Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / Қазақ философия туралы / Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы.rtf
Скачиваний:
17
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
397.82 Кб
Скачать

Негізгі бөлім

Бүгінгі қоғамдық құрылыста бастауыш мектептердің құрылу тарихына, ондағы білім мен тәрбие берудің мазмұнына ерекше мән беріп зерттелуі - философиялық әдіснаманың жетекші идеясы негізінде педагогика ғылымы тарихының тұтастық тұғырнамасының бірлігі мен жүйелік сипатына бағытталған маңызға ие болуы. Қай кезеңде болмасын қоғамдық-экономикалық формацияларға тән қоғамның бастау бұлағы болып табылатын құбылыстың бірі - бастауыш білім беру негіздері. Бірақ, білім беру жүйесі де өз дамуында мемлекеттік құрылымның өтпелілік даму кезеңдеріне және оның ішкі заңдылықтарымен тығыз байланысты болмақ.

Философиялық диалектиканың заңдылығына сәйкес білім беру де түрленіп, дамып, сатыланып, жетілдіріліп отырылуы дәлелдеуді қажет етпейтін табиғи құбылыс.

Білім беру жүйесінде сатылану бастауыш білім беруді өз алдына дербес қарауға, оның құзырлығын анықтауға алып келді. Бастауыш білім берудің тарихын сөз етіп, оқу-жазу мәселесіне бойлау үшін қазақ жерінде пайда болып, өмір сүрген мемлекеттік билік жүйесінің даму тарихымен тығыз байланысты екенін ескергеніміз ақиқатқа жақын келеді.

Бастауыш білім берудің қалыптасуы мен дамуының тарихи жолын мүмкіндігінше анықтаудағы басшылыққа алынған әдіснамалық ұстанымдар тарихилық, шындық, жинақтылық және жүйелілік болып табылады, бұл педагогика тарихында орын алған тәжірибенің ғылыми тұрғыдан толық талдануына негіз болады.

Тарихилық – бастауыш білім берудің қалыптасуы мен дамуын оларды туғызатын жағдайлар мен органикалық байланыстарды тану ұстанымы. Бастауыш білім берудің болашағын зерттеп, оған табиғаттың объективті көрінісін және оның даму заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Қазақстандағы бастауыш білім берудің дамуына тарих педагогикалық талдау жасаудың өте қажеттілігін білдіреді. Біздің зерттеуіміздегі білім берудің тарихы хронологиялық шегін анықтау белгілі кезеңдермен айқындалған.

Шындық – зерттелу кезеңдерін қамтитын мұрағаттық деректердің түпнұсқасын тексеру. Қазақстандағы бастауыш білім берудің зерттелуінің мәліметтерін басқа зерттеушілердің нәтижелерімен салыстыру, зерттеліп отырған бастауыш білім беру құбылысының ұқсастық пен айырмашылығын анықтау. Зерттеу аясына енетін кезеңдерге қоғамдық құбылысқа бастауыш білім берудің қажеттілігі, ықпалы мен орнына сипаттама беру.

Жинақтылық - бастауыш білім беруді әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде тани отырып, құбылыстың мәні, қорғаушы күштері, ықпал етудің алғы шарттары, сыртқы жағдайлар, осыған байланысты бұған басшылық жасау. Бастауыш білім беру үдерісінің басқалармен байланысын мүмкіндігінше ауқымды қамту, педагогика тарихындағы бастауыш білім беруге қатысты мұрағаттық деректерді әр кезеңге сай жүйелеу, берілген мәліметті қорытындылап, философиялық, тарихилық, әлеуметтік-саяси және педагогикалық-психологиялық тұрғыдан талдау беріп, ой-пікір түзу.

Жүйелілік – анықталған кезеңдерде Қазақстандағы бастауыш білім беру мәселесі құрамды бөліктерімен және оны қоршаған орта, қоғамдағы әлеуметтік жағдаймен ішкі үйлесімділігін, өзара байланысын біртұтастық негізде қарастыру.

Бастауыш білім беру жүйесінің өзіндік ерекшелігін жете ұғыну барысында диалектиканың даму заңдылығына сәйкес дамудың үштік сатылығына келтіру арқылы бұл жүйенің негізін беруге болады.

Дамудың үштік қағидасы, үш сатылығы (трида-гр.trias-үшкілдік, үштік) ұғымын алғаш рет Платон және ноплатоншылдыр (Прокл) қолданды. Ол кейіннен классификациялық неміс философиясында жан-жақты дамытылды (Гегельде). Бұнда кез-келген даму үдерісі үш сатыны басып өтеді.

Дүниелік құрылыстың тұғырлығындағы үштік қағидаға сүйене отырып, бастауыш білім берудің негізі үш бөлімді құрайды.

Біріншісі, жазу-оқу. Сауаттылықтың басы жазу болса, оқи білу оның негізі.

Екінші, математикалық білім. Өмірдегі өсуді өлшемдік және бағалау тұрғысынан тану.

Үшінші, дүниетанымдық білім. Дүниедегі барлық затты болмыстық тұрғыдан салыстыру арқылы қарапайымдылықтан ғылымилыққа, ақиқаттық таным жүйеге өту жолы.

