пәндермен қатар ана тілі және араб тілі, тарих, география, арифметика, ал кейбіреулерінде табиғи тарих пәндері еніп, жалпы білім берудің сапалық деңгейін арттырды. Бұл мектептерде сауат ашу жұмыстары «дыбыстық» және «тұтас сөз» әдістерімен жүзеге асырылды.
Патшалық үкімет жадидтіктер мен кадимистердің арасындағы өзара күресіне от сала отырып, көбінесе кертартпа діни мұсылмандық қауым жағында болды. Барлық мектептер мен медреселерде орыс тілін енгізуді бұйырып, жаңа әдістегі мектептердің ашылуына, ескі әдістегі мектептерді жаңа әдістегі мектептерге айналдыруға тыйым салды.
Алғашқы жаңа әдістегі мектептер - бұл ислам мектептерінің оқу бағдарламасына енбей келген кейбір зайырлық пәндерді енгізді.
Жәдид әрекетінің басты мақсаты - мектеп оқушыларына жаңаша оқу-жазу үйрету болды. Бұл әрекет бойынша: 1. Мектеп медреселерден бөлінді; 2. Бастауыш мектептің мұғалімдері бөлек болды; 3. Мұғалімдерге айлық тағайындалды; 4. Қыздар үшін мектеп ашылды; 5. Оқу-жазу буынға бөлу арқылы емес, дыбыстап оқыту әдісінің ерекшелігіне мән беріле отырып, оңай үйретілді; 6. Тек қана оқуға емес, жазуға да мән берілді. Әр ұлт өзінің тілдік ерекшелігіне табиғилылық тұрғыдан сай келетін төл тума графикасын (алфавитін) жасады; 7. Білім беру бағдарлама бойынша жасалып, жас ерекшелігіне сай оқу құралдарын жазу, оқу материалдарының мазмұнындағы білімді педагогика ғылымының заңдылығына сай оқыту болды.
Жәдид мектептерінде мынадай пәндер оқытылды: Құран кәрім, діни қажеттіліктер, тәжуит (құранды мақалдап оқу), түрікше сабақ, тарих, география, есеп, жазу, емле, сурет, діни және ұлттық әндер, хыфыз, (жаттау), архитектура, Каванд-ы шифахие (денсаулық жайлы).
Түркістан өлкесіндегі жергілікті халықтық мектептердің ішінде 336 медресе 14375 оқушысымен, олар өздерінің оқу бағдарламасымен орта білім беретін мектептер жүйесіне келеді, осы өлкеде 7047 мектеп (мәктәб) болды, ол бастауыш білім беру жүйесіне, яғни оқу орындарын округтық оқу инспекциясының қадағалауында болуы керек деп шешкен.
1910 жылдың 10 қыркүйектегі оқу бөлімі мен орыстың басқару әкімшілігінің бірлесіп жинаған деректерінің нәтижесіндегі мәлімет бойынша: Сырдария облысы бойынша: мәктәб - 2069; медресе – 32, Самарқанд облысы бойынша: мәктәб - 1944; медресе – 81, Жетісу облысы бойынша: мәктәб – 144; медресе – 13, Фергана облысы бойынша: мәктәб - 2597; медресе -165, Батыс Қазақстан (Закаспиская) облысы бойынша:мәктәб-293;медресе- 45. Жалпы Түркістан өлкесі бойынша: мектеп (мәктәб) -7047; медресе- 336.
Жәдид мектептері Қазалы, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Семей, Ақмола, Қарқаралы және басқа қалаларда болды. 1870-1883 жылдарда Қапалда, Верныйда ашылған қадим мектептерінің бірсыпырасы 1904-1905 жылдарда жәдид мектептері болып қайта құрылды. Жәдидтік мектептерге орыс-түзем мектептеріндегі қазақ оқушыларының ауысуы жиілей түсті.
Кесте- 6. І -үлгі . Жаңа әдісті жадидтік мектеп
-
Өтетін пәндер

1.
Мұсылманша сауат ашу; 2.Дінтану; 3.
Тарих; 4.География; 5.Арифметика.
Әліппе,
математикадан (арифметикадан) бастапқы
қарапайым ұғымдарды
беру /«Біздің
мектеп» кітабының
1, 2 бөлімі
бойынша.
сыныбы:
Құран
бастамасы және
/«Біздің
мектеп» кітабының
3 бөлімі
бойынша. Есеп /хисаб/ 1 бөлім.
І-бөлім
Құдай
заңы.
Құран,
пайғамбарлар
тарихы /«Біздің
мектеп» кітабының
4 жєне 7 бөлімі
бойынша/. Табиғат
ішінде1, 2 бөлім.
Есеп /хисаб/ 2 кітап 3 бөлім
ІІ-бөлім

«Біздің
мектеп» кітабының 4, 5 бөлім. Табиғат
ішінде 2 бөлім. Есеп /хисаб/ 2 кітап 3
бөлім. «Біздің мектеп» 8 бөлім. Жағрафия,
Европа, Ресей империясы, Ислам тарихы,
Құран.
ІІІ-бөлім

Құран,
түсіндірмелі
оқу.
Есеп /хисаб/ 2 кітап 4 бөлім,
мәнерлеп
оқу,
татар грамматикасы, география 4 бµлім,
Ислам тарихы 2 бөлім.
ІҮ-бөлім

|
Өтетін пәндер 1. Мұсылманша сауат ашу; 2. Арифметика; 3. Дінтану; 4.География; 5.Ислам тарихы; 6. Геометрия; 7. Қасиетті тарих; 8. Жаратылыстану; 9. Араб тілі; 10. Орыс тілі. |
ІІ-үлгі








