- •Ыбыраимжанов қалибек тұрдығазыұлы
- •Кіріспе
- •Негізгі бөлім
- •Қазақстандағы бастауыш мектептердің типтері және олардың білім беру бағыты
- •І. Діни білім беретін бастауыш мектептер.
- •Ескі кадими мектеп (оқу жоспарының құрылымдық жүйесі).
- •1 Бөлімде мұсылманша сауат ашу, арифметика, Құдай заңы. 2 бөлімде осы пәндерді тереңдетіп оқыту. 3 бөлімде т.О.П. Қасиетті тарих. 4 бөлімде т.О.П. Тарих, география, орыс тілі.
- •4 Бөлімді
- •Медреселер (ескі оқу жүйесіндегі)
- •Семинарияға қабылдау талабы:
- •Семинарияға қабылдау талабы
- •Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды: Монографиялар мен оқу құралдары
- •Ғылыми мақалалар мен тезистер
- •«Становление и развитие начальных школ в Казахстане» (на материалах 1861-1930 г.Г.)
- •13.00.01-Общая педагогика, история педагогики и образования, этнопедагогика
- •Summary
Қазақстандағы бастауыш мектептердің типтері және олардың білім беру бағыты


Мұсылмандық
ескі жөйедегі мектеп (кадими). Ибтида
– араб тілі, бастауыш, алғашқы білім
беру сатысы, оқу орны.
Қарыхана
– соқырлар мектебі. Діннің қарапайым
негіздерін (дұға, құран оқу, т.б.)
үйрететін оқу орны.
Орыстардың
шіркеулік діни мектебі.
Приходтық
мектеп.
ІІ.
Азаматтық
білім беретін бастауыш
мектептер.
Прогимназия-гимназияныњ
баста-уыш білім беру сатысы.
Реалдық
училищелер.
Орыс
мектебі.
Орыс-қазақ
(орыс-түзем) мектебі.
Қалалық
училище.
Болыстық
жєне ауылдық мектептер.
Жадиттік мектептер
Қазақ ұлттық
бастауыш мектебі
І. Діни білім беретін бастауыш мектептер.
Мектептерде қолданыста болған оқыту әдістері: Сауаттау әдісі, дыбыстық әдіс, тұтас сөз немесе американдық әдіс, буындап оқу, өз бетінше іштей және дауыстап оқу, оқығанын баяндап беру, жаттау әдісі, араб, парсы сөздерінің аудармасын түсіндіріп беру әдісі, аударма (орысшадан қазақшаға, қазақшадан орысшаға, т. б. мектеп типіне байланысты) әдісі, сөздік әдісі, сұрақ-жауап, әңгіме, көрнекілік әдісі, жалқылау (айырыңқы) әдісі, жалқылау-жалпылау әдісі, т. б.
Мұсылмандық діни мектептер мен медреселерге қатысты Ресейлік патша үкіметінің саясатына келсек, мұсылман халқы орналасқан елде исламға қарсы ашық күресуге бата алмаған Кауфман мұсылмандардың діни нанымдарына «қол сұқпаушылық» ұранын көтере отырып, діни мектептерге әкімшілік іс-шаралар жүйесімен зиян келтірді. Біріншіден, қалада балалардың медресе, мектепке баруын қадағалайтын «райстар» қызметін қысқартты. Екіншіден, орыс үкіметі дін басы шағымдарын қарастырмайтын болды (бұған дейін олар хандарға, бектерге шағым жасай алатын). Үшіншіден, төменгі әкімшілікті және соттарды бекіту үшін орыс балаларын және медреседе оқымаған кандидаттарды тағайындауды жөн көрді. Отаршылардың бұндай астарлы идеологиясы әкімшілік үстемдігінің алғашқы кезеңінде мұсылмандық діни мектептер мен медреселердің құлдырауына әкеп соқтырды. 1884 жылы мұсылмандық шариғатты оқыту орыс-қазақ мектептеріне енгізіле бастады. 1890 жылдардан медреселер мен діни мектептерге түбегейлі тексерулер басталды (бұл жұмысқа Наливкин тағайындалды).
Зерттеу аумағына енген кезеңдегі Қазақстандағы бастауыш мектептердің түрлеріне және атқарған жұмыстарына педагогикалық тұрғыдан талдау жасап, сипаттама беру олардың өздеріне тән ерекшеліктерін бейнелейді.
Мұсылмандық дүниетанымға үйрету мен баулу, білім мен тәрбие беруге негізделген оқу мекемелерін, әсіресе, мұсылмандық ескі мектептер жөнінде сөз қозғасақ, бұл мектептер (бәд-әл-мағариф - (араб т.) бастауыш білім, көпшілігінде аталуы ибтида - (араб т. - бастауыш, алғашқы) балалардың білім алуының алғашқы сатысын қамтитын оқу орны болған. Бұл мектептер христиандардың приходттық училищелері, еврейлердің хедері, көне-жапондық бастауыш мектептерімен ұқсас. Негізгі мақсаты балаларға діни ережелерін үйрететін оқу орны және мұсылман адамдар арасындағы қарым-қатынас жасау ережелерді орындауға үйрететін. Мұнда 6-14 жас аралығындағы балалар оқитын. Дегенмен, көп кездесетін жайлардың бірі мұсылмандық мектептердегі балалардың ұлтына қарай ақындардың поэзиялық шығармаларын ана тілінде оқытылуы жүзеге асырылып отырған, сондай-ақ, мұнда арифметика мен жазуды үйретті. Алған білімдерін олар кейіннен жеке сауда ісінде немесе аудармашы яки көшірмеші мамандығына пайдаланса, кейбіреулері бұндай бастауыш мектептерді бітіргеннен кейін үлкен қалалардағы атақты медреселерде оқуын жалғастырып жатты. Осылай кеңінен таралған міндетті бастауыш мектептер қазақ даласында да өзіндік орын алған, бірақ қазақ халқының дүниетанымдық көзқарасымен сол кездегі мұсылмандық оқу жүйенің үйлесімдігінің тамыры әлі де болса тереңге бойлай қоймаған еді.
Бұл жүйедегі ерлер мектебі әдетте мешіттерде орналасты, оларға көбінесе имамдар мен даммоллдалар сабақ берді. Ал ірі қалалардағы медресе, мектептерде жоғары кәсіби - мұғалімдер яғни, мүдәрристер мен мусаниэфаттар болғаны анық.
Кесте -2.