Осыған орай қазақ жеріндегі алғашқы білім беретін, яғни, бастауыш білім берудің тарихын тану, оның жас ұрпақты тәрбиелеп дүние тану жүйесінде алған орнын, тарихи даму жақтары бастауыш мектептермен сабақтастығын анықтау, қоғамның даму барысында пайда болған түрлі бастауыш мектептердің типтері мен ондағы оқыту тәрбиенің берілу ерекшеліктері мен ұйымдастырудың негізгі принциптерін (ережелерін) және әдістерін, формаларын анықтап беру – бастауыш білім беру тарихының алдында тұрған үлкен міндет.

Қазақ даласындағы бастауыш мектептердің даму тарихын өткен ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы (1861-1930 ж. ж.) жартысындағы өтпелі кезеңдері мен әр түрлі құрылымдық деңгейлеріне мән берсек, қайталанбас асыл мұралар бар. Бұл мұралар осы уақытқа дейін қазақ жеріндегі бастауыш мектептердің тарихына айтылған кері пікірлер мен қазақ өлкесінде жүргізілген оқу-ағарту жүйесінің дамуы жөніндегі ойларды жаңаша мәліметтермен толықтыратыны күмәнсіз. Қазан төңкерісіне дейін Ресейлік патшалықтың отарлау саясатының бодауында болған, одан кейінгі кеңес өкіметі кезіндегі саяси және идеологиялық дербестігінен айрылған шақта қазақ ұлтының даму тарихын әсіресе, жас ұрпаққа білім беру саласында өзіндік жүйесі болып із қалдырған түрлі оқу мекемелері мен орындарын толығымен жоққа шығаруы бастауыш білім берудегі кадими, жадидтік, ұлттық, т. б. мектептер мен медреселер немесе оларды өздеріне тән етуі өткенімізді бұрмалауға апарды.

Көрсетілген тарихи мерзімде қазақ жерінде бастауыш мектептің дамып қалыптасуын мектептің жаңа типтері, олардағы білім мазмұны мектеп қажеттерінің елеулі өзгеріске ұшыраған уақыттарын деректі мұрағат құжаттарына сүйене отырып, үш кезеңге бөліп қорытындылауымызға тура келді.

Бірінші кезең (1861-1890 ж.ж.) отаршылдардың оқу-ағарту саласындағы жұмыстары, бастауыш орыс, орыс-қазақ (орыс-түзем немесе аралас) мектептердің пайда болуы және олардың мұсылмандық ескі оқу жүйедегі оқу орындарымен қосарлана дамуы.

Екінші кезең (1891-1916 ж.ж.) бастауыш орыс-қазақ мектептері қызметінің дамуында оқуды әр халыққа ана тілінде ұйымдастыру мәселелері және мұсылмандық жаңа оқу жүйесі жадизмнің қалыптасып дамуы мен қазақ ұлттық бастауыш мектептерінің іргетасының қалануы.

Үшінші кезең (1917-1930 ж.ж.) Жадидтік оқу жүйесіндегі ұлттық қазақ бастауыш мектептері және кеңестік қоғам құрылымындағы мектеп, ондағы білім берудегі жаңашылдық сипат.

ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі мектеп жүйелерінің құрылысы өзгерістерге ұшырай бастады. Оған негізгі төрт себеп болды. Олар: біріншіден, қазақ жерін отарлау, қазақтарды орыстандыру мақсатындағы патша өкіметінің саясаты және осы негізде орыс, орыс-қазақ мектептерінің құрылуы, екіншіден, осындай тарихи құбылыстардан қазақ даласындағы араб тілінде білім беретін ескі (қадими) жүйедегі мектептерде білім беру тілінің татар тіліне ауысуы, үшіншіден, ескі жүйедегі мектептердің оқу бағдарламасына орыс тілінің енуі, төртіншіден, қазақтарды орыстандыру барысында балаларға арналған оқулық, оқу құралдары мен әдеби кітаптардың баспа бетінен орыс әрпімен қазақ тілінде жазылуы.

Ресей үкіметінің оқу ағарту министрлігінің 1870 ж. 26 наурыздағы «Ресейді мекендеуші бұратаналарға білім беру шаралары туралы» заңы орын алды. Бұл заңдардың негізінде қазақ даласында оқу ағарту жұмысы діни және азаматтық екі бағытта жүргізілді. Діни бағыттағыға ескі жүйедегі (қадими) мектептер, медреселер, шіркеу, приход мектептері еніп, ондай мектептердің өз мүмкіндігінше және ұстанған жүйе бағыты бойынша балалардың сауатын ашуға айтулы қызмет атқарғаны белгілі. Ал, азаматтық сипаттағы мектептер қазақ өлкесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алып дамыды, олардың қатарында азаматтық мектеп, қалалық училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс, орыс-қазақ және жадидтік мектептер болды. Мұндай оқу орындары көптеп ашылып, онда жұмыс жасайтын мұғалімдер Ресейдегі жоғары оқу орындарын бітіріп келгендер еді.

Кесте -1.